Бөлім. Психологияға кіріспе

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 08:40, лекция

Описание работы

Глоссарий:
Ассоциация – белгілі заңдалақтарға байланысты психикалық құбылыстардың байланысты болуы
Аффект – «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.
Әрекет – белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі әрекет.

Работа содержит 1 файл

лекция псих.doc

— 627.00 Кб (Скачать)

Қиял процестері ырықтылық  немесе деңгейі бойынша бөлінеді. Ырықты қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі сырттан түрткі келгенде немесе адам алдында бір мақсат пайда болғанда көрінеді. Бұл жағдайды адам өзі бақылап, бағыттайды. Ырықты қиялдың формасы мен түрлерінің ішінде қайта құрушы қиял, шығармашылық қиял және арманды көрсетуге болады. Қайта құрушы қиял обьектісі өзіне сәйкес сипатта елестету сипатта елестету міндеті болғанда көрінеді. Бұл қиял түрімен географиялық орындармен немесе тарихи орындармен, әдеби батырларды оқығанда кездесеміз. Қайта құрушы қиял көру, есту және сипап сезу қиялдарын қалыптастырады. Көбіне, естіп сипаттаған бойынша бір обьекті құрастырған кезде кездесеміз. бұл адамның ойлауы  мен есімен тығыз байланысты. Шығармашылық қиял адам елестетулерін бір объектіге негіздеп емес, өзі контурын оған қажетті материалды өзі ұйымдастырып, құрастырады. Қиялдың ерекше түрі арман болып табылады. Бұл адамның жеке жаңа обрыздарды бейнелейді. Шығармашылық қиялға қарағанда, арманда біріншіден адам өз қалауы бойынша образ жасайды, ал шығармашылығында құрастырудың ойлағанындай болмайды. Екіншіден, арман бұл қалауы болашаққа бағытталған қиял. Арман типтері саналы процесс болып табылады (активті және пассивті тұрғыда болады).

Белсенділік деңгейі  бойынша  қиял әр адамда әр түрлі  дамыған және олардың іс-әрекетімен қозғалыстық өмірде әр түрлі көрінеді. Қиялдың жеке ерекшеліктері адамда қиялдың даму деңгейі, образдар типй бойынша әртүрлі дамиды. Адам қиялы туа дамымайды. Ол онтогенезде даму барысында қалыптасып дамиды. Қиялдың алғашқы дамуының көрінуі қиялмен байланысты, мысалы бір жарым жас бала әңгіме, ертегі тыңдай алмайды ал өздерінің бастан кешіргендерін қосып айтса, қабылдайды себебі мәнін түсінеді. Бала өз ойындарында алған әсерлерін қиялмен байланыстырады, оны ойында қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзіндік бақылау  сұрақтары:

    1. Зейін дегніміз не?
    2. Зейін түрлері қандай?
    3. Зейіннің қасиеттерін сипатта.
    4. Зейіннің қандай теориялары бар?
    5. Қиялдың адам өміріндегі рөлі қандай?

Әдебиеттер  тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.
  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.
  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.
  4. Намазбаева Ж.И.  Психология.  Алматы, 2005.
  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.
  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.
  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.
  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.
  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.
  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.
  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.
  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.
  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.
  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.
  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.
  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.
  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.
  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.
  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.
  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.
  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә.  А.,1996.
  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию.                  Москва, 2002.
  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.
  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.

 

4 бөлім. Тұлғаның  эмоционалды –еріктік сферасы

Глоссарий:

Эмоция  латын тілінен аударғанда  ‘emoveo’, яғни қобалжу деген мағынаны білдіреді. Эмоция – бұл адамның айналадағы  өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы.

Эмоция - адамның мінез-құлқына, іс-әрекетіне, пікіріне қанағаттануы немесе қанағаттанбауынан  көрінеді.

Шаттану –мұң, үрей мен қорқу,  масаттану, өкіну осылардың барлығы адамның тітіркендіргіштерге психикалық реакциясының түрлерін көрсетеді.

Эмоцияның субъективтілігі - адамдағы барлық психикалық құбылыстар  субъективті болады, ол адамның  өмірлік тәжірибесіне,  жағдайына, ұстанымдарына байланысты болады, бірақ  субъективтілік эмоцияда ерекше аңғарылады.

Эмоцияның полярлылығы - оның өзі эмоцияның анықтамасынан бастау алады, яғни қанағаттану мен қанағаттанбау қажеттіліктерінің ағымдық процесі.

Эмоцияның фазалығы - эмоцияның динамикасына байланысты болады. Бір эмоциялық жағдайдың өзінде   қысым мен бәсеңдік, қозу мен тынышталу көрінеді. 

Аффект - («аффект» - сөзінің мағынасы жалпы алғанда қанағаттанудың әртүрлілігі, ауырсыну, тілек) – ол эмоцияның бірте-бірте күшеюінен көрінеді. 

Аффект – бұл  қысқа мерзімді, бұрқ етпе, өте күшті  эмоциялық реакция.

Стресс -  бұл күтпеген шытырман жағдайда туатын  эмоциялық күй. Қауіп-қатер жағдайындағы әрекеттер, жылдам шешімге келу қажеттілігі, қауіп төнген сәттегі реакция, күрт өзгерген жағдайдағы  мінез-құлық стресстік күйлер  болып табылады.

Көңіл күй – адамның барлық толғаныс тебіреністері мен әрекеттеріне өң беретін ұзақ эмоциялық күй.

Фрустрация - тұрақты жағымсыз  эмоциялық күйге душар ететін, шектен асқан  қанағаттанбаушылық фрустрацияның, яғни сана мен  әрекеттің  бұзылуының  негізі болады.

Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және  құбылыстарымен  қатынас жасауынан туындаған әрқилы  формада көрініс беретін  толғаныс, күйзелістері.

Моральдік сезімдер -  қоғам талабына орай,  адамның өз мінезіне лайық не лайық еместігін сезінген  көңіл-күйді білдіреді.

Эстетикалық сезімдер  –әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну,  ләззәттану,  рухани күшін арттыру сезімі.

Зияттылық сезім - адамның таным әрекетімен байланысты.  Шығармашылдық пен өнерге деген көңіл – күй қатынасынан туындайды.

Ерік – бұл адамның өз мінез-құлқын саналы реттей алу қабілеті, өзінің барлық күшін қойылған мақсатқа жетуге бағыттау. 

Ерік – іс-әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы. Іс - әрекетті орындау тұлғаның іс - әрекет элементтерін  ұйымдастыруы және  басқаруы болып табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару. 

 

8-тақырып. Сезім  және эмоция. Ерік

Дәріс мақсаты: Студенттерде сезім және эмоция, ерік мәселелері  туралы білімдерін тереңдету.

Қарастырылатын  сұрақтар:

  1. Сезім және эмоциялық белсенділік.
  2. Тұлғаның еріктік белсенділігі

Дәріс тезисі.

1.Сезім және  эмоциялық белсенділік. Тұлғаның эмоционалды белсенділігі бірнеше атауларға ие: сезім, аффект, құмарлық, эмоция. Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттіліктеріне байланысты туып отыратын шағын, адам қуанғаннан , қамыққаннан көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып, шек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы.

Эмоция – оң немесе теріс бастан кешудің организмге мәнді өзгерістер әкелуі. Бұл өзгерістер органикалық өзгерістер нәтижесі немесе таным іс-әрекетіне байланысты рефлекторлы  туындауы мүмкін. Эмоция тамаққа қажеттілікте, қандай да міндетті шешуде немесе адамның терең ойға, қиял кезінде көрінетін реакциялары.

«Эмоция психологиясының» негізін салушы Бенедикт Спиноза : адам денесінің әрекетке мүмкіндігін  жоғарылататын немесе төмендететін, ықпал жасайтын немесе шектейтін  және осы жағдай идеяларын аффект деп атады.

Қазіргі кездегі теорияларға  сәйкес эмоция жайлы теориялардың пайда  болуырефлекторлы психофизикалық және қысымның танымдық анықтамасына және оған мән берумен шартталған.

Эмоционалды белсенділік  сәйкес құрылымдармен жүзеге асырылады: олар тұлғаның қажеттіліктері, құндылықтары және эмоционалды сапалары.

Сезім – эмоционалды  реакциялардың белгілі түрлеріне  деген тұрақты бейімділік.  Олардың  кейбіреулері туа берілген, ал кейбіреулері өмір барысындағы тәрбие мен тәжірибеден  қалыптасады. Сезім мысалдары: патриоттық, ата-аналық сезім, әуенге деген сүйіспеншілік.

Айналадағы қоршағандардың барлығы дерлік эсоция тудырмайды. Адамның  эмоциясын тудыратын  заттар және құбылыстар шеңбері бар, адамның эмоциясының молдығы  адамның эмоциялық мәдениет деңгейін және эмоционалды жан-жақтылығын көрсетеді.

Өмір адамнан эмоциялық  тұрақтылықты және күрделі жағдайларда  қарсылық көрсетуді талап етеді.

Перл Изардтың теориясы бойынша базалық эмоциялар ретінде  келесі эмоцияларды көрсетеді:

  • қызығушылық;
  • қуаныш;
  • таң қалу;
  • қайғы;
  • ашу;
  • жек көру;
  • қорқыныш;
  • ар-намыс;
  • ұялу;
  • кінәлілік т.б.

Эмоционалды процесс  екі қабатты құрылымға ие: 1- қабат  нақты сезімдерді; қорқыныш, қуаныш, қайғы т.б. бастан кешіру.

2-қабат арнайы емес  үлкен және кіші шамадағы эмоциялы қысымдар. Ол стресс деген атау алған.

Стресс – бұл ақыл мен дененің бейімделушілік қабілеттеріне  қойылатын талаптар.

2.Тұлғаның  еріктік белсенділігі. Ерік күшінің құрылымы 3 буыннан тұрады.

1-буын- әрекетке итермелеудің  қалыптасуы;

2-буын  - эмоциямен  өзара әрекеттестік;

3-буын – күрделілікті  меңгеруге арналған күштерді  жұмылдыру.

Ерік адамның физиологиялық  функцияларды жүзеге асырудағы ырықты қозғалыстардың базасында дамиды. Алғашында   балада қандайда бір ырықты қозғалыстарға белсенділік болмайды.  Өскен сайын балада психофизиологиялық механизмдердің дамуына байланысты ырықты қозғалыстарды жүзеге асыру мүмкіндігі артады.

Адам дамуының белгілі  кезеңдерінде еріктік механизмдер  танымдық процестер мен эмоционалдық аймақтарда көрінеді. Адам өмірдегі күрделілікке қарсы тұруда белсенді және тұрақты бола бастайды. Өзін-өзі ұстау дамиды, мінез-құлық еріктің кешені ретінде көрінеді.

 Бақылау  сұрақтары:

  1. Эмоцияның формалары қандай?
  2. Еріктік акт сипаттамасы.

 

Әдебиеттер  тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.
  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.
  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.
  4. Намазбаева Ж.И.  Психология.  Алматы, 2005.
  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.
  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.
  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.
  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.
  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.
  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.
  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.
  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.
  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.
  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.
  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.
  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.
  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.
  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.
  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.
  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.
  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә.  А.,1996.
  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию.                  Москва, 2002.
  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.
  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.

 

5. Бөлім Тұлға  психологиясы.

ГЛОССАРИЙ:

Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүрушісі.

Индивидуалдылық – бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін автономдық ерекше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе.

Тұлға – мәдени-тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық, және сапалылық қасиеттерін шегеріп, оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері.

Темперамент адамның белсендік ерекшеліктерін және реактивтілігін біріктіреді.

Лептосоматик – нәзік денелі,  ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.

Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.

Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.

Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес.

Мінез - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің индивидуалды қатынасы, ол берілген субъектінің белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-құлқымен шартталған.

Мазасыздық – бұл шынайы және өткінші қауіптілікті бастан кешіре алу.

Психика – адамның ішкі әлемі ретінде түсіндіріледі, өзіндік бақылау мүмкіндігі бар.

Бихевиоризм – психология ғылымында ХХ ғасырдың  басында АҚШ-та қалыптасқан механикалық теориялық және тәжірибелік бағыт.

Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырда дүниеге келген идеалисчтік бағыт. Сананың алғашқы бөлшектері тұтас түрдегі «гештальттар» (психологиялық құрылымдар) деп санайды.

Генезис - (грекше – туу, пайда болу, даму) қайсыбір құбылыс, заттың пайда болу сәтін де сол сияқты заңды даму процесін де бейнелейтін ұғым.

Данышпандылық – адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежесі.

Дағды – санасыз қайталау нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматтандырылған әрекетке айналып, оңай, шапшаң орындалады. Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық стериотип болады.

Фрейдизм – бұл ұғым Австрия ғалымы З.Фрейд атымен байланысты. Фрейдизм ХХ ғасырда психологияда кең тараған ағым. Фрейдтің зерттеуі бойынша адам мінез-құлқының қозғаушы күші мен шешуші факторы жыныстық еліктеу болып табылады.

Информация о работе Бөлім. Психологияға кіріспе