Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 22:51, реферат
Мекемелер дайындайтын құжаттардың көп бөлігі ақпараттық – анықтамалық құжаттар болып табылады. Бұл құжаттар нақты істер туралы ақпараттардан тұрып, шешімдер қабылдау және бұйрық сипатындағы құжаттарды дайындауға негіз болады.
Ақпараттық – анықтамалық құжаттарға анықтамалар, баянхаттар, түсініктемелер, сенімхат, актілер, әр түрлі хаттың түрлері тағы да басқалары жатады. Олар ұйымдастырушылық – бұйрықтық сипаттағы құжаттарға қосымша болып келеді де, міндетті түрде орындауға жатпайды. Олардағы ақпарат іс - әрекеті орындауға қозғау салғанымен, мәлімет ретінде ғана қабылданады.
7) арызға қоса берілген құжаттардың тізбесі болады.
Арызға талапкер немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл берген талап – арызға өкілдің өкілеттілігін растайтын сенімхат қоса беріледі. Талап – арыз жауапкерлердің саны бойынша көшірмелермен сотқа ұсынылады. Істің күрделілігіне және сипатына байланысты судья талапкерден арызға қоса берілген құжаттардың көшірмелерін талап етуі мүмкін. Азаматтық – құқықтық сипаттағы шарттарды орындамауға байланысты заңды тұлғаның талап – арызы шағымға жауап алғаннан кейін сотқа беріледі.
ШАҒЫМДАНУ
Мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның әрекеттерімен оның құқықтарына қысым жасалса, кез келген азамат сотқа шағымдана алады. Сотта мемлекеттік органдарда және қоғамдық ұйымдарда жұмыс істейтін және лауазымы бойынша немесе арнайы тапсырма бойынша заңдық мәні бар әрекеттерді жасайтын немесе оларды орындаудан жалтаратын тұлғалардың кез келген заңсыз әрекетіне жеке тұлға өз атынан немесе олар білдіретін органдардың (оның ішінде алқалық органдардың) атынан сотқа шағымдана алады, бұл азаматтардың құқықтары мен еріктерін бұзады немесе оларға заңда көзделмеген міндеттерді жүктейді. Сонымен бірге лауазымды тұлға өзінің қызметін тұрақты немесе уақытша атқара ма, жоқ па немесе осы орынға сайланған ба немесе тағайындалған ба – оның ешқандай мәні болмайды.
Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың заңды бұза отырып, жасаған іс - әрекеттеріне - азаматтардың құқықтарын шектей отырып өкілеттілігін асыра пайдалануға алқалық немесе жеке дара іс - әрекет жасау жатады, оның нәтижесінде:
- азамат оған заңмен немесе нормативтік актімен берілген құқықты толық немесе ішінара жүзеге асыру мүмкіндігінен заңчыз айрылады;
- азаматқа заңсыз қандай да бір міндеттеме жүктеледі.
РЕЛИЗ – ХАБАРЛАМА
Релиз – хабарлама- белгілі бір топқа (ұжымға) шақыру ретінде жолданатын ресми хабарлау.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Хабарландыру – қандай да бір оқиға, шара т.б. туралы ресми хабарлау.
КУӘЛІК
Куәлік – қандай да бір оқиғаларды, іс - әрекетті, құқықтық қатынастарды реттейтін құжат.
МӘЛІМЕТ
Мәлімет – белгілі бір мәселеге қатысты кеңінен ақпарат беретін құжат (ұсыныс жөніндегі мәлімет, ескерту жөніндегі мәлімет, талап жөніндегі мәлімет және т.б.).
Информация о работе Кәсіпорындағы ақпараттық – анықтамалық құжаттар, түрлері, мінездемелері