Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 09:33, курсовая работа

Описание работы

Адам өмірінің рухани саласының бірі - эстетикалық тәрбиенің атқаратын қызметі айырықша. Эстетика дегеніміз түпкі тегінде дүние танудың бір түрі. Эстетика - өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. "Эстетика" гректің "эстезис" деген сөзі екендігі бізге мәлім. Ол сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Адам баласында эстетикалық сезім болады, бұл сезім оның моральдық және адамгершілік бейнесіне асыл қасиет беріп түрады. Ал адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен кызметінің барлық саласынан, (әсіресе өнерге көзқарасынан) көрінеді.

Содержание

Кіріспе

1-тарау. Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері.

1.1. Бастауыш сыныптағы эстетикалық тәрбиенің принципі мен жүйесі

1.2. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудегі табиғат пен өнердің ролі

1.3. «Ата – баба жолы» дәстүрінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы.

2-тарау. Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары.

2.1. Эстетикалық тәрбие бойынша сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.

2.2. Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбие берудің құралдары, жолдары, әдістері, формалары.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері..doc

— 133.50 Кб (Скачать)

В.А. Сухомлинский атап көрсеткендей идеологиялық тәрбие, этетикалық тәрбие және сезімді тәрбиелеу арасында өзара байланыс бар: «Идеологиялық тәрбиенің негізгі элементтерінің бірі ретінде, адамдардың эмоциялық-этетикалық бғалауы қоршаған өмірді тануда адамның терең сезіміне байланысты болып келеді. Мұндай сезімге қуаныш сезімі, масаттану, таңқалу, қайғыру, қапалану, бір нәрсенің қамын ждеу, ұялу, ашулану, ыза кернеу, қаһарлану, абыржу, қысылу, ұжданы алдында азап шегу, опыну, қиналу т.б. кіреді. Мен балалық шақта осындай сезімдерге және олардағы әр түрлі өзгешелік таным роцесімен бірге жүруіне қол жеткізуге тырысамын»- дейді.

«Жас жеткіншек жақсылқ пен жамандықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, абыройлық ен абыройсыздықты терең сезінеді. Сондықтан қоғамдық өмірдің және адамның рухани әлемінің заңдылығын тану олар үшін жақсылық пен жамандықты эмоциялық – эстетикалық тұрғыдан танумен бірмезгілде пайда болады.»

Олай болса оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың негізгі құралы- оқу. Оқу оқушылар әрекетінің негізгі түрі. Себебі, ол көңіл-күйдегі әсерленушілікьі, интелектік күшке оқушылардың кәсіптік және мәдени деңгейінің болуын қамтамасыз етіп, өз мазмұмнының құндылығымен олардағы қызығушылықты орнықтырады. Сондықтан да ол болашақ маманның тұтас мәдениетін,  соның ішінде эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда негізгі қызмет атқарады. Яғни, студенттің оқу әрекеті – эстетикалық білімдерді, біліктілік және дағдыларды қалыптастыру және таным қызығушылығы пен практикалық әрекетін дамыту тетігі болып, нәтижсінде болашақ маманның эстетикалық дайындық  дәрежесі мен сапасы анықталады.

Оқыту процесін эстетикалық тұрғыдан нәтижелі ұйымдастырудың бірден бір принциптік жағдайы, оқушылар мен ұстаздар ұжымында адамгершілік және шығармашылық күйдің қалыптасуына игі әсер етіп, олардың рухани-эстетикалық қажеттілігін ояту. Мұндай жағдай біріншіден, оқуды оқушылардың эстетикалық санасын дамыту, ол үшін нақты эстетикалық білім мен біліктіліті қалыптастыру, екіншіден, олардың өнерге шынайы қызығушылықтарымен сүйіспеншілік практика жүзінде ояту, үшіншіден, ақиқатөмірді әсерлі, бейнелі және шығармашылықен көре білу қабілеті. Тәрбиелеу барысында пайда болады.

Осыдан барып өзінен - өзі  сұрақ туындайды: оқыту процесінің құрылымында шын мәнісінде эстетикалық аспект бол ма? – деген. Ерте кездегі педагогкалық еңбектерінде «тәрбиелеу өнері» секілді, «оқыту өнері» деген ұғым айтылған. Осы тұрғыда өнер деп нені түсінуге болады?

Өнер сөзінің 3 мағынасы бар: 1.өнер – табиғылыққа қарағанда жасанды. Н.К. Крупская оқытудың өзінің көп жылдық тарихында «табиғи» оқу процесінен ішкі себетермен пайда болған «оқытудың өнер формасына» айналу процесінің болғанын айтқан. 2. өнер-қолөнер, техникалық немесе ақыл-ой шебері түрінде айтылады (белгілі бір әрекеттің түрін жетік меңгеру). Мұнда оқытушы оқуды педагогикалық шеберлікпен басқаруды көздесе, яғни оны оқыту өнері деп те айтуға болады. Н.К. Крупскаяның айтуынша «Мұғалім оқыту өнерін меңгеруі міндетті» 3. өнер-тар мағынасында өнер шағармалары деп ұғынылады.

Ал, үшінші жағдайда оқыту өнерге айнала ма? Қытушы өнерді жасаушы, ал сабақ өнер туындысы бола ала ма? Бірақ та бұл мәселеге қатысты сұрақты мүмкін басқадай қою қажет болар: оқыту процесі көркемөнер әрекетінің элементтері бола ма? Оқыту процесінде көркемөнер творчествосының белгілі ұқсастығы, үйлесімдігі бола ма?

Әрине, мұндай сұрақ орынды деп есептейміз. Осыған сәйкес бірнеше жауап келтіре кетейік.

1.                        оқыту тілінің көркемөнер элементтері (мұғалімнің әңгімесі, диалог құруы, мәнерлі сөзі).

2.                        оқыту процесінің драматуриялық аспектісі («спектакль», құрылымын ойластыру т.б.).

3.                        оқыту процесін ұйымдастырудың архитектуралық компоненті (сабақтың құрылымдында оның мазмұны, амал – тәсілдері және құралдарының формаларының өзара үйлесімділігі).

4.                        оқыту процесін қалыптастырудың музыкалық компоненті интонация (дауыс ырғағы), гармония (үндестік), оқыту ритмикасы (ырғағы); яғни, дидактика оқытудың «теориялық композициясы» сеілді.

Бізге мәлім, өнер оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың негізгі факторы, бірақ бірден бірі емес. Сондықтан да оқушылардың оқу жұмысында олардың эстетикалық білім, білік, дағдылары дамымай, тәрбиедегі мақсат: тұлғаны жан-жақты қалыптастыру идеясын жүзеге асыру мүмкін емес.

Сол үшін эстетикалық мәдениетте талғам, қабылдау, бағалау, сенімдер жайындағы талдау матеиалдары мен тиянақсызжағдайда қалып отыр. Бұл мәселеде оқытудың тұлғалық-эстетикалық бағытын күшейтуге күш салу маңызды болмақ. Ол үшін эстетикалық оқу оқушылардың өнерді танып туындыларын меңгеруде жалпы өнердің негізгі, бейнелеу өнерінің ерешелігі, музыка және әдебиет жайлы берік те нақты білімсіз, сонымен бірге өнер туындыларының өзімен және оны жасаушымен эстетикалық ұғымдарнегіздерімен тікелей таныспай тұрып жүзеге асыруға болмайды. Сондықтан туындыларды көркемөнер тұрғысынан терең қабылдау үшін, олардың нәтижесінде, сапасына қатысты білімді хабарлауда оны қайткен күндле де оқушылардың санасына жеткізуге қол жеткізуге өте маңызды.    

Оқушылардың эстетикалық  мәдениетін қалыптастырудың ұйымдық және педагогикалық проблеммаларын шешуде эстетикалық дайындықтарын тереңдету, ол үшін гуманитарлық, жаратылыс және техникалық ғылым салаларындағы білімдерінің эстетикалық аспетілерін міндетті түрде есепке алу, өзара байланысын орнату, соның ішінде негізгісі барлық жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық білім беру болуы тиіс.

Әрбір жекелеген пән, соның ішнде гуманитарлық бағыттағы емес пәндер де оқушылардың эстетикалық мәдениетін қлыптастыру проблеммасына өзіндік ерекшеліктері мен қарым-қатынастары және педагогикалық мүмкіншіліктері болады.

Оқу жоспары және жоғары оқу орнының бағдарламаларын үйлестіру, соымен бірге бір мезгілде бүгінгі жас маманның саалық дайындығын жетілдіруі кешенді тұрғыда шешудегі қажеттілік пісіп жетілді.

Бұған қосымша, оқытушылар өз пәндерінде эстетика категорияларының мәні мен мазмұын болық аша отыра оқушылардың кең эстетикалық ой-өрісін қалыптастыруға тырысулары керек. бұған оқу-тәрбие процесінде олардың негізінен көркем әдеби және өнер шығармаларына көптеп көңіл аударуы көмектесе алады.

Кезінде танымал үлкен ғалым Л.Д. Ландау, «Поэзия пен өнерді қабылдамаған физик, - нашар фихик... сіздің физикаңыздың түкке құны жоқ, егерде... орманның сыбдыры, күннің батып бара жатқан бояуы, рифмнің дыбысы сізді ойландырмаса»,- деген екен. Сондықтан, болашақ маман иелері, инженер, оқымысты т.б. өз сезімдерін дамытып, қоршаған шындықты эстетикалықтұрғыдан меңгеріп және ой-өрісінің мәдениетін кеңейтіп, шығармшыл тұлға ретінде жұмыс істеулері қажет. Мұндай көзқараста, тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыру мақсаты, ақиқат дүниені эстетикалық тұрғыдан толық қабылдай білуі- болашақ маманды «әсемдік заңымен»  шығармашылық тұрғыда еңбек ете білуі қабілетті етеді.

Оқшыларды  тәрбиелеуде оқу процесінің тағы бір міндеті эстетикалық, экологияялық және экономикалық көзқарастары мен санасын қалыптатырудың бірлігін қамтамасыз ету. Бұл міндетке адамның тек әлеуметтік-экономикалық және адамгершілік әрекеттері жатпайды, сонымен бірге қазіргі қоғамдағы өзекті мәселеге қатысты техника эстетикасын, зизайн, эргономика салаларын көремөнер тұрғысынана жобалау да кіреді. Онсыз интелектік процесті және өндірісті жетілдіру мүмкін болмақ емес.

Әрине, осы бағытта атқарылар жұмыстардың ауқымы кең, әлі де болса қызықты, тартымды, мүмкіншілігі мол формаларды табуға болады. Соның бірі, пәнаралық байланыс.

«Б.Т. Лихачев «педагогиканың басқа басқа ғылымдармен байланысында, әсіресе эстетикамен байланысы педагогика ғылымы пен практикасының негізгі мәселелерінің бірі болады.»»-деген екен.

Кезінде А. Луначарский: «Әлем - бірден – бір оқу әні оны оқуытуда, ол баланың түсінігінде жайылып кетпеуі керек»-деген. Олай болса бүгінде пәндік оқыту жүйесі осы талапқа сай келмауде. Ол оқушының түсінігінде әлемнің, адамзаттың мәдениет тарихының және табиғаттың өзара бөлінбес тұтастығы жайындағы түсінігін қамтамасыз ете алмауында. Сондықтан да ол қазіргі ғылымның құрылымынасәйкес келмеуде. Олай болсақұбылыстардың тұтастығы және өзара байланыста болу идеясына келсек, ол оқытуда итегративтік курсты (пәнаралық байланыс) жасау идеясымен сәйкес келеді. Дегенмен де мұндай көзқараста пәндік бөліну (расчленение) тек соның шеңберінде ғана болуы мүмкін, бірақ ол қатал және міндетті түрде болмауы керек. соған сәйкес оқыту формасы өзгеру қажет. Мысалы, көптеген сабақтарды оқу орнынан тыс: мұражайларда, мәдени орталықтарда, театр, кинозалдарда өткізуге болады.

Біздің оқу бағдарламаларының эстетикалық аспектісіне және білім мазмұының эстетикалық бағытына жасалған талдау жұмыстарында, олардағы эстетикалық мүмкіндіктердің жоғары екендігін байқадық. Денеменде ең негізгі мәселе- «әдемі сбақтың»  өлшемін анытау болады. Бұл мәселенің негізгі өзегі болып, оқушылар үшін эстетикалық құндылық ретінде оқу әдемі, тартымды қабылданып, терең эмоциональдық (әсерлену) ықпалы болуы тиіс. Соған орай тәжірибелі мұғалімдерден «Жақсы сабақ», «Әдемі кеш» деген сөздерді есту кездейсоқ есем. Мұндай бғлардан терең де, мазмұнды эстетикалық-педагогикалық ойды байқауға болады. Себебі, оқу-тәрбие процесі тұлға өмірін тұтастай «әсемдік заңы» бойынша қалыатастыруға міндетті. Мұндай көзқараста оның нәтижесі эстетикалық тартымдық сапасы ен деңгейіне байланысты болып келеді.

«Жақсы сабақ» («красивый урок») дидактикасының ғылыми принципі секілді эстетикалық принципке де сай еледі. Олай дейтініміз, дидактка бір мезгілде оқыту теориясы және «өнер туралы оқу » болуы тиіс.

Кезінде КССРО Оқу миистрі М.А. Прокофьев мұғалімдер әрекетіне қатысты «Учительская газетіне» берген бір сұхбатында «жақсы сабақ» ғылым, педагогикалық техника, ой ұшқыры және шығармашылық қиялдан тұратын синтездік «көпжақты өнер» деп бағалаған екен. Соған орай ол «әрбір мұғалім сабақтың архитектоникасын және композициясын меңгеруі міндетті» деген құндаы ікір білдірген. Мұнда «архитектоника»сабақтың өзара байланысты жалпы және эстетикалық тұрғыдағы құрылымның жоспары туралы ой тиімді пайдаланып, тыңдаушысының ой-өрісін кеңейту, оларды шығармашылық пайдалы еңбекке дайындау проблеммаларын жүйелі түрде бүгінгі күннің талабына сай ойластырып шешіп отыруы тиіс.

Олай болса оқыту процесінде әрбір сабақ тұтас қалытасқан дидактикалық шеберлік, сонымен бірге өзінің пропорциялы гармониясы, өзінің риьмі және шиеленісуі. өзінің ырғағы және әуездігі, бір сөзбен айтқанда өзінің эстетикасы қарастырылады.

 

Оқыту теориясы және практикасының эстетикалық аспектісі.

Оқытуда эстетикалық аспект, ең алдымен ондағы мақсаттың компоненті ретінде қарастырылады. Осы орайда оның маңызына көңіл аудармау, оқытудың нәтижесінде үлкен зиянын тигізеді. Себебі дүниетаным процесі, егерде ол бейнелі болса, қашан эстетикалық аспект саналы түрде көрініс берсе және сезінілсе, сонда ғана тез және нәтижелі жүреді. Сондықтан да оқытудың міндеттерінің бірі, ондағы ғылыми ақиқат пен гумандық құндылықтардың әдемілігін ашып көрсету, соымен қатар оларды оқушыларға бейнелі немесе әсерлі етеп меңгерту.

Оқыту барысында эстетикалық сапектіні ескермеу немесе оның маңызын бағалмау және онда эстетикалық құралдарды пайдалануды қажетсінбеу, оқытудың едагогикалық мазмұынның тартымдылығын, әсерлігін едәуір әлсіретуге алып келеді. өйткені оқытудың нәтижелі болуы, ондағы барлық аспектілердің интеграциялық жағдайына байланысты болып келеді: сяси, философиялық-дүниетанымдық, этикалық және эстетикалық т.с.с. сондықтан оқу материалындағы эстетикалық құбылыстардың, фомалардың көрінісін оқушылардың жоғары қабылдауын ескермеуі мүмкін емес.

Оқыту процесінің эстетикалық апектісі немесе көркемөнер элементтері оның мазмұны және формасы арасындағы қарым-қатыната; оқыту процесінің дидактикалық жүйесінде; оқыту процесінің пропорциялық бөліктерінде; сабақты ұйымдастырудың «композициялық»  (құрылымдық), «архитектуралық», және «драматургиялық» сипатында; мұғалім тілі құрылымының көркемөнертілдік формасы және дидактикалық коммуникациясында (мысалы, оқытушының әңгімесі, диалогы т.с.с.); дидактикалық оқу теледидарының көркемөнер құрылымының элементіне, соымен қатар оқытудың басқа да коммуникативтік құралдары, апйдалану пайдалануда; оқушылрдың оқуы және еңбектегі эстетикалық элементтерінде болады.

Эстетикалық аспект оқыту мазмұының компоненті ретінде дидактикалық процесте әр түрлі бағытта көрініс береді: көркемөнер пәні ретінде оқу материалын меңгеру процесінде эстетикалық тұрғыдан көңіл бөлу жағдайында; көркемөнер пәні ретінде оқу материалын меңгеру процесінде эстетикалық тұрғыдан көңіл бөлмеу жағдайында; барлық оқу алдына жеке пән ретінде (эстетика-оқыту пәні ретінде). Бұдан тұтастай екі мәселе пайда болады.

Бірінші жағдайда, көркемөнер әдебиетін, музыканы, өнертануды меңгеру процесінде эстетикалық аспетінің ерекшелігіне қатысты мәселемен тікелей байланысты болып келеді. Сонымен бірге өлкетану, тарх, дене шынықөтыру және басқдай пәндердің оқыту мазмұын меңгеруде эстетикалық аспектіні олардың жекелеген бөлімдерінде ғана байқай аламыз.

Екінші жағдайда, оқу пәндерінің эстетикалық аспектісінің маңызына және оқыту процесіне өнер құралдарын пайдалану мәселесіне эстетикалық тұрғыдан жеткілікуті көңіл бөлмеу. Соған орай қазіргі кезде көркемөнер- эстетикалық пәндері өздерінің педагогикалық ықпалын әлі де болса өз жәрежесінде барлық мүмкіндіктерін ескере отырып толыққанды жүзеге асырмайды. Өйткені  эстетикалық аспектіні меңгеру ерекшелігі әр кезде ескеріле бермейді. Мысалы, кейбір жағдайда әдебиет сабағында эстетикалық аспекті бірінші кезекте қаралмай, көбіне қалыптасқан үлгі бойынша бір жақты әдеби мазұға көңіл бөлінеді. Осындай құрғақ тар шеңбердегі әдебиетті оқу оқушылардың әдебиетке деген жағымды эстетикалық қатынасын тудыруға қабілетті болмай шығады. Себебі, әжби көтеріңкі ішкі жай күйінің жағдайында ғана мүмкін болады.

Эстетикалық аспект тек көркемөнер туындыларында ғана қатысты емес, сонымен бірге барлық оқу пәндердің мазмұынында қамтуы тиіс. Себебі эстетикалық білім және тәрбие жалпы оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қоғамдық және жаратылыс пәндерде де оның міндеттері қарастырылады. Бұл жағдайда өлкетану, тарих, география, биология және қоғамдық пәндері сабақтарында оқу материалын бергенде көркемөнер элементтерін пайдалануды ерекше ойластыруды көздейді.

Информация о работе Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары