Іс жүзінде бар жүйені талдау және техникалық

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2012 в 20:43, дипломная работа

Описание работы

Бұл дипломдық жобада GSM стандарты ұялы байланыс жүйелерін жаңа GPRS және EDGE жаңа технологияларын қолданып жетілдірілуіне байланысты. Жаңа технологиялардың пайда болуы деректемелерді мобильді тарату дамуын адам іс-әрекетінің барлық облыстарында тездету керек. Көбінесе бұл жаңа қызметтердің пайда болуымен байланысты. GPRS және EDGE технологиялары абоненттерге желі жаймалауы бар кез келген нүктеден глобалді желіге қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл кезде мұндай таратудың бағасы өте тартымды болады, ал бекітілген телефонды жолдарда уақытша төлемді енгізгенде, Интернетке қол жеткізу тарифі одан әрі бәсекеге қабілетті болады. Берілген технологияларды жылжымалы мониторингтің және объектілердің жағдайын бақылаудың әр түрлі мәселелері үшін өндірістік қолдану идеялары бар.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................................................. ........7 1 Іс жүзінде бар жүйені талдау ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА.........................................................................................................................................8
Іс жүзіндегі бар жүйені талдау........................................................................................8
Жылжымалы радиобайланыс желілерінің қысқаша сипаттамасы........8
GSM стандартты ұялы байланыс жүйесінің құрылымдық сұлбасы және жабдықтарының құрамы...............................................................................10
GSM қызметтерінің жалпы сипаттамасы...............................................18
Жүйені сындық түрде талдау........................................................................................19
Қойылған мәселе бойынша ғылыми-техникалық даму тенденциялары...................20
Есептің негізделген қойылымы.....................................................................................22
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОБА.................................................................................................23
GPRS технологиясы бойынша GSM стандартты ұялы байланыс желісінің құрылымдық сұлбасын жасау................................................................................23
GPRS технологиясының жалпы сипаттамасы..................................23
GPRS технологиясының арналық құрылымы.......................................25
Хаттамалар құрылымы.................................................................................27
Деректемелерді дестелік түрде таратудың қосылуының негізгі режимдері.................................................................................................................28
GPRS жүйесінің жалпыланған сұлбасы.................................................31
GPRS сәулеті мен интерфейстері............................................................34
EDGE технологиясы.......................................................................................................35
EDGE модуляциялық сұлбасы...........................................................................41
Кодалау.................................................................................................................42
GPRS және EDGE жабдықтары.....................................................................................43
2.3.1 Alcatel шығаратын GPRS жабдығы..................................................................45
2.3.2 GPRS тіректік желі жабдығы..........................................................................45
2.3.3 Биллингтік шлюз.....................................................................................................47
3 ЖҰМЫСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА................................................................................................51
3.1 Жиіліктерді қайта қолдануды есептеу. Коченел интерференциясының
қатынасы.................................................................................................................................52
3.2 Қызмет көрсету аймағын есептеу..................................................................................55
3.2.1 Жылжымалы радиобайланыс жүйесінің базалық станциясы (БС) мен мобильді абоненттік станциясы (АС) арасындағы қашықтықты есептеу..........................................56
3.2.2 СПР параметрлері нашарлағанда жылжымалы радиобайланыс жүйесінің базалық станциясы (БС) мобильді абоненттік станциясы арасындағы байланыс қашықтығын есептеу.................................................................................................................60
3.2.3 Орталық станция (ОС) мен базалық (БС) арасындағы қашықтықты есептеу..........................................................................................................................................61
3.2.4 СПР параметрлері нашарлаған кезде орталық станция (ОС) мен базалық станция (БС) арасындағы қашықтықты есептеу.......................................................................62
4 БИЗНЕС-ЖОСПАР...................................................................................................................64
4.1 Жобаның мәнісі...............................................................................................................64
4.2 Жобаның сипаты..............................................................................................................65
4.3 Маркетинг.........................................................................................................................66
4.3.1 Өнім..........................................................................................................................66
4.3.2 Баға қалыптастыру..................................................................................................67
4.3.3 Нарық сыйымдылығы.............................................................................................70
4.3.4 Қызметтің жылжытылуы........................................................................................72
4.4 Ұйымдастыру жоспары...................................................................................................72
4.5 Өндірістік жоспар............................................................................................................73
4.6 Қаржылық жоспар...........................................................................................................74
5 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ.......................................................................................................................79
5.1 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау..................................................79
5.2 Қорғаныс шаралары.........................................................................................................80
5.2.1 Өндірістік санитария.............................................................................................80
5.2.1.1 Өндірістік шағын климат.................................................................................80
5.2.1.2 Өндірістік жарықтама......................................................................................83
5.2.1.2 Өндірістік жарықтама......................................................................................89
5.2.1.4 Шу және діріл үшін талаптар..........................................................................90
5.2.2 Электр қауіпсіздігі .................................................................................................90
5.2.3 Өрт қауіпсіздігі.......................................................................................................94
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................................95
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................................................................96

Работа содержит 1 файл

n1.doc

— 6.80 Мб (Скачать)

 

Есептеулер нәтижелері бойынша  келесі қорытынды жасауға болады: 20 м антенна ұзындығы ең тиімді вариант  болып табылады, өйткені кабельге және мачтаны орнатуға шығатын аз шығындар кезінде қолйлы байланыс қашықтығымен қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 БИЗНЕС-ЖОСПАР

 

    1. Жобаның мәнісі

 

Бұл жоба GPRS және EDGE жаңа технологияларын  істегі ұялы байланыс жүйелеріне ендірумен  байланысты.

GPRS (General Packet Radio Service) – мобильді телефоннен үлкен жылдамдықпен (кәдімгі деректер тарату кезінде мобильді телефонның жұмыс жылдамдығы 9,6 Кбит/сек-ке қарсы 115 Кбит/сек-ке дейін) деректемелерді дестелік таратудың сымсыз технологиясы. Деректемелерді дестелік тарату кезінде сәйкес радиоарна тек қана ақпаратты тарату үрдісінде ғана пайдаланылады, соның арқасында оны пайдаланудың жоғары тиімділігіне жетеді. Нәтижесінде ұялы желілердің ресурстары аса тиімді қолданылады, және абонентке қолайлы тарифтеу өдісінің мүмкіндігі пайда болады, ол қосылу уақытын есептеуде емес, қабылданған және таратылған ақпарат мөлшерін есептеуге негізделген. GPRS технологиясы келесі облыстарда белсенді қолданылады: деректемелерді тарату, корпоративтік желілерге қатынау, электронды поштаны оқу және жіберу, Интернет желісіне қатынау, электронды коммерция, WAP-ресурстарына қол жеткізу. GPRS-ті Интернет желісіне шығу қажеттілігі болған кезде, бірақ оны кәдімгі сымды байланыс жолдарымен мүмкін емес болғанда (мысалы, сіз ноутбукпен жүргенде) қолдану ауысымсыз болады. Сонымен қатар, егер сымды телефонның жоқтығынан Интернетке шығуды  жүзеге асыру мүмкіндігі болмағанда үй компьютерінің қолданушыларына GPRS қызметі пайдалы болады.

GPRS жасаушылары жоғары өнімділікке  GSM технологиясына және құрылымына  елеулі өзгерістерсіз-ақ жете алды. General Packet Radio Service негізгі идеясы қазіргі цифрлық желілердің дестелік идеологиясын максималды пайдалануында жатыр. Дестелер деңгейіндегі коммутация  желіге түсетін ағымдағы жүктемеге тәуелді  пайдаланушыға қатынаулы өткізу қабілеттілігін икемді реттеуге, яғни радиожиіліктік ресурсты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. GPRS методикасына сәйкес, әр мобильді терминал өз мәліметтері үшін бір логикалық арнадан артық ала алады, сәйкесінше қосылудың өткізу қабілеттілігін  14,4 Kbps x арналар саны формуласы бойынша өсіре алады. Дестені тарату үшін радиоресурстың бөлінуі тез жүреді, кідіріс 1 секундтан аспауы керек. Осылайша, желіге үнемі қосылып тұру иллюзиясы пайда болады.

Инфрақұрылымды модернизациялау  үшін екі жаңа элемент қажет болады: Serving GPRS Support Node (SGSN) және Gateway GPRS Support Node (GGSN). SGSN мен GGSN өзара жоғары өнімді IP-желісімен байланысқан. SGSN дестелердің бағыттауды, логикалық арнаны басқаруды, аутентификация мәселесін, IMEI регистрі бойынша шифрлеу және тексеруді атқарады. Support Node GSM-нің барлық архитектуралық элементтерімен өзара әрекеттеседі: HLR(GPRS қызметіне жазылушылар жөнінде ақпаратты сақтайды) және VLR, AuC, MSC дерекқорларымен, сонымен қатар Frame Relay арқылы BCS-мен. GGSN – бұл GPRS желісін IP және Х25 сыртқы желілерімен байланыстыратын шлюз. Жоғары айтылғаннан басқа, стандартты BCS-ті дестелермен айналысуды «үйрету» үшін оған Packet Control Unit (PCU) модулін қосу қажет, ал BTS болса, ешқандай модернизациялауды талап етпейді. GPRS-ті ендіріп операторлар өздерінің желілерінің инфрақұрылымын жылжымылы байланыстың үшінші сатысының келуіне дайындайды. EDGE (Enhanced Data rates for GSM Evolution) модуляциясының жаңа әдістерін пайдалану терминалдың максималды өткізу қабілетінің шегін кеңейтеді.

 EDGE (Enhanced Data rates for Global Evolution) - GSM/GPRS-тің эволюциялық дамуы болып табылады, ол деректемелерді 473,6 Кбит/с-ке дейін жылдамқпен сымсыз таратуды қамтамасыз етеді. EDGE технологиясын ендіру оператордан елеулі техникалық жарақтандыруды талап етпейді, өйткені EDGE үшін қазіргі GSM желілеріндегі TDMA (арналарды уақытпен бөлудің көпшіліктік қатынау әдісі) кадрының сол құрылымы, логикалық арна үшін сол жиіліктік ауқым мен 200 кГц тасушы  қолданылады. Және ол үшін желілік жабдықтарда (аппараттық және бағдарламалық қамтамаларда) салыстырмалы үлкен емес өзгерістер керек. Сонымен, операторға желі топологиясын өзгерту және жаңа лицензияларды алу қажет емес.Сондықтан EDGE қызметтерін өзжелісіне ендіру үшін ұялы байланыс операторына базалық станцияларда орнатылатын арнайы модульдерді және дестелерді өңдеу үшін бағдарламалық қамтаманы алу жеткілікті. GPRS және EDGE жүйелерін қолдану кезінде ақпарат дестелерге жиналып эфирге беріледі, олар абонанттер сөйлескен кездегі әрқашан болатын аралықтардағы «бос орындарды» (берілген уақытта қолданылмйтын дыбыс арналар) толтырады.

 

    1. Жобаның сипаты

 

GPRS және EDGE технологияларын ендіру ұялы байланыс компаниясы үшін мұндай технологиялары жоқ басқа компанияларға қарағанда үлкен артықшылықтарды береді.

Қазіргі уақытта GSM арналары бойынша деректемелерді тарату келесідегідей ұйымдастырылған: абонентке жүйе дыбыс тарату үшін пайдаланатын жеке арна бөлінеді, мобильді терминалға орнатылған модем көмегімен бұл арна арқылы деректемелерді тарату жүреді, бұл кезде деректемелерді тарату аралықтарының арасында бұл арна бос емес болып қалады. GPRS және EDGE жүйелерін қолдану кезінде ақпарат дестелерге жиналып эфирге беріледі, олар абонанттер сөйлескен кездегі әрқашан болатын аралықтардағы «бос орындарды» (берілген уақытта қолданылмйтын дыбыс арналар) толтырады, ал бірнеше дыбыс арналарын бірден қолдану деректемелерді таратудың жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде абонентте деректемелерді тарату аралығында арналарды алмай, желі ресурстарын тиімді пайдаланып деректемелерді тарату мүмкіндігі пайда болады.

GPRS және EDGE технологиялары бұрын қатынаулы болмаған жаңа қызметтерді енгізуге мүмкіндік береді. Ең алдымен бұл Интернет ресурстарына тұтынушыны қанағаттайтын жылдамдықпен, тез қосылыспен және өте тиімді тарифтеу жүйесімен мобильді қол жеткізу. GPRS және EDGE технологиялары тез арада деректемелердің үлкен көлемін, видеобейнелерді, әр алуан стандарттағы музыкалық файлдарды және тағы басқа мультимедиялық ақпараттарды тарату және қабылдау мүмкіндіктерін береді.

Жаңа технологиялардың пайда болуы  деректемелерді мобильді тарату дамуын адам іс-әрекетінің барлық облыстарында тездету керек. Көбінесе бұл жаңа қызметтердің пайда болуымен байланысты. GPRS және EDGE технологиялары абоненттерге желі жаймалауы бар кез келген нүктеден глобалді желіге қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл кезде мұндай таратудың бағасы өте тартымды болады, ал бекітілген телефонды жолдарда уақытша төлемді енгізгенде, Интернетке қол жеткізу тарифі одан әрі бәсекеге қабілетті болады. Берілген технологияларды жылжымалы мониторингтің және объектілердің жағдайын бақылаудың әр түрлі мәселелері үшін өндірістік қолдану идеялары бар.

GPRS және EDGE технологияларын қолдану ұялы байланыс операторының ұсынатын қызметтерінің спектрін кеңейтеді, бұл ұялы байланыс абоненттерінің санын өсіреді және бәсекелесуші кмпанияның аодында үлкен артықшылық береді.

 

4.3 Маркетинг

 

      1. Өнім

 

GPRS және EDGE технологияларын қолдану арқылы ұялы байланыс операторы өнімді қызметтерінде әр түрлі мүмкіншіліктері бар ақпаратты тарату түрінде ұсынады. Абоненттер арасындағы байланыс сымсыз болып табылады. 2004 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қазақстаннның ұялы байланыс операторы бірлесе 1.7 млн-ға жуық абоненттерге немесе республика халқының 12% -на қызмет көрсетті. Бұл кезде тек былтырғы жыл үшін ғана мобильді байланыс операторлары 564 мың жаңа пайдаланушыларды (кету есебімен) қабылдады. Егер бұл тенденция сақталса, онда  осы жылдың аяғына дейін республикада ұялы байланыстың пайдаланушылар саны 3 млн-ға жетеді. Бұл мәліметтердің негізінде 2006 жылдың соңына қарай мобильді байланыстың пайдаланушылар саны бекітілген байланыс пайдаланушылар санынан асып түседі деп жорамалдауға болады. «Қазақтелеком» мәліметтері бойынша 2004 жылдың басында орташа алғанда Қазақстанның 100 тұрғынына бекітілген байланыстың 15 телефондық аппараты келді (қалаларда – 22, ауылдық жерлерде – 6,5).

Біздің мемелекетімізде K-Cell және Кар-Тел  компаниялары GPRS технологясын пайдаланумен WAP, MMS деректемелерді дестелік тарату қызметтерін ұсынуды коммерцияық  қолданысқа жіберді.

Осының арқасында компания жаңа абоненттердің қызығушылығын тудырып, ұсынылатын қызметтердің спектрін өсірді, абоненттердің ескі саны үшін жаңа технологиялары бар ұялы байланыс  облысында жылжу және тұрақтылық статусын сқтай отырып, бәсекелесуші компанияларға қарағанда нарықты жаулап алады.

 

      1. Баға қалыптастыру

 

Байланыстың мобильді қызметтерін  ұсынатын ұялы компанияларының баға қалыптастыруында шығындық механизм жатыр, яғни

Бқызм= ө/б+Өн,

Бқызм – ұялы байланыс операторы ұсынатын қызмет бағасы;

ө/б - өзіндік баға;

Өн - ұялы байланыс операторының өнімі.

Ал компанияның ішінде бағаның  қалыптасуы бірнеше факторларға  бөлінеді: тұтынушылар категорисыеа қарай, уақытқа және белгілі жеңілдіктерге  қарай.

GPRS және EDGE технологияларын қолданатын ұялы байланыс компаниясы қызметтердің екі түрін орнатуға мүмкіндік береді: мемлекеттік нарық реттейтін, мұнда ұсынылатын қызметтердің өзіндік құны мен бағасы төмен болады, және мемлекеттік нарық реттемейтін, мұнда компания өзі ұсынатын қызметтерге өзі белгілі тарифтерді орнатады.

Бұл жағдайда “GSM Казахстан” – K'cell және “Кар-Тел”- K-mobile екі қазақстандық ұялы байланыс операторларының ұсынатын қызметтері мен тарифтерін салыстырайық.

Кестелерде көрсетілген жуықталған аралық үшін құны көрсетілген.

8.1 кесте - K-mobilе эфирлік уақыты.

Уақыт

Қоңыраудың бағытталуы

Қоңырау құны

Жуықтау аралығы

7:00-22:00

K-mobile-дан K-mobile/ EXCESS-ке

7,26   теңге

10 сек

(жұмыс уақыт)

K-mobile-дан Қазақстан бойынша қала  телефондарына 

K-mobile-дан басқа ұялы компаниялардың  телефондарына

43,56 теңге

60 сек

22:00-7:00(жұмыс уақыт+демалыс және мереке күндері, тәулік бойы)

K-mobile-дан K-mobile/ EXCESS-ке

3,63   теңге

10 сек

K-mobile-дан Қазақстан бойынша қала  телефондарына

6,05  теңге

10 сек

K-mobile-дан басқа ұялы компаниялардың  телефондарына

36,30 теңге

60 сек


 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.2-кесте - K-cell эфирлік уақыты

Уақыт

Қоңыраудың бағытталуы

Қоңырау құны

Жуықтау аралығы

Тәулік бойы

K’cell, ActiV Қазақстан бойынша шығыс  қоңыраулары

5,01 теңге

10 сек

8:00-20:00

K’cell желісінң жаймалау аймағында  қазақстан бойынща қала нөмірлеріне шығыс қоңыраулар

6,38 теңге

10 сек

20:00-8:00 және демалыс күндері

K’cell желісінң жаймалау аймағында Қазақстан бойынша қала нөмірлеріне шығыс қоңыраулар

5,48 теңге

10 сек

8:00-20:00

Қазақстан бойынша ұялы байланыстың  басқа операторларының нөмірлеріне және K’cell желісінң жаймалау аймағынан тыс қалалық нөмірлерге

39,46 теңге

60 сек

20:00-8:00 және демалыс күндері

Қазақстан бойынша ұялы байланыстың  басқа операторларының нөмірлеріне  және K’cell желісінң жаймалау аймағынан  тыс қалалық нөмірлерге

32,88 теңге

60 сек


 

 

 

 

 

 

 

 

4.3 кесте - Ұялы оператордың кейбір қызметтері

Қызмет атауы

K-cell құны

K-mobile құны              

Сипаттамасы

Мультимедиялық хабарламаны жіберу (MMS)

16,44 теңге

------

Бір хабарламаны жіберу үшін кететін  құн

WAP

13,70 теңге

------

100 KB үшін , қадамы 10KB

Мобильді интернет

34,25 теңге 

------

1MB үшін, қадамы 100KB          (08.00 - 20.00)

Мобильді интернет

20,55 теңге

------

1MB үшін, қадамы 100KB          (20.00 - 08.00)

SMS info

8,22 теңге

8,5 теңге

Бір хабарламаны жіберу үшін кететін құн

Қысқа хабарламаларды жіберу (SMS)

8,22 теңге

7,5 теңге

Бір хабарламаны жіберу үшін кететін  құн

SMS mix (сурет, логотип немесе әуен)

54,80 теңге

54 теңге

Бір хабарламаны жіберу үшін кететін  құн


 

      1. Нарық сыйымдылығы

 

Қазаққстандағы ұялы байланыс нарығына тек 10 жыл екендігіне қарамастан (1994 жылы «Алтел» компаниясына Қазақстанда AMPS аналогтық стандартты мобильді байланысты ендіру үшін бірінші лицензия берілді), бұл сегменттің нағыз масштабты дамуы тек қана 5 жыл бұрын бірінші GSM коммерциялық желілер жаймаланғанда басталды. 1998 жылы (коммерциялық іске қосу – 1999 жыл көктемі) GSM 900 стандартында желілерді жаймалауды  «GSM Қазақстан» (1 млн-нан астам абонент) және «Кар-Тел» (450 мыңнан астам абонент), компаниялары бастады, олардың әрқайсысы үкіметтке 7.5 МГц спектрі және сайыссыз ретте қосымша 5 МГц алып ауқымды 12.5 МГц-ке жеткізу үшін $67.5 млн. төледі. Алайда қазіргі күні компаниялар тек қана 5 МГц жиілік ауқымын пайдаланады, бұл  оларды ешкімге экономикалық жағынана мақсатқа лайықты тәсілімен GSM желілерін тұрғызбай оларды жаймалаудың қажетті тығыздығын ұйымдастыру үшін аса капиталдық шығындарға соқтырды. Операторлардың иеленуінде стандартты GSM 900-дың 3/1 бөлігі ғана, ал қалған жиіліктер әскери және авианавигвциялық қызметтердің қолданысында.

Информация о работе Іс жүзінде бар жүйені талдау және техникалық