Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 22:51, реферат
Мекемелер дайындайтын құжаттардың көп бөлігі ақпараттық – анықтамалық құжаттар болып табылады. Бұл құжаттар нақты істер туралы ақпараттардан тұрып, шешімдер қабылдау және бұйрық сипатындағы құжаттарды дайындауға негіз болады.
Ақпараттық – анықтамалық құжаттарға анықтамалар, баянхаттар, түсініктемелер, сенімхат, актілер, әр түрлі хаттың түрлері тағы да басқалары жатады. Олар ұйымдастырушылық – бұйрықтық сипаттағы құжаттарға қосымша болып келеді де, міндетті түрде орындауға жатпайды. Олардағы ақпарат іс - әрекеті орындауға қозғау салғанымен, мәлімет ретінде ғана қабылданады.
Құрметті Есенкүл Ержанова!
Сіздердің сұратуларыңыз бойынша 5 қорап көк қалам, 2 қорап қара қарындаш, 5 қорап А4 формат ақ қағазын жібердік.
Директор
Орын.: Д.Б. Жүкенова
тел.: 58-75-75
АНЫҚТАМА
Анықтама – қандай да бір белгілі мәселелер бойынша, істің жағдайы туралы, өзіне тән көрсеткіштер. Өзге де фактілер мен оқиғаларды сипаттау және растау туралы мәтіні бар және/немесе кесте түріндегі жалпы ақпараты бар құжат. Анықтама істің жайын объективті түрде көрсетуі тиіс, сондықтан оны жасау мәліметтерді мұқият жинау және тексеру, алынған деректерді салыстыру және талдауды талап етеді. Анықтаманы әдетте екі топқа бөледі. Бірінші топта қандай да бір заңды фактіні куәландыратын қызметтік сипаттағы фактілер мен оқиғалар туралы ақпарат болады және мүдделі азаматтар мен мекемеге беріледі. Анықтаманың екінші тобы атқаратын қызметі, жалақысы, тұратын жері, асырауында адамдардың болуы туралы растайды. Кәсіпорынның басшысы қызметкердің сұрауы бойынша мамндығын, лауазымын, біліктілігін, жұмыс уақытын және жалақысының мөлшерін көрсете отырып, осы ұйымдағы жұмысы туралы анықтама беруге міндетті.
Анықтаманың мәтіні әдетте мәліметтер берілген тұлғаның атау септігіндегі аты – жөнін көрсетуден басталады. Анықтаманың соңында не оң жақ жоғарғы бұрышындаанықтама берілетін мекеменің атауы жазылады. Анықтамаларды беру туралы жоспар бойынша есеп жүргізілген кезде анықтаманың күнін көрсете отырып, оған реттік сан қойылады. Осындай анықтамалар бір дана болады. Анықтамаға оны жасаған және берілген мәліметтерге жауап беретін тұлға қол қояды. Анықтаманың мәтіні қолиен және мөрмен расталады. Бухгалтерия көбінесе жеке тұлғалардың бір жылдағы кірістері туралы салық инпекциясына анықтама береді.
Анықтаманың бір нұсқасы басшылықтың сұратуы бойынша жасалған және өндірістік тақырып бойынша ақпараты бар анықтамалар болып табылады. Мысалы, бір тоқсанда өнімді сатудан түскен түсімнің өсу динамикасы туралы анықтама. Мұндай анықтамалар ішкі және сыртқы құжаттар болуы мүмкін. Кәсіпорынның басшысына арналған анықтамаларды орындаушы (құрстырушы) дайындайды және қол қояды таза қағазға ресімделеді. Автор мекеменің орнына құрылымдық бөлімшенің атауы жазылады, мысалы бухгалтерия.
Сыртқы ұйымдардың сұратуы бойынша жасалған анықтамаларға кәсіпорынның басшысы қол қояды және кәсіпорынның блланкісінде ресімделеді. Осындай анықтаманың оның мазмұнын ашатын, анықтамада жазылған тақырыбы болады. Күн, адресат, тақырып, мәтін, қол анықтамалардың осы екі түрінің міндетті деректемелері болып табылады. Анықтаманың тақырыбына анықтамада келтірілген деректемелердің уақыты және күні болуы мүмкін. Мысалы, «2009 жылғы 1-тоқсанда алынған кірістер туралы анықтама.
Анықтамаға бірнеше мәселелер бойынша мәліметтер берілетін болса, онда беті айтылатын мәселелерге байланысты саннан тұратын бөлімдерге өлінеді. Бөлімдердің де тақырыбы болады, ол араб сандарымен нөмірленеді. Сандық көрсеткіштері бар анықтамалар кесте түрінде ресімделуі мүмкін. Өндірістік тақырып бойынша анықтамалар екі данада жасалады. Бір данасы адресатқа жіберіледі, екінші данасы іске тігіледі. Мәліметтерінің қаржылық сипаты бар анықтамаларға басшы, бас бухгалтер қол қояды және мөр соғылады.
Қарағанды коммерциялық
колледжі жеке меншік
мекемесі
АНЫҚТАМА
26 қаңтар 2010 жыл № 3-8-56
Қарағанды қаласы
┌
Омарова Карина Қанатқызы кітапханашы болып жұмыс істейді.
Директор
Орын.: С.Е.Батыров
тел.: 45-12-54
СЕНІМХАТ
Сенімхат – сенімді тұлғаға сеніп тапсырушының (кәсіпорынның немесе азаматтың) атынан қандай да бір іс - әрекеттерді жасауға құқық беруі туралы құжат. Сенімхат үшінші тұлға алдында сеніп тапсырушының атынан сенімді тұлғаға берілген құжат ьолып табылады. Сенімхаттың екі түрі бар:
- кәсіпорындарға берілген ресми;
- азаматтарға (жеке тұлғаларға) берілген жеке.
Ресми сенімхат мәмілелер жасауға, ақша, тауар – материалдық құндылықтарды алуға немесе басқа да іс - әрекеттерді жүргізуге кәсіпорын атынан кәсіпорынның өкіліне беріледі. Оның мынадай деректемелері болады:
- ұйымның атауы;
- ұйым туралы анықтамалық деректер;
- құжат түрінің атауы;
- құжат күні;
- құжаттың тіркеу нөмірі;
- құжаттың мәтіні;
- лауазымды тұлғалардың қолы;
- кәсіпорынның мөрі;
Сенімхаттың мәтінінде:
- сенімді тұлғаның лауазымы және төлқұжат деректері;
- сенімхат бойынша іс - әрекет жүргізілетін ұйымның атауы;
- іс - әрекет түрі;
- сенімхаттың қолдану мерзімі көрсетіледі.
Сенімхатты кәсіпорынның бланкісінде ресімдеуге болады. Сенімхатта көрсетілген іс - әрекет ақшаға немесе материалдық құндылықтарға қатысты болса, оған кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері қол қояды. Көбінесе, сенімхаттардың үлгі бланкілері қолданылады.
Жеке сенімхаттар сеніп тапсырушының (азаматтардың) атынан жалақы алуға немесе еңбек қатынастарына қатысты басқа да төлемдерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, стипендияларды, банктегі салымдарды, хат – хабарларды, оның ішінде ақшалай және сәлемдемені алуға беріледі. Атап көрсетілген сенімхаттар нотариаттың куәландыруын қажет етпейді. Жеке сенімхаттың мынадай деректемелері болады:
- құжат түрінің атауы;
- құжаттың күні;
- мәтіні (сеніп тапсырушы, сенімді тұлға және сенімхат бойынша іс - әрекеттің түрі көрсетіледі;
- сеніп тапсырушының қолы мен оның талдамасы;
- сенімхатты растаған лауазымды тұлғаның қолы;
- сеніп тапсырушы жұмыс істейтін ұйымның немесе тұратын жері бойынша тұрғы үй пайдалану ұйымының мөрі.
Сенімхат әдетте, онда көрсетілген іс - әрекетті өткізу мерзіміне беріледі. Егер сенімхаттың мерзімі көрсетілмесе, онда ол күшіне енген сәттен бастап бір жыл бойы сақтайды. Сенімхатты берген күн көрсетілмесе, онда ол жарамсыз болып тадылады. Сенімхатты 3 жыл сақтайды.
СЕНІМХАТ
00.00.00
Мен, Сұлтанова Кәмшат Сабырқызы, 2009 жылжың тамыз айындағы маған тиісті он бес мың теңге мөлшеріндегі жалақыны алуды бас есепші Есенова Гүлнұр Мұратқызына сеніп тапсырамын.
Хатшы
К.С.Сұлтанованың қолын куәландырамын
КБ – нің инспекторы қолы
М.О
АКТІЛЕР
Акт – бұл фактіні, оқиғаны, іс - әрекетті растайтын, бірнеше тұлғалар жасайтын құжат. Құжаттың бұл түрі әр түрлі жағдайларда жасалады және алуан түрлі болады: түгендеу актісі, келісім – шарт бойынша жұмыстарды қабылдау актісі, құжаттарды қабылдау - өткізу актісі, материалдарды есептен шығару актісі, істі жою актісі, материалдық құндылықтарды жою актісі және т.б. Бухгалтерияның қызметкерлері актінің алуан түрлерін жасайды.
Актіні тұрақты жұмыс істейтін немесе басқару құжатымен басшының нұсқауы бойынша тағайындалған комиссия жасайды. Бухгалтерия қызметкерлері көптеген комиссияларға кіреді, мысалы, түгендеу комиссиясы есептен шығару, қабылдау, мүлікті өткізу комиссиялары. Жекелеген жағдайларда актіні бір немесе бірнеше лауазымды тұлғалар жасауы мүмкін.
Нормативтік құжаттармен белгіленген нысаны болмаса, актілер бірыңғай схемалар бойынша жасалады. Комиссия мүшелері актіде көрсетілген мәселелердің мәнін және осы мәселені реттейтін негізгі заңнамалық, нормативтік құжаттарды зерделейді. Мысалы, кәсіпорында тауар – материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізіледі, сондықтан жұмысты бастамас бұрын комиссия мүшелері СБУ-24 талаптарымен және оған қосымша 06.03.98ж. «Заңды тұлғалардың мүлік пен міндеттемелерге түгендеу жүргізу тәртібі туралы» №47 әдістемелік ұсынымдармен танысуы тиіс. Актіде құжатқа қол қоятын тұлғалар белгілеген фактілер ғана көрсетіледі. Бірінші сандық деректерді көрсететін алғашқы нұсқа жүргізіледі. Акт ішкі құжат болып табылса, онда бланкіде ресімделеді. Ал сыртқы құжат болса, онда фирманың заңды мекен – жайы көрсетіледі. Актінің мәтіні екі бөліктен тұрады: кіріспе және негізгі. Кіріспе бөлікте оны жасаудың негіздемесі көрсетіледі. Бұл фактіге, оқиғаға, іс- әрекетке сілтеме болуы мүмкін. Актінің бұл бөлімінде 2-3 интервалмен басылатын абзацтан басталатын «Негіздеме» деген сөз болуы тиіс. «Негіздеме» деген сөзден кейін қос нүкте қойылады және басқару құжатының атау септігіндегі аты, оның күні, нөмірі және тақырыбы жазылады. Содан кейін комиссияның құрамы көрсетіледі.: төрағаның аты – жөні, комиссия мүшелерінің аты – жөні алфавиттік тәртіппен көрсетіледі. Қажетіне қарай, қатысушылардың да аты – жөні жазылады. Актінің негізгі бөлігінде актіні құрастырушылар жасаған жұмыстардың мәні,мақсаты, міндеттері және оның нәтижелері көрсетіледі. Нәтижелері кесте түрінде де жасалады. Нәтижелерді бағалаудан кейін тұжырымдар жасалады және ұсыныстар беріледі. Акт фактілерді нақтылаумен де бітуі мүмкін. Қажет болған жағдайда, мәтіннің соңында даналардың саны мен олардың роны туралы мәліметтер болуы мүмкін. Даналардың саны тараптардың санымен айқындалады. Мысалы: 2-данада жасалды:
1-дана салы инспекциясына жіберілді
2-дана іске тіркелді
Актіге комиссияның төрағасы мен мүшелері қол қояды, бұл ретте аты – жөнінің алдында лауазымы көрсетілмейді. Бірқатар актілер үшін (материалдық, қаржылық және басқа маңызды мәселелер бойынша) кәсіпорын басшысының бекітуі, мөр соғуы міндетті болады, содан кейін ғана заңдық күшіне ие болады. Жүктің бүлінгенін, бұзылғанын немесе тасымалдау ережелерінің өзге құқық бұзушылықтарын белгілейтін коммерцтялық актілер ерекше топты құрайды. Осындай акт белгіленген үлгідегі типографиялық бланкілерге жасалады. Коммерциялық актідегі барлық түзетулер мен толықтыруларды екі жақтың (жүк алушының және жүкті тасымалдауға жауапты тұлғаның) қолымен растау қажет.
Азаматтың материалдық – тұрмыстық жағдайын тексеру
АКТІСІ
______________________________
______________________________
____________________ ___________________ ____________________________
туған жылы жеке куәлігінің № зейнетақы кітапшасының№
______________________________
Мүгедектік тобы, санаты: жасы бойынша зейнеткер, көп балалы ана, ОСҚ т.б.
_____________________ __________________________ ______________________________
Банк филиалы дербес шоты
Арыз берушінің өтініші_______________________
______________________________
Зейнетақы (жәрдемақы) мөлшері_____________теңге. АМЖ мөлшері________
_______ теңге. Барлығы _______________ теңге.
Отбасы құрамы_____________ адам.
Бірге тұратындар____________________
(туыстық қатысы, аты – жөні, туған жылы, табысы)
______________________________
Информация о работе Кәсіпорындағы ақпараттық – анықтамалық құжаттар, түрлері, мінездемелері