Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 09:33, курсовая работа

Описание работы

Адам өмірінің рухани саласының бірі - эстетикалық тәрбиенің атқаратын қызметі айырықша. Эстетика дегеніміз түпкі тегінде дүние танудың бір түрі. Эстетика - өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. "Эстетика" гректің "эстезис" деген сөзі екендігі бізге мәлім. Ол сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Адам баласында эстетикалық сезім болады, бұл сезім оның моральдық және адамгершілік бейнесіне асыл қасиет беріп түрады. Ал адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен кызметінің барлық саласынан, (әсіресе өнерге көзқарасынан) көрінеді.

Содержание

Кіріспе

1-тарау. Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері.

1.1. Бастауыш сыныптағы эстетикалық тәрбиенің принципі мен жүйесі

1.2. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудегі табиғат пен өнердің ролі

1.3. «Ата – баба жолы» дәстүрінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы.

2-тарау. Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары.

2.1. Эстетикалық тәрбие бойынша сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.

2.2. Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбие берудің құралдары, жолдары, әдістері, формалары.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері..doc

— 133.50 Кб (Скачать)

Қазақтар ағаштан түйін түйіп, ер шауып, уық кесіп, шаңырақ жасады. Киіз басып, алуан өрнекті кілемдер, алашалар тоқыған. Бармағынан бал тамған шеберлер ернеуі жұқа шара, алтьн білезік, сақина, балдақ, алқа, шолпы соқты. Дүкен ұстаған ұсталар алтын кездіктерді мүйіздеп, ел қорғаны - батырларға сауыт-сайман, оқ өтпейтін дулыға, шашақты найза, алмас қылыш, ауыр батпан шоқпар жасаған. Қазақ сахарасында күй де, жыр да, ән де елімен етене болып кеткен.

Халық арасына кең тараған өлең-жыр, толғау, ән мен күй және зергерлік, сәулеттік өнері қазак халқының көркемдік талғамының жоғары болғанын, өмірдің асқақ мұраттарына сәйкес әсемдік әлеміне үнемі ұмтылып отырғандығын дәлелдейді. "Сонау ерте кезеңдердегі көркем сөз тіркестері, мақалды, мәтелді сөз өрнегі, ру таңбалары, жазу-сызулар, сөздіктерде ұшырасатын өлеңдер, аңыздар халкымыздың бейнелі ойға, шешендік өнерге көне заманда-ақ шебер болғанын көрсетеді" (8,4). Осы тұрғыдан қарасақ, қазақ халкының өнерге бай, ой-өрісі кең, суреткерлік қабілеті мол, эстетикалык сезімінің жетілгенін аңғара аламыз.

Қазақ халқының тұрмысынан қай өнердің болсын ізгі соқпағын көру киын емес. Тас қашап, ағаш жону, темір қақтап, өрнек салу, тас қалап, үй соғу ертедсн етене өнерге айналады. Халык сол тастан аңдардың мүсінін жасады, киіз үйдің басқұр-бауларын ою-өрнектермен безендірді.

              Қазастанның қай өңірінде болса да күмбезді үйлер, әсем құлпы тастар, сұлу мүсін бейнелер жиі кездесіп отырады. Бұлар халқымыздың кейінгі буынға қалдырған асыл да асқақ ескерткіші іспетті.

Қазақ тілінде өнер сөзінің мағынасы кең, ол одеби тілде көп қолданылады. Қазактар өнердің қоғамдағы орнын, күнделікті тұрмысқа қажеттігін, адам өмірінің ықпалын жақсы білген. Және өнерді бірінен-бірін ажыратпаған. Атқа шабу кілем тоқу, күміс қақтау, ер шабу, ен салу, ою ою, жыр жырлау және т.б өнер деп санаған. "Жігіт сегіз-қырлы, бір сырлы болу керек” деген сөздің мағынасы өнердің көп қырлы екендігін байқатады. Оның үстіне халық өнерлі адамдарды - ұста, шебер, ақын,  жырау, сал-серілерді қатты құрметтеген.

Халық ауыз әдебиетіндегі жырларда, ертегілерде, мақал-мәтелдерде халқымыз өнер ісіне ерте кезден-ақ мән беріп келген. Ертегі, жырларда үнемі өнерпаз, тапқыр, білгір кейіпкерлер сурттеледі. Олар ғажайып сәулетті сарайлар соғып, асыл күйлер шығарып, сыбызғы тартып, шаршы топта суырылып сөз бастап, өнерлерінің арқасында арман-тілектеріне жетіп отырған. Хазак халқының өткен уақыттағы әсемдік әлеміне көз салсақ, асқақ та әсем жыр, сұлу сырлы күй, ғажайып ертегі, қанатты шешендік сөз, өлең жарыстырған айтыс секілді халықтық мол қазынаға жолығамыз.

Қорыта айтканда бұрынғы өткен бабалардың мәдени-рухани мұрасындағы олардың өсиеті мен өнегесін дұрыс пайдаланып ұлттық мәдениет пен рухани мұраны жастарымыздың қажетіне жаратқанда ғана жиырма бірінші ғасырда салтанатты, салауатты өмір сүріп, жалпы адамзаттық өркениет дәрежесіне көтерілуге мүмкіншілік пайда болады.  Ол үшін оған:

1) Төл мәдениет пен ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, шынайы өмір сүру салтын қазақ халқының тарихи-мәдени ерекшеліктеріне сай өркениеттік кеңістіктегі заңдылықтар негізінде насихаттауды қолға алу, асыл казыналық рухани мүрапарды ақпараттық арналар арқылы жарыққа шығарудың жолдарын қарастыру қажет;

2) Мәдениеттілікті қалыптастырудың жүйелік ұстанымдарын басшылыққа алуды мектепке дейінгі мәкемелерден бастап жоғары оқу орындарына дейін мемлекеттік деңгейін кешенді түрде оқу-тәрбие жұмыстарында дәйектілікпен жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

3) Бұқаралық-ақпараттық құралдарынан туындайтын өнер нысандары қызметінің мазмұнын, бағыттарын, ұлттық сипаттағы ерекшеліктер негізінде өзгертуге ұмтылыс жасауды қайта карайтын мәдени даму тұжырымдамасын жасау керек;

4) Классикалық университет және институт, колледж, гимназия т.б. оқу мекемелері жанында студенттер мен оқушылардың әлеуметтік және мәдени, саяси, т.с.с. белсенділіктерін арттыруға бағытталған көркем өнерпаздар үйірмелерін дамыту және жетілдірудің алғы шарттарын құру керек;

5) Ұлттык, мәдениет бағыттарында шығармашылық пен қызмег ететін өнер қайраткерлері, ақын-жазушылар, жыраулар, өнертанушы ғалымдар т.б. еңбектерін оқу орындарында оқылатын гуманитарлық. Пәндер ("Мәдениеттану", "Тарих*, "Социология", "Педагогика","Психология" т.б,) бағдарламалары мазмұнына енгізілуін ойластыру керек;

6) Мәдени-тәрбиелік шараларды ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістері есн тәсілдерін жүйелі түрде айқыңдау, реттеу, ұйымдастыру және оларды өткізу, жоспарлау мәселелерімен айналысатын кеңес болуы керек. Мәдени-тәрбие ісі бойынша кеңес жалпы ережелер, кешенді бағдарлама т.б. ұйымдастыру істерімен айналысады.

Осы түрғыдан қарағанда алдымызда атқарылар жұмыстардың ауқымы кең. Бүл мәселеге қоғам тұрғысынан айырықша мән бермесек, жастарымыздың рухани-мәдени қайыршылыққа ұшырауы әбден мүмкін. Алдымен экономикамыз туралы ойлайық, содан соң білім мен мәдениетке ден қоямыз деген көзқарас жаңсақ болады. Сондықтан жастардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мәселесі мемлекеттік саясатқа айналуы қажет.

2-тарау. Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары.

Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени-рухани мұраның жетістіктерін келешек ұрпаққа қалдырудың үлесі зор. Халықтың даналық мұрасын сақтаудың негізі тәрбиеде. Күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну,  пайдалану үшін жастардың сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақты  өмірге деген эстетикалық көзқарасын оның қызметінің барлық сай жауапкершіліктен тұрады.

Эстетикалық тәрбие беру тек кана жекелеген нысардарды елестете ұғыну ғана емес, мәдениетті сезіну мен түсінудің негізі. Бұл өмірлеген эстетикалық қатынасқа жататын барлық үйреншікті заттарға жанды қатынас орнатады.

Сезім өз кезегінде ақыл-ой іс-қимылын дамытудың үғымдарын, түсініп жылдамырақ игеруге ықлал етеді және жеке адамның өнермен еркін болуына жағдай жасап, онын өзіндік шығармашылығын әрі  жалғастырады.

7) Бір дүниенің әсемдігін сезіне білуі тек рухани қатынас үшін ғана емес, жемісті еңбек ету үшін де қажет. Адам қай салада жұмыс істесе де, ол — физик, математик, жағрафияшы немесе химик болсын әсемдік пен сұлулықты көре білуі керек. Суретшінің композициясындағы сәтті табынған тұтастай түстік үйлесім сияқты, математикке де сәтті шығарылған математикалық шешімнін өзіндік сұлулығы қажет.

«Екі шекті домбырадан күңіренген күйлерді шерттік те, әсер де, жігер де, мұң да, симфониялық астар да, мағына да бар. Көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін сол туындылардың идеялық-эстетикалық, философиялық, әлеуметтік мән-маңызын сөзбен суреттеу.

Ән риторика, поэтика салаларындағы туындыларында әл-Фараби өзінің эсте-тика жайлы көзқарасын айкындайды. Оның көптеген мәселелері әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ.

Эстетикалық тәрбие — қазіргі заманғы мектептердің мақсаттары мен міндеттерінің құрамдас бір бөлігі. Эстетикалық тәрбие туралы ғылымының балалары педагогика мен эстетикалық әдебиет танудың негіздеріне сүйенген гылыми зерттеушілердің шектелген жері ретінде қарастырылады.

Жалпы білім беретін мектептерде тәрбиелік міндеттерді шешуде әдебиет, саз (музыка), бейнелеу өнерінің негіздері, әлемдік көркем мәдениет, кино өнерінін негіздері сияқты және басқа да эстетикалық циклдардың үлкен мүмкіндіктері бар сезімін қалыптастыруға кабілетті. Бұл циклдің оқу, факультативтік және үйірмелік кажеті өзара қатынаста болып, мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбиеберудің негізгі  базасын  құрайды  және  оку-тәрбие  үрдістерін  эстетикаландырудың табиғи бөлігі болып табылады.

Мектеп оқушыларының шығармашылық қызметі екі негізгі қағидамен: жеке мүдделік пен оның адамгершілік маңыздылығы мен камтамасыз етіледі. Педагогикалык тәжірибеде жүргізілетін жұмыстар оқыту мен тәрбие берудің бірлігіне бағдарданады. Мектеп бұл жұмыстардың барлығын көбінсе дарынды да белсенді балалар қатысатын үйірмелік, сыныптан тыс әуесқойлық сабақгар ретінде ғана емес, эстетикалық ціклді сондай пәндермен кеңейтіп, өркенді кызыктыратын болуы тиіс. Оку-тәрбие үрдісін оқушының игілігіне айналдаруға мүмкіндік беретін тақырыптар мен сабақ берудің нысандарын табуға ұмтлуы қажет.

Эстетикалық тәрбие берудің ең қажетті шарты мектеп тұрмысын безендеңдіру болып табылады. Педагогың сыртқы келбеті, қоршаған ортаның эстетикалық талаптарына сәйкес болуы шарт. Оқушыларды өнер кұралдарымен тәрбиелеуді ұйымдастыру педагогтен теориялык, білім мен әдістемелік машықты ғана емес, көркемдік сезімталдықты, зейінділікті, өнерді өзінің  жан-дүниесімен сезінуін талап етеді.

Сабақ кезіндегі эстетикалық  және басқа да тәрбие беру түрлері ерекше байқалмайтындай түрде өтуі тиіс. Бұл сыныпта ізгілікті ахуал жасауға, ғылыми ақиқатты сезімталдық пен бейнелі түсіндіруге, зерделеніп отырған құбылысты көркемдік қырын анықтаған оқушы көтермелеуге ықпал етеді. Сонымен қоса кабинеттер мен шеберханаларда сәндік құралдарды әсемдікпен ұйымдастыруға, сөйлеу мәдениетіне, киімдеріне, қимыл-қозғалыстарына,  әсем жазып, сыза білуіне әрі бұйымды жасай білуіне тұрақты назар аударуға мүмкіндік береді. Эстетикаландырғыш элементтері барлық оқу пәндерін оқу үрдістері мен сыныптан тыс жұмыстардағы тәрбиелік қызметтің барлық нысандарында қолдануға анықталған.

XXI ғасырдағы ақпарат ағынының мейлінше молдығы ақпараттану мен компьютерлендіру шешуші орын алуда. Президенттің «Қазақстан - 2030 даму стратегиясында ғылым мен білім берудің барлық саласына ауқымды компьютер базасының қажеттілігі туралы жазылған. Білім беру саласындағы ақпараттандыруды дамыту, мектепте педагогикаға негізделген жаңа ақпараттық технологияны қолдану стратегиясын жасау міндетін алдыңғы қатарға қояды. Графикалық бағдарламаларды қолдана отырып, дәстүрлі әдет пен сызулар секілді бейнелерді жасауға болады. Бағдарламалық құралдардың мүмкіндігі сурет салудың техникасын (майлы пластелин, көмір, акварель, т.б,) таңдауға жағдай жасайды. Дайын бейнесін қағазға түсіргенде осы матриацаларды қолдағандай сияқты сезім туғызады. Ашу аспаптары өрнектің элементтерін өндіріп, оларды кеңейту, айналдыру, орындарын ауыстыру арқылы өрнектің әр түрлі компенсацияларындағы үлгілерін алуға мүмкіңдік береді.Сонымен компьютер сызу мен суретті оқыту кезінде оқушыларға эстетикалык тәрбие беруде үлкен рөл атқара алады. Оқыту үрдісінде компьютерді пайдалану педагогикалық жағынан негізделіп, дидактикалық қағидаларға сәкес болуы қерек. Бұл құралдарды пайдаланған кезде оның теріс зардаптарының болуы мүмкін. Біріншіден, компьютермен үздіксіз бірнеше сағат жұмыс істеп көру қабілетін нашарлатады. Шектен тыс қызығу компьютердегі жұмыс уақытының өткенін қадағалауға мүмкіндік бермейді. Екіншіден, жаңа технологияны оқу үрдісінің алғашқы кезінде қолдануға болмайды. Өйткені, бұл жағдайда сурет пен сызбаларды қолмен салу икемділігі, қолды жаттықтыру қабілетінің мүмкіндігі жоқ.

 

IV – бөлім. Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы оқу-тәрбие процесінің қызметі.

І. Оқушылардың эстетикалық мәдениетін артыруда оқу процесінің мүкіндіктері.

Ғылыми-техникалық процестің дамуы және жоғары мектепті формалау жағдайында оқушыларды тұлғаның қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарын шығармашылықен меңгеру және оларды пайдалану және оларды жасай білу қабілеттерін қалытастыруды, сонымен бірге өмірдің барлық саласында эстетикалық шығармашылыққа белсен қатысуды мақсатты түрде міндеттейді.

Соған орай тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру ерекше сипатта болады. Ол, біріншіден, тарихи жағдайда жүзеге асады. өйткені олар оның мән мағынасы қоғамның даму жағдайында терең түсініп және мақсатты түрде оны практикада қолдануда өздерінің шығармашылық күштерін жүзеге асырады. Екіншіден, функционалдық аспектіде, қазіргі өндірістің, оқу ұжымдарындағы адамгершілік және пихологиялық күйдің өзгеруі, еңбке пен оқу мәдениетінің маңызының артуы, оқушылар мен ұстаздар қауымының өзара ынтымақсатсық жағдайдағы қырым-қатынасы оқу-тәрбие процеінің эстетикалық аспектісіне оны жүзеге асыруда бұрынғыдан да жоғары талап қояды.

Қазіргі оқытудың бірден-бір қызметі-оның тәрбиелік бағытының жоғары болуы. Шығыстың ұлы ғұлама ғалымы. Ойшылы Әбу насыр әл-Фараби: «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс. Онсыз берілген білім-адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның бапрлық өміріне апат әкеледі»,-деп оқытуда тәрбиесіз берілген білімнің нәтижесі ауыр зардапқа әкелетініне айрықша маңыз бергені. Мұндай көзқараста, сонымен бірге оқушы тұлғасының өмірліку позициясының дұрыс қалыатаспауна да кері әсерін тигізетіндігін айқындайды. Сонымен бірге оқытуда тұлғаның ғылымға, мәдениетке, зиялылыққа бағдарлы-құндылық көқарасы, өздік білім алуға деген қажеттілігі қалыптасады. Тәрбиенің жан-жақты және үйлесімді мақсат пен міндеттері, атап айтсақ ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық , дене және еңбек, құқықтық пен экологиялық салалары да жүзеге асады.

Сондықтан да оқыту процесі эстетикалық тәрбиемен өте тығыз байланысты. Себебі, ол өзіндік әсемдікті меңгерген. Олай дейтініміз оқыту  процесіндегі эстетика өзінің бастауын  оның ойлау жүйесінде, оқыту және үйретудің өзара дидактикалық қарым-қатынасында, гуманистік бағытында, оқытудың ғылыми-эстетикалық мазмұнын меңгеруде қамтамасыз ете алады. Яғни, оқыту эстетикасын қолдан жасауға болмайды, ол дидактикалық проблемманы қоюмен тән қасиет. Сондықтан жоғарғы оқу процеіснің аспектісінің қызметіне байланысты болады. Оқыту процесінің эстетикалық аспетісі-бұл табиғи құбылыс, өйткені оқудың өзі процесс ретінде осындай аспектілердің жиынтығы негізінде қалыптасады. Бұл процесс- оқушылардың өзара шығармашылық әрекеті барысында көркемөнер элементтерін өзінде тудыратын процесс.

Информация о работе Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары