Ядролық қаруды таратпау

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 19:02, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Ядролық мәселесі – барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Оның бәрін ойластыру біздің ұрпаққа жүктеліп отыр. Ядролық державалар клубының бақылаусыз кеңею қатері – ХХІ ғасырдағы аса көкейкесті проблемалардың бірі. Егер халықаралық қоғамдастық ядролық қаруға ие мемлекеттер ауқымының кеңеюіне қарсы саяси күш-жігер таныта алмайтын болса, оның салдарлары үлкен ауыртпалықтарға алып келуі әбден мүмкін.

Работа содержит 1 файл

курсовая ядро.docx

— 97.89 Кб (Скачать)

     Ахмади-неджад Иран «ядролық бағдарламасын» Халықаралық  атом энергетика агенттігінің    бақылауында және Ядролық қаруды таратпау келісімшарт негізінде  жұмыс атқарып жатқанын, жұмысты  тоқтатпайтынын айтты.

     Иранның ядролық бағдарламасына қатысты  желтоқсанда Лондондағы Халықаралық  стратегия-лық-зерттеу институтының директоры Марк Фитцпатриктің «Иранның ядролық дағдарысы және қиындықтан құтылу жолдары»  жөніндегі пікірі Батыс елдерінің Иранға қатысты  көзқарастарын өзгертіп, Иранға өзінің ядролық бағдарламасының дамуына  мүмкіндік беріп, уранды байыту жұмысын мойындап, тек ядролық қару жасамауға көндіру болып табылады. Халықаралық атомдық электр станция агенттігінің жанындағы Иран елінің ресми өкілі Али Аскар Солтани мырзаның мәлімдемесінде Иранның ядролық зерттеу аймақтарындағы инспекция тарапынан бақылау жұмыстарының нәтижесінде  заңға қайшы әрекеттердің байқалмағандығын айтты [16,c.21]

     2008 жылы 16 желтоқсанда Иранға қысым  күшейту үшін алтылыққа мүше  елдердің қолдауымен Иранның  соғыс мақсатындағы ядролық бағдарламасын  тоқтату мақсатына араб елдерінің  өкілдері-мен: Бахрейн, Мысыр,  Иордания, Кувейт, Ирак, БАЭ, Сауд  Араб елдерімен кеңесу кездесулерін  өткізді. Араб елдері Иранның  ядролық бағдарламасына алаңдаушылықтарын  білдірді. 2008 жылы Иран елі Халықаралық  қауымдастық тарапынын қолдау  алмағанына қарамастан, ядролық  бағдарламасының бейбітшілік мақсатта  екендігін алға тартып жұмысын  тоқтатпады.  Иран ядролық қаруы  бар Израиль мемлекетінің   ЯҚТКШ-на қол қоймағандығын және  де қоғам алдында ешбір жауапкершілікті  өзіне жүктемейтіндігін айтады.

     Шығыстанушы Гумер Исаевтің пікірінше Иранда нақты қазіргі уақытта ядролық  қарудың жоқтығын айтып, келешекте  ядролық қаруды игеруден қашпайтындығын және де ядролық державаға айналуды мақсат ететіндігін  мынадай мысалдармен  келтірді. Кез келген мемлекет, соның  ішінде Иран ядролық технологияны игере  отырып, ядролық қарудың иегері болуды мақсат етпейді деген сөз емес. Ядролық қару әлемдік саясаттағы күрделі фактор болып саналады. Ал Иранның құдіретті державалар санатына ену үшін ядролық қарудың  орны маңызды.

     Иран  ядролық қаруға қол жеткізгеннен кейін әлемге қауіп төндіре ме деген сауалға  «жоқ»  деген  кесімді жауап беріледі. Мысалы, Қытайдың көсемі Мао Цзедун Кеңес  Одағының басшысы Хрущевтан атом бомбасын сұрағанда Америка Құрама Штаттарын жоюды мақсат еткен  болатын, бірақ жаппай қыру жарағын  иеленгенен кейін айтқанынан тайды. Иранның да жағдайы осылай болары хақ.

     Иран  президенті Махмұд Ахмеди-неджад Америкаға  сапарында осы ел телеарнасының  журналистеріне берген сұхбатында  мынадай мәлімдеме жасады: «Біздің  дініміз жаппай қыру жарағын жасауға  рұқсат етпейді», - дей отырып, екі  ел арасындағы қарым-қатынасқа тоқталып өтті. Осы жыл Иран Ислам Республикасы өзінің ядролық бағдарламасын өткізуде айтарлықтай табыстарға жетті. Бушер  АЭС-нің құрылысы аяқталды. 

     АҚШ Солтүстік Корей еліндегі ядролық  қарулар қоймаларын жою бойынша  өзінің жаңа бағдарламасын жасамақ. Бұл бағдарлама қабылданатын болса, әрине, оны іске асыру үшін де бір  шама уақыт қажет болатын сықылды. Сонымен, соңғы күндері, Ирақтағы оңтүстік кореялық азаматтың өлтірілуі әлем назарында болса, енді бүгін Солтүстік  Кореядағы ядролық қарулар мәселесі тағы да сөз бола бастады. АҚШ президенті Дж.Буштың Ақ үйлік өкілі Скот Мкленнаның тілшілерге сәрсенбі күні айтуынша, егер АҚШ ұсынған ядролық қаруларды жою жөніндегі бағдарламаны Оңтүстік Корея іске асыратын болса онда, ол елдегі саяси жағдай бір шама реттеліп, экономикалық оқшауланудан біртіндеп құтыла бастаған болар еді, дейді Мкленнан. АҚШ Солтүстік корейлерге қандай бағдарлама ұсынып отыр ? АҚШтың айтатыны – Солтүстік Кореядағы ядролық қарулар бағдарламасы түгелдей, қайта жалғаса алмайтындай етіп толық жою. Ол үшін, АҚШ, неден бастап, немен аяқтау керек екендігі жөніндегі алғашқы практикалық қадамдарды да көрсеткен.

     Солтүстік Корея, ондаған жылдар бойы тер төгіп, қаншама қаржы жұмсап, қаншама  зерртеуші, ғалым, қатардағы қарапайым  адамдардың еңбегі нәтижесінде жасап  шығарған ол ядролық бағдарламасынан  бас тартса, онда оған өтемақы ретінде  АҚШ өз кезегінде не ұсынбақ ? 
Солтүстік Корея АҚШ ұсынған жоспарға көнсе онда корейлер мұнай, азық-түлікке қоса қауіпсіздік жөніндегі кепілдікке де ие болмақ. Жалпы ұсынылған бұл жаңа жоспар Ливияның өз жаппай қырғын қаруларын жойып, әлемдік қауымдастыққа қосылу жөнінде өткен желтоқсанда қабылдаған шешіміне ұқсас, дейді Мкленнан.

     Ал  ұсыныс АҚШ жағынан болғанымен ол жоспар әріптес, қызметтес негізгі  елдердің талқылауынан өтуі қажет дейді  талдаушылар. 
 
Солтүстік Корея мәселесін талқылап, өзара келіссөздер жүргізу үшін маусымның 23інен бастап Бейжингде Қытайдан, Оңтүстік-Солтүстік Корей елдерінен, Жапония, Ресей және АҚШтан құзырлы дипломаттар жиналып іске кірісіп кетті. АҚШтық ресми топты басқарып келген мемлекеттік департамент хатшысының орынбасары Джеймс Келли ол келіссөздердің мақсатына түгелдей тоқталмаса да, бұл талқылаулар АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы өзара байланыстық қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашу болады деген. 
Корея түбегін ядролық қарулардан түгел таза, азат ету. Онда ол аймақтағы барлық халық үшін бейбітшілік пен қауіпсіздік орнап қана қалмай, менің елім АҚШ пен Корея демократиялық халықтық республикасы арасындағы жаңа байланысқа да есік ашылады, - дейді, АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасары Келли. Солтүстік Кореялық ресми топ жетекшісі Ким Кйе Ғванның айтуынша, Солтүстік Корея өзара келісімге дайын екен. - Егер АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы өз дұшпандық саясатын тоқтататын болса, онда біз де, өз ядролық бағдарламамыздан бас тартуға дайынбыз, - дейді солтүстік кореялық ресми топ басшысы.[7,c.98]

     Жалпы алғанда, АҚШ, ол ядролық бағдарламаға байланысты қойған талаптарға орай, 1990-жылдарда Солтүстік Корея ол шартқа көнетіндей сыңай байқатқан, бірақ ол бағдарламаны тоқтату үшін оның есесіне, АҚШтан экономикалық жәрдем сұраған болатын. 
Дегенмен, келіссөздер басында Қытайлық өкіл Уаң Йийдің атап өткеніндей, әлі де болса көзғарас қайшылығы бар екен. 
Бейжіңге келген елдерде пікір, көзғарас әр-алуандығы бар. Бірақ олар міне сол мәселені талқылап шешпек, - дейді Уаң Йи. Қытайлық өкілдің айтуынша, Бейжиңде жиналған ел өкілдері бұл кездесуде де, аймақтық бейбітшілік орнату мүмкіндігін басты мәселе ретінде қарастырмақ. Жалпы алғанда, бұл елдер, сонау Қырғый қабақ заманындағы саясат кесірінен қасірет тартқан Солтүстік Корея елінің бұдан былай да зардап шегуін қаламайтын сықылды.

     Солтүстік Корея алдағы кезде ядролық сынақ  өткізетіндігі жөнінде жариялап жіберді. Егер ол ядролық қару сынағы табыспен өтсе онда Солтүстік Корея  ядролық қаруы бар державаның біріне айналмақ. Ал бұған АҚШ бастаған батыстық елдер өздерінің түбегейлі  қарсы екендігін білдіріп отыр.

     АҚШ бұл сынақ Солтүстік Корея  төңірегіндегі дағдарысты одан әрі  тереңдетіп жібереді деген үрей айтты. АҚШ барлау қызметінің дерегіне қарағанда, қазірдің өзінде Солтүстік Кореяда  екі үш ядролық бомба бар. Бірақ  бағдарлама аса құпия жағдайда жүргендіктен бомба саны өзгешелеу болуы да мүмкін. Бұл ядролық жанжал бойынша  АҚШтық бас мәмілегер, Шығыс Азия және Тынық мұхиты аймағы бойынша  мемлекеттік хатшының көмекшісі  Хиллдың айтуынша, Солтүстік Корея  бұл орайда шешуші кезеңде тұр.

     Солтүстік Кореяда не жарқын болашақ, не ядролық  қарулар болады. Бірақ бір кезде  екеуі де болалмайды, дейді Кристофер  Хилл. Бірақ, ядролық сынақ өте  қалғанда Уашингтонның қандай шараға баратындығы жөнінде Хилл ештеме айтпаған.Ал әзірше, АҚШ БҰҰ қауіпсіздік  кеңесінен Пхеньянды қысымға  алуды талап етіп отыр. Ал Қауіпсіздік  кеңесі бұл орайда қандай шешім қабылдауды білмей отыр екен. Бұл орайда,

       Солтүстік Кореяның бұл сынағына  қарсы тиісті жауабын бере  алмасақ, онда Кеңестегі олардың  қорғаушылары бұл әлсіздіктен  пайдаланып кетуі мүмкін, - дейді  АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Джон  Болтон.Бірақ, Болтон Кеңестегі  қорғаушылар дегенде не айтпақ  болғанын ашып білдірмеді. Бұл  орайда Солтүстік Кореямен жақын  сауда-саттық байланыстағы Қытай  Пхеньянға қарсы шыға алмасы  анық. Ал оған АҚШ ызалы.Солтүстік  Кореядағы ядролық қару мәселесін  қос Корея, Қытай, АҚШ, Жапония  және Ресей алты жақты келіссөздерде  бір неше жылдан бері талқылап  келеді.Қытайдың БҰҰ-дағы елшісі  Уаң Гуаңгия сәрсенбі күні, бұл  мәселе бойынша былай деді:

     Солтүстік Корея ядролық сынақ өткіземіз  деп отырған кезде, меніңше, Кеңес  бірер шара жасауы қажет. Бірақ бұл  өте күрделі мәселе екендігін  түсінүіміз керек. Біздіңше алты ел тағы да келіссөздерге отыруы тиіс.Ал Ресей  сыртқы істер министрлігі Солтүстік  Кореяның бұл сынағын өткізуге болмайды, бұл саяси жағдайды нашарлатады, дейді. 
Шілде айында Солтүстік Кореяда алысқа ұшар зымыран сынағы өткізілгенде батыс бір дүрліккен болатын. Міне енді, Пхеньян қазанның 3інде, Солтүстік Корея ядролық қару сынағын өткізбекші, деп батысты тағы да әуреге салып отыр. Ал, АҚШ олай болса, Солтүстік Кореяны саяси және қаржылай қысым арқылы ядролық технологиядан алыстату керек деген талап қойып отыр.[8.48б]
 
 

     3.2 Ядролық мәселені шешудегі тиімді жолдар 

     Қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы саясаты халықаралық  қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттер  арасындағы ынтымақтастықты дамыту, ғаламдық мәселелер мен қақтығыстарды  реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін арттыру жолын ұстанатын  сыртқы саяси бағытымен айқындалады.

     Қазақстан Республикасы еліміздің таратпау тәртібін ңығайтуға батыл екендігін көрсететін бірнеше нақты қадамдар жасады.[10. 132б.]

     Қазақстанның  болашақ таратпау саясатының негізін  қалаған алғашқы қадам – 1991 жылы КСРО өмір сүріп жатқан кезеңнің өзінде Семей ядролық сынақ полигонының  жабылуы болды. 1991 жылы Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина басшылары Стратегиялық ядролық күштерге байланысты Алматы декларациясында бұрынға КСРО-ның  ядролық арсеналының қызметіне  ортақ бақылау орнатудың, ядролық  қауіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап  тұруда қандай да бір іркілістерге жол бермеудің тетігін айқындады  және стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту саласындағы КСРО-ның халықаралық  міндеттемелерін ұстанатындығын растады.

     Лиссабонда  осы елдермен АҚШ өкілдері аталған  төрт мемлекеттің аумағында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қолданылатын Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту мен шектеу туралы шарттың ережелерін іске асыруға олардың жауапкершілік  аясын нақтылайтын бес жақты  Хаттамаға қол қойды. Сонымен  қатар, Лиссабон Хаттамасында Беларусь, Украина және Қазақстанның ядролық  қаруға ие емес елдер ретінде Ядролық  қаруды таратпау туралы шартқа қосылу міндеттемелері тиянақталды.

     ЕҚЫҰ-ның  Будапешт саммитінде ядролық қарусыз  мемлекеттер ретінде Ядролық  қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қосылуына  байланысты жоғарыда айтылған мемлекеттерге  Қауіпсіздік кепілдігін беру туралы Меморандумға Ресей, АҚШ және Ұлыбритания  қол қойды.

     Бұл құжатқа қол қойылу Қазақстанның өз аумағынан ядролық қаруды шығару бойынша өз міндеттемелерін толығымен  және бұлжытпай орындағанын халықаралық  қоғамдастықтың танығанын білдірді. Кейіннен осы сияқты кепілдіктер  Қазақстанға Қытай және Франция  тарапынан берілді.

     Ядролық арсеналды шығару бойынша өз міндеттемелерін  орындай отырып, Қазақстан өз жеріндегі  ядролық қарудың инфрақұрылымын жою проблемасымен және бұрынғы  әскери өндірістерді азаматтық мақсаттарға  көшірумен айналысты. Осы мақсатта Атом энергиясы жөніндегі  халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) аясында ядролық материалдарды бақылау мен есепке алудың, АЭС-ті пайдаланудың, ядролық материалдар мен қондырғылардың физикалық қорғалуының мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру бойынша Қазақстанға техникалық көмек көрсетудің үйлестіру жоспары жасалды. Оған Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Жапония қатысты.

     1992 жылы Қазақстанда Қауіпті Бірлесіп  Қысқарту бағдарламасы іске асырыла  басталды. «Нанна-Лугар бағдарламасы»  деп аталатын бұл бағдарлама  шеңберінде 1991 жылы тәуелсіздік  алғаннан кейін Қазақстан аумағында  қалған ядролық, химиялық және  биологиялық қарудың нысандары  мен инфрақұрылымдарын жою және  залалсыздандыру жөніндегі жобалар  кешені, стратегиялық шабуыл қаруының  демонтажы, экспорттық бақылау  жүйесін құру, қорғаныс өнеркәсібін  конверсиялау жүзеге асырылды.

     2010 жылы маусым айында Біріккен  ұлттар ұйымы Нью-Йоркте Ядролық  қаруды таратпау жөніндегі келісім  бойынша халықаралық конференция  жұмысын бастады. Саммит мамыр  айының соңына дейін созылады. Оған қатысу үшін Иран басшысы  Махмұд Ахмадинежад та келді.  Махмұд Ахмадинежад - Иран Президенті  «Әлемнің ядролық қарусыздануы  мен ядролық отынды бейбіт  мақсатта пайдалануға қатысты  Иранның да байыпты көзқарасы  мен нақты ұсыныстары бар. Жаппай  қырып жоятын қаруды жасайтын, қолданатын және иелік ететін  елдерден рахым күту мағынасыз  нәрсе»[11.с.211].

     Алқалы  жиынға 189 елдің делегаттары қатысуда. Қырып жоятын қарудың қатері жергілікті қала тұрғындарын да көшеге алып шықты. Ереуілшілер оны мүлдем жою керек  деп ұрандатты. Арасында жапондық Хиросима мен Нагасакиқалаларының басшылары  да бар. Бұл екі қала екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, АҚШ тастаған ядролық  бомбаның қасіретін әлі тартып жатыр. Ал, Семей полигонынан зардап шеккен біздің елдің өкілдерімамырдың 5-і  күні саммитте өз ойларын ортаға салады.

Информация о работе Ядролық қаруды таратпау