Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:00, реферат
Алғашқы кітапқа жергілікті атқарушы органдарда жиі қолданылатын ортақ құжаттар топтастырылды. Келесі томдар басқару органдарының салалары бойынша қолданылатын құжаттар топтамасына арналады. Мәселен, биыл, кеден ісіне, денсаулық сақтау мен санитарлық эпидемиология саласына арналған құжат үлгілері жарыққа шығады. Одан әрі қаржы мен экономика, құрылыс және сәулет, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлар, жұмыспен қамту және әлеуметтік сала, энергетика және коммуналдық шаруашылық, көлік, сауда мен кәсіпкерлік т.б. салалар бойынша жалғасады.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Хабарландыру – қандай да бір оқиға, шара т.б. туралы ресми хабарлау.
ОБЪЯВЛЕНИЕ
Объявление – официальное извещение о каком-либо событии, мероприятии.
РЕЛИЗ-ХАБАРЛАМА
Релиз-хабарлама – белгілі бір топқа (ұжымға) шақыру ретінде жолданатын ресми хабарлау.
РЕЛИЗ-ОБРАЩЕНИЕ
Релиз-обращение – официальное извещение, направленное к определенной группе (организации) в виде приглашения.
КУӘЛІК
Куәлік – қандай да бір оқиғаларды, іс-әрекетті, құқықтық қатынастарды растайтын құжат.
СВИДЕТЕЛЬСТВО
Свидетельство – документ, удостоверяющий какие-нибудь события, действия, правовые отношения.
ХАТТАР
Хат – пошта арқылы салынатын, мазмұны әртүрлі құжаттардың жалпы аты. Ол мекемелермен, жеке тұлғалармен хабар алысу құралы қызметін атқарады, әртүрлі мәліметтер жіберуге, оқиғалар туралы құлақтандыруға мүмкіндік береді. Хат мәселені басқа құралдар арқылы (жеке әңгіме, телефон арқылы сөйлесу) шешу мүмкін болмағанда қолданылады. Хаттың көптеген түрі бар: жауапты талап ететін өтініш, ұсыныс, шағым, сұрау салу хаттары т.б. Хабарлама, ақпарат, бас тарту, ескерту т.б. мазмұндағы жауапты талап етпейтін хаттар да кездеседі.
ТЕЛЕФОНХАТ
Телефонхат – жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген және алушы жазып алатын құжат. Ол отырыстар, мәжілістер, іскери кездесулер, жоспарланған іс-әрекеттердегі қандай да бір өзгерістер, іс-шаралар туралы жедел хабарлар жіберу үшін пайдаланылады.
ПИСЬМА
Письмо – обобщенное название различных по содержанию документов, пересылаемых по почте. Оно служит средством общения с учреждениями, частными лицами, позволяет сообщать различные сведения, уведомлять о событиях. Письмо используют в том случае, когда невозможно решить вопрос другими средствами (личная беседа, телефонный разговор). Существует много видов писем: письма, содержащие просьбу, предложение, претензию, запрос, требующие ответа и т.п. Есть письма, которые содержат извещение, информацию, отказ, напоминание и не требуют ответа.
ТЕЛЕФОНОГРАММА
Телефонограмма – это документ по оперативным вопросам, передаваемый по телефону и записываемый получателем. Она используется для срочного оповещения о заседаниях, совещаниях, деловых встречах, о каких-либо изменениях в запланированных действиях, мероприятиях.
ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАР
Қызметтік хат – қандай да бір жұмыстың орындалуы туралы бір лауазымды тұлғаның екінші бір лауазымды тұлғаға жолдауы. Қызметтік хат бір бөлімшеде дайындалып, қызметтік мәселелерді шешуге екінші бөлімшеге жолданатын құжат болып табылады. Қызметтік хаттар ақпараттық, бастамалық немесе есеп беру сипатында болуы мүмкін.
Мәтінде құрылымдық бөлімшеге немесе лауазымды тұлғаға қатысты іскери мәселелер баяндалады.
СЛУЖЕБНЫЕ ПИСЬМА
Служебная записка – записка о выполнении какой-либо работы, направляемая одним должностным лицом другому должностному лицу. Служебная записка – документ, составляемый в одном подразделении и направляемый в другое подразделение для решения служебных вопросов.
Служебные записки могут иметь информационный, инициативный или отчетный характер. В тексте излагают деловые вопросы, касающиеся структурного подразделения или должностного лица.
ЖОЛДАУ ХАТ
Жолдау хат – белгілі бір ұйым басшысының екінші бір ұйым басшысына немесе жеке қызметкерге белгілі бір тапсырманы орындату мақсатында жолданатын хаттың түрі.
ПИСЬМО-НАПРАВЛЕНИЕ
Письмо-направление – вид письма, который направляется руководителем определенной организации к руководителю другой организации или отдельному сотруднику, с целю выполнения определенных поручений.
ҰСЫНЫС ХАТ
Ұсыныс хат – белгілі бір ұйым басшысының жоғары тұрған басшылыққа қызметкердің жалақысын өсіру, дәрежесін көтеру т.б. туралы немесе еңбек нәтижесінің тиімділігін арттыру мақсатындағы жеке қызметкердің ұсынысы жазылған хат түрі.
ПИСЬМО-ПРЕДЛОЖЕНИЕ
Письмо-предложение – вид письма, который содержит предложение руководителя определенной организации к вышестоящему руководству о повышении заработной платы, звания и т.п. сотрудника или предложение индивидуального сотрудника, с целью повышения эффективности результатов труда.
БАС ТАРТУ ХАТ
Бас тарту хат қандай да бір іс-әрекетті орындауға мүмкіндік болмағанда немесе өтініш (бұйрық, тапсырма т.б.) заң актілеріне қайшы келген жағдайға оны орындамау туралы хат түрінің бірі болып табылады.
ПИСЬМО-ОТКАЗ
Письмо-отказ является одним из видов писем, в которых содержится отказ о невозможности выполнения каких-либо действий или о невыполнении заявлений (приказа, поручений и т.д.) в случаях, когда они противоречат законодательным актам.
КЕПІЛХАТ
Кепілхаттың мәтінінде адресатқа орындалған жұмыстың немесе қандай да бір қызметтің (ғимараттың, тұрғын үйдің және т.б. жөндеу жұмыстары) ақысын төлеу туралы кепілдеме беріледі. Хатта адресант ұйым өзіне белгілі бір міндеттеме алады, сондықтан хаттың құқықтық күші болады.
Информация о работе Образцы деловых бумаг (документы местных исполнительных органов)