Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:30, курсовая работа
Жұмыстың теориялық маңыздылығы — курсанттардың болашақтағы әскери іс-әрекетіне кәсіби бейімделудегі білімдерді тереңдету және кеңейту мүмкіншіліктері.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы — Осы бағытта жүргізілген зерттеулердің нәтижесін жоғары әскери оқу орындарында курсанттарды дайындауда, әскери қызметте, кәсіби іріктеуде пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді.
КІРІСПЕ 3
І. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 6
1.1 Қарулы күштердегі психологияның даму тарихына теориясын қарастыру 6
1.2. Қарулы күштердің қызметтің құрылымы мен психологиялық мазмұны 15
1.3. Әскери қызметке тұлғалық-кәсіби бағыттылық мәселелері 19
1.4. Қазақстандағы әскери қызметке кәсіби даярлаудың мәселелері 35
ҚОРЫТЫНДЫ 44
Пайдаланған әдебиет тізімі....................................................................................................................................45
Петр әскери психологиялық көзқарастары оның әскерге және әскери флотқа беріп отырған бҒйрықтары мен өсиеттрінде көрініп отырды. Петр І соғыста шешуші ролді атқарған қорғаныс қабілеттері жауынгерлердің қызметіне деген қатынасына байланысты екенін түсініп отырды. Ол сарбаздарда патриоттық сезімді шақыруға сонымен бірге адамгершілік және дене еңбегінің күшін көтеруге тырысты. І Петр жауынгерлерді соғысқа дайындаған кезде психологиялық дайындыққа үлкен мән бере отырып оларда ынтымақтылық, белсенділік, икемділік қасиеттерін дамытып отыру керектігін айтты. Ол офицерлерден “соғыста қалай істеу керектігін жалықпай үйретіп” тек қана қағиданы бетке ұстап отырмай батыл тәуекелге бел байлап жауды жеңіп жеңіске жетуді талап етеді.
І Петр ойларын жалғастырушы генерал-фельдмаршал П.П.Румянцев болды. ІІ Екатерина заманында орыс әскерлері Прустық соғыс әдістерімен қанағаттанып отырды. Ол кезде жауынгерлерді жау оғына қарағанда таяқтан қорқатын етіп тәрбиелейтін қорғанысқа қажетті қасиеттер қорқыту арқылы жүзеге асатын Румянцев жауынгерлерге дейін мынандай қарым-қатынасқа қарсы болатын. Ол жауынгерлерге деген құрметпен әділдікті талап етті. Қолбасшы жауынгерлер өздерін отан қорғаушылары ретінде маңызды роль атқаратынын түсінуі керек деп ойлады. Румянцев өзінің ойларын “Инструкции” және “Обряды службы” деген еңбектерінде жазған. І Петр және Румянцевтің ойлары А.В.Суворовпен М.И.Кутузовтарға үлкен әсерін тигізді.
А.В.Суворов соғысты жүргізу өнершісі мен соғысты басқара білушісі ғана емес көрнекті психолог болған. Ол шаруалардан шыққан солдаттардан ықыластылықты, табандылықты, жеңіске деген ерікті дамыта білді. Суворов сарбаздарда қорғаныс кезінде ең көрнекті қасиет бұл Отанға деген сүйіспеншілік, Отан алдынды борышын өтеу, жеңіске сенімділік, қолдау, қажырлы ерікті, ептілікті, ынтымақты, тапқырлықты, қулықты шеберлік деді. Әскери оқытудың мақсаты жауынгерлерді қорғанысқа дайындау деп түсінді. Сонымен Суворов жауынгерлердің оларды нені үйреніп жатқанын түсіндірудің қамын ойлады. ұлы қолбасшы жауынгерлердің психологиялық жағдайларын есепке ала отырып, олардың зейінін уақытында аудара білді. Шаршау мен қорқынышқа қарсы тұруға көмектесті. Суворовтың әскери психологиялық көзқарастарын әрі қарай дамытушы М.И.Кутузовтың жеңіске жетуде жауынгерлермен әскерлердің Отанға деген сүйіспеншілік сезімінің үлкен орын алатынын түсінген. Ол Суворов сияқты жағымды үлгілерге жоғары мән беріп отырды.
Кутузов жауынгерлер мен әскерлерге қажет қасиеттердің ішінде ең маңыздысы беріктік, табандылық, жеңіске деген сенімділік, атқарушылық пен ынталылықты ерекше атап көрсетті. Кутузовтың басқаруындағы орыс әскерлері крепостнойлық жағдай да жоғары адамгершілік жауынгерлік қасиеттерге ие болды. Әскери психологиялық ойлар алдыңғы қатардағы орыс әскери теңіз флотының қайраткерімен бірге дамып отырды. Орыс қолбасшылары жауынгерлердің моралдық жағдайының жоғарлығы соғыста жеңіске жетудің кепілі деп санаған Лазаревтің ізбасары адмирал Г.И.Бутаков жаңа мектептің негізін салушысы болған. Бутаковтың айтуынша бейбітшілік уақытта да қорғаныс жаттығуларын жүргізіп отыру қажет деді. Бутаков басқарған Балтық флотын “ақыл-ой лабораториясы” деп атаған.
Әскери психологияның дамуына көп көңіл бөлген Г.И.Бутаковтың ізбасары С.О.Макаров болды. Әскери істері дамуының негізгі ойын түсіне отырып әскери теңіз психологиясы мен бірге педагогиканы теңізде жүретін қорғаныс әдістерінің бөліспейтін бөлігі ретінде қарастырған. Макаров әскерге деген қарым-қатынаста гуманитарлық бағыттың жалғастырушысы болды. Ол өз еңбектерінде барлық жауынгерлік қасиеттер отбасындағы тәрбие мектепте және әскерде қалыптасады деп жазады. Ресейде революцияға дейінгі уақытта әскери психологиялық білімнің дамуына үлкен үлес қосқан генерал М.Драгомиров болды. Ол Суворовтың әскери-психологиялық көзқарастарын әрі қарай дамытуды үндеді. Драгомиров орыс әскерлеріне прусстық үйрету жүйесін орнатуға қарсы шықты. Ол “жеке адамның ішкі қасиеттері мен адамгершілік қуаты бағаланбай тек сыртқы көрінісін көздеген мақсатқа жетуі басым” деп жазда. Драгомировтың ойынша қолбасшылар мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс: әскери істі білу, тәртіпті сақтай білу, жауапкершіліктен қорықпауы тиіс, әрекеттің мақсатын нақты түсінуі әскери қызметін атқарғанда өзіне сенімді болуы тиіс деді.
Әскери психологиялық
көзқарастар жүйесінде
Г.Е.Шумаков әскери психологияға анықтама беруге және оның тақырыбы мен міндетін негіздеуге тырысты. Оның айтуынша әскери психология жауынгерлердің ұрыс жағдайында жұмысқа жарамдылық немесе күшін зерттейді. Бұл зерттеу психофизиологиялық болу керек деген. Шумаковтың іс-әрекетіндегі жақсы жағы әскери психологиялық әдістердің тиімділігін іздеу. Шумаков байқау, әңгімелесу әдістері арқылы соғыс ардагерлерінің әңгімелерінің жауынгерлердің соғыс кезіндегі күйзелістеріне зерттеу жүргізген. Ол Өзінің “Соғыс алдындағы қобалжу, эмоциялық басым сезім” деген еңбегінде қобалжу сезімдерін басынан өткізгендер өздерін шаршаңқы сезінеді. Әсіресе, жауынгерлердің организмдері жүдейді. Шумаков жауынгерлерді алдын ала соғыста олардың міндеттерімен таныстыру, бұл жауынгерлерді соғысқа психологиялық дайындық болады деген шешімге келді. Ол жауынгерлер психикасын соғыс кезінде зерттеуге тырысты. Ол Өзінің бірқатар мақалаларында орыс, жапон жауынгерлерінің айырмашылығын көрсетуге тырысты. Жоғарыда аталғандардың бәрі де Ресейде революцияға дейінгі кездің Өзінде-ақ әскери психологиялық мәселелерге мән бергендігін көрсетеді. Әскери психологиямен үлкен қолбасшылар, теңіз қолбасшылары және әскери ойшылдар айналысқан. Алайда олар бірқатар мәселелерді дұрыс шешті
Әскери әрекет құрылымына қарап жекелік, топтық, мүшелік болып өзгеріп отырады. Әскери іс-әрекетінің барлық жағдайында да ұжымдық пен жеке адамның олардың ақыл-ойлары, сезімдері мен көңіл күйлері, ерік-жігері, қабілеттері тәжірибеде көрініп отырады. Әскери іс-әрекет өзінің қызметіне қарай оқулық, тұрмыстық және күнделікті қызмет, жауынгерлік іс-әрекет болып бөлінеді. Алайда қазіргі кезде әскери іс-әрекеттің түрлері өзгеруде. Әскери іс-әрекеттің түрлерінің көптігіне қарамастан оның негізгі түрі жауынгерлік оқулық және жауынгерлік іс-әрекет болып саналады. Әскери іс-әрекетті ұйымдастыру мен мазмұнының даму тарихы қарулар мен жауынгерлік техникаларды жетік меңгеру болып саналады.
Әскери іс-әрекет жауынгерлік жағдайда шектен тыс күрделі шиеленіс жайында тез ауысып отыратын болғандықтан, жауынгерлік іс-әрекеттің жүзеге асуына күшті түрткілер, танымдық процестің дамуы, эмоциялық ерік, тұрақтылық, шеберлік қажет. Әскери қызметкерлердің іс-әрекеті процесінің тиімділігін асыру және оптималандыруға бағыттау кезінде әр түрлі шараларды қолдануды қажет етеді.
Ғылыми-техникалық өрлеу әскери іс-әрекетті мамандандыру, автоматтандыру және ойшылдықпен бірге оны ғылыми ұйымдасуының мәні күшейді. Қазіргі әскери іс-әрекеттің тиімділігі әскери қызметкерлердің атқаратын міндеттеріне жауынгерлерді мамандықтарына қарай орналастыру әскери ұжымдарда жағымды адамгершілік психологиялық қарым-қатынасты орнату, адамның қабылдау, ойлау, зейін, ес қабілетінің мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, іс-әрекетке жұмылдыру. Әскери әрекетті кең мағынада алатын болса адамдар арасындағы қоғамдық әрекет түріне жатады. Әскери әрекет арқылы Отанды, халықты, елді қорғау жүзеге асады.
Қазақстан жауынгерлерінің әрекеті осы мемлекет халқының қауіпсіздігін қаматамасыз етеді. Ал әскери әрекеттің өзін алатын болса бұл әскери қызметкерлердің өз міндеттерін атқару, жауынгерлік техникалар мен қаруларды тексеру, жауынгерлік күзетті алып бару, жауға қарсы жауынгерлік әрекеттердің процесі болып табылады, әскери әрекет қарым-қатынаста қызмет бабына қатаң бағыну ерекшеліктерімен сипатталады. Әскери әрекет өзінің құрылымына, мақсатына, түрткілері мен тәсілдеріне, ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты бірқатар өзгешелікке ие болады.
Бейбітшілік уақытта әскери әрекеттің мақсаты жауға қарсы жауынгерлік әрекетке үйреті болып табылады. Әскери әрекеттің құралы жауынгерлік техника мен қаруларды пайдалана білу. Әскери әрекеттегі нақты процеске әскери қызметкерлер алдындағы тапсырманы жетік сезіну жасалатын әрекеттің нәтижесін алдын ала жоспарлау, түрткі қалыптастыру, әрекеттің әдіс-тәсілдері мен құралдарын қолдану жасалған қимылдарды бағдарлауды айтады. Әскери іс-әрекет және адамды ғылым мен техникалық жетістіктерімен жүздестіру бірлігінде деп саналады. Жауынгерлік кезде іс-әрекеттің түрлі деңгейі кездесуі мүмкін. Төтенше жағдай кезінде эмоционалды еріктілік, тұрақтылықтың тапшылығынан және жауынгерлік іс-әрекетке деген жағымсыз эмоциялардың болуы салдарынан өз қызметінің міндетін атқаруда қателіктерге әкеледі. Бұл ойлаудың еріктің шеберліктің тапмырманы орындауға тырысу негізінде көрініп отырады. Бұл іс-әрекеттің ең жоғары деңгейі. Осыған байланысты ұжымдық іс-әрекеттің деңгейі оның қасиетіне, тәрбиесіне, көңіл күйіне, байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Жауынгерлік іс-әрекетті басқарудың психологиялық жағы бұл оның мазмұнына жоспарлы түрде әсер ету оның құрылымы мен алғышартының тиімді болуы. Барлық психикалық құбылыстардың ішінде жауынгерлік іс-әрекет негізінде түрткілер мен психикалық ахуалдар маңызды орын алады. Олар іс-қимылдары мен қылықтарға тікелей себепті болады. Басқару командирдің шешімінің негізінде нақты жағдайға байланысты ұжым мен жеке адам әреетінің тәсілдерін қолдануды іздестіру соғыс алдында басшылар адамдардың қал-жағдайын оның іс-әрекетінің шындығымен санасып отыруы тиіс. Жауынгерлік әрекет адамды ең жақсы, қасиеттерді патриоттық, борыштық, отаншылдық сезімін, ұлттық қалыпты қорғауға ниетін жандандыру қажет. Соғыста шапшаңдылық, жүйелілік, ақпарат алудың ең негізгі мәселесі болып саналады. Хабардың мазмұнына соғыс мақсаттарын ашық көрсететін жеңіске жетелейтін сенімдерді қалыптастыру тиіс.
Жауынгерлік жаттығу іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері
Жауынгерлік жаттығу іс-әрекеті әскери іс-әрекеттің, әскер құрамын соғыс жағдайында болатын жауынгерлік іс-қимылдарға дайындау түрі. Қазіргі кезде бұл іс-әрекет былай сипатталады.
а) мақсаттармен нәтижелердің өзгешелігімен санасу, жауынгерлік техникалар мен қаруларды игеру, бөлімшедегі жауынгерлер бірлігі
б) шынайы жауынгерлік жағдайда жұмыс жасауға бейімделу, үйрену.
в) ұғымның және
жеке адамның жауынгерлік іс-
Жауынгерлік шеберлікті қалыптастырудың психологиялық негізі, жауынгерлік шеберлікті қалыптастыру дегеніміз — әскерді нақты білім жүйесімен қаруландыру, іскерліктер мен дағдыны қалыптастыру, жеке адамға тән қасиеттерді дамыту. Әскери білімді қалыптастыруда психикалық таным процестері: түйсік, қабылдау, елестеу, ес, зейін, ойлау үлкен орын алады. Әскери білімді қалыптастыру жағдайында әскери қару-жарақпен жауынгерлік техникамен жұмыс жасағанда, арнайы тапсырмаларды орындағанда, тактикалық сабақтар мен жаттығуларға қатысқанда және әскери іс-әрекеттің барысында таныс болуына қалыптасады. Жауынгердің білімінің мазмұны нақты болу қажет жауынгерлер білім алу негізінде зерттеліп жатқан пәнді, құбылыстар мен заңдылықтарын көрсетіп қана қоймай, олардың арасындағы байланыстарды анықтап қортынды жасауы тиіс.
Білімді меңгеру процесі оларды практика жүзінде қолданумен аяқталады. Практикалық тапсырмаларды орындау кезінде қағидалар мен, заңдылықтарды, ұғымдарды меңгеру жүзеге асады. Білімнің тереңдігі үйретіллген нақты сапа бойынша білімнің деңгейінен оқытудың мақсаты мен міндетіне, үйрену ерекшеліктеріне тәуелді болады. Ең маңыздысы әскер өзінің жауынгерлік мамандығында кездесетін құбылыстар жайлы білімді игеруі қажет. Оқу іс-әрекетінің негізгі сапасы — еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті, білімді дағдымен икемділікті жүйелі түрде меңгеру. Жауынгерлерде нақты және терең білімнің болуы олардағы дағды мен іскерліктің тез қалыптастыруына көмектеседі. Әскер таңдаған мандығы бойынша терең білімге дағды мен икемділікке ие болса, онда оны өз жұмысының шебері деуге болады.
Информация о работе Қарулы күштердің психологиялық мазмұны мен құрылымы