қазақстан республикасындағы жас отбасыларын тұрған үймен қамтамасыз ету

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 19:19, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда экономикамыздағы орын алған қолайсыз жағдайлар кезінде өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды саясаттарды жүзеге асыруда. Бұл саясаттардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы саясат болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан жас отбасының назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

1. Отбасын құру және оның проблемалары........................................5

1.1 Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу................................5
1.2 Мемлекет тарапынан жас отбасыларына қолдау көрсету................................7


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ..................................10

2.1 Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері.................................................................................................................10
2.2 Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудің қазіргі деңгейі және динамикасы...........................................................................................................15

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ.............................31

3.1 Тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік реттеудің құралдары мен түрлері........................................................................................................................31
3.2 Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалардың орны...........................................................................................37

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................40

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........

Работа содержит 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ курсов.doc

— 289.50 Кб (Скачать)

 

1.2.Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу

Жас отбасылардың қатынастарын бұзушы факторлар

 

Қазіргі еуропалық отбасында психологиялық ажырасу-бұл тұрақты некелік қарым-қатынастардың ғана бұзылуы емес, сондай-ақ тұрақты өмірлік тіршіліктің бұзылуы.

Ажырасудың өсу себептері:

-                                                            отбасы функциясының өзгеруі, атап айтқанда шаруашылық (экономикалық) жағы;

-                                                            айырылысқандарда негативтік стереотиптердің жоқ болуы;

-                                                            тап, діни және ұлттық нанымның босатуы;

-                                                            миграциялық процестердің күшеутуі;

-                                                            Уранизациялық қоғамда өмір стилінің, екпіннің өзгеруі;

-                                                            өмір ұзақтығының өсу шегі;

-                                                            тағы бір себеп-жұбайды таңдағанда әке-шешлердің ықпалының жасауы төмендеуі.

Осылардың салдарынан «ерте», асығыс некелердің көп болуы осыдан болады. Ажырасудың себептері тек қана үрейлілік қарым-қатынас емес, сондай-ақ жанама немесе түзу проблемалар жатады.

Жас отбасының қарым-қатынасының бұзылуына мынадай негативтік фактор жатады:

1.Артық жүк тиеу және физикалық арықтау

Бұл жерде парасаттық қауіп-қатер жатыр. Оларға жастардың кәсіпшілік немесе академиялық карьерді енді бастағандар жатады. Мысалы: институтта оқу, толық жұмысаптаны істеу кезде нәресте балаларды- бір бағу, пәтерді жөндеу және кәсіпкерлікпен шұғылдану. Барлығын бірге алып жүру өте қиын. Жастар дәл осылай істейді, содан кейін отбасының бұзылғанына таң қалады.

Эмоционалдық қарым-қатынастың ыдырау кезеңдері:

1.                  Интра-психикалық (ішкі) Бір ерлі-зайыпта немесе екеуінде ішкі қанағаттанушылықсыз сезімі көрінеді. Мына фазаның мынандай нәтижелері болуы мүмкін:Осымен жуасу немесе өз қанағаттанушылықсыздығын ешбір көрсетпеу;

2.                  Интер- психикалық (жұбайлардың арасында) немесе диадитикаық- серіктердің өз қарым-қатынасын талқылауы. Бұл фазада өзін-өзі ашылуы жоғарылады,ерлі-зайыптылар тәжірибелеуге тырысады. Бұл жылдарға созылу мүмкін. Сонымен қатар оның нәтижесі екі түрде болуы мүмкін:Қарым-қатынастың қайта құруы –олардың тұрақтануы;Ыдыраушылықты қабыл алуы (тәжірибенің онша емес аяқталуы)

3.                  Әлеуметтік фаза- отбасында ыдыраушылық барысында басқа адамдардың қатыстырылуы (туысқандар, достар) ыдыраушылық фактісі «жалрыға бірдей дәулетпен» тиісті болуы керек. Мына фазаның нәтижесі: әлеуметтік қарым-қатынастың тоқтатылуы және отбасының ыдырауына әкелу.Ажырасу дегеніміз- некені ресми түрде бұзу. Қазігі кезде бүкіл әлемде ерлі-зайыптылық пен отбасы мәселелеріне баса көңіл бөлу ажырасу деңгейінің жоғарылуына байланысты болып отыр. Өзгеріп отыратын  қоғам жағдайында біздің елімзде ажырасу деңгейіне әсер еткен себептер мынадай: әйелдердің кәсіптік қызметке жаппай кірісуі, діннің өз күшін жоғалтуы, халықтың білімділігінің және жалпы мәдениетінің едәуір артуы, соның нәтижесінде некеге деген талаптың көтерілуі, ажырасуға қатысты заң нормаларының әлсіздігі, жыныстық моральдың  бұрмалануы. Ірі өнеркәсіп өндірісінің дамуы және осыған байланысты тұрғындардың едәуір бөлігінің ауылдан қалаға қоныс аудару процесі, сондай-ақ отбасын нуклеаризациялау туыстық жүйе мен қоныстанушы  қауымның ерлі-зайыптылардың, әсіресе, мектеп жасына дейінгі жастағы балалары бар отбасылардың достарымен араласу мүмкіндігі өте шектелген.

Алайда аталған өзгерістер әр аймақта әр түрлі жүріп жатыр. Мысалы, біздің еліміздің тарихи- мәдени ерекшелігі-туыстық –достық, көршілік байланыстардың өте тығыз болып қала беретіндігінде. Ажырасу алдындағы жағдайдың дамуының бас ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) қарым-қатынасқа және жалпы некеге көңілі толмауынан басталады. Бұл жағдай бірнеше сәттен тұрады:

-                                                            ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) ажырасу туралы шешім қабылдауы;

-                                                            ерлі-зайыптылық қатынастарды тоқтату:

-                                                            қоғамға ерлі-зайыптылық қатынастардың жайсыздығы туралы жариялау (ажырасу жөнінде өтініш беру).

Ажырасу себептері: сотта талқылау барысында 1-ші орында мінез-құлқының сәйкессіздігі;2- орында- жұбайының адалсыздығы тұр. Тағы бір себеп-ішкілікке салыну. Жиі кездесетін себептер: отбасын құруға мүдделі болмау; жыныстық өмірге қанағаттанбаушылық, бір-біріне нашар қарау, қаржы мәселесі бойынша келіспеушілік, қызғану, балалы болмау, аурулар. Өте сирек кездесетін себептер: ерлі-зайыптылыардың саяси немесе діни көзқарастарының келіспеуі.

Ерлі-зайыптылардың үйлесімі немесе үйлеспеуі келесі факторлардың өзара әрекеті болып табылады:

Еңбекке деген көзқарас. Қызметтік міндеттерін атқаруға жауапкершілікпен қарайтын адамдар ерлі-зайыпты өмірде үйлесімге оңай қол жеткізе алады. Қызықты жұмыс, жұмысына қанағаттану ерлі-зайыптылық өмірге оң әсер етеді, ал, керісінше, үйдегі жайлы жағдай еңбек қабілеттілігіне, жұмысқа қанағаттанушылығына жақсы әсер тигізеді.

Еңбек ұжымына қанағаттану. Ұжымдағы қарым-қатынас жұмыскердің отбасындағы ахуалға әсер етеді, сондай-ақ отбасылық және басқа жеке мәселелероның жұмыстағы мінез-құлқы мен көңіл- күйіне теріс әсер теуі мүмкін;

Ерлі-зайыптылардың адалдыққа деген көқарас. Ерлі-зайыптылық адалдықты сақтаушы адамдардың некесі көбінесе бұл ұстынды бұзатындарға қарағанда неғұрлым үйлесімді.

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫҢ  ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.

 

2.1Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері.

 

Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары Қазақстан Республикасының Тұрғын үй Заңымен, Азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын өзге де заңдармен реттеледі.

Тұрғын үй - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгiленген техникалық, санитариялық және басқа да мiндеттi талаптарға сай келетiн жеке тұрғын жай (жеке-дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме).
Тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншiк нысандарындағы тұрғын үйлер[13].

Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдары:

              1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдардың қатысуымен:

- тұрғын үйлерге меншiк құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негiздерiне;

- тұрғын үйлердi пайдалану құқығының жүзеге асырылуына;

- тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға;

- тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуiнiң қамтамасыз етiлуiне;

- азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттiк органдардың бақылауына байланысты қатынастарды реттейдi.

2. Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары Заңмен, Азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын өзге де заңдармен реттеледi.

3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, тұрғын үй қорының дамытылуы мен ұлғайтылуына байланысты қатынастар Заңда белгiленген талаптарды ескере отырып, тиiстi заңдармен реттеледi.

4. Мейманханаларда, пансионаттарда, интернаттарда, қарттар үйлерiнде және осындай мақсаттағы басқа да үй-жайларда тұру заңдарымен реттеледi[14].

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры:

1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры мыналарды қамтиды:

- жеке тұрғын үй қоры - азаматтар мен заңды тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi, мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйлер;

- мемлекеттiк тұрғын үй қоры - меншiк құқығымен мемлекетке қарасты және жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағындағы (мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттiк кәсiпорын қарамағындағы (мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын үйлер.

2. Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегi тұрғын емес үй-жайлар кiрмейдi.

3. Жеке тұрғын үй қорының және мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорының үйлерiндегi тұрғын үй-жайларды жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың немесе өзге де ұйымдардың мәжбүр етiп алуына, Заңда және басқа заң актiлерiнде көзделгендегiден басқа жағдайларда тыйым салынады[9].

Тұрғын үйлердi пайдалану:

1. Тұрғын үйдi (тұрғын үй-жайды) немесе оның бiр бөлiгiн тұрғын емес мақсатқа пайдалануға Заңда көзделген жағдайларда жол берiледi.

2. Тұрғын үйдi пайдалану оның бұзылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтiрмеуге тиiс.

3. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесiнiң келiсiмiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн заңды немесе жеке тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган растайды[13].

Тұрғын үй қорын басқаруды меншiк иесi тiкелей, не өзi құратын органдар арқылы, сондай-ақ сенiм бiлдiрiлген адамдар арқылы жүзеге асырады.

 Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттiк есепке алу, оның кiмге тиесiлi екенiне қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады[13].

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры мыналарды қамтиды: 

-  жеке тұрғын үй қоры - азаматтар мен заңды тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi, мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйлер;

-  мемлекеттiк тұрғын үй қоры - меншiк құқығымен мемлекетке қарасты және жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағындағы (мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттiк кәсiпорын қарамағындағы (мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын
үйлер[14]. 

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттiк есепке алу, оның кiмге тиесiлi екенiне қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады. 

Тұрғын үй қатынастары жағдайында туындайтын дауларды шешу төмендегідей мемлекеттік органдардың құзыретінде:

-  тұрғын үйге құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сот шешедi;

-  азаматтарды және заңды тұлғаларды олардың тұратын тұрғын үй-жайларынан тек Заңда белгiленген негiздемелер бойынша, сот тәртiбiмен ғана шығаруға болад;

Тұрғын үй иесiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерiне келетін болсақ:

-  тұрғын үйдiң, сондай-ақ салынып бiтпеген тұрғын үйдiң иесi оны, сату шартын белгiлей отырып, өз қалауы бойынша еркiн сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға, басқа адамдарға мұраға қалдыруға, кепiлге беруге, осы бапта көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, заң актiлерiнде тыйым салынбаған өзге де жолмен оған билiк етуге құқылы[10].

-  ипотекалық тұрғын үй қарызы қаражатының есебiнен толық нeмece iшiнара сатып алынған тұрғын үйдi сатып алу-сату шарты мемлекеттiк тiркелген кезден бастап меншiк иесiнiң ипотекалық тұрғын үй қарызы толық өтелгенге дейiн кредитордың келiсiмiнсiз осы тұрғын үйге билiк етуге құқығы жоқ.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру шарттары келесідей:

-  мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған мұқтаж,
осы елдi мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзiмiне қарамастан)
және жас отбасының әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi;

-  мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және сайланбалы
мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдарға берiледi. Оларға берiлетiн тұрғын үй, жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi қоспағанда, қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiледi;

-  мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй өздерiнiң жалғыз тұрғын үйi ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша ипотека нысанасы болған және оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары
туралы заңдарына мемлекттік орган сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi[12]. 

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу келесідей тәртіппен жүзеге асырылады:

Информация о работе қазақстан республикасындағы жас отбасыларын тұрған үймен қамтамасыз ету