Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 19:02, курсовая работа
Зерттеудің өзектілігі. Ядролық мәселесі – барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Оның бәрін ойластыру біздің ұрпаққа жүктеліп отыр. Ядролық державалар клубының бақылаусыз кеңею қатері – ХХІ ғасырдағы аса көкейкесті проблемалардың бірі. Егер халықаралық қоғамдастық ядролық қаруға ие мемлекеттер ауқымының кеңеюіне қарсы саяси күш-жігер таныта алмайтын болса, оның салдарлары үлкен ауыртпалықтарға алып келуі әбден мүмкін.
Ядролық
қауіпсіздік жарты ғасырдан астам
уақыт бойы әлем назарында ең күрделі,
ең қатерлі мәселе болуда. Көп жылдар
оның шешімін іздестіруге әлем жұртшылығы
қатысып келген. «Қырғи қабақ» соғыс
кезіндегі бәсекелестікте бес алып
мемлекеттің қолында бүкіл
Иран болса ядролық ізденістерді 40 жылдан астам бұрын бастаған еді. 1950 жылдары ол бағытта АҚШ, КСРО, Ұлыбритания, Франция сияқты елдер өздеріне дос болғандарға осы салада зерттеу жүргізуге көмектескен. КСРО-ның ынтымақтасуымен ядролық реакторлар Қытайда, Солтүстік Кореяда, басқа социалистік және дамушы мемлекеттерде салынған. Дубно қаласында олардың мамандары даярланған.
1957
ж. Иран үкіметімен АҚШ
Иран 1968 ж. өмірге келген ядролық қаруды таратпау шартын қолдап, мәжілісте ратификация-лады. 1974 ж. мамырда Иранның ядролық зерттеулері бейбіт бағытта болуын мойындай, МАГАТЭ кепілдік келісімге қол қойды. Иран атом электр станцияларын (АЭС) салу арқылы ядролық қуатын пайдалануды ойластырған. Алғашқы кезекте Батыс Германия, Франция, сондай-ақ АҚШ фирмалары оған атсалысқан. АЭС жұмыс істеу үшін байытылған уран қажет, елде оны өңдеу де қарастырылған. Алғашқы бағдарлама бойынша Иранда 20-дан астам энергоблок салу көзделген. Үкімет тұсында атом қуаты бойынша арнайы орган құрылып, оған уран қорларын іздестіру, ядролық отын өндіру мәселелерін жүктеген. АҚШ бастаған бір топ Батыс елдерінің компаниялары Бушерде және Азвазда екі-екіден төрт энергоблок құруға кірісіп, оларды 1980-1981 жж. және 1983-1984 жж. аяқтауды жоспарлаған. Аталған құрылыстар қыза түскенде Иран халқы сатқын шаһ билігін құлатып, елде жаңа тәртіп орнатты. Ұлттық мүддені алға тартқан күштер өкіметті қолға алды. Оның саясаты АҚШ-қа мүлдем ұнамады. Батыс елдері Иранмен ынтымақтастығын үзуге кірісті. Шеттен келген мамандар кетіп қалды. Бушер түбіндегі бірінші энергоблоктың дайындығы - 90%, онда орнатылған жабдық көлемі - 60%, ал екіншісі 40-75%-ға дейін дайын болған еді. Олар аяқтаусыз қалды. Ал 1980 ж. күзде Ирак Иранға қарсы соғыс ашып, ядролық кешендерді бомбалай тастады. Сегіз жылға соғыс кезінде Иран басшылығы қазіргі кездегі қару-жараққа ие болуды өзекті мәселе ретінде қарастыруға барған. Содан бері зымырандарды игеруге қол жеткізді. Аймақтағы Израиль 1970 жылдары, Үндістан мен Пәкістан 1990 жж. атом бомбаларын иеленгені бұл елге өз әсерін тигізбей қоймаған, әрине Парсы шығанағында орныққан АҚШ әскери базалары мен жүздеген мың әскери бөлімшелері де Иранды сескендіріп тұрғаны белгілі. Бұл жағдай 1991 ж. Ирактық Кувейтке қарсы шабуылынан кейін одан әрі қарай шиеленісіп кеткен. Батыс елдері Иракты тырп еткізбей ұстап, анда-санда оны жазалап тұруы бүкіл Таяу және Орта Шығысты үрейлендірді.
Соғыс
біткенше ядролық бағдарлама қолға
алынбаған. Тек 1990 жылдары Иран КСРО-мен,
Солтүстік Кореямен, Қытаймен, Үндістанмен,
т.б елдермен келіссөздер жүргізіп,
ядролық құрылыс-тарды қайта
Осы істерді Халықаралық атом қуатына қатысты агенттік толық бақылауы қажет. Екінші мәселе Иран үкіметі келешекте өз тарапынан уранды байытып, атом станциясы өзі қамтамасыз етуі ойластырылуда. Соған орай Исфахан және басқа қалаларда арнайы орталықтар іске қосылуда, әрине зерттеу институттары да қызмет атқаруда. Бір сөзбен айтқанда, Иран бұл салаға қатысты істерді толық өз қолында ұстауды қалайды. Оған Батыс елдері қарсы. Ресей де күдікпен қарайды.
Келешекте Иран тағы да бірнеше атом станциясын салуға ниет білдіруде. Оларды салу, уран отынымен жабдықтау өте көп пайда беретіні белгілі және ол саланы игеріп алу саяси-әскери қауіпсіздікке тікелей қатысы бар. Иран әрекеттері жалпы бейбіт істер, оған әр егемен мемлекет құқылы. Жақында Иран президенті М. Ахмединежад Астанаға ресми сапар жасағанда осы мәселені қарастырған. Екіжақты келіссөздер кезінде Қазақстан президенті Н. Назарбаев «Иран басқа елдер сияқты бейбіт атом қуатына толық құқықты» дегені көпшілік арасында қолдау тапты. Бірақ АҚШ, Израиль, кейбір Парсы шығанағы мемлекеттері қарсылық көрсетуде. Олар Ирандағы билік халықаралық лаңкестікті қолдауда-мыс, Израильді мойындамауда, тіпті еврей мемлекетін құртуға бел байлаған деп кінә тағуда. Иранның Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Али Ларижанн америкалық журналиске берген жауабында өз елінің Палестинадағы «ХАМАСты», Ливандағы «ХИЗБАЛЛАҺты» жақтайтынын дәлелдеді. Керек болса қаржылай көмектесуін мойындады. Олар ұлт-азаттық күрес жүргізуші ұйымдар, лаңкестік топтар емес. Тек Иранда олардың әскери лагерлері жоқ, Иран азаматтары аталған ұйым қатарында кездеспейтінін атай өтті.
Батыс баспасөздері ХАМАСшылар Израильді Иранда жасалған зымырандармен атқылауда деп жазады. Ал Ливанда ХИЗБАЛЛАҺ жауынгерлері, Ауғанстандағы талибандар, Сомалидегі лаңкесшілер Ресей автоматтарымен, зымырандарымен қаруланғанын алға тартпайды. АҚШ-та, Ресейде шығарылған қару-жарақтар әлемде таратылуда емес пе? Жыл сайын осы екі алып мемлекет сан алуан әскери техника мен қару-жарақ, оқ-дәрі сатып, әрқайсысы оннан астам миллиард доллар табыс табады ғой. Ол саудаға Қытай, Ұлыбритания, Франция, Израиль, т.б. елдер кеңінен қатысып келеді. Қазіргі кездегі қаптаған аймақтық жанжалдар баяғы найза, қылыш, шоқпар емес, осы заманға сәйкес қарулармен жүргізілуде. Сондықтан қаруларды экспорттауға тыйым салған жөн болар еді.
Ең қызығы, жақында ғана АҚШ барлаушы органдарының басшылары ресми түрде Иранда ядролық қару жасау бағдарламасы жоқ екенін жариялады. Демек, Дж. Буш кезіндегі саяси бағыттың негізсіздігін мойындады. Осыдан кейін Барак Обама әкімшілігі жаңа қорытындылар жасауы мүмкін. Бірақ Израиль бас штабының бастығы генерал Габи Ашкенази Иранның ядролық орталықтарын жоюға даяр болуға әскери күштерді бағыттауда. Еврей мемлекеті 1981 ж. Бағдад түбіндегі ирақтық ядролық объектілерін, 2007 ж. Сирияның құпия әскери кәсіпорындарын ұшақтармен қиратқаны белгілі. Араб елдері ол заңсыз қылмыстық әрекеттерге тойтарыс беруге шамасы келмеді, ал мұндай жағдайда Иран жағы қарап жатпас. Иран әскери қауқары қазір күшейген. Жақында ол ғарышқа «Үміт» атты жасанды серік жіберуі де соғыс құмарларды ойландыруы керек. Демек, ол ел баллистикалық зымырандарды игеріп алғандығын көрсетеді ғой. Онымен Израиль ғана емес, алыстағы жаулар да соққы жейтінін ескеруі қажет. Сондықтан да АҚШ, Франция, т.б елдерде Иранның ғарышқа шығуынан күдіктеніп, әшкерелеген болды.
Иран атом қауқарын бейбіт істерге пайдалануына соншама дуылдатып жүрген АҚШ та, Израиль да өздерінің қолындағы ядролық қаруды жоюға, болмаса қысқартуға барғысы келмейді. Ақырға мәліметтерге қарасақ, АҚШ он мыңға жуық ядролық оқ тұмсықтарын сақтауда, олардың 5737 тұрақты түрде әскери дайындықта, алтауы шет елдерде (Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Нидерландия, Түркия, Германия) орналастырылған, Израильде 100-ге жуық, кей мәліметтерде 400 атом бомбасы мен снарядтар шоғырланған. Аймақтағы Ирак пен Ауғанстанның тағдырын, Палестина, Ливан, Сирия жағдайларына талдау жасай, өзін отыз жыл бойы қысымға алып, әне шабуылға шығымыз, міне шабуылға шығамыз деп шошындырып жүрген елдер саясатына тізе бүкпей, қарулы күштерін нығайтып келген Иранды түсінуге де болады. Әрине, ядролық қарумен ойнауды, оған талпынуды қолдау керек емес. Қазақстан басшылығы ол қарудың таралмауын біртіндеп қысқартып, түбінде жоюды қолдап отыр. АҚШ-тың Барак Обама бастаған жаңа әкімшілігі Ресеймен келіссөз бастай, стратегиялық қаруларды қысқарту туралы ұсыныс жасады. Сонымен бірге Чехия мен Польша жерінде зымырандарға қарсы қорғаныс жүйелерін орналастыруда АҚШ тарапы Иранның ядролық бағдарламасынан бас тартуымен байланыстырып, енді Ресеймен ынтымақтаса түсіп, Иранды қысымға алуды көздеуде. Оған Медведев – Путин тобы қалай қарайтынын жақын арада білетін боламыз. Орталық Азиядағы жағдайды бейбіт жолдармен реттеу аймақтағы қауіпсіздікті ұжымдаса отырып, әділетті негізде орнату уақыты туындауда құр жазасыз елдерді үрейлендіру, оларды даму жолына түсірмеу туралы саяси мақсаттар сәтсіздікке апаратынын және бірде-бір елге жақсылық әкелмейтінін ұмытпаған жөн. Сондықтан оны тек саяси-дипломатиялық жолдармен реттеу - күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе.
XXІ
ғасыр адам баласының
XX
ғасырдың бірінші ширегінде