Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 19:19, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда экономикамыздағы орын алған қолайсыз жағдайлар кезінде өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды саясаттарды жүзеге асыруда. Бұл саясаттардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы саясат болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан жас отбасының назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1. Отбасын құру және оның проблемалары........................................5
1.1 Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу................................5
1.2 Мемлекет тарапынан жас отбасыларына қолдау көрсету................................7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ..................................10
2.1 Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері.................................................................................................................10
2.2 Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудің қазіргі деңгейі және динамикасы...........................................................................................................15
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ.............................31
3.1 Тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік реттеудің құралдары мен түрлері........................................................................................................................31
3.2 Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалардың орны...........................................................................................37
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........
2005-2007 жылдары мемлекеттік емес сектордың кәсіпорындары мен ұйымдарының өз қаражаттары есебінен 5,04 млн. шаршы метр коммерциялық тұрғын үй салды[28].
Осы кәсіпорындар мен ұйымдар табысы орташа және жоғары сатып алушыларға тікелей сатылатын тұрғын үйлерді пайдалануға беріп отыр. Аталған құрылыс салушылар жаңа технологиялар мен материалдарды қолданып, сәулеті мен техникалық күрделілігі бойынша бірегей жаңа буындағы көп пәтерлі тұрғын үйлер жобалау мен салу жөніндегі кешенді міндеттерді шешіп отыр.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2005-2006 жылдары қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 565,8 млрд. теңге, ал 2007 жылы 490,3 млрд инвестиция жұмсалды. Жалпы алаңы 18,3 млн. шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде:
2005 жылы – 5,04 млн. шаршы метр (2004 жылмен салыстырғанда 184,2%):
2006 жылы – 6,19 млн. шаршы метр (2005 жылмен салыстырғанда 124%) пайдалануға берілді[27].
2007 жылы – көзделген 5,7 млн. шаршы метр орнына Мемлекеттік бағдарлама бойынша қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы алаңы 6,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жас отбасының әлеуметтік қорғалатын жігі үшін коммуналдық тұрғын үйлер салынып жатыр. Екі жыл ішінде жалпы алаңы 394,4 мың шаршы метр тұрғын үй (4752 пәтер), оның ішінде 2005 жылы – 183,7 мың шаршы метр (2302 пәтер), 2006 жылы – 210,7 мың шаршы метр (2450 пәтер), ал 2007 жылы – 320,5 мың шаршы метр тұрғын үй (3861 пәтер) коммуналдық тұрғын үй салынды.
Екі жыл ішінде жергілікті атқарушы органдарға ипотекалық тұрғын үй салуға бөлінген кредиттік қаражат есебінен жалпы алаңы 1618,7 мың шаршы метр 17878 пәтер, оның ішінде 2005 жылы – 11764 пәтер (953,9 мың шаршы метр), 2006 жылы – 7811 пәтер (664,8 мың шаршы метр), және 2007 жылы – 11444 пәтер (932,2 мың шаршы метр) салынды.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2005-2007 жылдары тұрғын үй салуға 126 млрд. теңге көлемінде кредиттік қаражат бөлу көзделген болатын. Алайда, осы мақсатқа іс жүзінде 100,26 млрд. теңге бөлінді, өйткені 2006 - 2007 жылдары 20 млрд. теңге кредиттік қаражаттың жоспарланған көлемінен тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға бағытталды[22].
Алынып тасталған қаражаттың орнын толтыру мақсатында “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 57 және 2006 жылғы 3 наурыздағы № 146 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы № 1021 қаулысымен 2005-2006 жылдары бөлінген кредиттік қаражатты қайтару мерзімі 2 жылдан 3 жылға ұзартылды. Осының есебінен 86 млрд. теңге қосымша инвестицияланады[22].
Өткен кезең ішінде неғұрлым арзан тұрғын үй ретінде жеке тұрғын үй құрылымы (ЖТҚ) кеңінен дамыды.
2005 жылы ЖТҚ шеңберінде 2,5 млн. шаршы метр, 2006 жылы – 3,6 млн. шаршы метр пайдалануға берілді.
2006 жылы тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға 20 млрд. теңге, оның ішінде ЖТҚ аудандарына 10 млрд. теңге бөлінді. 2007 жылы осы мақсатқа 30 млрд. теңге, оның ішінде ЖТҚ аудандарына 22,8 млрд. теңге бөлінді.
2005-2006 жылдары жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жалпы алаңы 2,8 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берді[27].
2005-2007 жылдардағы Мемлекеттік бағдарламаның күшті жақтары;
- тұрғын үй құрылысы қарқынының өсуін ынталандыру;
- инвестициялар үшін тұрғын үй құрылысының тартымдылығын арттыратын жағдай жасау;
- азаматтардың басым құқық берілген санаттарына облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үйді сата отырып, оны салу үшін жергілікті атқарушы органдардың кредит беру тетігін жасау;
- тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесінің ипотекалық кредит беру құралдарын, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үй сатып алуға берілген ипотекалық кредиттерге кепілдік беру жүйесін пайдалану ;
- коммуналдық тұрғын үй құрылысын қайта жандандыру және 290 мыңға жуық отбасының (болжам) тұрғын үй жағдайын жақсарту жатады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тұрғын үй құрылысы – жалпыұлттық сипаттағы барынша маңызды міндеттердің бірі болып табылатын Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі.
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс саласын реттеуді теориялық тұрғыда және шетелдік тәжірибені қарастыру арқылы жан-жақты зерттеп төмендегідей тұжырымдарды ұсынуды жөн көрдім
1. Қазіргі таңда экономикадағы қолайсыз жағдайлардың орын алуына байланысты тұрғын үй құрылыс саласына ерекше көңіл бөлу қажет, себебі ең біріншіден жас отбасының әлеуметтік жағдайын қолдау жалпы мемлекеттің дамуына тікелей әсер етеді. Ал әлеуметтік саладағы басымдылық тарапынан қарастыратын болсақ, жас отбасыны баспанамен қамту ерекше әлеуметтік бағдары бар сала болып табылады.
Тұрғын үй құрылыс cаласында тек 2004 жылдан бастап қана айтарлықтай іс-шаралар жүргізіле бастағанымен, осы жылы қабылданған жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудің 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы өте нәтижелі аяқталды. Бағдарламада белгіленген жас отбасыны тұрғын үймен қамтамсыз ету деңгейі жоспрланған шамадан 30%-ға артық орындалды. Осы бағдарлама аясындағы жылдар Қазақстан Республикасындағы құрылыс саласының өркендеген кезеңі болып саналады. Құрылыс саласындағы алғашқы мемлекеттік бағдарлама ойдағыдай орындалғандықтан, жас отбасыны одан әрі тұрғын үймен қамтамасыз ету мақстында, өткен бағдрламаның кемшіліктері ескеріліп, 2007 жылы келесі кезектегі 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бірақ, қазіргі уақыттағы ел экономикасындағы тұрақсыздыққа байланысты тұрғын үй құрылыс саласының даму қарқыны біраз бәсеңдеді. Мұндай экономикалық жағдай кезінде ең бастысы жас отбасының әлеуметтік жағдайын кемітпеу жағын ойластыру керек. Қазіргі жағдайда әлемдік нарыққа тікелей қатысты түрлі-түсті металл, кендер, шикізат ресурстары сияқты еліміздің экспортқа шығаратын салалары үлкен зардап шегіп отырған шақта мемлекет барлық күшін жас отбасының әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмылдыруы қажет. Мемлекет ең біріншіден өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл салалардың бірі, басымдық тәртібімен айтатын болсақ – тұрғын үй құрылыс саласы болып табылады.
2. Тұрғын үй құрылыс саласын реттеу арқылы біз жас отбасыны баспанамен қамтамасыз етіп қана қоймаймыз сонымен қатар, халыққа баспананың қажеттілігі туындап жаңа құрылыстар салу қажеттілігі пайда болады. Осыдан келіп құрылыста жаңа жұмыс оындары ашылып, жүмыссыздық мәселесі бірсыпыра шешімін табады.
3. Құрылысты дамытуға мемлекет тарапынан қажетті мөлшерде көңіл бөлініп, инвестиция тартылса, қолайлы инвестициялық жағдай туындап құрылыс саласына маманданған шағын және орта бизнестің кең өріс жаюына түрткі болады.
4. Қазіргі уақытта жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қалалық жерлерде төтенше сипат алады, себебі, Қазақстанда барлық жас отбасының аплыс пайызына жуығы қалада тұрады. Осы тұрғыдан құрылыс саласын дамыту арқылы Қазақстанда убанизациялану қарқыны артады.
5. Бітіру жұмысында тұрғын үй құрылысының шетелдік тәжірибесіне мысал ретінде Қытай Халық Республикасындағы жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету саясаты талданған. Қазақстандағы құрылыс секторының жағдайын талдау барысында оның статистикалық деректерін Қытайдың құрылыс секторының деректерімен салыстыру арқылы шетелдік тәжірибенің тиімді жақтарын біздің елде қолдану мүмкіндіктері ұсынылған.
Экономикалық дағдарыс – билікке сын. Себебі қиын-қыстау кезде оған артылар жүк ауырлап, жауапкершілік күшейетіні сөзсіз.
Біздің еліміз қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайында экономиканың әр саласына, әсіресе құрылыс саласына үлкен қолдау көрсетуі керек. Әрине, түрлі кемшіліктер болуы мүмкін. Бірақ ештеңе жасамай, қарап отырғандар ғана қате жібермейді. Сондықтан да мемлекетіміз барлық күштерді жағдайды түзетуге жұмылдыруы қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 6 ақпан 2008 ж.
2. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О. «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Алматы, 2002 ж. 14-42 б.
3. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» Кекілов Б. 9-27 б.
4. Абдикулов П.А. «Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру» ҚазҰУ хабаршысы 2004 ж. №2 19 б.
5. «Қазақстан Республикасының 2013 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» www.zakon.kz
6. «Формирование и управление страной первого президента Казахстана» Кубаев К.Е. «Вестник Международной Академий Бизнеса» 2007 г. №4
7. Маратова А. «Құрылыс саласындағы еңбекақы жүйесін реттеу» ҚазҰУ хабаршысы 2003ж №4 12-19 б.
8. « Реализация стратегии индустриально-инновационног развития на 2003-2015 годы» Мамытбеков Е.К.
9. «Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастар туралы Заңы» 1997 ж. 16 сәуір № 94-1 Жарлығы
10. «Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы» 2006 ж. 7 шілде №180 Жарлығы
11. www.stat.kz
12. «Ең басты мақсат – әлеуметтік жағдайды төмендетпеу» «Айқын» газеті 2008 ж. 5 желтоқсан 3-5 б., C.Соқпақбаев
13. «Әлеуметтік өсімнің аифметикасы», «Егемен Қазақстан» газеті 2006 ж. 22 наурыз 12-14 б., Самат Мұса
14. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарстан жаңару мен дамуға» атты халыққа жолдауы 2009 ж. 6 наурыз
15. «Жаңа уақыт өлшемі» «Егемен Қазақстан» газеті 2007 ж. 13 қараша 18-20 б.
16. «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» 11 маусым 2004 ж. №1388 Жарлығы Астана, 2004
17. «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» 20 тамыз 2007 ж. №838 Жарлығы Астана 2007 ж.
18. «Экономической образ мышления» Байгожинов А.А. 1996 г.
19. «Үкіметтің, Ұлттық Банктің және ҚҚА-ның экономиканы тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары»
20. «Қазақстандағы ипотекалық несиелеудің дамуы» Е.А. Елболатқызы Астана қаласы, 2006 ж.
21. «Қазақстан Республикасының Кластерлік жүйесін дамыту бағдарламасы» 2005 ж. 17 шілде №144
22. «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» 20 тамыз 2007 ж. №838 Жарлығы Астана 2007 ж.
23. «Экономической образ мышления» Байгожинов А.А. 1996 г.
24. «Үкіметтің, Ұлттық Банктің және ҚҚА-ның экономиканы тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары»
25. «Қазақстандағы ипотекалық несиелеудің дамуы» Е.А. Елболатқызы Астана қаласы, 2006 ж.
26. www.investfounds.kz
27. «Ипотечное кредитование в Казахстане» Алиева Б.М.
28. «Құрылысты дамытудың Қазақстандық үлгісі», «Айқын газеті» Өмір Есқали 2009 ж. 9 қаңтар 17-26 б.
29. «Қазақстанның тұрғын үй нарығының қазіргі жағдайы мен даму мүмкіндіктері», «Қазақ Университеті» баспасы, Қ.Н. Бекетова 2007 ж. 123-132б.
34
Информация о работе қазақстан республикасындағы жас отбасыларын тұрған үймен қамтамасыз ету