Азия елдеріндегі әлеуметтік жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:06, реферат

Описание работы

Әлеуметтік жұмыс кәсіби іс - әрекет ретінде ХХ ғасырдың бірінші жартысында Шығыс елдерінде дүниеге келе бастады. Көпке мәлім, 1936 жылы Үндістанда Әлеуметтік ғылымдар институты ашылды, онда ұйымдастырылған әлеуметтік көмек пен қайырымдылық қорларына бағытталған мамандар даярланды. Шамамен сол кездерде кейбір араб елдерінде де әлеуметтік жұмыскерлерді даярлау қолға алына бастады. Алайда, Азияда әлеуметтік жұмысты институционализациялау процесі Батысқа қарағанда баяу жүрді.

Работа содержит 1 файл

Айдана.doc

— 161.00 Кб (Скачать)

    Яғни, олардың өздері біреуді әлеуметтік жағынан қамтамасыз етіп отырады  екен. Жетімдер, жесірлер, кедейлер және т.б. өмірден көңілі қалған адамдарға  көмек беріп отырады екен.

    Имам, молдалардың қатысуынсыз өмірдегі маңызды мәселелердің ешқайсысы өткізілмейді екен, яғни туылған күннен бастап, неке құру мен өмірден өтуге дейін.

    Олар  көбінесе әлеуметтік көмекті қажет  ететін адамдардың әлеуметтік мәселелерін  шешуге көмектеседі. Яғни, бұл жердегі  ерекшелік – қасиетті қызметкерлер әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын атқарады. Бұндай ерекшелік Сирия, Иордания, Ирак және де басқа араб елдерінде бар. Бұл олардың дәстүрлі – аймақтық бағыты болып табылады.

    Мұсылман  елдерінде әлеуметтік көмек көрсету  бұрыннан бері келе жатыр. Оған мысалыға Ресейдегі мұсылмандардың өмірін келтіруге болады.

    Кавказ  соғысы кезінде (1817-1864) патша үкіметіне  қарсы Шамиль атты имамның қарсылығы, яғни қала тұрғындарының жесір қалған әйелдерінің жағдайын түсініп, олардың  өз балаларымен бірге материалдық  жағынан қиналып жатқандығын көріп, мынадай шешімге келген болатын: Мұсылман заңына сәйкес әр еркектің 4 әйел алуға құқығы бар, соған байланысты олар қосымша міндетті некеге тұруға тиіс болды.

    Бұған қоса барлық ер адамдар, некеге тұрып қойғандары да «көрмеге қойылды». Яғни, жесір қалған әйелдер, және басқа да әйелдер өздеріне таңдап алуға құқылы болды. Таңдалған еркектер сол әйелмен некеге тұрып, оларды материалдық жағынан қамтамасыз етуге міндетті болды. Мұндай әдістер қазіргі таңда кейбір мұсылман елдерінде қолданылады.

    Сонымен қатар, уақытша әйелдікке алу  туралы некелік келісімшарт екі  жақтың келісімі бойынша немесе әйелдің  қалауы бойынша қабылданды.

    Ол  имамдардың қатысуы бойынша рәсімделді. Және бұл неке уақыты өткен соң  ғана бұзыла алады, және міндетті бұзылады.

    Уақытша әйел заңмен қорғалады, егер оның әріптесі келісімшартты бұзатын болса, сотқа шағымдануға мүмкіндігі болды. Оған келісімшартта көрсетілген ақша төленеді. Бұл жесірлер мен тұрмыс құрмаған әйелдерге уақытша әйел болуға, уақытша өз қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

    Араб  елдерінде билік органдары отбасындағы  ер адамның жоғарғы дәрежеде болуын да ұмытпаған. Егер де ер адам билігі белгілі бір себептермен отбасын асырай алмайтын болса, мемлекет оны 2 жылға дейін, яғни ол өз жағдайын біршама түзеп алғанға дейін қаржы жағынан қамтамасыз етіп отырған.

    Араб  – мұсылман елдерінде әлеуметтік қамтамасыз ету мынадай жағдайларда  көрсетіледі: мүгедектерге арналған жеңілдіктер  мен субсидиялар, ең басты медициналық  көмектер, балалы аналарға жеңілдіктер, және т.б. болып табылады.

    Мысалыға, Иорданияда мүгедектерге саудада жеңілдіктер  беерілген. Оған дәлел, Иорданияның  астанасы Амман қаласында дүкедер  мен сауда – саттық орындарында  көбінесе сатушылар – мүгедектер болып табылады. Олар осылайша жұмыспен қамтылады.

    Ал  Кувейтте мүгедектер өзінің жеке кәсібін  ашуда, алғашқы керекті субсидияларды  мемлекеттен алуға құқылы. Мұнда  мүгедектерге арналған білім беру мекемелері белгілі бір категориялары бойынша бар.

    Ал  медициналық көмекке келер болсақ, Кувейтте медициналық көмек ең төменгі немесе мүлдем тегін түрде мемлекеттік медициналық орталықтарда көрсетіледі. Мұнда ана мен балаға көп көңіл бөлінеді. Бала өлімі төмендеп жатыр.

    Ең  соңғы кезеңде ХХ ғасырда балалар  өлімі 5 есеге азайды. Орта мектепте оқушылар тегін оқулық, форма, таңғы ас ала алады. Отбасындағы әр балаға мемлекеттен ай сайын пособие беріліп отырады.

    Осының  арқасында өмір сүру ұзақтығы жоғарылады. ХХ ғасырдың 90 жылдарының ортасында  Кувейтте ер адамдар үшін 74 жыл, әйелдер  үшін 77 жыл болды.

    Арабияның мұнай өндірілетін қалаларында адамдардың жалақылары әлеуметтік қамтамасыз ететін қаржылары жоғары болып табылады. Бұл халықтың әл – ауқатын көтеру жолындағы әрекеттер болып табылады. Егер де адамдар жалақысы аз жұмыста істейтін болса, олар мемлекеттен қосымша ақша алып отырған. Бірақ бұл шет елден келгендерге берілмейді.

    Экономикалық  бюджетті көтеру мақсатында үкімет өндіріс  орындарында шет елдің күшін  қолданады, себебі олар қосымша ақша талап етпейді.

    90 жылдары Сауд Арабиясында шет  елдік жұмыскерлер – 60 пайыз, Оманда – 70 пайыз, Кувейтте – 86 пайыз, Біріккен Араб эмиратында – 89 пайыз, Катарда – 92 пайызды құрады.

    Азия  елдерінде әлеуметтік көмек пен  қолдайдың осындай жүйелері бар. Олар әлеуметтік – экономикалық және мәдени – цивилизациялық ерекшеліктерімен ерекшеленеді.  

    Латын Америкасы мен  Африка елдеріндегі  әлеуметтік жұмыстың қалыптауы 

    ХХ  ғасырдағы әлеуметтік жұмыстың кәсіби іс - әрекет ретінде қалыптасуы Латын  Америкасның бірнеше елдеріне де әсер еткен болатын. Мысалыға, Чилиде 1920 жылы әлеуметтік жұмыскерлерді даярлайтын ең алғашқы мектеп ашылған болатын.алайда, ол кезде әлеуметтік жұмыстың институтционализациялану процессі кең етек ала қойған жоқ еді. Бұл елдің көп аймақтарында қаржылық қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ болатын. Ал бұдан да қиын жағдай Африка елдерінде еді. Олар әлеуметтік саясатты жүргізбек түгілі өздерінің күнделікті күн көріс минимумын да таба алмады.

    Латын Америкасы мен Африка елдерінің  тұрғындарының көп бөлігі кедейлікте өмір сүрді. Аурудың жоғарғы деңгейі, бала өлімі, демографиялық және экономикалық проблемалардың бәрі әлеуметтік мәселелерді тез шешу керектігіне көз жеткізді.  

    Латын Америка елдеріндегі  әлеуметтік жұмыстың дамуы 

    ХХ  ғасырдың 80 жылдарының аяғында латын  америка елдерінің көп бөлігі неолибералды реформаларды енгізуге кірісті.

    Бұл көбінесе Халықаралық валюталық  қордың рекомендациясымен жүзеге асырылды. Ол индустриалды дамыған елдердің қол  астында болды, сонымен қатар  оған бірінші кезекте АҚШ, содан  соң транснационалдық корпарациялар  кірді.

    Латын Америка елдерінің үкіметіне мұндай МВФ ұсынысының мағынасы сол кездегі қаржы стабилизациясының тұрақтылығын сақтау, ұлттық экономиканың максималды ашықтығы, экономикалық іс - әрекеттердің бақылауы мен қатысуының шектеулілігі және т.б. болды.

    Мұндай  ұсыныстар кейін келе Шығыс Европа елдеріне, СНГ елдеріне, Ресейге ұсыныла бастады.

    Латын Америкасындағы әлеуметтік ортадағы неолибералды реформалардың жүргізілуі келесідей  мақсаттарға жету үшін қолданылған  болатын: қаржылық шығындарды азайту, оны одан да әлеуметтік жағдайы расында да нашар адамдарға жұмсау; ақылы әлеуметтік қызмет көрсету саласын дамыту; мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру саласындағы институттарды дамыту; еңбек заңына сәйкес әлеуметтік бақылауды азайту және т.б. болып табылады.

    Экономист Е.Е. Шестаковтың осы мәселені зерттеген кезде Латын Америкасына енгізілген әлеуметтік қолдаудың қателіктерін көрсете білген. Бұл дегеніміз әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тереңдетілген сегментациясын, диспорциялары мен жеткіліксіздіктерін көрсетеді. Оның ерекше құрылымына мыналарды кіргізуге болады:

  • әлеуметтік саясаттың либералды бағыттылығын арттыру, бұл әлеуметтік ортада мемлекеттің рөлі төмендеген жағдайда қолданылатын жағдай болып табылады;
  • әлеуметтік көмек көрсету кезіндегі дәстүрлі – отбасылық факторды сақтау;
  • қоғамдық коммерциялық емес және қайырымдылық қорлардың әлеуметтік көмекті қажет ететіндерге корсетудегі ролі;
  • әлеуметтік қорғаудың децентрализациялық жүйесі.

    Латын Америка елдеріндегі әлеуметтік саясаттың либерализациясына медициналық  және зейнетақылық қамтамасыз ету, сонымен қатар жұмыспен қамтамасыз ету басты проблема болып есептеледі.

    Жеке  нарықты дамыту барысында зейнетақылық сақтандыру бойынша жинақтаушы зейнетақылық жобаларды үйрететін арнайы курстар  ашыла бастады. Осындай жолдармен  Чили, Аргентина, Колумбия, Мексика, Перу және басқа да континенттің мемлекеттері өз спецификасымен болса да келе жатыр.

    1981 жылы Чили де зейнетақылық  сақтандыру қорының жинақтаушы  жүйесіне көшті. Нәтижесінде бұл  жерде песоналдық қордың жеке  жүйесі енгізілді. Бұл жүйе  комерциялық жеке сақтандыру компанияларының іс - әрекеті болып отыр. Бұл жүйе жекеменшік сақтандырушы компаниялардың коммерциялық іс - әрекеттердің ортасы болып табылады, олар зейнетақы төлеу мәселесін өздері алған болатын.

    Зейнетақымен  қамсыздандырудың Чилилік жинақтаушы жүйесі тұлғалардың сақтандырылуын міндетті етеді, жалдамалы жұмыс істеушілерді және өз еркімен жұмыс жасаушыларды қамтамасыз етеді.

    Жұмысшылар  өз жалақысының 10 пайызын белгілі  бір зейнетақы қорына төлейді, содан  соң оны инвестициялайды. Жинақтаушы зейнетақылық қордың заңына сәйкес жалақының мөлшерінің барысында зейнетақылық төлемдер іске асырылады.

    Егер  де сақтандырылған адам зейнетақылық қордың жұмысына көңілі толмаса, ол өз ақшасын басқа қорға ауыстыруына  мүмкіндігі бар.

    Міндетті  сақтандырылуға Чилиде ер адамдар 65 жаста, әйелдер 60 жасқа дейін тұруы керек.

    Чилидегі  зейнетақылық қорлардың администраторлары  деп аталатын жекеменшік зейнетақылық қорлар шетелдік нарықтағы капитал  қарыздарын чилилік сақтандыру салымдарының түсетіндігі жөнінде инвестициялайды.

    80 жыл мен 90 жылдың бірінші жартысында  инвестицияның орташа кірісі  жылына 13 пайыз болып есептелінеді. Мұнымен қатар жеке зейнетақылық  қорлар инвестиция кірісі бойынша  бір – бірінен айтарлықтар  өзгешеліктерге ие болып отырады. 

    Сонымен қатар, зейнетақылық қорлардың кірісін бақылап отыратын арнайы механизмді қарастырады. Мемлекет зейнетақылық қорлардың кәсіпорын банкроттыққа ұшыраған кезде де төленіп отыратынына кепіл береді. Мұндай кезде минималды зейнетақыны 20 жылдан бері салым салып келе жатқан адам ғана ала алады.

    Чилилік зейнетақылық жүйенің шегінде көоптеген  жалдамалы жұмысшылар мүгедектілік болып қалған жағдайға және асыраушысынан  айырылған жағдайға қосымша зейнетақымен сақтандырылуы қажет. Бұл үшін олар тағы да жалақысының 3 пайызын төлеп отыруы қажет. Сонымен, аталған 10 пайызыдық зейнетақылық сақтандыру салымын есептегенде он үш пайызыдық ай сайынғы зейнетақылық салым пайда болады.

    Көптеген  зерттеушілер, сонымен қатар саясаткерлер де Чилидің зейнетақылық реформасын әртүрлі бағалайды. Кейбіреуі, Чилидегі зейнетақылық білім нәтижесін белгілі бір позитивті нәтижелерін көрсетеді, тез арада оған кейбір универсалды сипаттамасын көрсетеді, ал әлсіз жақтарын жасырып қалады.

    Көбінесе  Чилидің  зейнетақылық жүйесі туралы айта отырып, ең алдымен мынадай жағдай туралы айтып өту жөн, жекеменшік зейнетақылық қорлардың арқасында капитал жинаудың күшті механизмінің арқасында ұлттық экономиканың дамуына әсер етеді.

    Көпке мәлім, үй құрылысының маңызды бөлігі Чилиде жекеменшік зейнетақылық қордың қаражатының кредитіне қаржыландырылады. Олар ұзақ уақыттан бері елдің ең маңызды институционалды инвесторы болып отыр, олар активтерді басқарады, олардың көлемі 2000 жылдың басында ВВП-нің 44 пайызына тең болған.

    Чилидің зейнетақылық жүйесі бизнеске өте әсерлі болып табылады. Ол мемлекет үшін перспективті түрде жеңіл орындалатын болып табылады.

    Обьективті  түрде Чилилік зейнетақылық жүйенің  әлсіз жақтарын да көрсеткен жөн. Олардың ең маңыздыларына мыналарды  жатқызуға болады: мемлекеттің госбюджетіне салымның көбеюі; зейнетақылық салымдардың сақталуына жоғарғы қаржылық тәуекел; жекеменшік зейнетақылық қорлардың іс - әрекетінің қуаттылығы; басқару ақпараттық қорын мазмұндау және шығындары; халықтың маңызды бөлігінің бар болуы, олардың сақтандырылмауы, және соңғысы жалақының орнын зейнетақының басуының деңгейі сақтандырушылардың көп бөлігін басады.

    Анықтаушы зейнетақылық жүйеден жинақтаушы зейнетақылық жүйеге өтуі Чилидің госбюджетінің  ауыртпалығының көбеюіне әкеп соқтырды. Өмір сүріп жатқан зейнеткерлер мен  мемлекеттік зейнетақының төленуі зейнетақылық сақтандырылған адамға облигациясы, қосымша шығындардың ВВП-нің 3 пайызын құрады.

    Содан соң зейнеткерлікке шығудың жас  мөлшері азайтылды(ер адамдарға 65 жас, әйелдерге 60 жас), сонымен қатар барлық зейнетақының 10 пайызға қысқартылуы. Бұл құнды Чилидің зейнеткерлері жаңа жүйеге өтер кезінде қабылдауға тиіс болды.

    Чилилік зейнетақылық модельдің кемшілігі  зейнетақылық қорлардың іс - әрекетінің монополизациясы болып табылады. Ол белгілі бір уақытта зейнетақылық салымдардыі тиімді салымдарын белгілі бір мөлшерде олардың арасында конкуренттік күресті түсіреді.

    1995 жылға дейін Чилиде 25 жекеменшік  зейнетақылық қорлар жұмыс жасап  келді. Кейіннен олардың біразы  жабылып та қалды. Зейнетақылық  қорлардың жұмыс жасауының монополизация дәрежесі 90 жылдың екінші жартысында өсті. Нәтижесінде, салым салушылардың көп бөлігі (70-тен 80 пайызға дейін) алғашында 5, содан соң 3 үлкен зейнетақылық қорлардың администраторларын қолданды.

Информация о работе Азия елдеріндегі әлеуметтік жұмыс