Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:00, реферат
Алғашқы кітапқа жергілікті атқарушы органдарда жиі қолданылатын ортақ құжаттар топтастырылды. Келесі томдар басқару органдарының салалары бойынша қолданылатын құжаттар топтамасына арналады. Мәселен, биыл, кеден ісіне, денсаулық сақтау мен санитарлық эпидемиология саласына арналған құжат үлгілері жарыққа шығады. Одан әрі қаржы мен экономика, құрылыс және сәулет, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлар, жұмыспен қамту және әлеуметтік сала, энергетика және коммуналдық шаруашылық, көлік, сауда мен кәсіпкерлік т.б. салалар бойынша жалғасады.
ІІ АЗАМАТТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАР
ШАРТ
Шарт – тараптар арасында олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін ресми құжат.
ІІ ДОКУМЕНТЫ ПО ГРАЖДАНСКИМ ОТНОШЕНИЯМ
ДОГОВОР
Договор – официальный документ, регулирующий определения, изменения и прекращения права и обязательства между сторонами.
КЕЛІСІМШАРТ
КОНТРАКТ
СЕНІМХАТ
Сенімхат – сенімді тұлғаға сенім білдіруші (кәсіпорынның немесе азаматтың) атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқық беруі туралы құжат.
Сенімхат үшінші тұлға алдында сеніп тапсырушының атынан сенімді тұлғаға берілген құжат болып табылады.
ДОВЕРЕННОСТЬ
Доверенность – это документ о предоставлении права доверенному лицу на совершение каких-либо действий от лица доверителя (предприятия или гражданина).
Доверенность является документом для представления доверенного лица от имени доверителя перед третьими лицами.
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАР
ЕҢБЕК КЕЛІСІМШАРТЫ
Еңбек келісімшарты (шарт) – бұл қызметкерлер мен кәсіпорын (мекеме, ұйым) арасындағы келісім, бұл келісімге сәйкес еңбек етушілер еңбек тәртібіне бағына отырып, белгілі бір мамандық бойынша жұмыстарды орындауға, ал кәсіпорын (мекеме, ұйым) жақтардың келісімі және заңнамада қарастырылған айлық жалақыны төлеуге және еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
ДОКУМЕНТЫ ПО ТРУДОВЫМ ОТНОШЕНИЯМ
ТРУДОВОЙ КОНТРАКТ
Трудовой контракт (договор) – это соглашение между трудящимся и предприятием (учреждением, организацией), согласно которому трудящийся обязуется выполнять работу по определенной специальности, подчиняясь трудовому распорядку, а предприятие (учреждение, организация) обязуется выплачивать заработную плату и обеспечить условия труда, по соглашению сторон и предусмотренные законодательством.
ЕҢБЕК ШАРТЫ
Еңбек шарты 15.05.2007 ж. Қазақстан Республикасының №251-ІІІ Еңбек кодексіне сәйкес 01.07.2007 ж. бастап жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін ресми құжат және Еңбек кодексінің 28-бабы мен ісқағаздарын жүргізудің жалпы қабылданған ережелеріне сәйкес рәсімделеді.
ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ШАРТЫ
Ұжымдық еңбек шарты 15.05.2007 ж. Қазақстан Республикасының № 251-ІІІ Еңбек кодексінің 282-284 баптарына сәйкес қызметкерлер тобы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін ресми құжат болып табылады.
Информация о работе Образцы деловых бумаг (документы местных исполнительных органов)