Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 09:33, курсовая работа

Описание работы

Адам өмірінің рухани саласының бірі - эстетикалық тәрбиенің атқаратын қызметі айырықша. Эстетика дегеніміз түпкі тегінде дүние танудың бір түрі. Эстетика - өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. "Эстетика" гректің "эстезис" деген сөзі екендігі бізге мәлім. Ол сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Адам баласында эстетикалық сезім болады, бұл сезім оның моральдық және адамгершілік бейнесіне асыл қасиет беріп түрады. Ал адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен кызметінің барлық саласынан, (әсіресе өнерге көзқарасынан) көрінеді.

Содержание

Кіріспе

1-тарау. Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері.

1.1. Бастауыш сыныптағы эстетикалық тәрбиенің принципі мен жүйесі

1.2. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудегі табиғат пен өнердің ролі

1.3. «Ата – баба жолы» дәстүрінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы.

2-тарау. Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары.

2.1. Эстетикалық тәрбие бойынша сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.

2.2. Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбие берудің құралдары, жолдары, әдістері, формалары.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері..doc

— 133.50 Кб (Скачать)

              Педагогикалық коллектив және әрбір мұғалім қандай мақсаттарға жетуге ұмтылуға тиісті екенін, мектептегі білім берудің әрбір кезеңдерінде қандай міндеттер жетекші болуға тиісті екенін айдан анық көру тиіс.

              «Мектеп балаларын тәрбиелеудің үлгі мазмұны» бастауыш класс оқушыларын эстетикалық тәрбиелеудің кең шеңберлі міндеттерін белгілейді. Оқушылардың көркем шығармалардың формалары мен мазмұндарын эстетикалық түсінікті, балалардың өнер шығармаларындағы әсемдікке деген сезімталдық көзқарасын туғызу қажет. Балалардың көргендерін сурет салғанда, сөйлегенде, заттар жасағанда түсіндіріп беру қабілеттерін дамыту маңызды міндет болып табылады. Мектеп балаларын қоршаған ортадағы сыртқы түрінің әсемділігіне, жақсы мінез – құлыққа, өмір мен өнердегі әсемдікті бұзуға деген жағымсыз көзқарасқа тәрбиелеудің маңызы зор. Эстетикалық тәрбие жүйесін анықтауда педагогтық принциптері анық түсіну үлкен роль атқарады. Олардың ең маңыздысы эстетикалық тәрбиені жалпыға бірдейлігі болып табылады.

              Эстетикалық тәрбие жүйесін құрған кезде жеке адамға ықпал жасауда ғылым мен өнердің өзара байланыс принціпі де ең негізгі болып табылады. Ғылым мен тығыз байланыстағы өнер оқытудың қандайда сатысында болсын, баланың ақыл – ойы күшін дамытады, дүние туралы ғылыми ұғым қалыптастырады.

              Педагогикада өнер құбылыстарын оқушыларға тек ықпал етудің құралы ретінде, ал балалардың өздерін осы ықпал жасауды обьектісі санатында ғана қарамайды. Эстетикалық тәрбиеде мектеп баларының шығармашылық көркемөнерпаздығы принціпінің үлкен маңызы бар. Көркемөнер шығармасы процесінде оқушы өз күшін жаттықтырады, жеке адамның бір қатар бағалы сапасын дамытады.

              Мектептегі эстетикалық тәрбие жүйесін құрғанда жұмыстың түрлері мен мазмұнының бай болуының үлкен мәні бар. Эстетикалық тәрбиенің қазіргі кездегі жүйесінің белгілі бір ерекшілігі жұмыстың көптеген түрлерінің өзіндік сипатында деп есептеу керек. Әдеби – көркем студиялар, мектеп театрлары, кештер мен концерттер – бұл жұмыс формаларының барлығының қайнаған ортасы, ұйымдастырушылар және қатысушылар оқушылардың өздері болып табылады. Еліміздің көптеген мектептерінде эстетикалық тәрбие жүйесі берік орын алуда.       

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 . Бастауыш сынып оқушыларына  эстетикалық тәрбие берудегі  табиғат пен өнердің рөлі.

Өнер адам сезіміне көркем  бейне арқылы әсер етеді, оның жарқын толғанысын  оятады, әр түрлі  сезімдерді қалыптастыруға ықпалын тигізеді.

Біздің еліміздің табиғаты орасан бай, сан алуан. Көптеген әдемі де әсем жерлерді кез келген ауданнан табуға болады. Балалар табиғатқа аса ынтық. Бұл жаратылыстан бойға біткен ынтымақты олардың ой-өрістерін дамытуға, отаншылдыққа тәрбиелеуге, табиғаттың әсемдігі мен байлығын көбейте білуге деген ұмтылысына пайдалана білу керек.

Балалардың игілікті сезімдері мен ұмтылыстарын табиғатқа экскурсия жасап, серуендеген кезде, мектеп жанындағы учаскелердегі жұмыстар үстінде, туристік жорықтарда дамыта беруге болады. 

Кіші мектеп балаларының бойында әсемдікті терең сезіну және толғану қабілеттері бар. Сондықтан оқушылармен  жұмыс жүргізгенде, балаларға өмірдің әсемдігін ашып оларды рухани бейнелерін байыту  үшін, қоғамдық белсенді қызметке адамның өмірдегі жақсы мұраттарын бекітуге бөгет болатындармен күрес жүргізу үшін, өнермен шұғылдану жолындағы әрбір мүмкіндікті пайдалану қажет.

 

1.3.  «Ата – баба жолы»  дәстүрінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін

қалыптастырудың маңыздылығы.

Эстетикалық сезім дегеніміз - адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған рухани қымбат қасиеті. Маркс сөзімен айтсақ: "Адам табиғатының (еңбек адамының) тек кең өріс алған объективті байлығыньң молдыгы арқасында ғана адам сезімінің субъективті байлығы пайда болады, әдемілік түрлерін сезіне алатын музыкаға бейім күлақ пен көз пайда болады, қысқасы адамның ләззат алуға бейім кейбір сезімдсрі жаңа туып, кейбірі одан әрі дамып отырады /10.627-б/. Баскаша айтқанда, адамның эстетикалык сезім-сезігі, қабілеті оның еңбегінің жемісі екенін және сол қабілет-касиеттерінің дамуы қоғам оөмірімен, тарихи жағдайларымен- байланыстылығын дәлелдейді. Сөйтіп, біз адамның ләззат алуға бейім эстетикалық деп аталган сезімдерін адам табиғаты дамуының объективті жағдайларына сай дамып, өрістейтінін көреміз. Адамның дамып жетілген эстетикалық сезімінің айқын көрінісі әдебиет пен өнер саласынан байкалады. Олай болса, жаңа қоғам орнату дәуіріндсгі адамның материалдық-рухани дамуының биік дәрежесі оның эстстикалық сезімінің де жан-жақты кемелденуін талап етсді. Сондыктан эстектикалық тәрбиенің белсенді ролі үнемі күшейе беруі қажет.

              Әсемдікке қызықпайтын, оған сүйсінбейтін бірде-бір адам жоқ. Бірақ осы кызығушылық пен сүйсінудің мөлшсрі адам баласынын борінде бірдей деңгейде дамыған ба? Әрине, олай емес. Өйткені әсемдікті түсініп, танып бағалаудың да дәрежесі оларда әр түрлі. Олай болмаган жагдайда  коғамдагы кейбір жастардьщ бүгінгі сүрықсыздыкка, талгамсыздыкқа бой алдыруы неліктсн? Мүның себебі неде? Ол оның алған тәрбиесінде болмақ.

              Есімі әлемге әйгілі, екінші Аристотель атанган әл-Фараби. озінің ғылыми еңбектерінде "адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, оның барлығы апат әкеледі" десе, ұлы Абай кезінде "Атаның баласы болма, адамнын баласы бол! Әкенің баласы-дұшпаның, адамның баласы-бауырың" деген еді.

              Әсемдікті ұнататын табиғи сезім адам баласында туа пайда болғанымен, ол жүре келе дамиды. Оған әсер ететін факторлар көп жақты. Сондықтан да оның дамуы біреуде жоғары, біреуде төмен болады, адамның эстетикалық мәдениетінің қалыптасу дәрежесіне де әр түрлі септігін тигізеді. Әсемдіктің адамға тигізер әсері туралы Н.Г.Чернышевский былай дейді:"Әсемдіктің адамға ететін әсері сезімі -ол бейне бір сүйкімді кісінің қасында отырғанда білінетін жарқын қуаныш сезіміне парапар. Әсемдік атаулыны есепсіз жанымыз сүйеді, біз оған сүйсінеміз, ең жақын адамымызды көргендей рахаттанамыз" (3,59).

Ұлы ақын, көрнекті ағартушы, ұлттык педагогика ғылымының ірге тасын қалаған Мағжан Жұмабаев эстетикалық сезім туралы кезінде былай деген екен: "Жаратылыстың, һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдыраған бұлақ, шетсіз-түпсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен толкындаған дала, бұлтпен таласқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері, ерекше сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері, яки өнердң  тылсымдай жанды билеп алып кететін оң, сиқырлы сөз, сұлу картина сықылды әсерлері адам жанында бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып, туғызбай қоймайды. Архитектура, сұлу сурет (живопись) скульптура сықылды пластика искусствосы адамның көру сезімін сиқырлап барып жанда сұлулық толқындарын туғызады.

Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат ізденуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне,  жақсылыққа үмтылып жамандықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбиеленуге тиісті.

Сұлулық сезімдерін тәрбиелеу барысында әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреуінікі музыкадан, біреуінікі сұлу суреттен, біреуінікі поэзиядан. Өнердің әйтеуір ірі бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды. Тәрбиешінің міндеті балада искусствоның қандай-қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасының сол түрді туғызатын сұлулық сезімдерін оркендету. Өркендету жолдарынан төмендегі жолдарды көрсетуге болады:

1) Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Жаратылыста неше түрлі сұлулықтың бәрі бар. Бала бүлақтың былдырын, судың сылдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің гүрілдегенін естісін. Жымындаған жүлдыздар себелеген көк шатыр кекті, түрлі түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бүлаңдаған қайыңды көрсін. Жаратылыс сұлу. Бала сол сүлу жаратылыстың құшағында болсын. Балада сүлулық сезімдері еріксіз оянады. Тәрбиеші жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың іскерлігін аудара білу керек.

2) Баланың маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты, ретті, таза болсын. Таза деген еөзді қымбат деп үғу қате. Тегінде қымбаттың бәрі сұлу деп ұғу қате ғой. Баланың маңайындағы нәрсе қымбат болмасын, таза, ретті, тәртіпті болсын. Үйдің іші, киім-кешек, ыдыс-аяқ - бәрі таза болуға тиісті. Баланың үсті-басы, денесі, беті-қолы - бәрі таза үстауға тиісті. Баланың маңайындағы жүрген адамдар ретті, тәртіпті, таза болуға міндетті. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Тазалыққа үйренген бала таза болады. Былыққа үйренген бала былық болады.  

Баланың маңайындағы сөйленетін сездер де әдепті, сұлу болуға тиісті. Былық сөздерді естіп ескен бала өмір бойы былық, былапыт тілді болады. Отағасы-ау! Бала шағаның алдында былық-былапыт сөздерді сапырып сөйлеуіңді қой. Қайдағы құдай атқан сөздерді естіп өскен ұлыңда қандай әдеп болады, қызыңда қандай қылық болады,

және баланың маңайындағы адамдардың жүріс-түрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады.

3) Баланы сүлу искусствомен терең таныстыру керек. Бала неше түрлі сүлу үндерді естісін. Неше- түрлі сүлу түрлерді, түстседі көрсін. Сүлу сөздер, өлендер жаттасын. Түрлі музыка қүралдарының әуендерін тындасын, сурет салып үйренсін, ән салып, музыка құралдарына ойнап үйренсін. Міне, осыларды естісе, баланың сүлулық сезімдері өркендейді. Білу керек, топас адам - тірі өлік" (4,206-208).

Орыстың данышпан жазушысы  А.П Чехов та адамның барлық жағынан көрікті болуын көкседі. Ол былай дейді: "Адам бойындағының бәрі де  бет- пішіні де, киім-киісі де һам дуниесі де, ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс" (5,12).

"Адамның сұлулығы неде?

Бұл сияқты қарапайым сұраққа қысқа әрі басты мәселелерді толық қамти жауап беру оңай нәрсе емес. Қандай сұлулыққа баса назар аудару керек: рухани сұлулыққа ма, жоқ, әлде тән сұлулығына ма? Соншалықты кымбат, бағалы қасиеті қандай өлшеммен өлшеуге болады сонда?. Олай болса, сұлулықтан ләззат алу  өз алдына бір мәселе,  оған құштар болып, оны сүю – ол  өз алдына бір мәселе. Сол үшін де эстетикалық тәрбие өмірдегі, өнердегі сұлулық пен ұсқынсыздықты дұрыс ұғынуға эстетикалық қабілеті бар, талғамды адамдар шыңнан шығуды мақсат етіп қояды.

Академик М.Қаратаев "Өнердің эстетикалық сипаты” атты сын зерттеулерінде: "Бұл бізде тың жатқан мәселе. Қазақстанның философиялық ғылымы болсын, филология ғылымы болсын эстетика проблемаларын әлі де жөнді қолға алған жоқ. Әсірсе эстетикалық әдебиет пен өнердің философиясы, ғылымы философиялық тұрғыдан өмір мен өнердің эстетикалық қасиет - сипаттарын анықтау әрекеті бізде мүлде жоқ"- деп бұл мәселенің маңыздылғын шынайы растайды. “Дүние тану және ғажайып дала”-  атгы ғылыми және көркемдік тану еңбегінде "өзіміздің ғалым-мамандарымыз эстетика саласы бойынша арнаулы зсрттеулер жүргізбегенше, еш оқулық жазбағандарына қауымның назарын аударады (7,155).

Бұдан шығатын қортынды жастарымыздың эстетикалық мәдениетін көтеруде бұл мәселе қазақ педагогика ғылымының айрықша зерттеу нысанасына айналуы өте қажет. Бұлай айтуымыздың себебі соңғы жылдары ғана зерттеу нысанасына айналған “Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру" мәселесі, соның ішінде "Оқушы жастардың эстетикалық мәдениет дәрежесін қалыптастыруға" арналған ізденіс жұмыстары толыққанды түрде шешімін тапты деп кесіп айтуға болмайды. Бүгінгі еліміздің тәуелсіздік жағдайында жас ұрпаққа, студент жастарға ұлттық идеялар тәлім-тәрбие беру жолында, жалпы адамзаттық өркениеттіке кірігу барысында, бұл мәселені шешу қоғам алдында  шешімін іздестіру жайында педагогика ғылымы да үлкен ізденістер танытуда. Осыған орай, жаңа қоғам адамның эстетикалық мәдениеті бейнесін қалыптастыру жөніндегі міндет біздің еліміздің оқу жүйесінің барлық буындарында үлкен қолдауга тиіс болуы кажет. Белгілі ғалым, философ С Ақатай: “Тәуелсілсіздікті алу, жариялау аз. Тәуелсіздікті жасау керек” - деп айтқандай, өркениетті елдердің қатарына кіру үрдісінде бұл мәселеге айрықша мән беруді қажет етеді.

Адамның эстетикалық мәдениеті - оның жалпы мәдениетінің жарқын бір көрсеткіші. Бұндағы туған, өскен ортаға, табиғат құбылыстарына, алған білімге, тәлім-тәрбиеге, қоғамда атқаратын қызметке, тұрмыс жағдайында және тағы басқа толып жатқан  факторларға байланысты қалыптасады. Эстетикалық мәдениетке жұртшылықты тәрбиелеу жұмысында жағымды образдармен қатар жағымсыз образдар да белгілі қызмет атқаратыны мәлім. Жаман қылықтарды сықақ, келемеж арқылы әшкерелеу, өмірдегі, адамның мінезіндегі сорақылықтар мен сұрқиялықтарды мінеу, мазақ ету, егер мүның өзі шын өнер құралымен шебер берілсе, жақсы эстетикалық талғамды шыңдауға пайдасы тиетіні сөзсіз. Белинскийдің сөзімен айтсақ, "сықақ та әсемдікке қызмет етеді”

'Біз келешекте қуатты мемлекет, зиялы қауым құрамыз десек, жастарды инабаттылыкқа, мәдениеттілікке тәрбиелуді қазірден бастап дұрыс қолға алуымыз керек. Ал, ол тәрбиенің негізі – “ата-баба жолы”, ұлттық салт-дәстүрлері мен ұлттық қасиеттері болуға тиіс. Осы талап, тілектерді орындаудың ең бір пәрменді құралы ретінде - оқу-тәрбие жұмыстарында халықтық қымбат рухани-мәдени қазынасын пайдалану, қаншама уақыт өтсе де тот баспайтын бабалар өсиетіне сүйену. Өйткені өткеннен нәр алмай, рухани азық алмай болашаққа қадам басу мүмкін емес.

Казақ халқының революицядан бұрынғы тарихында эстетика ғылымы болды деп айтпасақ та, халықтың әсемдік жайлы түсініктері мол болды. "Әлеуметтік, шаруашьлық тіршілігіне сай қазақ руларының әр кезде өзіндік мәдениеті болған, бұл заңды да. Өйткені тарихта ешқандай мәдениеті болмайтын, түрлі өнер, мәдени, әдеби шығарма жасамайтын адам қоғам, ру - тайпалары мен халық болған емес. Тарих, археология ғылымдарының бүгінгі табыстары ертедегі қазақ рулары мекендеген жерлерде әр түрлі қалалар, кенттер және басқа да мәдениет ошақтары болғандығын дәлелдеп отыр" (8,5).

Информация о работе Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары