Қарулы күштердің психологиялық мазмұны мен құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:30, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың теориялық маңыздылығы — курсанттардың болашақтағы әскери іс-әрекетіне кәсіби бейімделудегі білімдерді тереңдету және кеңейту мүмкіншіліктері.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы — Осы бағытта жүргізілген зерттеулердің нәтижесін жоғары әскери оқу орындарында курсанттарды дайындауда, әскери қызметте, кәсіби іріктеуде пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 6
1.1 Қарулы күштердегі психологияның даму тарихына теориясын қарастыру 6
1.2. Қарулы күштердің қызметтің құрылымы мен психологиялық мазмұны 15
1.3. Әскери қызметке тұлғалық-кәсіби бағыттылық мәселелері 19
1.4. Қазақстандағы әскери қызметке кәсіби даярлаудың мәселелері 35
ҚОРЫТЫНДЫ 44
Пайдаланған әдебиет тізімі....................................................................................................................................45

Работа содержит 1 файл

Курсттық жұмыс Тола.doc

— 243.50 Кб (Скачать)

Психолог-ғалым М.Мұқанов “Совет жауынгерлерінің ерлік істерінің психологиялық ерекшеліктері” (1953 ж.) атты кандидаттық диссертациясында әскери әдеби материалдарын жинақтай отырып, қазақ азаматтарын Ұлы Отан соғысында жасаған ерлік және жауынгерлік қасиеттеріне психологиялық талдау жасады. Ғылыми зерттеу жұмысында ұлттық ерлік дәстүрлерінің жауынгерлердің ойындағы жергілікті намысты қалыптастыруға игі ықпал ететіндігіне аса мән береді. Б.Момышұлының “Қазақ батыр халық” деген ой-тұжырымына

М.Мұқанов психология ғылымы тұрғысында әділ бағасын береді. Әскерлерде жоғары психологиялық тұрақтылық моралдық-саяси және жауынгерлік  қасиеттер, саяси және жауынгерлік дайындық процессі негізінде қалыптасады, сонымен қатар бұл жұмыста психологиялық дайындық мәселесін көрсеткен жөн. Психологиялық дайындық әскери білімдердің жеке мүшелеріне қазіргі замандағы соғыстың адамға әсер ететін себептеріне психологиялық сақтануға үйретеді, жауынгерлік жағдайда белсенділіктің ішкі тірегін жасайды.

Психологиялық дайындықтың міндетімен маңызды  жан-жақты жақсы дайындалған, шыныққан, тәжірибелі әскерде жауынгерлік  жағдай өз күшінің көбеюіне барынша, шешімділікке, байқампаздыққа шақырады, әскерде психологиялық дайындықтың жеткіліксіздігі әскердің белсенді әрекет жасауға тырысуы, нәтижелер әдеттегіден нашар болуынан ойлау сенсорлық және қимыл-қозғалыс процестері бұзылады. Ойлаудың творчестволық қабілеті тапқырлық болып табылады. Сенсорлық бұзылу әрекеттіктің төмендеуінен көрінеді. Қарым-қатынастағы бұзылуларға аяқ-қолдың дірілдеуі, дауыстың өзгеруі, қозғалыс координациясының бұзылуы жатады. Әскерлерде психологиялық дайындықтың жеткіліксіздігі жауынгерлік немесе қиын-қыстау жағдайда жүріс-тұрыстың бұзылуы мен сипаттануы мүмкін. Кейбір әскерлерде өзін-өзі сақтап қалу түрткілері күшейтіп бұйрықтарды нашар орындап, қорқуға беріліп кетуі мүмкін. Оларда мақсатқа ұмтылу табандылық, белсенділік, ынтасына өзін бақылау мен өзін игерулер нашарлап күдіктену, қобалжу пайда болады.  Осындай көріністердің негізгі себептері әскерде моралды саяси дайындықтың жеткіліксіздігі. Әскерде бұл дайындық соғыс жағдайы талап ететін деңгейге жеткізбегендігі салдарынан болады.

Әскери бөлімдердің  жүйке жүйелерінің психологиялық тұрақтылығы мен сенімділігі мына жағдайларда артуы мүмкін: олардың моралдық саяси ұйымдағы шараларын арттыру, соғыстың факторларын таныс күткен жағдайларға ауыстыру, әскерді қаруландыруда ішкі күштерді жеңуге қажет білімдер мен тәжірибелерді игеру әскери білімдердің жеке мүшелерінде кездейсоқ кездесуге, жағдайға байланысты тез өзгеруге дайын тұру.

Әскерлерді  психологиялық дайындаудың нақты  мазмұнына:

  • өз қаруларына, әскери техникаға, жолдастарына, командирге, жеңіске деген сенімін қалыптастыру.
  • өз қарсыластарын жеңудің варианттарын ерекшеліктері мен талаптарын қалыптастыру.
  • жауынгерлік жағдайы тікелей қатысты психологиялық қиындықтарымен таныс болу. 
  • өзін-өзі басқару мен еріктік сапалардың үйлесімді дамуы.
  • психологиялық жауынгерлік-профессионалдық қасиетті дамыту, әсіресе ойлаудың сапасын арттыру.
  • ерекше “психологиялық сенімді” қасиетті қалыптастыру, дамыту.
  • психологиялық қиындықтарды шешу үшін тез және сапалы шешімдер табу өз мүмкіншіліктерін барынша үйлестіру. 
  • бейбіт өмірімзге лайықты жауынгерлік психологиялық тұрақшылықты қамтамасыз ету. 
  • ішкі жауынгерлік дайындықтың психикалық халін қалыптастыру, сақтауды белгілі деңгейге көтеру болып табылады.

Психологиялық дайындықтың мазмұны әскерлердің  мамандығына, қызметіне, міндетіне  және жағдайға қарап нақтыланады. Бұл тек қана әрбір жауынгерлерді бөлек дайындау мен шектелмейді: жақсы ұйымдасқан ұжымдарда төмен дайындалған әскер жауынгрелік жағдайдың қиындықтарын жеңе алады. Соғыс жағдайына және міндетіне ұжымдық психологияны қалыптастыру, психолгиялық дайындықтың ең басты міндеті әскерлерде жауынгрелік жағдайдың факторларына психикалық тұрақтылықты қалыптастыру және оның қасиеттерін қолдану.

Қазақстандағы әскери қызметкерлерді даярлаудың психологиялық  астарлары Қазақстан Қарулы күштерінің қатарына әскери қызметкерлерді дайындаудың психологиялық жолдарымен, тәсілдерін қарастырып өткен жөн. Психологиялық  дайындық саяси моральдық дайындықтың негізінде жүргізіледі. Әскери бөлімдер мен оның бөлімшелерінде психологиялық дайындықтың жолдары мен тәсілдері жауынгерлік саяси оқу және ұйымдастыру қызметтерімен байланысты.

Әскери білім  беру мекемелерінде курсанттар арасында психологиялық дайындықты ұйымдастыру  былайшы жүзеге асырылады:

  • психологиялық дайындықтың жоспарларын жасау; 
  • сабақ жүргізілуде жауынгерлік жаттығу тапсырма курсында тексеру; 
  • сабақ жүргізуде жауынгрелік жаттығуларға үйрету кезінде оқыту мақсатымен қосымша психологиялық әсері бар жағдайларда арнайы таңдап алу; 
  • күшті психологиялық әсері бар әдістердің түрлері мен таза тәсілдерді қолдануды қарастыру;
  • материалдық базаны жасау және оны толық жетілдіру; 
  • психологиялық дайындық нәтижесін тексеру, әдістемелер жүргізу.

Әскерлерді  психологиялық дайындаудың құрылымы өте күрделі және оған әсер ететін себептердің көптүрлілігі психологиялық дайындықты жүргізуде түрлі мәселелерді шешуді қажет етеді. Психологиялық дайындықты мақсатына қарай әскери қызметіне дайындық және нақты қызмет түріне қарай дайындық деп бөледі. Қарулы күштерді әскери түрде жауынгерлік техникамен жұмыс істегенде, әскери жаттығуларды орындағын кезде жауынгрелік іс-қимылдарды жасағанда, психологиялық дайындықтар қажет. Психологиялық дайындықтың обьектісіне қарай әскери ұжымдер мен әскерлерді команда құрамымен саптағы жауынгерлер, ракеташылар, танкист, ұшқыштар т.б. мамандықтарға бөлінеді. Психологиялық дайындықты жүргізу мерзіміне қарай жауынгерлік іс-әрекетке алдын-ала дайындалып және дәл қазіргі уақытта нақты берілген тапсырманы орындауға дайындық болып бөлінеді. Әскери іс-әрекетке психологиялық дайындық әскерлер мен әскери ұжымдарда, олардың қызмет барысында жүзеге асады және тұрақты психологиялық мінездерді қалыптастырады. Жауынгерлік тапсырманы орындаудың алдында адамның барлық мүмкіншіліктерін, стеникалық күйлерді қалыптастыруды белсендіру жүргізіледі.

Психологиялық дайындықтың компоненттерін қалыптастыру мақсатымен қолданылатын әдістер мен құралдарға байланысты жалпы психологиялық дайындыққа бөлінеді. Әскерлер мен әскери ұжымдарда жалпы психологиялық арнайы психологиялық және мақсатты психологиялық дайындыққа бөлінеді. Әскер мен әскери ұжымдарда жалпы психологиялық дайындықта өз Отаныны қорғауға дайындық сапалы түрде қалыптасады және осы жолдағы кездесетін қиындықтарды жеңуге тырысады. Бұл жерде шешуші қызметті саяси моральдық факторлар атқарады. Соның ішінен дайындықтың өзара тәуелді және байланысты жақтарын психикаға әсерін табады.

Жалпы психологиялық  дайындық қалыптасуы: а) өзінің рухани қажеттілігі мен қызығуларын, көзқарастарын, өз Отанына деген сүйіспеншілігі; ә) психологиялық соғыс ұйымдарына төтеп беру; б) ұжымдық бірлестіктің сапасын арттыру, ұжымдардың ауызбіршілігін қалыптастыруы. Командирлер мен саяси жұмыскерлерді сыйлау бір-біріне деген сенім, достық, сыйластықты қалыптастыру; в) Өзінің әскери борышын терең түсіну; г) бейбітшілік және соғыс мәселесіне жауапкершілікпен қарау; д) Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі әскердің жеке мүшелерінің жауынгерлік дайындығын қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Бұл мәселелерді шешу психологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізумен байланысты. Бейбітшілік кезде соғыс жауынгерлік мәселелерін дұрыс түсіну.

Қазақстанның  әскери доктринасында, әскери істерді  жүргізуде және жауынгерлік дайындықты жоғарылату қажет екенін сезу. Бұл  жерде өткен соғыс тәжірибесіне негізделу бағалы болып табылады. Әрқашан да саяси-моральдық жинақылық  соғысқа қабілеттілігі мен дауынгерлік дайындықтың санасын жоғарылату жолдарын іздеуге алып келеді. Олар кенеттен пайда болған қиындықтарды батыл шешуге көмектеседі.

Психологиялық дайындықтың әскери тәрбие мен жауынгерлік  шеберлікті қалыптастыруымен тығыз  байланысты. Олар мына жағдайлардың тізбегін қамтиды: а) әскери қызметке, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі; ә) әскери қызметке дағдылану, әскери тәртіпке үйрену, ұжымдық қарым-қатынасты, уставты сақтау, өз қызметін мінсіз орындау; б) өз күшіне сеніммен қарау, алдына қойған тапсырманы шешу; в) әскери бөлімнің терең және жан-жақты болуы. Қарулармен жұмыс істегенде іскерлік, дағдылардың төзімді болуы; г) әрбір жауынгерлер мен командирлерде жауапкершіліктің, ынталылықтың, тәуелсіздіктің, табандылық пен өз-өзін ұстай білу, байқампаздық және ойшылдықтың болуы қжет; д) жауынгерлік дәстүрге берік, өзара көмек көрсету, сенімділік, ұжымдарда жауапкершіліктің болуы, е) жауынгерлік дайындықтың жетіліп отыруы, шынайы берілуі; ж) профессионалдық қарым-қатынасқа бейім болу. Осы психологялық дайындықтың жиынтықтары әскери тәртіп пен шабарлікке үйрету барысында қалыптасады. Тәртіптілік — психиканың тұрақты сапасы болып есептеледі. Ол әскерге қиын жағдайлардан қашу, тәртіп, уставтық әскери тәртіп, күнделікті жұмысты дұрыс шешу, әскердің психологиялық тұрақтылығының міндеті болып табылады.

Арнайы психологиялық  дайындық әскерді жауынгерлік жағдайда төзімді болуға дайындауға арналған. Арнайы психологиялық дайындықтың  мақсаты, әскерлерді жауынгерлік тапсырмаларды  орындайтын нақты жағдайларды қиындықтармен өтетін орынды уақытты, жағдайларды, жаттығатын іс-қимылдарды, тапсырмаларды алдын-ала жоспарлап отыру керек. Соның үшін әскерлердің оқу жаттығулары арнаы жабдықталған полигондарда өтеді. Уставты, бұйрықты, дерективті, ұйымдасқан әдістемелік ережелердегі моделін жасауы қажет.

Танымдық процестерді  белсендірген кезде ғана психиканың танымдық процестері дамиды және қарқынды қызмет істейді. Жаттығу жағдайында эмоционалдық қиындықтар, қауіп-қатерлі  жұмыстардың элементтері арқылы ғана енгізіледі. Әскерлер танымдық және эмоционалдық қиындықтарды жеңу үшін еріктерін ынталандыруды қажет етеді. Жалпы және анайы психологиялық дайындық тек қана оқу процесі барысында ғана емес, жауынгерлік кезекшілікте, алысқа жорыққа шығу саптық және дене шынықтыру сабақтарында жүзеге асады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл жұмыс қазіргі  кездегі Қарулы күштер саласындағы  әскери мамандандыру жұмысында болып  жатқан еңбектегі өзгерістер оның барлық әрекеті өрісінің өміріне қатысты мәселесін қарастырады. Әскери іс-әрекеттің сәттілігі әскери құрылыстың жауапты бөлімдеріне, әскери корпустарға жаңа жас психологиялық ерекшеліктері және интеллект жағынан күшті мамандар мәселесін шешуге үлесін қосады. Қарулы күштер  жұмысында және іс-әрекетінде психологиялық қызмет қажет екеніне куә болады. Қазіргі жағдай әскери қызметке және мемлекет құрамына қарайтын профессиология саласында біріккен әрекетті жеделдетуді қажет етеді.

Әскери профессиология — қазіргі әскери маман саясатын жүзеге асыру құрамының теориялық  негізі болып саналады. Ол әскери мамандыққа үйрету және тәрбиелеу түрінің деңгейін құрылымның мәнін зерттейді. Өзекті мәселелерді әскери білімдер негізінің жоғары әскери оқу орындарында психологиялық жұмыстарын дамыту, әскери мамандарға әскери мамандықты басқару мен ұйымдастыруға дайындап, болжау жоспарымен айналысу.

Жұмыстың мақсаты  әскери қызметін өтеу барысында офицерлер  құрамын аттестациялау, мамандыққа іріктеу тәжірибесін тиісті түрде  жоғарылату сұрақтарына арналған. Осыған байланысты әскери профессиологияның жұмыс әскери бөлімшелерде іріктеп сайлауды қамтамасыз ететін мәселелердің тиімді жолдарын табу, жоғары оқу орын құралдарын әскери басқарма органдарының ең икемді құрал болуға тиіс екенін қарастырады. Мамандыққа іріктеу жұмысында жіберілген қателік жеке адамның ғана сәтсіздігі емес, оның зор әлеуметтік психологиялық салдары бар. Жеке адамның таңдаған еңбек әрекеті оның бүкіл өміріне сондай-ақ қоғамдық жұмысына да ықпал жасайды. Адам өндірістік қызмет аясында дүниеге қатынасын бейнелейді. Бұл қызмет көп жағдайда оның қоғамдық әлеуметтік  құрылымындағы орнын белгілейді.

Қазақстан Республикасы әскери доктринасы және әскери құрылыс  тұжырымдарда, ұлттық тәсілі — тәрбие де жеке адамды қалыптастыру да ұлттық негіздегі жауынгерлік дәстүрлердің маңызы ерекше екендігін айқындайды.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Аманжолов К. Әскери терминдердің орысша-қазақша сөздігі, А., Қазақстан 1982
  2. Бакаев Л.Н. Любая армия должно иметь своей национальные традиции, А., 1994.
  3. Бакаев Л.Н. Политика военного стройтельство Республики Казахстан, А., 1995.
  4. Балақаев Т. Армия және ұлт саясаты, / қаз. Тарихы/ 1994.
  5. Барабанщиков А.В. Основы военной психологии и педагогики, М., 1981.
  6. Барт А.И. Военное психология и педагогика,  А., 1995.
  7. Введение в профессию /учеб.мет.пособие для войсковых психологов/ подгот. Анисимов М.Б.      М., 1912.
  8. Вопросы профессоведение, науч.ред. В.Я.Гаврилов,  М., 1982.
  9. Демина Л.Р. Психологические аспекты индивидуальной профадаптаци, Барнаул.
  10. Джангаров Т.Т., Маришук В.Л. Отбор курсантов в летние училища методом комплексного изучения двигательных и психических качество, Л., 1964.
  11. Дьяченко М.И. Индивидуальный подход в воспитани войнов, Воен.изд. 1961.
  12. Жакупов С.М., Бердібаева С.М. Психологиялық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу тәсілдері, А., 1998.
  13. Жданов И.А. Прогнозирование успешности профессиональной деятельности, М., 1988.

Информация о работе Қарулы күштердің психологиялық мазмұны мен құрылымы