Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 22:51, реферат
Мекемелер дайындайтын құжаттардың көп бөлігі ақпараттық – анықтамалық құжаттар болып табылады. Бұл құжаттар нақты істер туралы ақпараттардан тұрып, шешімдер қабылдау және бұйрық сипатындағы құжаттарды дайындауға негіз болады.
Ақпараттық – анықтамалық құжаттарға анықтамалар, баянхаттар, түсініктемелер, сенімхат, актілер, әр түрлі хаттың түрлері тағы да басқалары жатады. Олар ұйымдастырушылық – бұйрықтық сипаттағы құжаттарға қосымша болып келеді де, міндетті түрде орындауға жатпайды. Олардағы ақпарат іс - әрекеті орындауға қозғау салғанымен, мәлімет ретінде ғана қабылданады.
2009 жылғы 13 желтоқсанда жасалған келісімге сәйкес Сіз көлік салығын жыл сайын төлеуге міндеттенгенсіз, осыған орай мерзім уақытының аяқталғанын Сізге ескертеміз.
Салық төленбеген жағдайда көлігіңіз тұтқынға алынып, Сізге қатысты іс қозғалатынын хабарлаймыз.
Салық инспекциясы
Орын.: А.С. Сағатова
тел.: 45-36-15
ЖАРНАМАЛЫҚ ХАТТАР
Жарнамалық хаттар – ақпарттық хаттардың бір түрі, нақты адресатқа жіберіледі және жан – жақты сипаттамасы және жарнамалап отырған тауарлар мен қызмет көрсетулердің бағасы көрсетіледі.
Жарнамалық хаттардың мақсаты – адресаттың ұсынылып отырған қызметтерге қызығушылығын тудыру. Хаттың мәтіні нақты, анық және толық ақпаратқа ие болуы тиіс. Мұндай хаттарда автор – ұйымның мекен – жайы бөлек көрсетіледі.
ШАҚЫРУ ХАТЫ
Шақыру хаты – адресатты қандай да бір жүргізілетін іс – шараларға қатысуға шақыру. Нақты тұлғаларға, сондай – мекемеге жіберіледі. Хат: «Қатысуыңызды өтінеміз», «Сізді шақырамыз», «Біз Сізді шақырғанымызға өте қуаныштымыз» және т.б. сияқты сөздер арқылы жазылады. Шақыру хатында жүргізілетін іс – шараның сипаты беріледі, өтетін мерзімі, нақты уақыты көрсетіледі.
Ақпарттық хат адресатқа қандай да бір факті немесе іс – шара туралы хабарлайды. Көбінесе ақпараттық хаттардың көмегімен қандай да бір ұйымның қызметін, өндіретін өнімін, шығаратын әдебиеттерін үгіттейді.
РАСТАУ ХАТТАРЫ
Растау хаттары – бұрын жіберілген құжаттың күшінде қалатынын хабарлайтын (мысалы шарт, нұсқаулық және т.б) жіберілімдерді (хат, телеграмма, аударым, бандероль, тауарлар, құндылықтар) алу туралы хабар. Хат қандай да бір фактіні, іс - әрекетті, телефонмен сөйлесуді растайды. Бұл хатта «растаймыз» деген сөз болуы тиіс. Осындай хаттарды уақытылы жіберу мәселені бақылаудан алуға және ескертпе хат жіберуді болдырмауға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ ХАТТАР
Ескертпе хат қандай да бір міндеттеменің не жүргізілген іс – шаралардың орындалу мерзімінің жақындағанын немесе өтіп кеткенін көрсетеді. Бұл хат өте қысқа болуы мүмкін және маңызды бір бөліктен ғана тұрады. Мұндай хаттар «Ескертеміз» деген сөзбен аяқталады. Бұл хат адресатқа жеке байланыс немесе телефон арқылы жауап алу мүмкін болмаған жағдайда жолданады.
«Тұлпар» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі
020000, Тараз қаласы
Фараби көшесі, 45
тел: 8(7115) 45-25-78
факс: 58-65-12
E-mail: Tulpar.body.ru
01 наурыз 2010 жыл № 8-15-26
┌ Хат санының мерзімі аяқталмай ┐ «Дәулет» ЖАҚ
орындалғандығы туралы
______________ жылдың басынан бері орындаушылық тәртіпке жасалған сараптама нәтижесі көрсеткеніндей, осы жылдың үш айы ішінде ____________қаласы әкімі аппаратынан бөлімшеңізге азаматтардың өтініші бойынша _______ тапсырма орындалуға жіберілген болатын.Жалпы хат санының_________ мерзімі сақталмай орындалған, оның ішінде ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты _____________хаты да бар, ___________ тапсырма орыгдалмаған, бұл жалпы тапсырма санының ________ %-ын құрайды. Қазірге дейін қала әкімі __________ халықпен кездесудің қорытындысы бойынша кесте график жасалмаған.
Сонымен бірге __________ жылдың ______ тапсырмасынан қазірге дейін ________ ( _________%), оның ішінде әкімдік басшылығы бақылауындағы ________ тапсырма орындалмаған.
Жоғарыда көрсетілген жайттар негізінде, қала басшылығы тапсырмаларының орындалуын қатаң қадағалап, уақытылы жүзеге асуын қамтамасызетуіңізді және міндетті түрде, басшылықтың бұрыштамасына қарамастан, өтініш иелерін олардың қаралу нәтижелері туралы құлақтандырып отырыңыз.
Қабылданаған шаралар туралы осы жылдың ___________ дейін бақылауыңызды сұраймын.
Директор
Орын.: Е.Д. Ермекова
тел.: 56-12-45
БАСТАМА ХАТТАР
Бастама хаттар – бұл жауап талап ететін хат. Осындай хаттардың көпшілігі қандай да бір мәселені шешуді өтіну (ұсыныс, сұрату) болып келеді. Бұл хаттың ең көп тараған түрі, оның тақырыбы алуан түрлі. Оның сипаттамасы қойвлған мәселенің оң не теріс шешілуін білдіреді.
КЕПІЛХАТ
Кепілхат – ондағы міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін құжат. Бұл хаттарда ақы төлеуге, өнімді немесе оның қандай да бір бөлігін жеткізу мерзімдеріне кепілдік беріледі. Кепілдік беру хаттарының жоғары құқықтық функциялары бар, сондықтан хаттың мәтіні анық және нақты болуы тиіс.
«Барыс» жауапкершілігі Товарищество с ограниченной
шектеулі серіктестігі
КЕПІЛХАТ
040100, Қарағанды қаласы, 040100 г. Караганда
Розыбакиев көшесі, 54 ул. Розыбакиев, 54
тел: 8(7172) 45-15-25
факс: 45-15-25
E-mail: Barys.@ mail.ru
15 ақпан 2010 жыл № 5-6-36
┌ Қызмет ақысын төлеуге ┐
кепілдік беру туралы
______________ қаласы (__________ ауданы) әкімдігі _____________________ ______________________________
______________________________
Директор
Орын.: Е.М. Уақасова
тел.: 52-14-98
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ХАТТАР
Коммерциялық хаттар – келісім - шарттар жасау және оны орындау кезінде жасалады. Олар сатып алушының тауарлар, қызметтер туралы жан – жақты ақпарат беруін өтіну және/немесе тауар жіберуге ұсыныстар (оферта), сатушылардың жауаптары, жарнамаға жауап, кредиттік хаттар болуы мүмкін. Рекламациялық (шағым) хаттарда кәсіпорын басқатараптың (басқа агенттің) келісім – шарт талаптарын орындамауынан болған шығындарды өтеуін талап етеді. Рекламацияда осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі. Осы негізгі құжатқа қосымша ретінде жан – жақты дайындалған көшірмелер ресімделеді.
Шетелдік әріптестермен келісім – шарт жасау кезінде кредиттік хаттар (L/C Letter 0f credit) пайдаланылады. Онда сатушы алушының банкінен валюталық есептік шотының нөмірі мен сатып алушының тауарлар және қызмет көрсету үшін ақы төлеуге берген банк кепілдігін көрсете отырып, кепілдік беру хатын сұрайды.
ҰСЫНЫС ХАТ
Ұсыныс хат – белгілі бір ұйым басшысының жоғары тұрған басшылыққа қызметкердің жалақысын өсіру, дәрежесін көтеру т.б. туралы немесе еңбек нәтижесінің тиімділігін арттыру мақсатындағы жеке қызметкердің ұсынысы жазылған хат түрі.
СҰРАНЫС ХАТ
Сұраныс хат – қандай да бір ресми мәліметтер немесе құжаттар алу мақсатында жолданған іскерлік хат. Сұраныс хаттарға әдетте, ұйым басшысы мен сол лауазымға өкілеттілігі бар тұлға қол қояды.
Сұраныс хат жауап хатты талап етеді. Бұл хат екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде орын алып отырған фактілер, жайттар туралы ақпарат беріледі (сілтеме, дәлел, мәселенің тарихы); екінші бөлімде тілек, күтілетін жайт сөз жазылады (өтініш, ұсыныс, талап). Мәтін нақты әрі бір жақты сипатта болып келеді.
«Дәулет» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі
100008 Қарағанды қаласы,
Гоголь көшесі, 18
тел: 8(7212)74-59-75
факс: 58-54-63
E-mail: Daulet.sobaka.ru
25 ақпан 2010 жыл № 5-3-45
┌ Кеңсе тауарларын жеткізу ┐
туралы
Құрметті Салықбаев Қанағат мырза!
Сіздерден бізге 5 қорап көк қалам, 2 қорап қара қарындаш, 5 қорап А4 формат ақ қағазын жіберулеріңізді сұраймыз.
Сіздермен бұдан кейін де осындай байланыста боламыз деген үміттеміз.
Қосымша: 2 бетте, 1 данада, қазақ тілінде.
Директор
Орын.: М.Е. Мақатаева
тел.: 45-46-47
ЖАУАП ХАТТАР
Жауап хаттар – бастама хаттардың сипаттамасына байланысты болады, өйткені оның мәтінінің тақырыбы белгілі, бастама хатта қойылған мәселелрді шешу сипатын жазу ғана қойылады: ұсынысты, өтінішті орындауды қабылдау немесе одан бас тарту. Жауап әрқашан да анық, қысқа болады: қандай өтініштер қанағаттандырылады, өтініштердің барлығы қанағаттандырылды ма, қашан, қай мерзімде. Ұсыныстан бас тарту дәлелді болуы керек.
Қаржы мәселелері бойынша хаттарға фирманың бірінші басшысы және бас бухгалтер қол қояды. Қандай да бір кепілдіктер беретін хаттардың заңдық және қаржылық зардаптары болады, сондықтан оларға фирманың мөрі соғылады.
«Абди компани» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі
100008 Алматы қаласы, 100008 г. Алматы
Розыбакиев көшесі, 6а ул. Розыбакиев, 6а
тел: 8(7272) 59-65-12 тел: 8 (7272) 59-65-12
факс: 56-16-10
E-mail: Abdi.company.ru
30 ақпан 2010 жыл № 6-8-94
25 ақпан 2010 жыл № 5-3-45
┌ Кеңсе тауарларының ┐
Информация о работе Кәсіпорындағы ақпараттық – анықтамалық құжаттар, түрлері, мінездемелері