Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 09:33, курсовая работа

Описание работы

Адам өмірінің рухани саласының бірі - эстетикалық тәрбиенің атқаратын қызметі айырықша. Эстетика дегеніміз түпкі тегінде дүние танудың бір түрі. Эстетика - өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. "Эстетика" гректің "эстезис" деген сөзі екендігі бізге мәлім. Ол сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Адам баласында эстетикалық сезім болады, бұл сезім оның моральдық және адамгершілік бейнесіне асыл қасиет беріп түрады. Ал адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен кызметінің барлық саласынан, (әсіресе өнерге көзқарасынан) көрінеді.

Содержание

Кіріспе

1-тарау. Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері.

1.1. Бастауыш сыныптағы эстетикалық тәрбиенің принципі мен жүйесі

1.2. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудегі табиғат пен өнердің ролі

1.3. «Ата – баба жолы» дәстүрінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы.

2-тарау. Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары.

2.1. Эстетикалық тәрбие бойынша сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.

2.2. Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбие берудің құралдары, жолдары, әдістері, формалары.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері..doc

— 133.50 Кб (Скачать)

Көркем әдебиет және тарих пәндері тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытады. Олар қоғамдық өмірдің,адамдардың өзара қарым-қатынасының, еңбектік эстетикасын тануға үйретеді. Биология, георафия, химия, физика сабақтарында табиғи құбылыстардың бай эстетикалық құндылықтары жайында мағұлматтар алады. Сонымен бірге биология, география сабақтарында пейзаждық кескіндеме шығармалары тұлғаның эстетикалық дүниетанымы мен санасын, қабілетін дамытады. Бейнелеу өнеріі сабақтарында  тұлғаның эстетикалық көқарасы, талғамы тәрбиеленіп, эстетикалық мұраттың орнығуына аса зор ықпал етеді.

Университеттік оқу жағдайын эстетикалық мәдениет тұрғысынан ұйымдастыру мәселесіне мәдени мұраны, тарихты, дәстүрді де меңгерудің маңызы ерекше. Мұндай көқараста оқушылардың ғылыми дүниетанымының қалыптасуына, сезім мүшелердің желілуіне ықпал етіп, үнемі көркемөнерден сүйсіне әсер алуына мүмкіндік туғызады, оларды рухани-мәдени құндықтарын бағалай және бағдарлай білуге қабілетті етеді. Сондықтан бүгінде оқу процесінде эстетикалық және көркемөнер саласынан білім берудегі әлі де болса кездесетін «қалдық» принципін жоюды қажет етеді. Соған орай педагогтар қауымы оны тек эстетикалық және көркемөнер пәндерінде ғана тиісті деген тар шеңбердегі ойдан арылу тиіс. Барлық оқу пәндерінің мазмұын педагогикалық заңдылық болып табылады.

Атап айтсақ, тарх әнінің оқытушысы мысалы, антикалық немесе қайта өрле\у дәуірінің тамаша өнерін тек қана иллюстративтік материал ретінде ғана қолдануы міндетті емес, сонымен бірге сол дәуірдегі өнер шығармаларының классикалық маңызын, оның мәңгілік әсемдігін көрсетуі тиіс. Немесе география пәнінң оқытушысы оқушылардың көңілін адамдардың қолымен жасалған ландшафтың эстетикалық мәдениетіне аударуы тиіс. Биология пәнінің оқытушысының тұрақты міндеттерінің бірі ретінде оқушылардың көңілін табиғаттың таңғажайы сұлулығы мен тамаша көрінісіне көңіл бөліп отыруды қажет етсе, ал математка пәні мұғалімдерінене оқушылардың санасына логикалық-математикалық  операциялардың әдемілігін жеткізуді және дәлелдеуді қажет етеді.

Осыған қарғанда, күні бүгінге дейін оқу әндерінің эстетикалық мүмкіншіліктері таусылмақ емес, қайта күшейе түсуде. Сондықтан барлық оқу пәндеріне қатысты оқу бағдарламаларын жасау барысында оқу мазмұының эстетикалық аспектілерін пайдалану мүмкіншіліктері міндетті түрде тепе-тең жағдайда ойластырылуы қажет. Олай дейтініміз, бүгінде кез-келген тұлғаны қалыптастыру роцесінде оқытудың эстетикалық-гуманитарлық мазмұынынынң мүмкіншіліктері барлық жағдайда толық пайдаланылмауды. Оның ықпалын кеңейту үшін, ол оқу – тәрбие пооцесінің барлық кезеңдерінде, оқушылар ұжымының барлық өміріне берік еніп, әрбір педагогтың оқу-тәрбие әрекетінің мызғымас компонентіне айналуы тиіс. Себебі, оқытудың эстетикалық аспектісі көбінесе оқытушының эстетикалық ықпалымен тығыз сипатталады. Оқытушының эстетикалық ықпалы оқушының тұлғалық тұтастығына негізделіп, тәрбиеші-ұстаз ретінде оның жауапкершілігімен тығыз абйланыста болып келеді.

Олай болса, эстетикалық аспект оқыту принципі ретінде барлық оқу әндерінің қолдауына сүйенуі тиіс.



Информация о работе Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары