қазақстан республикасындағы жас отбасыларын тұрған үймен қамтамасыз ету

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 19:19, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда экономикамыздағы орын алған қолайсыз жағдайлар кезінде өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды саясаттарды жүзеге асыруда. Бұл саясаттардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы саясат болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан жас отбасының назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

1. Отбасын құру және оның проблемалары........................................5

1.1 Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу................................5
1.2 Мемлекет тарапынан жас отбасыларына қолдау көрсету................................7


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ..................................10

2.1 Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері.................................................................................................................10
2.2 Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудің қазіргі деңгейі және динамикасы...........................................................................................................15

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ.............................31

3.1 Тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік реттеудің құралдары мен түрлері........................................................................................................................31
3.2 Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалардың орны...........................................................................................37

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................40

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........

Работа содержит 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ курсов.doc

— 289.50 Кб (Скачать)

1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. 
              2. Есепке алу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi мен нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Азаматтардың қандай да болсын қосымша құжаттар беруiн талап етуге тыйым салынады. 

3. Азаматтардың өздерiн және өздерiнiң отбасы мүшелерiн мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге мұқтаждар есебiне қою туралы арыздары тұрғылықты жерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органда бiр ай iшiнде қаралады. Арыз берушiлерге қабылданған шешiм туралы аталған мерзiм аяқталғанға дейiн жазбаша түрде хабарланады[13]. 

Азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру кезегi:

1. Мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген
кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi.  

2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуге мұқтаждар есебiнiң тiзiмiн былайша бөлек жүргiзедi: 

- әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтар;

- мемлекеттiк қызметшiлер, өзге де бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi мен әскери қызметшiлер[12]. 

Аталған тiзiмге енгiзiлген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тiзiмге енгiзiлген басқалар алдында ешкiмнiң де басымдық құқығы болмайды.

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру нормасы:

1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй әр адамға кемiнде
он бес шаршы метр және көп дегенде он сегiз шаршы метр пайдалы алаң,
бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде берiледi. 

2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй  мемлекеттiк немесе әскери қызмет атқармайтын, сондай-ақ бюджеттiк ұйымдарда (мекемелерде) жұмыс iстемейтiн әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшерде, бiрақ Республикада бiр адамға қолданылатын санитариялық нормадан кем емес тұрғын алаң және кемiнде бiр бөлме мөлшерiнде берiлуi мүмкiн. 

3. Заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген мүгедектердiң жекелеген санаттарына және аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын азаматтарға бөлек қосымша бөлме берiледi. Аталған қосымша алаң артық деп есептелмейдi. 

4. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үй мөлшерiн анықтаған кезде отбасында жүктi болғанына жиырма аптадан асқан әйелдiң болуы ескерiледi.

5. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы азаматтарының аталған санаттарына мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды[15].

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру шарттары:

1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған мұқтаж, осы елдi мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзiмiне қарамастан) және жас отбасының әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.

2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және сайланбалы мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдарға берiледi. Оларға берiлетiн тұрғын үй, жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қоспағанда, қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiледi.

3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй өздерiнiң жалғыз тұрғын үйi ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша ипотека нысанасы болған және оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңдарына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi[8].

Жас отбасының әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтарына жататын азаматтар:

1.   Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдар.

2.   I және II топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда).

3.   Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары.

4.   Заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар.

5.   Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер.

6.   Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма жасқа жетпеген жетiм балалар жатады.

7.   Оралмандар.

8.   Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар.

9.   Көп балалы отбасылар.

10.                  Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары.

11.                  Толық емес отбасылар жатады.

Азаматтар егер тұрғын үйге мұқтаж деп танылады:

1.   Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығымен өздерiнiң тұрғын үйi болмаса;

2.   осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан, сондай-ақ меншiктiң мемлекеттiк емес нысанына негiзделген заңды тұлғаларға тиесiлi үйлерде, соның iшiнде тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативтерiнiң үйлерiнде өздерiнiң тұрақты пайдаланатын үйлерi болмаса;

3.   отбасы тұрып жатқан тұрғын үй нормативтiк санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе;

4.   оқшауланбаған, шектес тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;

5.   отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып (заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аурулардың тiзiмi бойынша), бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса[8].

 Азаматтардың мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу құқығы ерлi-зайыптылардың әрқайсысында некеге тұрғанға дейiн осындай тұрғын үйi болған жағдайларды қоспағанда, азамат (зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен бiрге) осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiр тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға құқылы болып табылады[13].

 

 

 

2.2 Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудің қазіргі деңгейі және динамикасы

 

Елімізде қала құ­рылысы дамып, ауылдағы жас отбасының едәуір бөлігі қалаларға қа­рай көш бетін бұрған кезде тұр­ғын үй проблемасы тө­тенше си­пат алды.                                                                                                                                                          

Жалпы, азаматтардың тұрғын үй проблемаларын шешу және Астана мен Алматы қалаларында тұрғын үй рыногын жандандыру үшін “Са­мұ­рық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры арқылы ипотекалық несие берудің және тұрғын үй секторын да­мы­ту­дың арнайы бағ­дар­ламасы әзірленіп оны қар­жы­лан­дыру мақсатында 3 миллиард доллар қаржы қарастырылды. Бұл қаржының бір бөлігі Ұлттық қордан және жи­нақтаушы зейнетақы қор­ла­рынан қа­рыз есе­бін­де алынды. Міне, осы бағ­дарламаны жү­зеге асы­ру бары­сын­да Мем­ле­кет­тік тұр­ғын үй құры­лыс жинақ банкі және екінші дең­гейдегі банк­тер арқылы Ал­маты және Астана қалаларындағы құ­ры­лысы аяқ­тал­маған тұрғын үй ке­шен­дерін аяқ­тауға қарыз беру мә­селесі шешімін та­буда. Екінші дең­гейдегі банк­тер мен тұрғын үйді әділ бағамен сатуға дайындығын біл­дірген құрылыс салушы компания­лар осы бағдарламаға қатысу мүм­кіндігіне ие болды. Жұмыстың негізгі операторы болып табылатын “Самұрық-Қ­­а­зына” қоры қазірдің өзінде 95 мил­лиард теңгені өз есебіне алды. Бұл қаржының 48,8 пайызы Астана­дағы, 46,2 пайызы Алматыдағы аяқ­тал­­м­а­ған құрылыстарды іске қосу үшін жұм­салуда. Индустрия және сауда министрлігінің ақпарат­тық мәлімет­теріне қарағанда, өткен жылы екін­ші деңгейдегі банктер “Са­мұ­рық-Қазына” қорынан келіп түскен қар­жы­ның 63,9 миллиард теңгесін тұрғын үй құрылысын жүргізу­шіл­ерге бөлді[24].

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес үш жыл ішінде қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы алаңы 28 млн. шаршы метрге жуық, оның ішінде жалпы алаңы 2009 жылы – 9,2 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. 2009 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 1 861 403 шаршы метр қолданысқа берілді. Бұл жалпы ағымдағы жылға жоспарланып отырған барлық тұрғын үй көлемінің 20 %

Бағдарламаны жүзеге асыруда Астана құрылысы алда келеді. Мұн­­да бөлінген 40,8 миллиард тең­ге­нің 40,3 миллиард теңгесі то­лықтай игерілді. Мұның өзі қазіргі күні 37 тұрғын үйдің 12 мың үлес­кері таяудағы уақыттардың ішінде өз пәтерлеріне кіреді деген сөз. Ал Алматыда құрылысы аяқтал­ма­ған 17 үйге 23,1 миллиард тең­генің қаржысы бөлініп, мұның 22,6 миллиарды іске жаратылды. Демек, 3 мыңнан астам үлескер таяудағы уа­қытта өздерінің көптен күткен пәтерлеріне ие болуы тиіс. Атап айт­сақ, “Самұ­рық-Қазына” қоры арқылы қар­жы­лан­дырылып отырған тұрғын үйлер ара­сынан Астанада 8 тұрғын үй ке­шені (3086 үлескер), Алматыда 3 тұрғын үй кешені (481 үлескер) өткен жыл­дың соңында пайдалануға берілді. Ал қаңтар айының басында Астанада 5 үйдің, Алматыда 7 үйдің құрылысы толық аяқталып, тағы да 1300-ден астам үлескер үйлі болатын болады.  Жалпылай айтатын болсақ, дағ­дарысқа қарсы шаралар басталған 11 айдың ішінде елімізде 15069 үл­ескер өздерінің пә­терлеріне ие болған. Мұның 8,8 мы­ңы Астана қаласының, 3,4 мы­ңы Алматы қаласының тұрғын­дары[8].                                         

Мемлекет арқылы осы жыл­дың қаңтар айынан бастап ха­лық қолына тие бастаған ипо­те­калық несиенің жаңа желісі оны алу­шылар үшін бұрынғыға қара­ған­да да жеңіл болып отыр. “С­а­мұ­рық-Қазына” қоры екінші дең­гейдегі банктерде мерзімі 15 жылға дейін бірқатар несие же­лілерін ашты. Өз ке­зе­гінде, ек­інші деңгейдегі банктер қа­рыз алу­шылардың әртүрлі топ­тарына мер­зімінен бұрын өтеу құқығын сақтай отырып, 20 жылға дейінгі мер­зіммен, 9-11 пайыздық став­камен ипотекалық несиелерді бере бастады. Осы кредиттік желі­лер­дің бір бөлігін екінші деңгейдегі банктер өткен кезеңдерде көлемі 120 шаршы метрден аспайтын тұрғын үйге ипотекалық несиелер алған және ол үй басындағы бір­ден-бір баспанасы болып табы­ла­тын азаматтар үшін бағытталады. Яғни, бұрын 16-18 пайыз­бен ипотекалық несие алғандардың не­сиелік сыйақы ставкалары енді 9-11 пайызға дейін төмен­де­тіледі. Бұл аталған топтар үшін үлкен жеңілдік[25].

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес үш жыл ішінде қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы алаңы 28 млн. шаршы метрге жуық, оның ішінде жалпы алаңы 2009 жылы – 9,2 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. 2009 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 1 861 403 шаршы метр қолданысқа берілді. Бұл жалпы ағымдағы жылға жоспарланып отырған барлық тұрғын үй көлемінің 20 %[9].                   

 

                                                                                  

 

 

 

 

 

 

2 кесте

 

                                   Тұрғын үйлерді пайдалануға беру*

(қаңтар-сәуір 2009)

 

 

жалпы алаңы мың
шаршы метр

өткен жылғы тиісті
кезеңге %-бен

пәтерлердің саны,
бірлік

өткен жылғы тиісті
кезеңге %-бен

Қазақстан Республикасы

1 861 403

98,1

14 810

101,3

Ақмола

32 645

71,0

189

69,2

Ақтөбе

65 837

106,7

644

118,6

 

 

 

 

 

Алматы

201 465

98,2

1 442

100,3

Атырау

80 080

57

550

68,9

Шығыс Қазақстан

41 151

64,1

351

50,4

Жамбыл

33 761

88,5

293

91,3

Батыс Қазақстан

33 565

64,5

342

66,4

Қарағанды

100 837

78,0

767

67,3

Қостанай

41 151

105,2

273

73,6

Қызылорда

59 635

123,3

499

113,9

Маңғыстау

101 809

81,9

798

93,7

Павлодар

13 255

48,6

105

48,2

Солтүстік Қазақстан

25 137

129,8

236

115,1

Оңтүстік Қазақстан

67 630

47,0

657

53,9

Астана қаласы

664 981

134,7

5 563

139,6                  

Алматы қаласы

298 464

112,8

2 101

130,5

Информация о работе қазақстан республикасындағы жас отбасыларын тұрған үймен қамтамасыз ету