Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:30, курсовая работа
Жұмыстың теориялық маңыздылығы — курсанттардың болашақтағы әскери іс-әрекетіне кәсіби бейімделудегі білімдерді тереңдету және кеңейту мүмкіншіліктері.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы — Осы бағытта жүргізілген зерттеулердің нәтижесін жоғары әскери оқу орындарында курсанттарды дайындауда, әскери қызметте, кәсіби іріктеуде пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді.
КІРІСПЕ 3
І. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 6
1.1 Қарулы күштердегі психологияның даму тарихына теориясын қарастыру 6
1.2. Қарулы күштердің қызметтің құрылымы мен психологиялық мазмұны 15
1.3. Әскери қызметке тұлғалық-кәсіби бағыттылық мәселелері 19
1.4. Қазақстандағы әскери қызметке кәсіби даярлаудың мәселелері 35
ҚОРЫТЫНДЫ 44
Пайдаланған әдебиет тізімі....................................................................................................................................45
Елімізде және қарулы күштерде бұл мәселе әлі түсінісу немесе эксперименттік сатыда тұр. АҚШ-та 1972 жылдың Өзінде-ақ Білім минстирлігінде дарынды және талантты балаларды оқыту мәселесімен айналысатын федералдық басқарма болған. Бұған қоса 14 өкіметтен тыс ұйымдасқан ассоциациялар бірлестігін, аймақтық құрылымдар штат деңгейінде күші бар әртүрлі қорлар, фирмалар, бірлестіктер, интеллектуалды элиталар дайындау жобасына қатысады. Бұл шараға АҚШ-тық қорғаныс минстирлігі белсене атсалысып отырады.
Қазіргі кездегі
Қарулы күштерде болып жатқан ең басты
өзгерістер — оның барлық әрекет өрісінің
өміріне қатысты мәселені қозғайды.
Әскердегі өзгерістердің
Өкінішке
орай, қазіргі кездегі
Қазіргі жағдай әскери қызметке және мемлекет құрамына қарайтын профессиологияның әскери әлеуметтік білімдер сияқты өз алдына жеке сала болуының мәні өйткені, оның зерттеу обьектісі әскери мамандықтар психологияның әдістемелік құрал-жабдықтар, психотехникалар, физиологиялар, тазалық сақтау және медициналық педагогикалық т.б. әскери маман потенциалдарының қазіргі қажеттіліктерін ұтымды пайдалануды анықтау әскери өзгеріс жағдайында әскери өзгеріс жағдайында, әскери әрекетті мамандандыру мәселесін шешудің қажеттігінде.
Әскери — профессиология қазіргі әскери маман саясатын жүзеге асыру құралының теориялық негізі болып саналады. Ол әскери мамандыққа үйрету мен тәрбиелеу түрінің деңгейін, құрылымын мәнін зерттейді. Оның өзекті мәселелері: әскери білімдер негізі жоғары әскери оқу орындарын қайта құру және дамыту әскери мамандарды, әскери мамандықты басқару мен ұйымдастыруға дайындау болжау жоспармен айналысу. Оның мақсаты әскери қызметін өтеу барысындағы офицерлер құрамын аттестациялау мамандыққа іріктеу тәжірибесін тиісті түрде жоғарлату сұрақтарына арналған.
Осыған байланысты әскери профессиологиялық жұмыс әскери бөлімшелерді іріктеп сайлауды қамтамасыз ететін мәселелердің тиімді жолдарын табу, жоғары оқу орындарының құрамын, әскери басқарма органдарының әскери қызметкерлер мамандарын дайындағанда ең икемді құрал болып табылады. Әскери профессиологиялық жұмыстың мазмұны әскери әрекеттің мынандай өзгерістерімен жайларын қамтиды. Әскери мамандыққа бейімділік, әскери профессиография, әскери мамандыққа іріктеу, әскери ағарту және жоғарғы мектеп мәселелері, әскери мамандыққа даярлау. Офицерлерді қызметі бойынша жоғарлату, әскери қызметкерлерді мамандығымен атқаратын қызметіне сай орналастыру мәселелері.
Әскери профессиологиялық бағыттың негізгі жұмысы әскери мамандықты хабардар ету. Әскери мамандықты хабардар ету дегенде әлеуметтік экономикалық жүйені: психологиялық-педагогикалық және ұйымдастырушылық шараларды белгілі мемлекет жастарының әскери мамандықты таңдаған кезде саналы түрде дайындығын қарастыру бағытында әскери әрекет өрісінің, елдің қорғаныс қажеттіліктерімен жеке адамның қабілеттеріне лайықты етіп үйлестіруді түсіну керек. Мамандыққа бейімделуді қарастыру аймағының теориялық жұмыстары біздің елімізде 20-жылдардан басталған. Алайда қазіргі кезде бұл жұмыстардың қарқыны бірқатар себептерге байланысты қарулы күштердің қажеттілігіне және басқа дамыған мемлекеттердің әскеріндегі мамандыққа бейімделу жұмыстарымен сәйкес келмейтіндігінайту қажет. Соңғы жылдар біздің офицерлік корпус еліміздің жеке мамандарымен толысып келеді деп айта алмаймыз. Себебі көптеген талантты адамдардың материалдық жетістікке жетуге тырысуы әскери қызметте кездесетін қиындықтардан қашу көп орын алады.
Біздің болашақ әскерлеріміздің 1990 жылы оқу барысында әскери оқу орындағылардың сабақ үлгерімі төмен дәрежеде екені анық болды. Әскери мамандыққа бейімделудің ең негізгі жағы жастар арасынан әскермен флоттық болашақ интеллектуалды элитасын қалыптастыру. Елімізде және қарулы күштерде бұл мәселе әлі түсінісу немесе эксперименттік сатыда тұр. АҚШ-та 1972 жылдың өзінде-ақ Білім минстирлігінде дарынды және талантты балаларды оқыту мәселесі мен айналысатын федералдық басқарма болған. Бұған қоса 14 Үкіметтен тыс ұйымдасқан ассоциациялар бірлестігін, аймақтық құрылымдар штат деңгейінде күші бар әртүрлі қорлар, фирмалар, бірлестіктер, интеллектуалды элиталар дайындау жобасына қатысады. Бұл шараға АҚШ-тық қорғаныс минстирлігі белсене атсалысып отырады. Біздің елімізде адамдардың қабілетіне диагностикалық бағалау бұдан жарты ғасыр бұрын жасалағн. Профессор Первомайский мамандық мүмкіншіліктерін анықтауға көмектесетін арнайы анкетаны жасап шығарды. Онда маман әрекетінің шегін анықтайды. Алайда мұндай бағалау жүйесіне жоғарыдан тиым салынды. Қарулы күштерді ақыл-ойы потенциалын өсіру 3 түрлі бағыттық жетістіктерді қажет етеді.
Біріншіден
— Қарулы күштердің бөлімшелеріндегі
өзгеріс процестерін жетік
Екіншіден — Қарулы күштер әрекетіндегі әскери экономикалық жағынан қабілеті бар адамдарды таңдап алу тиіс. Қазіргі кезде әскерде шаруашылық экономикасымен айналысыу әдістерін белсене қолдана бастауының себебі Қорғаныс минстирлігінің қаржыларын жұмсау коммерциялық әрекетпен демократиялық жылу энергетикалық мамандары сауда-саттық т.б. мәселелерді өз бетінше шешуге құқылы болуы. Бұл үшін әскери маманнан көп саналық бейімділік, әлеуметтік қарым-қатынас менеджмент, маркетингтік, әлеуметтік бағдарын, таңдап алған шешімнің соңғы нәтижесін алдын-ала болжау қабілеті болу керек.
Үшіншіден — Қарулы күштерде информациялық технология мен басқаруға қабілеті бар, мамандар дайындап таңдау қажет. Өйткені, қазір барлық дамыған елдер информатикамен жұмыс істейді. Бұл білімсіз әскер маманы Қарулы күштерде процесіндегі күрделі әлеуметтік әскери экономикалық және психологиялық мәселелерді шеше алмайды. Ғылыми болжау әскери қызметкерлерді мамандыққа таңдау, бағдарлау, әскер және флот кадрларын дұрыс орналастыруды ұтымды пайдалану, ұлттық шиеленісті шешуде әлеуметтік әскери шептер мен жаңа бағыттарды таңдау, ұлттық территориялық әскер құруда, әскери маман комьютерлік білімсіз жүзеге асыра алмайды. Қарулы күштерді және әскери қызмет жұмыстарында жақсы ұйымдастырылған жарнамасына мамандыққа барлау жұмыстарына тиімді болмайды. Өкінішке орай әскери басшылар тарапынан бұл мәселеге онша көңіл бөлінбей отыр. Сонымен қатар, әскери мамандық туралы әдебиеттер, брошюралар, әскери оқу орындары жанында бейне фильмдер шығаруға жетекші көңіл аударылмау.
Офицер маманын насихаттау қарапайым дәрежеде қалып отыр. Әскери қызметтің батырлығын ашатын, романтикалық мазмұнына үгіттейтін журналдар шығаруды байыту. Осы мәселелрді шешпейінше Қарулы күштер қатарына жастардың қосылуына күмән туады. Бұл мамандыққа бағалаудағы негізгі мәселе болып табылады. Қазіргі кезде бұл жұмыстар құрылымында мамандыққа бейімдеу және мамандық таңдау бойынша арнайы мамандар айналысуда. Оларға мынандай маңызды міндеттер тиесілі: мемлекет жастарының әскери қызметке келіп түскендері әскери бөлімшелерге орналастыру, запастағы әскери қызметкерлерді ауыл-шаруашылық жұмыстарына қайта бейімдеу шарасын ұйымдастыру штаттан тыс мамандыққа таңдау топтарын қалыптастыру, оқу орындарын бітірушылермен, әскерге жаңа келген жастарды орналастыру және мамандыққа ісіктеуді зерттеу, бөлімше жұмысымен айналысу. Бөлімшілердің топ ішіндегі жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасын бөлімше, экипаж командалардағы әскери мамандардың психологиялық жағынан сай келуін олардың әскери күш маман қызметіне жарамды екенін зерттеуге қатынасуы керек. Әскери мамандыққа дайындық мәселесіне байланысты методикалық дайындық және оның қорытындыларын оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану.
Мамандыққа бейімділік және мамандыққа іріктеу құрылымдарындағы шаруалардың тиімділігі басқа да қатынастарды толығымен игеру. Оның міндетіне мынандай жұмыстар тіркеледі
Әскери мамандандыру жұмыстарының ең негізгі бөлімі әскери профессиолог болып табылады. Әскери профессиографияның құрамына: әскери мамандық әрекетінің құрылымы мен мазмҒнын зерттеу әскери кәсіптік мамандықтарды топтастыру және оларды бөліп сипаттау. Профессиограмма құрастыру, сол кәсіпке қойылатын талаптардың тізімін беру, яғни сол кәсіптің портретін құрастыру.
Профессиограмма — бұл профессиографияның дайындалған қорытындылары. Әскери профессиология — жауынгер қызметі профессиограммасы яғни, соғыс мәселесін шешу мақсатында социограмманы әскери еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және адамның тұлғалық дамуына әсер ету мақсатында экономикалық профессиограмманы, әскери мамандықты игеруде ұтымды жолдарын табуды қамтамасыз ету әскери медициналық профессиограмма. Әскери қызметкерлердің денсаулығын сақтау, олардың денелік ерекшеліктерін есепке алу санитарлы-гигиеналық профессиограмманы санитарлық жағдайда есепке алу мақсатындағы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында.
Профессиограмманың ең маңызды бөлігі психограмма болып саналады. Психограмма нақты кәсіптің психологиялық сипаттамасын беру. Әскери қызмет мамандарына деген талапты қалыптастыру, яғни психологиялық қабілеттердің тізімін, соның ішінде психикалық қарама-қайшылыққа ерекше көңіл аударылады. Психограмманың құрамына әскери кәсіпті ерекше әрекетіне қойылатын талаптар тізімі жасалады. Олардың негізгі басты-бастыларына тоқталсақ. Психикалық процесстер: ес, ойлау, қиял, қабылдау, зейін, сөйлеу т.б. Психикалық жағдайлар: шаршау, апатия, стресс, мазасыздық, т.б.
Зейінді сананың
жағдайы ретінде эмоциялық
Әскери кәсіпке іріктеу — бұл әскери еңбекті сараптаудың тәртібі. Бұның міндетіне: әскери қызметкерлер тобынан қабілетіне қарай тәжірибиесіне, моральдық қасиеттеріне байланысты. Осы нақты әскери кәсіпке сай келетін мүшелер тағайындау кіреді. Міндетіне қарай психологиялық, педагогикалық, физиологиялық, медициналық мамандыққа іріктеу болып бөлінеді. Таңдауға байланысты психодиагностикалауда психологиялық экспресс іріктеу болып саналады. Әскери кәсіпке іріктеу — бұл күрделі көп жүйелі әлеуметтік мәселе. Бұны бір ғана немесе бірнеше әдістемелер көмегімен шешу мүмкін емес. Бұл үшін әскери мамандар жағынан жан-жақты құрамындағы зерттеулер қажет. Кәсіпке іріктеу міндеті әскери кәсіптік жұмыстардың жан-жақты түйіндері бірлескен уақытта жүзеге асады. Оның негізінде: әскери кәсіптік құндылығымен әлеуметтік беделдігі мәселесін талдау. Әскери кәсіпкер мен мамандықтар психологиялық жағынан құрылымын анықтау. Психограмма құрастыру белгілі кәсіп бойынша жеке адамға қойылатын талаптарды толығымен сипаттау. Жастардың әскери кәсіпке бейімделуінде басқару әдістерін қарастыру. Әскери білімнің даму бағытындағы әскери еңбектің әрмен қарай бөлінуі көрінісі және оны кәсіптеудегі үлесі.
Мамандыққа кіріспе: Қазіргі кездегі көптеген Қарулы күштердің жұмысында және олардың іс-әрекетіндегі әлеуметтік психологиялық қызметтің қажет екеніне куә боламыз. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарулы күштер бағдарламаларының пайымдауынша әскери дайындық мақсаты мен әлеуметтік психологиялық қызмет көрсетуге кеткен шығындар ең дҒрыс тәсіл деп табылу қажет. Біздің Қарулы күштер қатарында әлеуметтік психологиялық қызмет көрсету қажеттілігі әлдеқашан қалыптасқан. Бұл мәселенің тәжірибелік мәселелерді шешуде үлкен бірқатар әрекеттер жасалынған. Алайда нақты қажеттілікті жүзеге асыру тек соңғы уақытта мүмкін болып отыр. Қарулы күштердің басшыларының шешімімен бүгіндегі әскерлер қатарында әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету орталықтары құрылуда. Әскери және теңіз флоты штаттар құрамына әскери психологтар жұмыс жасауда. Нақты мамандыққа офицерлік кадрлерді қайта даярлау, іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Қарулы күштер қатарында психологиялық қызмет көрсету мәселесін шешу үшін психологтардан және басқа да мамандық иелерінен әскерлердің жеке мүшелерімен жұмыс жасағанда арнайы білімді дағдыларды және жауынгерлік жағдайда адамдардың жүріс-тұрысын басқару аймағында іскерлікті қажет етеді.
Информация о работе Қарулы күштердің психологиялық мазмұны мен құрылымы