Қарулы күштердің психологиялық мазмұны мен құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:30, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың теориялық маңыздылығы — курсанттардың болашақтағы әскери іс-әрекетіне кәсіби бейімделудегі білімдерді тереңдету және кеңейту мүмкіншіліктері.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы — Осы бағытта жүргізілген зерттеулердің нәтижесін жоғары әскери оқу орындарында курсанттарды дайындауда, әскери қызметте, кәсіби іріктеуде пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 6
1.1 Қарулы күштердегі психологияның даму тарихына теориясын қарастыру 6
1.2. Қарулы күштердің қызметтің құрылымы мен психологиялық мазмұны 15
1.3. Әскери қызметке тұлғалық-кәсіби бағыттылық мәселелері 19
1.4. Қазақстандағы әскери қызметке кәсіби даярлаудың мәселелері 35
ҚОРЫТЫНДЫ 44
Пайдаланған әдебиет тізімі....................................................................................................................................45

Работа содержит 1 файл

Курсттық жұмыс Тола.doc

— 243.50 Кб (Скачать)

Оқытудың мақсаты: оқытуды жүргізудің әдіс-тәсілдері  жауынгерлерге қандай іскерлік, дағдыларды қалыптастыру қажеттілігіне тікелей  тәуелді болады. Ғылыми техникалық өрлеуге байланысты қимыл-қозғалыс, дағдылары мен іскерліктерінің орнына интеллектуалды қабілеттер ауысуда. Қазіргі кездегі техника мен жұмыс жасаудағы негізгі қиындықтар қайшылықты ақпараттар мен оларды қорыту мәселесі. Жауынгерлер жаңа заман техникасымен айналысқанда, бірқатар күрделі интеллектуалды мәселелерді шешуге тура келеді. Бұл жұмыс жауынгерден келіп түскен ақпаратты қайта өңдеу тәсілдерімен машинаның басқаруына сәйкес келетін шешімдерді талап етеді. Сол себептен де жауынгер жаңа әскери техникамен жұмыс жасағанда, интеллектуалды сенсорлық дағдылармен іскерліктер жоғары деңгейде дамыған болуы тиіс. Адамныың үйрену тәсілінің жетістігі оның дағдыға тезірек туған қажетті білімдерді меңгеруге жәрдемдеседі. Екінші жағынан адамда дағды мен білімнің жетпей жатуы оның икемділігінің арта түсуіне кедергі келтіреді. Тәжірибелі  командирлер жауынгерлерді пайдаланылған іс-қимылдарды салыстыруға, шешім шығаруға өз жолдастарының жетістіктерін бағалауға, олардың әрекетін өз бетінше бақылап түсіндіруге үйретеді.

1.3. Әскери қызметке  тұлғалық-кәсіби бағыттылық мәселелері

Психология  ғылымында бағыттылық деп-бұл даралық  қасиет ізденіс жүйесіне қосатын  адамның белсенділігін анықтайтын және оның қатынастарын таңдауды айтады. Әрекет немесе жұмыс істегенде әртүрлі ізденістерді бастан кешіреді. Әскери қызметтің борыштық санасы ұжымдық сезім болып табылады.

Әскери қызмет процесінде жауынгрелер өз алдына әртүрлі  мақсаттар қояды, өздерін қоршаған ортадағы әлеуметтік-құндылықты таңдау мен қарайды. Сана және борыштық сезім, қажеттілік және сенімділік әдеттермен дағды, бағыттылық мұның бәрі жеке даралық бағыттылықтың әртүрлі элесенттері болып саналады. Әлеуметтік және адамгершілік тәжірибесінде әр әскер Өзінің адамгершілік бейнесі, өмірлік мақсаты, оның жүріс-тұрысының негізінің айқындалатын қасиеті болады. Әскерлердің күнделікті қарапайым өмірдегі бағыттылығы — бұл материалдық күнделікті тұрмыстық мәдениетке және эстетикалық даралық ұмтылыстарының көрінісі. Ол әскери мамандыққа сай келуі немесе келмеуі мүмкін.

Әскерлердің кәсіптік бағдары бұл жеке даралық құрылымының  қиын және  көп жоспарлы ерекшелігі ол өзіне әртүрлі өзара байланысты компоненттерден тұрады. Бөлімшенің қоғамдық өміріне қатысты нақты  әлеуметтік және психологиялық зерттеулерде әскери оқу орнын курсанттардың әскери мамандықты таңдауының маңыздылығымен өлшенеді. Сондықтан әскерді тәрбиелеудің маңызы неғұрлым күшейсе, әскери мамандыққа бейімделу тұрақтылығы соғұрлым күшейеді. Жауынгердің жеке адамдық бағыттылығында мынандай түрткілер, қызығу, идеал, дүниетаным т.б. ерекше орын алады. Әскерлердің жауынгерлік әрекетіне қызығушылары әртүрлі. Олардың көрінуі де түрлі мазмұнда өтеді.

Бейімділік  — тұрақты және күшті түрткі жауынгер айтылған бейімділікпен өз  мамандығына  әрқашанда мәнді қортындыларға жетеді немесе бейімділіктің дамуына деген сүйіспеншілік, еңбек сүйгіштік туғызады. Бейімділік мазмұнымен сипатталады. Жауынгредің іс-әрекетін қызметтен және оқудан ұйымы оны өз ісімен қанағаттанарлықтай жағдайға шақырады. Материалдық оқудағы айқындық пен жаңалық жауынгер әрекетінің тапсырмаларынан қиындай түсуі байқалады.

Саяси жұмыскер мен командирдің жұмысын меңгерудегі  солдаттың қатынасына өз жеке басының  үлгісі. Қазақстан жауынгрелерінің  жастық ерекшеліктеріне көп жағдайда тәуелді. Олардың мақсаттары өз құрылымында бірдей емес болған жағдайда мүмкін. Жауынгер мен сержанттардың тәрбие жоғары өнегелі қасиеттері жауынгерлердің өмірлік мақсатын және оның ролінің мәнін анықтауға мүмкіндік туғызады. Мәнді көрсету сол саяси адамгершілік немесе соғыста жеңіске жету үшін әскери қасиеттердің тапсырманы үлгерімді орындай ұмтылысмен сипатталады.

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери санын көбейту. Адамның  дүниетанымы бұл жеке адамның  әлеуметтік-психологиялық негізгі  көрсеткіштері алып жүретін бастапқы түрткі оның іс-әрекеті. Адамның даму ерекшеліктері оның дүниетанымының мазмұнына тәуелді. Командирлер мен саяси жұмыскердің алдында қиын іс тұрады. Әр жауынгердің әскери қызметіне сенімділігі, қазіргі кездегі жауынгердің мінезіне және адамның ортадағы ролін, бағыттылығын, көзқарастарын қолайсыздығы позицияларына көмектеседі. Іс-әрекет пен сөз арасындағы сәйкестіліктер күшіне тәуелді болады.

Жауынгерлердің  мақсаты мен перспективаларының қалыптасуында командирлер мен  саяси жұмыскерлер жауынгерлердің қоғамдық және адамның мақсаты  мен перспективаларының алыс мақсаттарын игеріп алу сипатына ие болады. Саналы бағдар адамның тек шешімін табу, тапсырманы ұғыну мен қатар сол тапсырманы шешу жолында өз күш-жігерін жұмылдыру қажет екенін сезінумен сипатталады. Оларға жүріс-тұрысының белгілі принципі ретінде көрінетін өнегелі және сананалы бағдары жатады. Алайда әрбір саналы бағдар адамның күштері мен санасын жұмылдыру құрылымына енеді. Жауынгердің жүріс-тұрысынан мына жағдайда анықтауға болады. Командирлер мен саяси жұмыскер жауынгерлердің әскери қызметке деген қатынасын және әскерге дейінгі қалыптасқан бағдарын анықтайды.

Жауынгерлердің  іс-әрекетінің түрткісі мамандыққа теңестіру  мәселесі — бұл динамикалық тенденция, ең басты сұрақ болып табылады. Адамның іс-әрекетінің анықталған түрткілерінің сапасы ретінде анықталады. Түрткі адамның іс-әрекетінің бағыттылығы мен ізденістерімен шектеліп қоймай, субьектиаті іс-әрекетіне мағына береді. Істелінген істің формасы кейде қарама-қарсы түрткі мен Өзінің жүріс-тұрысының жеке даралық мазмұнын анықтайды. Түрткілер өз құрылымында өте қозғалмалы деп санауға болады. Әскери қызмет процесінде өзгеру басқа түрде ауысады. Және өзінің ары қарай дамуына бірқатар жағдай әсер етеді. Командир мен жауынгерлердің әсер етуінен басқа әскерлер тәрбиесімен, өз қимыл әрекетімен бағаланады. Іс-әрекет аяқталған кезде түрткілердің қайта құрылуы болып отырады. Бұл қайта құрылуы жауынгердің өз қызметіне құнды қатынасын анықтайды.

Қазақстан әскерлері  қазіргі замандағы соғыста сәтті  жауынгерлік әрекеттер жасау  үшін, жоғарғы моральдың саяси жауынгерлік әскери профессионалды дене шынықтыру және жоғары психологиялық тұрақтылыққа ие болу керек. Жауынгерлердің рухтық кейпінде моральдық саяси қасиет ең басты болып саналады. Олар болып жатқан оқиғалардың куәсі болуға жауынгерлік кезде керек тұрақтылықпен белсенділіктің ішкі тірегі іс жасайды. Әскерде жауынгерлік әскери профессионалдық қасиеттердің болуы соғыс майданында қаруларды тактиканың әрекеттерді тиімді пайдалануға көмектеседі.

Қазіргі замандағы  соғыс Қазақстан әскерлері мен жауынгерлік және әскери профессионалдық, жоғары әскери шеберлік, ерлік, қайраттылық, ұйымшылдық, тапқырлық, ынталық, шыдамдылық, табандылық қасиеттерінің болуын талап етеді. Жауынгрелерде дағдылар мен іскерлікті қалыптастыру зерттелетін әрекеттердің бейнесін жасаудан басталады. Осы мақсат командирлерден іс-қимылдар орындауды, баяндамалар немесе әдістемелер, тәсілдер арқылы көрсетіп беруді талап етеді. Бұдан кейін жауынгер әрекеті орындауда ойлау образы эталон ретінде қолдануға тырысады. Дағдылар мен іскерлікті қалыптастырудың сәтті жауынгерлер мен командирлерде қандай кәсіби маңызды сапалар дамыту керек екенін біліп отырса, онда жауынгерлерден шебер маман болып шығуына көмектеседі. Дағдылар мен іскерлікті қалыптастыру процесі бір қалыпты дамымайды. Оны қалыптастыруда жауынгерлерді әртүрлі қиын және қауіпті жағдайларда тӨзімділік сақтауға үйрету қажет.

Жауынгерлерге үйретілген жағдайды барынша күрделендіре түсу керек. Тек соғыс жағдайына  неғұрлым ұқсас оқыту, қазіргі замандағы  соғыста сәтті іс-әрекет жасау  үшін қажет мықты, тұрақты іскерліктер мен дағдылардың жауынгерлерде қалыптасуына әкеледі. Егер үйретілетіндер де осыған ұқсас іс-қимылдар немесе әрекеттердің тәжірибесі болса, онда дағдылар мен іскерліктер алғашқы жаттығудан оңай және тез қалыптасады. Бұл жерде бҒрынғы дағдылар мен іскерліктер жаңа тапсырмаларды шешуге бейімделеді. Кейде дағдының дамуына пайда болады. Бұл кезде дамыту тоқтатылған сияқты болады. Үйретілуші белгілі бір нәтижеге жетеді де оны әрі қарай жақсарта алмайды. Бұл үйрету кезінде үйренушілерде іске деген қызығушылықтарын жақсарта алмайды. Үйрету кезінде үйренушілерде іске деген қызығушылықтарын алып келуі мүмкін. Әрекеттің толық жетілген түрлерін меңгеру немесе әдістемеге жауынгердің белсенділігі мен   саналылығын арттырып үйрету әдістемелерін енгізу әрекет нәтижелерін шоғырлануға алып келеді. Әрекеттер арасындағы үзілістерді қысқартады, көру қызметінің орнына қимыл-қозғалыс қызметін бақылауы өседі, басында қабылдау пайда болады, содан кейін әрекет жүзеге асады. Егер дағдылар мен іскерліктер қалыптасуы бір мезгілде және біртіндеп үш формада: материалды, сөйлеу және ойлау формасы арқылы жүзеге асады. Материалды формада тапсырманың жоспарын схема, сызулар, суреттер, модельдерін арнайы құралдар көзделеді. Бұл жауынгерлердің әрекетін ұйымдастыруға және оны түзетуге мүмкіндік береді.

Сөйлеу формасындағы тапсырмалар мен операциялардың мазмұнын алдын-ала айту, сонымен  бірге айту әрекеттің мағынасы дәл  болуы тиіс. Ойлау формасында үйретілуші тапсырманы орындай отырып, әрекет жолын ойша елестетеді. Қазіргі жағдайда дағдылар мен іскерліктер қалыптасу процесінде оқу құралдары мен оқулықтар қолдануды жоғары бағалауға болады. Оқу құралдарын жауынгерлік жаттығу жағдайына жақындатады, үйретілуші дағды мен іскерліктерді қалай меңгеруді оның жетістіктері мен кемшіліктерін айқын көрсеуге тырысады. КӨрнекі құралдар оқу барысын жақсартады. Олар жауынгерлер әрекетті  орындаған кезде қатысты болатын елестетуді қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Әскери техникалар құралдандырумен тактикалық әрекеттің  күрделене түсуіне байланысты дағдылар мен іскерліктерді меңгеруге жаттықтырушылар ерекше орын алады. Ол үйретушіге іскерлік пен дағдылану процесін басқарып отыруға үйретушінің қажеттіліктерін өз уақытында түзеуге, онда қазіргі заман соғысына сай күшті дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруға көмектеседі. Іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру барысында жаттықтырулар мен оқытудың техникалық тәсілдері және басқа да оқу құралдарын жетік меңгеру, офицерлерде жауынгерлік және саяси дайындықтың икемділігін арттырады. Жауынгерлерде дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруды жазықта, суда, теңізде, әуеде үйретудің маңызы ерекше, дәл осындай жағдайларда жауынгерлерде қазіргі заман соғыс жағдайы үшін керек іскерліктер мен дағдылар анықталады. Сондықтан дағдылар мен іскерліктерді көтеріп отыру үшін ылғи да жауынгерлік жаттығулар жүргізіп отыру керек.

Бұл жерде әскери іс-әрекеттің әртүрлі аймақтарында дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру процесінің психологиялық бітістері  қарастырылады. Сондықтан жауынгерлерде  сенімділіктің қалыптасуында олардың еріктік жүріс-тұрыс тәжірибесінің жинақталуына ерекше көңіл аудару қажет. Адамның мақсаты мен перспективалары жеке адам бағыттылығының дамуын айқындайды. Бұл адамның атқарған әрекетімен көрініс тауып отырады. Қазақстан Қарулы күштер санында қызмет ету кейбір жастардың өмірлік мақсатына айналады. Ол жастардың бойында әскери іс-әрекетке деген қызығушылықтың пайда болуы, кәсіби білім алуға ұмтылу, кәсіби маңызды қасиеттерді игеру, алға қойған мақсаттарға жету жолында табандылыққа әкеледі.

Кәсіптік әрекетті психологиялық жағынан зерттеу жеке адам психологиясының мәселелерімен тығыз байланысты. Анығырақ айтқанда, екеуінің өзара байланыстылығын айтқан жөн. Бір жағынан, жұмысшының жеке адамдық ерекшелігі кәсіптік әрекеттегі процестің қорытындыларына елеулі әсерін тигізеді. Екінші жағынан, адамда жекелеген қасиеттер кәсіптік әрекетте және оның әсерінде белгілі дәрежеде қалыптасады (Ананьев 1969. Платонов 1976).

Бірқатар зерттеушілер кәсіптік әрекеттің зор мәні бар  екенін айтады. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде кәсіптік әрекет және адамның барлық негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға барынша потенциалды мүмкіндіктер береді. Қауіпсіздік, қажеттілік, өзін-өзі сыйлау. Әлеуметтік мойындау және басқалары. Жеке адамның өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыруы осы кәсіптік әрекетте жемісті болады. Осыған байланысты 1940 жылдардың басында мамандық психологиясының зерттеушілер қызығушылықтары жұмысшының психофизиологиялық қасиеттері және психикалық процестерінің ерекшеліктерін зерттеуден жеке адамға ауысты. Осыған орай мамандардың жеке адамдық қасиеттерін зерттеу нәтижелерін эксперименттік жұмыстардан көруге болады.

Біріншіден  жеке адамның ерекшеліктері жұмыста  да ең негізгі қасиет болуы мүмкін, кәсіптік әрекет барысында сенімді, жемісті көрсеткіштерге ие болатынын айтуға болады. Мұндай заңдылық әртүрлі еңбек әрекетінде  байқалғаны көрініп отырады (Корнеева 1984, Фирсова 1989 ж.).

Екіншіден жеке адамдық ерекшеліктер мамандықты игерген  кезде ең негізгі себеп болады. Мамандық шеберлігіне және дайындықта осыған тәуелді болады.

Үшіншіден жеке адамдық ерекшеліктері кәсіптік әрекеттің субьективті көріністеріне  еңбекке көңілі толу сияқты қасиеттерге  әсерін тигізеді.

Төртіншіден жұмысшылар арасында жақсы және төмен жұмыс жасайтын топтар арасын  әрекеттік жағынан  ажырату мүмкін емес. Бұл жерде жеке адамдық қасиеттерді салыстыру ғана іске асады. Ол дәстүрлі түрде төменгі деңгейдегі психологиялық қасиеттер деп саналатын әрекет түрлерінде көрінеді.

Бесіншіден ғылыми техниканың дамуына байланысты мамандық түрлерінің көбеюімен жауапкершіліктің артуына байланысты ешқандай да психофизиологиялық іріктеулер әрекеттегі бұл мәселені шешуге кепіл бола алмайды. Тек қана мамандардағы жеке адамдық қасиеттеріне көңіл бөлу арқылы еңбекке деген сенімділігін арттыруға болады. Бұл тіпті психофизиологиялық қасиеттермен психикалық процестердің ерекшеліктерінің ролі басым болатын кезде жеке адамдық құрылымның қалыптасуында елеулі орын алады.

Алтыншыдан, кәсіпкерлердің жекелік қасиеттерін мақсатты түрде  қалыпқа келтіру мүмкін екенін көрсетеді. Бұл жерде тек қана мамандыққа іріктеудің қатал қағидаларын сақтау маңызды. Осы бағытта кәсіптік әрекеттің  психологиялық потенциалдарын оптималандыруға  болатынына көз жеткізуге болады.

Мамандыққа  бейімделуді қарастыру аймағының  теориялық жұмыстары біздің елімізде 20-жылдардан басталған. Алайда қазіргі  кезде бұл жұмыстардың қарқыны  бірқатар себептерге байланысты қарулы күштердің қажеттілігіне және басқа  дамыған мемлекеттердің әскеріндегі мамандыққа бейімделу жұмыстарымен сәйкес келмейтіндігін айту қажет. Соңғы жылдар біздің офицерлік корпус еліміздің жас мандармен толысып келеді деп айта алмаймыз. Себебі көптеген талапты адамдардың материалдық жетістікке жетуге тырысуы әскери қызметте кездесетін қиындықтардан қашу көп орын алады. Біздің болашақ әскерлеріміздің 1990 жылы оқу барысында әскери оқу орындағылардың сабақ үлгерімі төменгі дәрежеде екені анық болды. Әскери мандыққа бейімделудің ең негізгі жағы жастар арасынан әскери флоттың болашақ интеллектуалды элитасын қалыптастыру.

Информация о работе Қарулы күштердің психологиялық мазмұны мен құрылымы