Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:06, реферат
Әлеуметтік жұмыс кәсіби іс - әрекет ретінде ХХ ғасырдың бірінші жартысында Шығыс елдерінде дүниеге келе бастады. Көпке мәлім, 1936 жылы Үндістанда Әлеуметтік ғылымдар институты ашылды, онда ұйымдастырылған әлеуметтік көмек пен қайырымдылық қорларына бағытталған мамандар даярланды. Шамамен сол кездерде кейбір араб елдерінде де әлеуметтік жұмыскерлерді даярлау қолға алына бастады. Алайда, Азияда әлеуметтік жұмысты институционализациялау процесі Батысқа қарағанда баяу жүрді.
Көптеген компаниялар мен корпорациялар өз қызметкерлерінің балаларына арнап арнайы колледжде, университетте стипендиялармен қамтамасыз еткен.
Корпоративті – фирмалық әлеуметтік көмек белгілі бір мөлшерде әлеуметтік салықтың төменгі деңгейі мен әлеуметтік төлемдердің көп емес мөлшері Жапониядағы жұмыс күшінің құнымен бірдей болады.
Мысалыға, Батыс Европада (Австрия, Дания, Нидерланды, Италия, Франция, Финляндия, Германия, Швеция, Бельгия) әлеуметтік салымдарға 2000 жылдың басында 44-57 пайызға көтерілді. Ал АҚШ пен Ұлыбританияда 31-32, Жапонияда тек 20 пайыз ғана болды. Бұл көрсеткіш Европа одағының ішіндегі елдермен салыстырғанда төмен болды.
Әлеуметтік көмектің Жапондық моделінің өзіндік бір ерекшелігі дәстүрлі отбасылық компоненттердің әлеуметтік көмек пен қолдау ортасындағы маңызымен ерекшеленеді.
Отбасы мен отбасының ұйытқысы әйел адамдар бұл жерде бұрыннан бері құрмет тұтылады. Бұрыннан бері қалыптасып қалғандай, отбасыда қарт адамдар мен ауырған адамдар жайындағы ауыртпалықты әйел адамдар көтереді екен.
Ауруларға қарау қызметінің төлемі жоғары болғандықтан, адамдар көбінесе өздері атқарады екен. Кей жағдайларда ауруханадағы жапондық ауруларға қарауды және де кезекшілікті сол отбасының адамдары атқарған кез де болған екен.
Қарт адамдарға көбінесе оның қыздары немесе келіндері қарайды екен. Бұл үшін дәстүр бойынша ешқандай да мекемелер қажет болмаған. Алайда, қазіргі таңдағы өмір жағдайының талаптарына сай жақын адамдардың бәрі де қасында бола бермейді, сол кезде арнайы әлеуметтік қызметкерлердің қызметі қажет етіледі.
Өмірдің
динамизмінің өсуіне байланысты қоғамдағы
шектен тыс жұмысбастылықтың болуына
байланысты әртүрлі әлеуметтік агенттіктер
пайда бола бастады. Олар жапондықтарға
отбасылық қарым қатынаста
Осындай қызметтердің біріне токиялық компанияның «Нихон Кокасэй Хомбу» жатады. Ол балалары өте алыста тұратын, немесе жақын жерде тұрса да жұмыстың әсерінен көп келе алмайтын қарт адамдарға көмек көрсетеді. Ал кейбіреулер бар, егер де балалары келгеннің өзінде де оларға көп көңіл бөлмейтін, олардың жан дауасын тыңдамайтындар да бар. Міне сондай жағдайларда көптеген жапондық токиялықтарға осындай қызметтерге жүгінуіне тура келеді.
Оның қызметкерлері дереу тапсырысты қабылдап, оларға әйел мен күйеуін қолындағы баласымен бірге жібереді. Олар қарттардың бала – шағасы ретінде көрініп, көңілін аулайды.
Осы елдегі «Бүгінгі таңдағы Азия мен Африка» атты газетте осындай кыз бен ұлдардың ата – аналарының үйінде 3 сағат болатындығы жайында айтылған. Олар кқбінесе көп сөйлейтін қарттарды тыңдап, оларға сұрақтар қойып, қолдап отырады екендігі жайында айтылған. Олар осындай «баласы», «немересі» мен «қызының» қасында жан дауасын табады екен.
Әлеуметтік жұмыстың жапондық жүйесінің қызметін анализдегенде бұл іс әрекеттегі централизация мен децентрализацияның қағидаларын толықтыру қажеттігі анықталды.
Соңғы жылдары Жапонияда қарт адамдардың жұмысқа орналасуы қиындықтар туғызып жатқандығы туралы мәліметтер көрсетілген болатын.
Орталық
басқару мекемелерінің
Мемлекеттің
құрылымдары мен
Жоғарыдағы заңның арқасында осындай мекемелер жергілікті органдардан қаржылық көмек ала алатын болды.
Нәтижесінде жұмысқа орналастырумен айналысатын мекемелер де, адамдар да көбейе бастады. 1994 жылы оның құрамында 330 мың адам болса, 2002 жылдың басында 600 мыңнан асты.
Централизация
мен децентрализация
Бір жағынан бұл адамдардың бәрін қамтамасыз етуде мемлекет барлық қаржылық жүкті өзі көтереді, ал екінші жағынан бұл іс әрекет муниципалды деңгейде жүргізіледі.
Көп жылдар көлемінде жапондық
префектурада мүгедектерге
Бұл жердегі қызметкерлер тек
қана оның мүгедектігінің
Соңғы
он жыл көлемінде мүгедектерді әлеуметтік
қамсыздандыру мәселелерімен
Жапонияда мұндай қызметтерді мүгедектерді жұмысқа орналастыру ісімен айналысатын ұлттық совет болды, ол мемлекеттік билік органдарының қол астында жұмыс жасады.
Жапонияда мемлекет тек қана мүгедектерге ақша бөліп қана қоймай, сонымен қатар оларға жеңілдіктер де қарастырады.
Демографиялық
өзгерістер, әлеуметтік – экономикалық
қиындықтар Жапонияда жұмыс жасап
жатқан жүйеге белгілі бір коррективалар
енгізеді. Алайда, ол әлеуметтік жұмыстың
көбінесе әсерлі спецификасын, моделін
өзгертеді.
Әлеуметтік қорғаудың
Қытайлық жүйесі
Әлеуметтік көмектің дәстүрлі сипаттамасы көбінесе шығыс елдеріне тән болып табылады, яғни оған Қытай да кіреді. Сонымен қатар, бұл елде ол басым болып отыр. Қазіргі таңда нарықтық экономиканың дамуына байланысты қоғамдағы қарым – қатынастарды өзгертеді.
Дамыған мемлекеттерде әлеуметтік сақтандыру әлеуметтік қамсыздандырудың қытайлық жүйесінде маңызды роль атқарады. Алайда, сақтандыру механизміне әлі жеткен жоқ.
Қытайда
әлеуметтік ортадағы отбасылық факторлармен
қатар коллективті көмек
ХХ ғасырдың соңғы тоқсанында Қытайлық экономикалық реформа мемлекеттің тез арада әлеуметтік жағдайын көтеруіне өз үлестерін қосты. 80-90 жылдары Қытайдың экономикалық потенциалы 5 есеге өсті, қала халқының табысы 3,1 есеге, ауылшаруашылығы 4,4 есеге өсті. Халықтың кірісінің өсуі әлеуметтік сақтандырудың нарықтық түрінің қалыптастыру мәселесін өзектендірді.
Мұның
барлығы қытайдағы бұрын жұмыс
жасап келе жатқан әлеуметтік қамсыздандыру
моделінде көрініс тапты. Оның негізгі
компоненттеріне мыналарды
Дәстүрлі Қытай отбасыларында негізгі жұмыс жасап келе жатқан көмектің түріне балаларын қамқорлыққа алу, қарттар мен мүгедектерге қарау болып отыр.
Ата – аналар толық қанды бала – шағасының қамқорлығына қартайғанда бөлене алған. Үлкендерді құрметтеу тек қана дәстүрлі отбасылық салт қана емес, сонымен қатар маңызды әлеуметтік норма болып табылады. Ол мемлекеттік деңгейде заңдастырылған.
Қазіргі таңда Қытайда қарт адамдар көптеген құрметке ие, алайда бұл тек заңғ ғана байланысты емес, сонымен қатар моральдық және этикалық нормаға да сәйкес болып табылады.
Қазіргі таңда қарттардың әлеуметтік жағдайы туралы көбінесе отбасы жауап береді. Жапониядағы секілді бұл жерде де ең басты рольді әйелдер алады. Ал бірбалалы отбасыларда олардың жауапкершілігі одан да арта түседі. Егер де алдын қарттарға қарау ауыртпалығы бірінші баласының әйеліне тиісті болса, ал бір балалы отбасыларда әйелге деген ауыртпалық арта түседі, себебі ол өзінің ата – аналарына да, баланың ата – анасына да қарауға тиіс болады.
Әлеуметтік сақтандырудың жалпымемлекеттік жүйесі Қытайда қазіргі таңда енді ғана қалыптаса бастады. Шындығында, қазіргі таңда қытайлық қарттардың көбісі зейнетақымен қамсыздандырылмаған.
2000 жылдың басында 60 жастан асқан адамдардың тек қана ¼ бөлігі ғана зейнетақы алған. Ауылшаруашылығында 2/3 бөлігі зейнетақы алмаған, өз балаларының қарауында болған.
Әлеуметтік қызметтің дамымауына байланысты көптеген қытайлық қарттар өз балаларының, көршілерінің және туыстарының ғана көмегіне жүгіне алған. Бұл қытай қоғамының дәстүрлі отбасылық әлеуметтік көмекті қолданатындығы тағы да дәлелденді.
Отбасынын бөлек те, қарттар қытайдың мемлекеттік мекемелерінен де белгілі бір көмек алып отырған – ауылдық, аудандық, көшелік, тұрғылықты жерлік комитеттерден.
Мемлекеттік көмекке келер болсақ, 90 жылы өңделген әлеуметтік қамсыздандыру жаңа құрылыммен көрсетілген. Ол негізгі 4 деңгеден тұрады: 1) кірісі өмір сүру деңгейінен төмен халықтың кедей бөлігі мен оның отбасына көрсетілетін әлеуметтік көмек; 2) Әлеуметтік сақтандыру, бұған зейнетақымен сақтандыру да, жұмыссыздықтан да сақтау, бала туу кезіндегі қауіптен сақтау, ауру, мүгедектік кезінде, жұмыс істеу қабілетінен айырылған кезде, өлім кезінде көрсетілетін әлеуметтік сақтандыру; 3) әлеуметтік молшылық, қытай азаматтарының білім алуға, жақсы тұрмыс жағдайын жасауға деген жұмсалатын қаражаты; 4) Әлеуметтік қамқорлық, әскери қызметкерлерге, қоғам құрметіне ие ерекше топ мүшелеріне арналған қамқорлық.
Әлеуметтік қамсыздандырудың аталған түрлері әлеуметтік көмектің мемлекеттік қолдауына ие болып табылады, екіншісі оған кірмейді.
Қытайда мемлекеттік көмек күнделікті тұрмыс кірісіне жетпейтін кедей азаматтар мен олардың отбасына беріледі. Ол дифференциалды түрде құрылады, белгілі бір мерзімге, аймаққа байланысты белгіленеді. Мысалыға, ХХ ғасырдың 90 жылдың аяғында, Пекинде күнделікті кіріс 250 юаньға тең болған. Бұл дегеніміз, орта шамадағы кірісі бар отбасылардың өзінде ақшаны адам басына тбөлгенде күнделікті кірістен төмендеп кетеді де, олардың өзі сондай әлеуметтік көмектер алған.
Қытай мемлекетінде қарт адамдар мен мүгедектерге жеңілдіктер көп қарастырылған. Бұл елде қарттарға деген ауылшаруашылық іс әрекетін арттыруға арналған кредиттер қарастырылған. Мұндай саясатты жүргізе отырып, қарттарды өз мүмкіндіктеріне сай еңбек етуге үйретеді. Бұрынна мұндай сөз қалыптасып қалған: қимылдай білетін қытайлық ақша таба да біледі деген. Тағы да: егер де ештеме істемейтін болсақ, онда несіне өмір сүреміз деген мақал да бар. Және бұны қытайлықтар қазірге дейін ұстанады.
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру ісінде мемлекеттік органдар көп еңбек етеді. Оны 60 млн.нан астам адамдар есебін шығарып отырады. Мемлекеттің қолдауының көп болғаны соншалықты бұл жерде 10 мүгедек болса, соның 8-і жұмыспен қамтылған.
Салыстырар болсақ, 2000 жылдың басында Ресейде 10мүгедектің ішінде біреуі ғана жұмыспен қамтылған болатын, ал АҚШ-та әрбір үшіншісі, Ұлыбританияда әрбір төртінші мүгедек жұмыспен қамтылып отырған.
Бұл проблеманы шешу кезінде Қытай Батыс елдерінен де асып кетті. Ескере кететін жайт, мүгедектерді жұмыспен қамту тек қана олардың материалдық жағдайын көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар олардың өзіне сенімін арттыру, әлеуметтік бейімделуін арттыруға өз үлесін қосады.
Қарт
адамдар үшін КНР-де мемлекеттік
реабилитациялық қызметтер
Сонымен қатар мемлекетте бос
уақыт орталықтары да бар,
2004
жылы ресей телеарнасында