Бөлім. Психологияға кіріспе

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 08:40, лекция

Описание работы

Глоссарий:
Ассоциация – белгілі заңдалақтарға байланысты психикалық құбылыстардың байланысты болуы
Аффект – «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.
Әрекет – белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі әрекет.

Работа содержит 1 файл

лекция псих.doc

— 627.00 Кб (Скачать)

 

Пысықтау сұрақтары:

1. Түйсік дегеніміз  не?

2. Түйсіктің физиологиялық  негізі қандай?

3. Түйсіктің түрлері.

4. Түйсік қасиеттері қандай?

5. Қабылдау дегеніміз не?

6.Қабылдаудың негізгі қасиеттері қандай?

7. Қабылдаудың түрлерін  сипатта.

Әдебиеттер  тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.
  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.
  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.
  4. Намазбаева Ж.И.  Психология.  Алматы, 2005.
  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.
  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.
  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.
  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.
  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.
  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.
  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.
  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.
  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.
  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.
  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.
  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.
  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.
  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.
  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.
  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.
  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә.  А.,1996.
  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию.                  Москва, 2002.
  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.
  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.

 

6-тақырып. Ес. Ойлау және сөйлеу.

Дәріс мақсаты: Студенттерде ес, ойлау және сөйлеу туралы білімдерді қалыптастыру.

Тақырып бойынша  қарастырылатын сұрақтар:

  1. Ес туралы жалпы анықтама. Ес түрлерінің жіктемесі және олардың сипаттамасы.

  1. Ес процестері, олардың мазмұндық, функционалды сипаттамасы.

  1. Есті зерттеудің ассоциативті бағыты. Г. Эббингауздың ұмыту қисығы.
  1. Шетелдік (П. Жане) пен кеңестік (А. А. Смирнов, П.И. Зинченко) психологиясында естің психологиялық табиғатын зерттеудегі іс-әрекеттік бағыты.

  1. Л.С. Выготскийдің психика дамуының  мәдени – тарихи концепциясындағы ес мәселесі.

  1. Ойлау сипаттамасы.
  2. Сөйлеу туралы түсінік.

 

Дәріс тезисі.

1.  Ес туралы жалпы анықтама. Ес түрлерінің жіктемесі және олардың сипаттамасы. Өткен тәжірибені жадымызда қалдырып, сақтап, оларды қайта жаңғыртуымыз ес деп аталады. Ес адамға өте қажет. Ол арқылы субьект жеке өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, пайдасына жаратады. ХХ ғасырдың 80 ж. неміс психологі Г. Эббингауз ойлаумен байланысты ес заңдылықтарын ашты (мағынасыз әріп буындарын жаттата отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі.Психиатр Э.Крепелина осы тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру әрекеттерін тексеруде қолданды. Г.Э. Мюллер естің бекуі мен қайта жаңғыруы заңын ашты. ХХ ғ. И.П. Павлов шартты рефлекстер әдісін ашты. Естің жоғарғы формаларының дамуын орыс ғалымы Л.С. Выготский ХХ ғ. ашты. Әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін дәлелдеді. А.А. Смирнов, П.И. Зинченко естің саналы іс-әрекетпен байланыстылығы заңын ашып, жадта қалдырудың алға қойған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеді. Келе-келе ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табу және есте қалдыру мен ұмытудың жүйкелік механизмдерін ашушы зерттеулер пайда болды. П. Линдсей мен Д. Норман естің бір-біріне ұқсамас 3 типін: 1. сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі.(бұл сезім мүшеміз қабылдаған көріністерді толық дәл сақтау, бірақ 1 сек. еске түсіп, тез жойылып кетеді). 2. Қысқа мерзімді ес: ( Бұнда есте қалған бейне оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді). 3. Ұзақ мерзімді ес: ( жадта сақтау жүйесінің маңызды да күрделі түрі. Ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді). Есте қалдыру, қайта жаңғырту үшін жүретін әрекеттердің сипатына орай ес 3 өлшемге сай болуы керек:

 

 

 

Естің негізгі түрлерінің жіктемесі


 

 

Психикалық                           іс-әрекет мақсатына            материалдың

белсенділіктің                        байланысты ес.                   сақталу ұзақтығына

сипаты бойынша  ес.                - ырықты                        байланысты ес.                  

  • қозғалысты                       - ырықсыз                       - қысқа мерзімді ес
  • сезімдік                                                                     - ұзақ мерзімді
  • бейнелі                                                                     - нақты қызметтік
  • сөз логикалы                                                            (оперативная)

 

 

Қозғалысты ес - түрлі әрекеттерді есте қалдырып, сақтап, қайта жаңғырту. Онсыз біз әрекеттерді жаңадан үйреніп отыруымыз керек. Жақсы дамыған қозғалысты ес адамның еңбектегі шеберлігінен көрінеді.

Сезімдік ес – бұл  біздің сезімімізді есте қалдыру  мен жаңғырту қабілеттілігімізге байланысты. Эмоция есі адам өмірі мен іс-әрекетінде маңызды болып табылады.

Бейнелі ес – елестерге, табиғат көріністеріне, дәмге, дыбыстарға негізделген. Жад іздері оның мәні бұрын қабылданған нәрсені елес түрінде жаңғыртады.

Сөздік логикалы ес –  мазмұнына біздің ойымыз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді. Сондықтан ой тек мағыналық болмай, сөзді-логикалы болады. Сөздік-логикалық мағыналы есте басты мән екінші сигналдық жүйеде. Сондықтан қарапайым түрдегі қозғалыс, бейнелі және эмоционалды елестер жануарда болса, мағыналы ес адамға тән. Сөздік-логикалық ес басқа ес түрлерінің дамуына көмектесіп, олардың жоғарғы деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.

Нақты қызметтік ес –  адамның нақты іс-әрекеті. мезеті мен қажетіне орай қозғалыстарды орындауына байланысты іске қосылады. Қандайда бір әрекетті орындау үшін оны бөлшектеп алуымыз керек, кейін әрекеттің әр бөлігі бойынша нәтижеге келіп, екіншісіне өтеміз. осы екі арадағы нәтиже сол кездегі қажеттілігімен есте тұрады. Ал көзделген мақсатқа жақындаған сайын алдыңғы нәтиже ұмтылып келесі әрекет ақпаратына орын босатқандай болады.

2. Ес процестері, олардың мазмұндық, функционалды  сипаттамасы. Есте қалдырудың бастапқы формасы-ырықсыз. Мақсаты болмаған, арнайы тәсілдерсіз есте қалдыру, яғни болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу іздерінің санада бекіп қалуы, Өмірде кездесетіндердің көбі адам есінде ырықсыз орнығады: заттар, құбылыстар, оқиғалар және т.б, ал олардың әрқайсысының жатталуы бірдей емес. Ырықты есте ақпараттың санада бекіп қалуы үшін арнайы тәсілдер қолданылады. Мысалы, оқу материалын жаттап алу. Жаттап алуды мақсат етіп қою маңызды роль ойнап, ол есте қалдыру үшін болған барлық іс-әрекеттің мәнін айқындайды. Ниетті әрекеттің мақсаты-қажетті материалды есте сақтау. Есте қалдырып, оны қайта жаңғыртуға бағытталған әрекет-мнемикалық (мнема ес) әрекет д. а.

Механикалық және мағыналық  есте қалдыру. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар ретімен өзгеріссіз есте қалады. Мұндай есте қалдыруда адам жатталуға тиіс нәрселердің кеңістік пен уақыт ішіндегі өзара жақындығына сүйенсе, мағыналы есте қалдыруда материалдық ішкі логикалық байланыстарына сүйенеді. Сондықтан механикалықтан гөрі мағыналық есте қалдыру тиімді, механикалық есте қалдыру сан мәрте қайталау керек, ал ол жатталған нәрсе керек кезінде еске түсе бермейді. Материалды түсініп, ұғу үшін түрлі әдістер қолданылады. Игерілетін материалдың өзекті ой бөлініп алып, жоспар түрінде өрнектеледі. Жоспардың әрбір атамасы мәтіннің әрбір бөлігінің жалпыланған тақырыбына айналады, сөйтіп осы арқылы материалды еске түсіру жеңілдейді, оқушының білімін берік етеді. Материалды ұғынудың пайдалы әдісі – салыстыру, заттар, құбылыстар, оқиғалар арасындағы ұқсастық пен ерекшелікті тани білу. Есте берік қалдыру жолы – қайталап тұру. ол әртүрлі немесе белсенді болуы керек. (сұрақтарға жауап беру, схема, таблица) уақытқа байланысты қайталау: 1. Жинақты – материал қайталануы үздіксіз, бірнеше рет орындалады. 2. Бөлшектенген – тиімді, қуат пен уақыт үнемделеді, білім берік есте қалады.

   Психологияда  жаттаудың 3 түрі бар:

Тұтастай – мәтінді бастан аяқ бірнеше ретигерілгенше қайталау.

Шамалап – бірнешеге бөлініп, әрқайсысы өз алдына бірнеше рет қайталанып, жатталады.

Аралас – бірде толық, кейін тараулары бөлініп, оқылып жатталады.

Есте сақтау:

  • динамикалық есте сақтау қызметтік (оперативная) есте орын иеленіп, жатталған материал өзгеріске түсе бермейді.
  • Статистикалық ( тұрақты) – ұзақ мерзімді есте әрекетке келеді, материал қайта құрылып, өңделеді. Ақпараттың сақталып, өзгеріске түсуі- тану мен қайта жаңғыртуда болады. Затты не құбылысты тани отырып, оны белгілі бір категорияға жатқызамыз. Тану 2 дәрежеде, бірінші, адамның алдындағы затты біле алмай шаршатуы; екінші, күмәнсіз дәл тануы; Қайта жаңғырту танудан соң жүреді. Қайта жаңғырту материалды өз кезегімен еске түсіру арқылы жүреді. Ұмыту – еске түсіре алмау. Оның физиологиялық негізі-уақытша жүйке байланыстарын жандандыруға кедергі. Ми қабығындағы тежелу әрекеттері. Ұмытшақтықты жеңу үшін, оның туындауына себепші келесі заңдылықтарды білу қажет.
  • Материалды бірінші қабылдап, еске қалдыру
  • қабылданған материалды қайталау
  • қабылдауда ұмытылған материал уақыт өтуімен қайта еске оралады. Бұл реминисценция (жобалай еске түсіру) деп аталады. 
  • Материалдың түсінікті болғандығын анықтап алған соң, оны есте қалдыруға байланысты жаттығулар өткізу.
  • Айналысқан материал қызықты болу керек.
  • ұмыту материал көлемі мен оны игеру қиындықтарына байланысты.
  • Қайталау жұмыстарын жүргізу орынды
  • Ұмытуға себепші адам түрлі жүйке жүйесінің сырқаттарға шалдығуынан.

Ес бұзылысы: Мидың психикалық қалпы ес бұзылуынан көрінеді, яғни адам көргенін қас қағым уақытта ұмытады, бірақ өткендегілерін нақты болжай алады.

3.Есті зерттеудің  ассоциативті бағыты. Г. Эббингауздың  ұмыту қисығы. Ассоциативті теория – негізгі ұғымы ассоциация. Ассоциация «байланыс» орнату деген сөз. Дүниедегі бір-бірімен байланысты заттар немесе құбылыстар адамның есінде де байланысып сақталады. Ассоциация бойынша бір затпен негізделіп, онымен байланысты басқасын еске түсіре аламыз. Ассоциация түрлері (сыбайлас, ұқсастық, мағыналық). Эббингауз – есті зерттеу ғылымы психологиясында ең бірінші болып табылады. Ең алғаш эксперименталды әдісті қолданды. Есте қалдыру ерекшеліктері мен ақпаратты сақтау, қайта жаңғыртудағы негізгі өзгерістердің ерекшеліктерін  Г. Эббингауз (1850-1909) қарастырды. Ес процестерін Эббингауз ассоциациялардың жасалуы ретінде түсінді, мағынасыз әріп буындарын жаттата отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін бөлді. Ассоциативті (байланыс) теория оның заңдылықтарын түсінуге көмектеседі. Осы теория негізінде әртүрлі қайталау ретінде элементтердің есте сақталу саны өзгереді. Неміс ғалымы Эббингауз естің ассоциативті теориясында мәліметтер ретін алды және есте қалдыруды ашты, онда есте қалдыру үшін мағынасыз буындар қолданды. Ақпараттың жекелеген элементтері есте қалады, сақталады, жаңғырады. Естің ассоциативті теориясына сәйкес, яғни белгілі логикалық құрылымды-функционалды байланыстар негізінде уақыт өте ассоциативті теория проблемалармен соқтығысты, олардың біріншісі, адамзат есінің таңдамалығы. Асоциациялар кездейсоқ негізде жасалады, ал ес адам миына келген және сақталған белгілі бірақпаратты таңдайды. ХІХ ғ. аяғында ассоциативті теорияның орнына есті зерттеуші гештальт психология келді. Ес феноменін түсіндірудегі негізгі принцип, олардың бастапқы, тұтас ұйымы-гештальт «тұтас», «құрылым», «жүйе» деді. Гештальт теориясында материалдың құрылымы, оны тұтас ету, есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды жүйелі ұйымдастыру мәні белгіленген. Ең басты материалды есте қалдыруда тұтас құрылым түрінде жүреді. Ассоциативті теория шеңберінде Эббингауздың ұмыту заңы ашылды. Ол ақпаратты ұмыту заңын «ұмыту қисығы» түрінде берді, яғни уақыт өте келе ақпараттың жойылу үрдісін бейнелейді.

Тәжірибе барысында бұндай буындарды бірінші қатесіз қайталаудан кейін бастапқыда ұмыту өте тез жүреді. Бір сағат өткеннен кейін барлық алынған ақпараттың 60%-і ұмтылады, ал 6 күннен кейін алғашқы жатталған буындардың есте 20%-і ғана қалады.  Сонымен қатар ол сәйкесінше қарапайым, бірақ адамға үлкен әсер қалдыратын оқиғалар адам есінде тез сақталып, ұзақ уақыт болады. Және де күрделі, қызықты оқиғаларды адам бастан бірнеше рет кешуі мүмкін, бірақ ол есте көп сақтала бермейді-деді. Ұзын қатарды есте қалдыру кезінде материалды қайта жаңғырту жақсы жүреді. (эффект края)-осының бәрін Эббингауз анықтады. «Ес туралы» (1885) еңбегінде көрсетілген.

Информация о работе Бөлім. Психологияға кіріспе