Іс жүзінде бар жүйені талдау және техникалық

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2012 в 20:43, дипломная работа

Описание работы

Бұл дипломдық жобада GSM стандарты ұялы байланыс жүйелерін жаңа GPRS және EDGE жаңа технологияларын қолданып жетілдірілуіне байланысты. Жаңа технологиялардың пайда болуы деректемелерді мобильді тарату дамуын адам іс-әрекетінің барлық облыстарында тездету керек. Көбінесе бұл жаңа қызметтердің пайда болуымен байланысты. GPRS және EDGE технологиялары абоненттерге желі жаймалауы бар кез келген нүктеден глобалді желіге қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл кезде мұндай таратудың бағасы өте тартымды болады, ал бекітілген телефонды жолдарда уақытша төлемді енгізгенде, Интернетке қол жеткізу тарифі одан әрі бәсекеге қабілетті болады. Берілген технологияларды жылжымалы мониторингтің және объектілердің жағдайын бақылаудың әр түрлі мәселелері үшін өндірістік қолдану идеялары бар.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................................................. ........7 1 Іс жүзінде бар жүйені талдау ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА.........................................................................................................................................8
Іс жүзіндегі бар жүйені талдау........................................................................................8
Жылжымалы радиобайланыс желілерінің қысқаша сипаттамасы........8
GSM стандартты ұялы байланыс жүйесінің құрылымдық сұлбасы және жабдықтарының құрамы...............................................................................10
GSM қызметтерінің жалпы сипаттамасы...............................................18
Жүйені сындық түрде талдау........................................................................................19
Қойылған мәселе бойынша ғылыми-техникалық даму тенденциялары...................20
Есептің негізделген қойылымы.....................................................................................22
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОБА.................................................................................................23
GPRS технологиясы бойынша GSM стандартты ұялы байланыс желісінің құрылымдық сұлбасын жасау................................................................................23
GPRS технологиясының жалпы сипаттамасы..................................23
GPRS технологиясының арналық құрылымы.......................................25
Хаттамалар құрылымы.................................................................................27
Деректемелерді дестелік түрде таратудың қосылуының негізгі режимдері.................................................................................................................28
GPRS жүйесінің жалпыланған сұлбасы.................................................31
GPRS сәулеті мен интерфейстері............................................................34
EDGE технологиясы.......................................................................................................35
EDGE модуляциялық сұлбасы...........................................................................41
Кодалау.................................................................................................................42
GPRS және EDGE жабдықтары.....................................................................................43
2.3.1 Alcatel шығаратын GPRS жабдығы..................................................................45
2.3.2 GPRS тіректік желі жабдығы..........................................................................45
2.3.3 Биллингтік шлюз.....................................................................................................47
3 ЖҰМЫСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА................................................................................................51
3.1 Жиіліктерді қайта қолдануды есептеу. Коченел интерференциясының
қатынасы.................................................................................................................................52
3.2 Қызмет көрсету аймағын есептеу..................................................................................55
3.2.1 Жылжымалы радиобайланыс жүйесінің базалық станциясы (БС) мен мобильді абоненттік станциясы (АС) арасындағы қашықтықты есептеу..........................................56
3.2.2 СПР параметрлері нашарлағанда жылжымалы радиобайланыс жүйесінің базалық станциясы (БС) мобильді абоненттік станциясы арасындағы байланыс қашықтығын есептеу.................................................................................................................60
3.2.3 Орталық станция (ОС) мен базалық (БС) арасындағы қашықтықты есептеу..........................................................................................................................................61
3.2.4 СПР параметрлері нашарлаған кезде орталық станция (ОС) мен базалық станция (БС) арасындағы қашықтықты есептеу.......................................................................62
4 БИЗНЕС-ЖОСПАР...................................................................................................................64
4.1 Жобаның мәнісі...............................................................................................................64
4.2 Жобаның сипаты..............................................................................................................65
4.3 Маркетинг.........................................................................................................................66
4.3.1 Өнім..........................................................................................................................66
4.3.2 Баға қалыптастыру..................................................................................................67
4.3.3 Нарық сыйымдылығы.............................................................................................70
4.3.4 Қызметтің жылжытылуы........................................................................................72
4.4 Ұйымдастыру жоспары...................................................................................................72
4.5 Өндірістік жоспар............................................................................................................73
4.6 Қаржылық жоспар...........................................................................................................74
5 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ.......................................................................................................................79
5.1 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау..................................................79
5.2 Қорғаныс шаралары.........................................................................................................80
5.2.1 Өндірістік санитария.............................................................................................80
5.2.1.1 Өндірістік шағын климат.................................................................................80
5.2.1.2 Өндірістік жарықтама......................................................................................83
5.2.1.2 Өндірістік жарықтама......................................................................................89
5.2.1.4 Шу және діріл үшін талаптар..........................................................................90
5.2.2 Электр қауіпсіздігі .................................................................................................90
5.2.3 Өрт қауіпсіздігі.......................................................................................................94
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................................95
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................................................................96

Работа содержит 1 файл

n1.doc

— 6.80 Мб (Скачать)

SGSN және GGSN түйіндері IP-маршрутизаторларын  қолданып, бір бірімен өзара әрекеттеседі. Олардың арасында мәліметтер  дестелерімен айырбастау дестелердің  инкапсуляциясын көрінбейтін режимде  қамтамасыз ететін,  туннельді  GTP(GPRS Tunnel Protocol) хаттамасын қолдануымен магистраль жолы бойынша жүзеге асырылады. Жаңа енгізілген GPRS түйіндері  IP-хаттамасы базасының желілік инфрақұрылымының өсуі үшін берілген. Оларды орналасуы әр түрлі болуы мүмкін: олар желілік құрылымың бір түйінінде (GSN) қосылуы немесе желі бойынша үлестірілуі мүмкін. GSM/GPRS бірлескен желісін құрудың осындай реті операторға бастапқы минимальді шығында SGSN және GGSN түйіндердің аз санымен үлкен емес желі сегментінде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

SGSN және GGSN бір GSN (GPRS Support Node)түйінінде орналасқан кезде, олар Gn-интерфейс арқылы өзара әрекеттеседі. Олардың әр түрлі PLMN желілерінде орналасу жағдайында олардың арасында байланыс Gр интерфейсі арқылы орындалады (сурет 10.9). Gр интерфейсі Gn-ден айырмашылығы - Gр Gn-интерфейсінің барлық функцияларын ғана орындамай, және де әр түрлі PLMN арасында желіаралық қосылулыларды қондырған кезде қажет қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді. Интерфейстер сипаттамалары төменде көрсетілген. GSN тіреу түйіні мәліметтердің байқаумен және түзетумен қысуды қамтамасыз етеді. Осыдан басқа, GPRS үшін GSM қауіпсіздігінің көптеген функциялары мен криптоқорғау хаттамаларын қолдайды. GSN тіреу түйіндері SGSN сервистік түйіні мен қысқа хабарламалар орталығы арасында Gd интерфейсі бойынша қысқа хабарламалар SMS транспорты жүзеге асырылуы мүмкін. GPRS және GSM трафигінің координациясы SGSN сервистік түйін және MSC/VLR арасында GS интерфейсі бойынша жүзеге асырылады.

GSM/GPRS бірлескен желісінде әрбір  абонент HLR орналасу үй регистрі  көмегімен бір немесе бірнеше SGSN қызмет көрсетілетін түйіндерімен «бекінеді». SGSN түйіні Gr интерфейсі арқылы HLR регистрімен өзара әрекеттесіп абоненттер туралы мағлұмат сұрата алады.

Абоненттер туралы мағлұматты GGSN шлюздік  түйіні де, Gc интерфейсі арқылы да оналасудың негізгі HLR регистрімен өзара әрекеттесіп сұрата алады. PDN сыртқы желісі мен GSM/PLMN желісі арасындағы байланыс Gi интерфейсі арқылы GGSN көмегімен қолданады.

GPRS қысқа хабарламмалардың (SMS) өте  тиімді жеткізу үшін қолданылуы  мүмкін. Бұл мақсатпен кіріс (SMS-GMSC) және шығыс (SMS-IWMSC) хабарламаларды тарату кезіндегі GSM желісіндегі желіаралық өзара әрекеттік және қысқа хабарламалар сервис-орталық (Short Message Service Center SM-SC) функцияларын орындайтын, SGSN мен шлюздік MSC арасындағы Gd интерфейсті ұйымдастырады.

    PCU дестелермен басқару блогы BSS ішкі жүйесінің модернизациясы болып табылады және радиоресурстарды көрсету функциясына да жауап береді. Осымен базалық станциясының контроллері арналар коммутациясы режимінде қолдану үшін белгілінген радиоресурстармен басқарады, ал PCU  GPRS трафигі үшін радиоресурстарды басқарады. PCU функциясына арналарға қатынауды басқару, олардың байланысы және де дестелердің сегментациясы мен қайта қалпына келтіру кіреді.

Арналардың кодек блогы CCU  BSS ішкі жүйесінің модернизациясы болып табылады және кодтаудың, қуаттылықтың басқару және синхрондау процедурасының жаңа сұлбалары жүзеге асырылады. Бастапқыда көптеген операторлар CS1 және CS2 кодектерін енгізеді, өйткені тек қана BTS бағдарламалық қамтамасы ғана модернизациясы қажет, сол уақытта CS3 мен CS4 кодектері BTS-тің модификациясы қажет етеді.

GPRS функциясын қолдау  үшін жаңа 9 интерфейс арналған: мәліметтерді  тарату мен сигналдау Gb , Gn, Gi, Gp, Gd итерфейстері және Ga, Gs, Gf сигналдау интерфейстері. 10.2-сретінде көрсетілген, эталонды GPRS моделі негізгі желілік GSM мен GPRS элементтерін және олардың арасындағы интерфейстерді көрсетеді.

Ga нтерфейсі -  CDR-ді таратын және CDR-ді қабылдайтын блоктар арасында тарификацияланған мәліметтерді жинау интерфейсі (яғни,  SGSN немесе GGSN және CG арасында).

Gi интерфейсі - сыртқы PDN желілерімен және GSN/GPRS желісі арасындағы эталондық нүкте болып табылады.  GPRS және PDN операторлары өзінің желілерін қосу үшін қолданатын, төменгі деңгейінде тарату технологиясын келісіп алу қажет. GPRS-тің әрекетті стандарттары X.25,  IPv4, IPv6 хаттамалары бойынша өзара әрекеттігі арналған.

Gn интерфейсі - сыртқы желісінінен GGSN-нен SGSN-ге, оның берілген уақытта қызмет көрсету аумағында алынған мәліметтер дестесін тарату үшін қызмет етеді. Пайдаланушы мәліметтері сыртқы желі PDN мен жедел әрекетті станциясы GPRS арасында көрінбей таратылады. Ол үшін   Gn интерфейсіне арнайы дестелерді құру және туннельдеу болатын әдістер қолданылады. Gn - екі PLMN шегіндегі екі түйіндер GSN арасындағы интерфейс.

  Gb интерфейсі - SGSN-ді BSS-пен (PCU) қосу үшін және GPRS жедел әрекетті станциясынан логикалықбайланысты басқару үшін қызмет етеді. PCU блогы радиоинтерфейс арқылы тарату кезінде пайдаланушының мәліметтер дестесі көрсетілуі тиіс қызмет көрсетудің сапалық белгісімен нұсқаулар қабылданады.

Gp және Gd интерфейстері опциональді болып табылады және әр түрлі желілердіің SGSN арасында және SGSN мен сәйкесінше SMS (SMS -GMSC/SMS-IWMSC) шлюзі арасында қолданылады. Gp - әр түрлі PLMN-да болатын, GSN екі түйіні арасындағы интерфейс. Gd - SMS-GMSC мен SGSN түйіндері және SMS-GMSC мен SGSN түйіндері арасындағы интерфейс.

Айтылған интерфейстерге пайдаланушылық мәліметтерді тарату және сигналдау үшін қолданылатын төрт таза сигналды интерфейс анықталған:

SGSN түйін мен HLR регистрі арасындағы Gr интерфейсі - осы төрт интерфейстердің міндеттісі. Егер абонент SGSN қызмет көрсету аумағында болып қалса, онда SGSN Gr интерфейс көмегімен HLR-ден абонет туралы ақпаратты сұратуға боады.

GGSN түйін мен HLR регистрі арасындағы Gс интерфейсі GGSN-ге бірінші дестелік мәліметтерігің түсу кезіндегі абоненттің ағымды орналасуын сұрату үшін қызмет көрсетеді. Gс интерфейсі жоқ болған кезде,    SGSN-ге Gn интерфейсі арқылы сұрату жібере алады, ол одан кейін Gr интерфейсі арқылы HLR-ге сұратуды қайта жбереді. Содан кейін HLR  SGSN-ге маршрутизация ақпаратын жібереді, ол оны GGSN-ге өткізеді.

SGSN түйін мен ЕІR регистрі арасындағы Gf интерфейсі - онша қажет емес, өйткені EIR регистрі кез келген GSM желісінде опцональді элемент болып табылады.

Gs интерфейсі MSC/VLR мен SGSN-ді байланыстырады және жалпы процедура, мысалы, орналасудың жартылуы үшін қолданылуы мүмкін. егер Gs интерфейсі жоқ болса, онда жаңартылу процедуралары радиоитерфейс арқылы орындалады. Gs интерфейсін қолдану радиоинтерфейс ресурстарын қорғайды.

R – біріккен ISDN - емес жабдықпен  жедел әрекет терминал арасындағы  бақылаушы қатынау нүктесі. Ереже  бойынша, бұл нүкте стандартты  тізбектелген интерфейсті қолдайды.

Um - MS жедел әрекетті станциямен фиксирленген  GPRS желіснің бөлігінің арасындағы итнтерфейс.  Um - MS радиоарнасы бойынша мәліметтер дестесін тарату қызметін қамтамасыз ету үшін GPRS желісінің интерфейсі.

 

2.2 EDGE технологиясы

 

EDGE (Enhanced Data rates for Global Evolution) ғаламдық эволюция үшін деректерді тарату жылдамдығын арттыру технолгиясы болып табылады. GSM стандарты үшін EDGE технологииясы 1997 ж басында ETSI SMG тобымен ұсынылды.

GSM стандарттарының негізінде жасалған жаңа EDGE радиоинтерфейсі тасушыға келетін деректер тарату жыдамдығын 384кбит/с-ке дейін өсіруге мүмкіндік бере отырып үшінші сатыға біртіндеп өтуін қамтамасыз етеді. Фаза 1 негізгі мәселесі – минималды инвистициялармен деректерді тарату жылдамдығын өсіру. Бұл кезде жаңа интерфейс GSM радиоқатынаудың іс жүзіндегі сұлбасының үстіне, GSM/GPRS желілерінің инфрақұрылымының трансформациясын талап етпей құрылады, және сол спектрлік ауқымды қолданады.

EDGE екінші кезеңі (фаза 2) нақты уақыттағы қызметтердің модернизациясына, дыбысты тарату сапасын жақсартуына, VoIP және video-over-Ip қолдауына бағытталған. Б,р уақытта дыбыс пен деректерді тарату көзделеді.Радиоарнадағы жылдамдықты 2 Мбит/с-ке дейін өсіруі жорамалданады.

EDGE-де екі қызмет ұйымдастырылады: EGPRS (Enhanced GPRS) жетілдірілген дестелік тарату қызметі және ECSD (Enhanced Circuit Switched Data) жетілдірілген арналарды коммутациялау қызметі. GSM-ге қарағанда ECSD үшін таратудың бір арнаға келетін жылдамдығы 38,4 кбит/с-ке дейін өсіріледі, және EGPRS ішін 69,2 кбит/с болады.

 2.6 сурет - EDGE жүйесінің жалпыланған жүйесі

 EDGE радиоинтерфейсі GSM радиоқатынаудың іс жүзіндегі сұлбасының үстіне құрылады жаңа желілік элементтерді жасауды талап етпейді. Ол GSM-нің басқа қызметтерімен, сонымен қатар HSCSD және GPRS-пен сыйысымды болады. Бұдан басқа EDGE технологиясы 450, 900 және 1800 МГц жиіліктік ауқымда жұмыс істейтін GSM желілерінде қолдануға жарамды.

Осылайша клиенттік терминал тұрғыдан EDGE технологиясының ендірілуімен ештеме өзгермеуі керек. Алайда базалық станцияның инфрақұрылымы аса мәнді емес кейбір өзгерістерге ұшырайды. Деректерді тарату үшін өткізу қабілеттің өсуімен басқа, EDGE-дің ендірілуі ұялы байланыс желісінің сыйымдылығын арттырады: бір тайм-слотқа енді пайдаланушыладың көп санын орналастыруға болады.

2-кстеде EDGE және GPRS технологияларының әр түрлі техникалық сипаттамалары көрсетілген. EDGE және GPRS-те уақыт бірлігінде символдардың бірдей мөлшері жіберілсе де, басқа модуляциялық сұлбаны қолдану арқасында EDGE –де деректердің бит саны үш есе көп болады.

 

2.2 кесте - EDGE және GPRS салыстырмалы сипаттамалары.

 

GPRS

EDGE

Модуляциялық сұлбасы

GMSK

8PSK/ GMSK

Символдарды тарату жылдамдығы

Секундына 270 мың

Секундына 270 мың

Өткізу қабілеті

270 кбит/с

810 кбит/с

Бір тайм-слотқа келетін  өткізу қабілеті

22,8 кбит/с

69,2 кбит/с

Бір тайм-слотқа келетін  тарату жылдамдығы

20 кбит/с

59,2 кбит/с

8 тайм-слотты қолданғандағы  өткізу қабілеті

160 ( 182,4) кбит/с

473,6 (553,6) кбит/с


 

 

2.2.1 EDGE  модуляциялық сұлбасы

 

GSM стандартында GMSK (Gaussian minimum shift keying – минималды жылжытылуы бар гаусстық модуляция) қолданылады, ол фазалық модуляцияның бір түрі болып табылады. GMSK принципінің сұлбасының принципін түсіндіру үшін 2-суреттегі фазалық диаграмманы қарастырайық, мұнда комплекстік сигналдық нақты (І) және жалған (Q) бөліктері көрсетілген. Таратылатын логикалық «0» мен «1» фазалары бір-бірінен π фазасы бойынша ерекшеленеді. Уақыт бірлігінде таратылатын әр символ бір битке сәйкес келеді.

EDGE технологиясында 8PSK (8-phase shift keying – фазаның жылжуы π/4-ке тең) модуляциялық сұлбасы қолданылады. GSM/GPRS-тегідей жиіліктік арналар құрылымының, кодалаудың және жолақтар кеңдігінің спецификацияларын қолданады. Сәйкесінше, көршілес жиіліктік арналар GSM/GPRS-тегідей дәл сол бөгеуліктерді тудырады. Символдар арасындағы фазаның аз жылжытылуы детектрлеу мәселесін әсіресе сигнал деңгейі жғары болмаса қиындатады.

  2.8 сурет - EDGE-де қолданылатын модуляция әдістері

 

2.2.3 Кодалау 

 

EDGE технологиясы үшін кодалаудың тоғыз сұлбасы әзірленген: MCS1..MCS9, сәйкесінше олар қателіктерді түзету үшін арналған. Төмен MCS1..MCS4-те GMSK модуляциялық сұлбасы қолданылады, ал жоғары MCS5..MCS9-да 8PSK модуляциялық сұлбасы қолданылады. 2.8-суретте әр түрлі модуляциялық сұлбаларды әр түрлі кодалау сұлбаларымен қолданғанда деректерді тарату жылдамдығының тәуелділігі көрсетілген. Қабылдау жағдайлары неғұрлым нашар болса (сигнал/шуыл қатынасы), соғұрлым әр түрлі дестеге артықтық ақпаратты салу керек болады, соның салдарынан тарату жылдамдығы төмендейді.

2.9 сурет - GPRS және EDGE-дегі әр түрлі кодалық сұлбалар

Егер сигнал/шуыл қатынасы үлкен емес болған жағдайларда EDGE жоғары модуляциялық сұлбаларында «беттестіру» процедурасы көзделген: өйткені стандартжиілік ауқымы ішінде әр түрлі тасушыларда дестелер тобын жібере алады, олардың әрқайсысы үшін шарттар әр түрлі болады. GPRS-тің қателерді түзету алгоритмі қолданылмайтын MCS4 жоғары кодалық сұлбасына қарағанда, EDGE-де MCS7, MCS8, MCS9 деректердің әр түрлі блоктары бірбіріне беттестіріледі, сондықтан топтардың бірі ақауланса, қайта жіберуге дестелердің жартысы ғана жатады.

2.10 сурет - EDGE-де дестелер тобын беттестіруді қолдану

Егер қандай да бір себептер бойынша кодалаудың жоғары сұлбалар көмегімен жіберілген десте дұрыс қабылданбаса, EDGE оны төменгі кодалық сұлбалардың көмегімен қайта жіберуге мүмкіндік береді. GPRS-те ресегменттеу деп аталатын мұндай мүмкіншілік көзделмеген.

 

2.3 GPRS және EDGE жабдықтары

 

Қазіргі уақытта Siemens, Alcatel, Ericson, Motorola және т.б сияқтв телекоммуникация жабдықтарының жетекші өндірушілері шығаратын GPRS жабдығының кең спектрі ұсынылған. Ұсынылған жабдық сәйкес ETSI спецификациясын жүзеге асырады, және шетел мен отандық операторлардың іс жүзіндегі желілерінде қолданылады. Алайда, GPRS жабдығын жүзеге асырудың кейбір техникалық аспектілері бар, олардың арасыеда PCU дестелерінің контроллерлерін базалық станцияның ішкі жүйесіне интеграциялау әдісін белгілеген жөн. Қазіргі уақытта PCU-дің BSS-ке екі нұсқасы жүзеге асырылады:

  • бөлінген PCU блогы;
  • базалық станцияның контроллеріне интеграцияланған PCU.

Жабдықты ұйымдастырудың бірінші нұсқасы ретінде Alcatel жабдығын, ал екінші нұсқасы ретінде Ericson жабдығын қарастыруға болады.

 

2.3.1 Alcatel шығаратын GPRS жабдығы

 

2.11-суретте Alcatel жабдығының негізінде GPRS-ті жүзеге асыру сұлбасы берілген.

Информация о работе Іс жүзінде бар жүйені талдау және техникалық