Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:30, курсовая работа
Жұмыстың теориялық маңыздылығы — курсанттардың болашақтағы әскери іс-әрекетіне кәсіби бейімделудегі білімдерді тереңдету және кеңейту мүмкіншіліктері.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы — Осы бағытта жүргізілген зерттеулердің нәтижесін жоғары әскери оқу орындарында курсанттарды дайындауда, әскери қызметте, кәсіби іріктеуде пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді.
КІРІСПЕ 3
І. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 6
1.1 Қарулы күштердегі психологияның даму тарихына теориясын қарастыру 6
1.2. Қарулы күштердің қызметтің құрылымы мен психологиялық мазмұны 15
1.3. Әскери қызметке тұлғалық-кәсіби бағыттылық мәселелері 19
1.4. Қазақстандағы әскери қызметке кәсіби даярлаудың мәселелері 35
ҚОРЫТЫНДЫ 44
Пайдаланған әдебиет тізімі....................................................................................................................................45
Қарулы күштердің
психологиялық мазмұны мен
МАЗМҰНЫ
Қазіргі кездегі көптеген Қарулы күштердің жұмысында және олардың іс-әрекетінде әлеуметтік-психологиялық қызметтің қажет екендігіне куә боламыз. Біздің Қарулы күштер қатарында әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету қажеттілігі әлдеқашан қалыптасқан. Бұл тәжірибелік мәселелерді шешуде бірқатар әрекеттер жасалынғанымен, нақты қажеттілікті жүзеге асыру тек соңғы уақытта мүмкін болып отыр.
Жұмыстың өзектілігі — Қазақстан Республикасының Қарулы күштері оның егемендігі мен территориялық тұтастығын қорғау, армияның беделі мен әскери қызметтің мәртебесін көтеру. Әскери қызметке дайындықты арттыруды көздейді.Қазіргі жастардын бойындағы патриотизмнің деңгейін көтеру.
Қарулы күштердің
басшыларының шешімімен бүгіндері
әскерлер қатарында әлеуметтік-
Біздің болашақ әскерлеріміздің 1990 жыл оқу барысында әскери оқу орындағылардың сабақ үлгерімі төмен дәрежеде екені анық болды. Әскери мамандыққа бейім болудың ең негізгі жағы жастар арасынан әскермен флоттың болашақ интеллектуалды элитасын қалыптастыру. Елімізде және қарулы күштерде бұл мәселе әлі түсінісу немесе эксперименттік сатыда тұр.
Қазіргі кездегі
Қарулы күштерде болып жатқан ең басты
өзгерістер оның барлық әрекет өрісінің
өміріне қатысты мәселені қорғайды.
Әскердегі өзгерістердің
Халқымыздың батыры Б.Момышұлы “Солдаттың бойында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы аса зор екендігіне көзім жетті” - деп ағынан жарылады. Демек осы тұрғыдан қарағанда Қазақстанның жауынгерлік дәстүрі ерлікке баулуда тарихи майдандағы сынға түсу нәтижесінде қайталанбас ерекше сипатымен көріне білген.
Жұмыстың мақсаты — Қазақстан Республикасының курсанттарды кәсіптік даярлау жағдайында олардың тұлғалық кәсіби бағыттылығының ерекшеліктерін психологиялық тұрғыда зерттеу.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы — курсанттардың болашақтағы әскери іс-әрекетіне кәсіби бейімделудегі білімдерді тереңдету және кеңейту мүмкіншіліктері.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы — Осы бағытта жүргізілген зерттеулердің нәтижесін жоғары әскери оқу орындарында курсанттарды дайындауда, әскери қызметте, кәсіби іріктеуде пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Батыс Европа және АҚШ елдерінде әскери психология өз алдына дербес ғылым болып ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасты. Оның пайда болуына әсер еткен жағдайлар әскерде техникалық жабдықтар, Қарулы күштер арасындағы қайшылықтар себеп болды. Әскери психологиялық зерттеулердің жеделдеуіне әсер еткен алғышарттардың бірі сол кездегі жалпы психология ғылымының дамуы және бірқатар теориялық және эксперименттік тәсілдермен әскери мәселелерді шешуге көмектескен.
Францияда әскери психология идеалистік әлеуметтік психологиялық иірімде пайда болды. Француз әскери психологтары қарулы күштердегі күрделі мәселелерді шешуде көп көмектесті. ХХ ғасырдың басында франсузда әскери психологияда іс жүзінде қолданатын әскерге алуда мамандыққа іріктеу мәселелерін шешуге көмектесетін бағы дами бастады. Әскери психологтар әскери мамандықтың ерекшеліктерін кейбір жауынгерлік іс-әрекетке психофизиологиялық талдау беру ақыл-ой деңгейінің дамуын анықтайтын және солдаттың ерекшеліктерін анықтайтын негізге жолдама салды. І дүниежүзілік соғыс Франция әскери солдаттарының алдына соғыс жағдайлары жауынгер психикасына қалай әсер етеді деген сұрақ қойды.
Соғыстан кейін әскери психологтар әскердің жеке құрамын идеологиялық өңдеуден және саяси сенімді мамандарды дайындауға күш салды. Бұл аймақта Грамон және А. Пирон деген психологтар көп еңбек сіңірді. Соңғысы А.Биненің тестерін әскерге жаңадан алынғандар мен әскери мамандыққа іріктеу үшін маңызды қасиеттерді көрсететіндей етіп бейімдеуге тырысты. Әскердегі күзет орындарында болатын жағымсыз жағдайларды болдырмауға және әскери қызметкерлерге қандай қасиеттердің болуы керек екендігін анықтауға әрекет жасады. Полковник Тулорж және капитан Кастекс штаб офицерлеріне қажетті қасиеттерді жүйелі зерек ой, салмақы, әділ, білімді, ынтымақта бөліп шығарды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Франция әскери психологиясында көптеген жұмыстар жүзеге асты. Әскери психологияның негізгі қазіргі замандағы соғыста адамгершілік және психологиялық факторлардың ролін анықтауға бағытталды. Соңғы кезде Француз әскери психологтары қазіргі заман соғысында жалпы адамгершілік рухтың жауынгердің нақты психикалық жағдайын зерттеу, ядролық құралдың адам писхикасына әсер етуін сипаттауды көздеп отыр. Әскери психолог Монор екінші дүниежүзілік соғыстағы тәжірибеге сүйене отырып қорқынышты жеңу — ең күрделі мәселелердің бірі деген тұжырым жасады.
Әскери психологияның
ең негізгі міндеті жауынгерлерді
дайындауда қорқынышты баса білуге үйрету.
Франция қарулы күштерінде әскери психология
мәселесімен айналысатын
Бірінші дүниежүзілік соғыстың басындағы Германия әскерлерінің қолбасшылары әскери психологиялық теорияға ие болған. Оның негізі Мюллердің “Моральные воспитание воиск” және Ронден Гольстің “Солдат в бои” кітаптарында көрініс тапқан. Осы теорияларды тәжірибе жүзінде қолдану Қарулы Күштерді құруда психологиялық лабораторияда жүзеге асты. Лабораторияда соғыс кезінде жауынгерлердің жүріс-тұрысы, психикасы, ерекшеліктері зерттелді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс психологтары әскерге шақыру пункттерінде, психиатриялық ауруханаларда және тәртіп сақтайтын жерлерде үлкен жұмыстар атқарды.
Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшырағаннан кейін Германияда миллитаризм өрлеуі мен бірге неміс әскери психологиясы шапшаңдықпен дамып отырды. Әскери қызметке жарамдылықты анықтайтын әдістемелер жасалынды. Бұл лабораторияда әйгілі неміс психологтары Геннинк, Кунце, Зимонайд бірге жұмыс істеді. Эксперименттік техниканы қолдана отырып адамның соғысқа жақын кездегі жүріс-тұрысын зерттеді. Әскери психолог полковник Альтрихтер офицерлерге қол астында бұлардың жеке басының қажеттілігімен қызығушылығына сүйене отырып тәрбиелеуді ұсынды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери психологтар қолдарындағы бар мәліметтерді әскерларге және гитлерге қарсы шыққан адамдарға қалай психологиялық әсер етуді үлкен қолбасшыларға беріп отырған. Олар абақтыға жабылған адамдарға эксперименттік зерттеулер жүргізген. Америка құрама штатында әскери психология бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қалыптасқан. Бұның дамуына сол кездегі индустралық психология мектебінің қалыптасуы және жұмысшыларды қолдану мәселелерді шешуді күшейту. Ол психологияның ең күшті эксперименттік негізі бар болатын. Сондықтан оны әскери психологтар өздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға қолданып отыр. Америкалық әскери психологияның әртүрлі буржуазиялық психология соның ішінде бихевиоризм бағытының теориялық негізінде болды. АҚШ-та бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында әскери психология мәселелерін шешетін совет құрылған. Ол жай психологтардың әскери керекті зерттеулерін басқарып отырды. Советтің ішінде нақты әскери психологиялық мәселелерді қарастыратын 17 комитет жұмыс істеді. Советте әскерден жаңадан келген жауынгерлерді психологиялық зерттеулерден өткізу, оларды талдап бөлу және офицерлік қызметке жарамдылықтарын тексерумен айналысты. Бұл зерттеулердің басты мақсаты әскерде өзінің қарсыласына таяп беретін бағыт орнату еді. Советтерде және оның комиттетерінде 500-дей әскери психологтар жұмыс істейді.
Сонымен бірге Қарулы Күштер қарамағында арнайы лаборатория да және бөлімше де құрылды. Оларда басқа да әскери психологиялық мәселелелерді көздейтін 1918 жылы Ақш әскерлерінің моральдық жағдайын және тәртібін көтеруде американ психологы Р.Иеркстің жұмысы тәжірибеге көмектесті. Р.Иеркстің “Моральная служба” деген еңбегі әскери құрал ретінде болды. Оның жұмыстары Мюнсонның “Руководство людьми”, Иеркстің “Война и психология” кітаптарда айтылған. Американың әскери психологиясы соғысқа және солдаттың психикасына прагматикалық бағытта сипатталған АҚШ-тағы әскери психологтардың жұмыстарының көлемі. 1917-1918 жылдарда екі миллион солдат офицерлер психологиялық сынақтан өткенін көруге болады.
Соғыстан кейін Қарулы Күштерде әскери психологиямен айналысатын жұмысшылар қысқартылды. Бірақ та олардың атқаратын қызметі түгелдей сақталып қалды. Жоғары әскери оқу орындарында әскери психология курсынан лекция оқылуын кіргізді. Штабтың басқару колледжінің және теңіз академисының тыңдаушыларының үстінен психологиялық бақылау жүргізіліп отыр. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен әскери психологиялық ақпарат миллиондаған әскерлерге қызмет етуге қайта қаратылды.
Әскери психология
мәселелерімен айналысатын
1942 жылы “Моральдық
қызмет” көрсету, хабарландыру
және ағарту басқармасына
Басқару ұжымдарының әскери психологиялық зертеулер жұмысы 4 томдық “американский солдат” деген еңбекте жарыққа шыққан. АҚШ-та соғыстан кейінгі кезеңде әскери психологиялық зерттеулер кең ауқымға ие болды. Психологиялық сынақтарға және теориялық шешімдерді тексеру үшін әрбір әскери шиеленістер қолданылып отырды. Кореядағы соғысқа қатысатын американ солдаттары түгел әскери психологиялық тексеруден өтті. АҚШ-тың әскери психологтары ракеталық ядролық соғыс жағдайында болатын әрекеттерге дайындық және оның жеке мүшелерін жүйелі түрде үйретуді көздеді. Американ әскери психологиясы солдаттардың санасына империалистік идеяны енгізуге көп көңіл бөлді. Олар қарсы жаудың әскерін және халқының соғысты жүогізу қабілетін жоюдың амалдарын іздеді. Бұл ізденістегі кейбір әдістер Лайнбарджердің “Психологическая война” деген кітабында берілген.
Англияда әскери психологияның дамуына қатты көңіл бөлінген. Соғыстан кейінгі жылдарда ағылшын әскери психологтары жауынгерлердің соғыс майданындағы әрекетінде психиканың ролі және моральдық факторларды зертеуді жалғастырды. Бұл зерттеулердің нәтижелері Кембридж университетінде 1927 жылы Бартледтің “Психология и солдат” деген кітабында көрсетілген. Әсіресе, әскери әуе күштерінде үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді. ұшқыштардың эмоциялық реакцияларын анықтайтын эксперименттік әдістемелер жасалынды.
Екінші Дүние жүзілік соғыс кезінде және одан кейінгі жылдарда медицина ғылыми зерттеу советі тәжірибелі психологияның топтары әскери психологиялық зерттеулермен айналысты. Бұл топ әскерге жаңа келген жастарға талдау әдістемелерді жасады. Бұл әдістемелер алғашқыда тек ВВС-те одан кейін әскери түрлерде қолданылды. Көптеген мәселелерді шешуге Кембридждің психологиялық лабораториясы белсенді қатысып отырды. Бұл жерде ұшқыштардың самолетпен ұшқан кезде жіберетін қателері, әртүрлі жағдайлардағы ұшқыштың жұмысқа қабілеттілігінің шектеуін зеттеу.
Зерттеулер арнайы эксперименттік тіркелініп отыратын құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген кабиналарда жүргізілді. Кабинада ұзақ уақытқа арналған ұшу жағдайлары жасалынды.
Ағылшындар
соғыс кезінде өздерінің
Қазіргі кезде ағылшын әскери психологтары ұшудағы біліктілік пен жылдамдықтың су асты жүзудің жаңа техникасының, қарудың адам психикасына әсерін зерттеуге үлкен мән берді.
НАТО блогының құрылуымен әскери психологияның үйлестік зерттеу тенденциялары пайда болды. 1957 жылы Брюссель қаласында әскери психологиядан халықаралық кеңесте капиталистік елдерден он үш әскери өкілдер қатысқан. Әскери психологтардың барлық жұмыстары солдаттар құрамын идеологиялық талдаудан өткізуге бағытталған. Әскери психологияның методологиялық негізі идеалистік философия және империалистік және әскери идеология болып саналады.
Ресейдегі әскери
психологиялық ойдың
Информация о работе Қарулы күштердің психологиялық мазмұны мен құрылымы