Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:00, реферат
Алғашқы кітапқа жергілікті атқарушы органдарда жиі қолданылатын ортақ құжаттар топтастырылды. Келесі томдар басқару органдарының салалары бойынша қолданылатын құжаттар топтамасына арналады. Мәселен, биыл, кеден ісіне, денсаулық сақтау мен санитарлық эпидемиология саласына арналған құжат үлгілері жарыққа шығады. Одан әрі қаржы мен экономика, құрылыс және сәулет, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлар, жұмыспен қамту және әлеуметтік сала, энергетика және коммуналдық шаруашылық, көлік, сауда мен кәсіпкерлік т.б. салалар бойынша жалғасады.