Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 09:33, курсовая работа

Описание работы

Адам өмірінің рухани саласының бірі - эстетикалық тәрбиенің атқаратын қызметі айырықша. Эстетика дегеніміз түпкі тегінде дүние танудың бір түрі. Эстетика - өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. "Эстетика" гректің "эстезис" деген сөзі екендігі бізге мәлім. Ол сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Адам баласында эстетикалық сезім болады, бұл сезім оның моральдық және адамгершілік бейнесіне асыл қасиет беріп түрады. Ал адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен кызметінің барлық саласынан, (әсіресе өнерге көзқарасынан) көрінеді.

Содержание

Кіріспе

1-тарау. Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері.

1.1. Бастауыш сыныптағы эстетикалық тәрбиенің принципі мен жүйесі

1.2. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудегі табиғат пен өнердің ролі

1.3. «Ата – баба жолы» дәстүрінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы.

2-тарау. Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары.

2.1. Эстетикалық тәрбие бойынша сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.

2.2. Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбие берудің құралдары, жолдары, әдістері, формалары.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері..doc

— 133.50 Кб (Скачать)


                                          Мазмұны

  Кіріспе

 

1-тарау.  Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-теориялық  негіздері.

 

1.1.           Бастауыш сыныптағы эстетикалық тәрбиенің принципі мен жүйесі

 

1.2. Бастауыш сынып оқушыларына  эстетикалық тәрбие берудегі   табиғат пен  өнердің ролі

 

1.3.  «Ата – баба жолы»  дәстүрінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін  қалыптастырудың маңыздылығы.

 

2-тарау. Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары.

 

2.1. Эстетикалық тәрбие бойынша  сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.

 

2.2. Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбие берудің  құралдары, жолдары, әдістері, формалары.

 

Қорытынды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

Қосымша.

 

 

 

 

Кіріспе

              Адам өмірінің рухани саласының бірі - эстетикалық тәрбиенің атқаратын қызметі айырықша. Эстетика дегеніміз түпкі тегінде дүние танудың бір түрі. Эстетика - өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. "Эстетика" гректің "эстезис" деген сөзі екендігі бізге мәлім. Ол сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Адам баласында эстетикалық сезім болады, бұл сезім оның моральдық және адамгершілік бейнесіне асыл қасиет беріп түрады. Ал адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен кызметінің барлық саласынан, (әсіресе өнерге көзқарасынан) көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулыкты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, кастерлей білетін боладьі.

Ұлы сыншы В.Г.Белинский былай деп жазған: "Әсемдікті сезіну -адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін,  тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да Отан үшін қүрбандық ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады, оның бар ауыртпалығына белі қайыспайды. Мүнсыз, бүл сезімсіз, даналық жоқ, талант жоқ, ақыл-парасат жоқ, өмірдің үй ішіндегі қамына өзімшіліктің ұсақ-түйек есептеріне қажетті құнсыз "акылгөйсу" ғана қалады.  Кімде-кім би музыкасына ғана елең етсе, елең еткенде жүрегімен емес, аяғымен елең етсе, музыка оның жан жүйесін  елжіретіп, жүрегіне от салмаса, кімде-кім көркем суретті бөлменің ішін безендіруге ғана жарамды галантереялық бүйым деп қараса, оның тек бояуына ғана таңданса, кімде-кім өлеңге жастайынан құмартпаса, кімде-кім драманы тек театр пьесасы деп, ал романды еріккенге ермек ертегі деп білсе - ол адам емес ... эстетикалық сезім - жақсылықтьң негізі, адамгершіліктің негізі" / 1, 120-б /

Мектеп балаларының эстетикалық  мәдениетінің  даму деңгейі біркелкі емес. Мектеп балалары табиғаттағы, өнердегі, білімдегі және  еңбектегі әсемдікті  көре де біршама терең  толғана алады.  Олар барлық асқақ ойлар мен ерлікке құштар. Алайда олардың  өнер мен көркемдік  творчество жөнінде  білімдері аз. Олардың эстетикалық мәдениетінің дамуындағы  жас ерекшеліктері де байқалады: кіші мектеп  балалары табиғаттағы әсемдікке, жеткіншектер өнерге аса қызықса, ересек мектеп балаларын  мінез-құлық қарым қатынасы эстетикасы, адамның сыртқы келбеті және оның ішкі дүниесі көбірек қызықтырады. Оқушылардың эстетикалық мәдениетінің даму деңгейңндегі теңсіздікті мақсатты бағытталған эстетикалық қабылдау жолымен шешуге болады. Қазіргі педагогика бұл мәселені шешуде адамның бірдей, тұтас мәнін түсінуден, оның өмірінің барлы; ақыл-ой, идеялық, адамгершілік және эстетикалық жағынан өзара байланыстылығын негізге алады. Осы барлық жақтардың үндестіпен дамуы – жеке адамның өркендеп өсуінің маңызды шарты. Білім және бейнелі ықпал жасау жүйесі арқылы өсіп келе жатқан адамдарға,  Отанға, мәдениеттің өмірде қайталанбас бағалы заттарына деген дұрыс көзқарасты қабылдайды, өз бойына сіңіреді, жетілдіреді. Жеке адамның дамуының тұтас процесінде қандай да бір бастаманы жете бағаламаушылық, немесе керіснше, асыра бағалаушылық бірдей, зиянды.

              Эстетикалық сезімдерді, мұраттарды, талғамдарды, бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудың қуатты  факторы болып табылады, жеке  адамды идеологиялық күреске белсенді қатысу үшін шыңдайды.

              Жеке адамды жан-жақты дамытудаңы  эстетикалық тәрбиенің мәнін, рролін және алатын орнын кеңінен түсіну педагогикада көптен бері келе жатқан дәстүр. Мұндай түсініктің негіздерін  А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий қалаған болатын . Біртұтас еңбек мектебі туралы  декларацияда -   педагогиканың бұл манифестінде  - эстетикалық білім алу деп оңайлатылған бірдеңені, балар өнерін оқыту емес, сезім мүшелері мен творчестволық қабілетті үнемі дамыту, әсемдікке  рахаттану мүмкіндіктерін  ұлғайтып, оны  өздері жасай білу деп  түсінген. Бұл элементі жоқ еңбек пен ғылыми білім алу бұл документте «жансыздандырылған» нәрсе деп көрсетілді.

              Эстетикалық тәрбиенің алғашқы жетістіктерін пайдалана отырып, А.С.Макаренко талай тәжірибелер жасады, олар оған эстетикалық тәрбиенің шеңберін ұлғайтып, оны өнер құралы ретінде ғана емес, сондай ақ еңбекте, ойында, тұрмыста, тәрбиеленушілер коллектівтерінің қарым-қатынасында  қолдануға мүмкіншілік берді.

1-тарау. Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің  ғылыми-теориялық  негіздері.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында    «жоғары білім берудің мақсаты-жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, мамандық таңдауға кеңінен мүмкіндік беру» делінген.

Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани – эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі- қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ маманның игеруі.

              Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының «заттанған» көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі- қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарында эстетикалық тәлім - тәрбие жатқанына көз жеткіземіз. Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұғылады (қабылданады). Екіншіден, уақыт арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды. Үшіншіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа «ата жұрт», «атамекен»,  «елім-жерім», «туған өлке» ұғымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті жөніндегі түсініктері ұлғаяды, ақыл-ой, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-сезім, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады.

              Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ж. Баласағұни, т.б.), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев т.б.), шетел психолог-педагогтері (Н.Крупская, А.Луначарский, П.Блонский, Д:Лихачев, С.Шацкий, Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Бакушинский т.б.) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған.

              Бүгінгі таңда педагог ғалымдардың қазақ қолданбалы өнері және эстетикалық тәрбие теориясы мен тәжірибесінің зертттеліп отырған кезеңдегі жәй-күйін, өзіне тән ерекшеліктері ғалымдар: А. Жүнісбаева, Б.Әлмұхамбетов, Ә.Қамақов, Ж.Балкенов, Е.Асылханов, Қ.Ералин, Қ.Ижанов, Ұ.Ибрагимов, З.Ахметова, Қ.Болатбаев, С.Ұзақбаева еңбектерінде арнайы зерттелген.

              Ғалымдар еңбектерінің негізгі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады. Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.

              Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызыметінің барлық саласынан (әсіресе өнерге көзқарасынан) көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В.Белинский былай деп жазған: «Әсемдікті сезіну- адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін…, тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да Отан үшін құрбан ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады, …эстетикалық сезім жақсылықтың негізі, адамгершіліктің негізі ». Яғни, эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу- ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.

              Эстетикалық сезім- адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған рухани қасиеттерінің бірі. Ұлы ақын М.Жұмабаев «Жаратылыстың, һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, …сұлу ай, жұлдызды түн, міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері … адам жанына бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды. … Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие қылуына тиісті…» деп адамдардың өмірдегі, өнердегі сұлулық пен ұсқынсыздықты дұрыс қабылдауы, түсінуі мен сезінуі эстетикалық тәрбиенің басты міндеті екендігін ескертеді. Демек, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу, дүниедегі әдемілік атаулыны бағалауға және өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.

              Эстетикалық тәрбие беруде көзқарас пен таным ынтымақтыққа, бірлікке, еркіндікке, адалдыққа, шыншылдыққа, патриоттылыққа, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелейді. Эстетикалық сезім мен қабылдауда қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының мазмұндық ерекшеліктері туған ел, туған жер, атамекен, атақоныс, жер-су, мәңглік пен бүгінгілік, тағдыр, т.б. ұғымдарды қалыптастыратынын ұғып-түсінеді. Эстетикалық баға беру мен пайымдау қолданбалы өнерінің тарихи даму ерекшеліктерінен білімін меңгертуде  жас жеткіншектердің ақыл-ойын, рухани дүниетанымын, бабалар мұрасына деген қызығуын арттырады. Эстетикалвқ белсенділік өздігінен ізденуге жол ашады, қолданбалы өнер бұйымдарын жасай білуге, олар қоршаған орта табиғат құбылыстарын абстрактілі бейнелей білуге, бабалар мұрасын ұрпақтар мұратына айналдыруға өз үлесін қосуға талпындырады.

              Демек, эстетикалық тәрбие үрдісінде қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарын пайдалану ақыл-парасаттылық (рационалды) және сезім (эмоционалды) элементтерінің өзара байланысын қалыптастырады. Педагогикада бұл мәселені шешуде адам ақыл-ойы мен адамгершілігінің әсемдікке бой ұруы және эстетикалық сезімдерінің өзара байланыста екендігін негізге алады.

              Бүгінде жеке тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімін жетілдіруде қазақ қолданбалы өнері негізінде эстетикалық  тәрбие берудің  мүмкіндігі ерекше.

1.Өнер арқылы қоршаған орта, табиғат сұлулығынан ләззат алу, оны сезінуге, шын көркемдіктен жалған көркемдікті ажырата білуге, яғни сұлулықты қабылдауға, түсінуге талпындырады, жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастырады.

2.Эстетикалық тәрбие беруде ұлттық өнердің кеңістік пен уақыт тұрғысынан танымдық-тәрбиелік маңызын және болашақ мұғалімдерді осы игі істерге баулу, сөз жоқ, бүгінгі педагогикалық білімді ізгілендіріп, жаңа сапаға көтереді.

Эстетикалық тәрбие оқушылардың көркемдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге себепкер болады, эстетикалық мұраттарды қалыптастырады, оларға әсемдікті түсінуді, бағалауды және жасауды бойға сіңіруге, нағыз көркем шығармаларды өнердегі әр түрлі жасанды боямадан ажырата білуге, айналаны қоршаған өмірдегі сорақы құбылыстарға, жағымсыз қылықтарға төзбестікпен қарауды дамытуға көмектеседі.

 

 

 

 

 

1.1.           Бастауыш  мектептегі эстетикалық тәрбиенің принципі мен жүйесі

              Өмір мен өнердегі  тамаша өсімдікті  көру, сезіну, түсіну жәнен жасай білу өзінен-өзі келе қалмайды. Бұл қабілеттіліке  мақсат көздей отырып тәрбиелеу керек.  Радио, кино, әсіресе  теледидар сияқты бұқаралық  құралдарының дамуына байланысты – мектеп эстетикалық тәрбие берудегі  өзінің мәнін  жойды деген пікір оын ала бастады. Алайда  соңғы жылдардағы  зерттеулер  мұның  олай емес екенін дәлелдеп берді.

Педагогикалық дұрыс  ұйымдастырылған хабарлар,  оқушылардың көркемдік талғамы мен баға бере білуінің  қалыптасуын анықтайды. Бастауыш мектеп оқушылардың көркемдік талғамын  қалыптастыру  жөніндегі жұмысты  мақсат ете отырып, олардың оқуының ақырғы күніне дейін  жүргізу тиіс. Бұл жұмысты тоқтатып тастау талғай білудің тұрақсыздануына әкеліп соғады да, оқушылардың өнер шығармаларына  дұрыс баға беру қабілетін төмендетеді.

              Алайда, егер эстетикалық тәрбие белгілі бір жүйеден жүргізілген болса, ондай жағдайда мектеп өз фунциясын орындайды.  Эстетикалық тәрбие жүйесі деген түсінікке жеке адамның қалыптасуын қамтамасыз ететін мақсат бірлігі, мазмұны, принциптері, ұйымдасқан түрлері, әдістері енеді.

Информация о работе Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары