Бөлім. Психологияға кіріспе

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 08:40, лекция

Описание работы

Глоссарий:
Ассоциация – белгілі заңдалақтарға байланысты психикалық құбылыстардың байланысты болуы
Аффект – «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.
Әрекет – белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі әрекет.

Работа содержит 1 файл

лекция псих.doc

— 627.00 Кб (Скачать)

Холерик (грек. chole - өт) – жоғары деңгейдегі психикалық белсенділікпен, әрекеттегі қуаттылықпен, қозғалыстағы күштілікпен, жылдамдықпен, талпыныспен, қарқынмен сипатталады. Холериктің  көңіл-күйі  жылдам алмасады, шыдамсыз, қызба, эмоционалды өзін басқаруы төмен, кей кезде агрессивті болып келеді. Тәрбиедегі кемшіліктер холериктің өмірлік күрделі  жағдайларда эмоциясын бақылай алмауына әкеледі.

Флегматик (грек. phlegma – сөл) – психикалық төмен белсенділікпен, баяулықпен, мимиканың жадаулығымен сипатталады. Флегматиктің бір істен екінші іске алмасуы және жаңа ортаға бейімделуі өте күрделі.  Флегматиктің көңіл-күйі қалыпты. Сезімдері мен көңіл-күйі тұрақтылықпен ерекшеленеді. Тәрбиедегі жағымсыз әсерлер флегматиктің эмоциясының  жұтаңдығына, бір тектес әдетті әрекеттерді орындауға    бейімділігін тудырады.

Меланхолик  (грек. melanos – қара,  cole - өт) – психикалық белсенділіктің төмен деңгейімен, қозғалыстың баяулығымен, моторика мен сөйлеудегі ұстамдылықпен, тез шаршағыштықпен сипатталады. Меланхолик типіндегі адамдар жоғары эмоционалды сензитивтілікпен ерекшеленеді. Сыртқы әлсіз әсерге терең күйзелістік теріс эмоциялар көрсетеді. Тәрбиедегі теріс әсерлер меланхолик типіндегі адамдарда жоғары эмоционалды жараланғыштықтың, тұйықтықтың, бөлектенудің қалыптасуына әкеледі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Темперамент жайлы Гиппократ теориясының негізі қандай?
  2. Гален, Кант, Лесгафт еңбектерінің сипаттамасы.
  3. Конституционалды теориялар жайлы әңгімелеп беріңіз.
  4. Жоғары жүйке жүйесі типтерін атаңыз.
  5. Темперамент типтерінің сипаттары қандай?

Әдебиеттер  тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.
  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.
  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.
  4. Намазбаева Ж.И.  Психология.  Алматы, 2005.
  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.
  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.
  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.
  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.
  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.
  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.
  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.
  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.
  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.
  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.
  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.
  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.
  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.
  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.
  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.
  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.
  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә.  А.,1996.
  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию.                  Москва, 2002.
  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.
  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.

 

11-тақырып. Мінез

Дәріс мақсаты: Студенттерде мінез, мінез бітістері, сипаттары  туралы білімдерін тереңдету.

Қарастырылған сұрақтар:

  1. Мінез  туралы түсінік.
  2. Мінез акцентуациялары.

Дәріс тезисі.

1. Мінез туралы түсінік. Мінез - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің индивидуалды қатынасы, ол берілген субъектінің белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-құлқымен шартталған. Мінез тұлғаның әлеуметтік мінез-құлық ерекшеліктерінде, ең алдымен - мамандыққа, адамға және өзіне деген қатынасынан көрінетін психикалық іс-әрекеттің өзіндік қалыптасуы.

Мінезді зерттеуде Теофраст пионер болып саналады. 18 ғасырда Европада мінездің типологиясына көптеген зерттеулер жүргізілді. Қазіргі уақытта “мінез” ұғымы туралы көзқарастар әртүрлі. Кейбір психологиялық ағымдарда бұл қоғамның өмір сүру құқығына мүлдем қарсы, ал шетел анықтамалар баспаларында және зерттеулерде мүлдем алынып тасталған. Бұл неге олай болды? Біріншіден, көптеген психологтердің пікірлерінше, мінездің өзіндік көрінулерін біріктіретін, әлдеқайда  зерттелген  тұлғаны  мінезбен жалпылай теңдестіру беталысы бақыланады. Екіншіден, феноменология бойынша мінезді этикаға жатқызады, сондықтан оны психология жүйесіне қосу заңсыз болып саналады. Үшіншіден, жалпы дара  құбылыс ретінде мінезді зерттеу мүмкіндігіне күмәндану байқалады, өйткені “кейіпкер”, “тұлға” ағылшын  тілінде character деген мағананы білдіреді.

Кеңестік психологияда “мінез негізін” әрекетке тұрақтылықтың  принципиалдылықтың, тұлға мен интеллекттің өзара қатынасының, өмірлік мақсаттың  бар болуы - ерікті құрайтындығы баса қарастырылады. Шетелде, мінез элементін  ескере отырып, өзіндік бақылау және өзіндік қалыптастырушыға синоним ретінде кейде  “Мен Күші”, “Жоғары Мен Күші” ұғымдарын қолданады. Егер мінез және тұлға құбылыстары арасындағы бөлімдерді анықтау мүмкін болмаса, онда мінез және темпераментті бөлу одан да қиын. В. Кречмер келесі дифиницияларды қолданды. Темперамент - бұл психофизиологиялық ағымдардың тума ерекшеліктері (олардың қозғалыстары, инерттілігі, қызу т.б.). Мінез - бұл адамның өзіне, қоршаған адамға, әлемге деген қарым-қатынасының тұрақты ерекшелігі.

Б.Г.Ананьев кез келген мінез сипаты тұлғаның қоршаған дүниеге деген белгілі мәнді қатынасын көрсетеді, олардың ішінде төмендегілерді атауға болады::

1) табиғат, қоғам және  қоғамдық идеялар (идеология);

2) еңбек - адам өмір  сүруінің тәсілі;

3) индивидтің басқа  адамдармен қоғамдық байланысы;

4) өзіндік әрекет және  адамның тұлғасы.

А.Ф. Лазурский өзінің теориясының негізіне ол индивидті ортаға белсенді бейімделу принципін ала отырып, жіктемесіне екі негізді бөліп көрсетті - психикалық деңгей және психикалық мазмұн. Психикалық деңгей неғұрлым биік болса, соған байланысты белсенді және өнімді бейімделу жүреді

Сонымен, А.Ф. Лазурский  жүйесінде психикалық өмір деңгейі  бүгінгі күні А. Маслоу мен Э. Шостром  гуманистік ілімдеріндегі тұлғаның өзіндік актуализациясы, бағыттылығы  теорияларына жақын.

Психикалық өмір мазмұны  жалпы табыстылықты анықтамайды, ортаның  құбылыстарына индивидтердің бейімделу  тәсілдерінің вариацияларында көрінеді. А.Ф. Лазурский негізгі психикалық және психофизиологиялық функцияларды біріктіретін (сезім, ес, зейін, ойлау, ерік, жылдамдық және моторика күші т.б.) эндопсихиканы бөліп көрсетті. Эндопсихика жалпы “формальды-динамикалық сипаттама” ұғымына жақын; ол кешендер арқылы сипатталады, тіршілік етеді және тума биологиялық механизмдер негізінде беріледі.

Экзопсихика тұлғаның сыртқы объектіліерге қатынасын (табиғатқа, адамға, рухани қолайлыққа, адамның қзінің рухани өміріне және тағы басқа) біріктіреді. Экзопсихика заттық - мазмұндық сипаттарға, психикалық өмірге және орта жағдайларына әсер етеді.

Эндо және экзопсихика  өзара әрекеттеседі, шарттасады және эндосипаты экзоның көрінуінің латентті кезеңінен актуалдыға өзгеруі мүмкін (мысалы қабілеттер әрекетте көрінеді, ал түрткі мен қызығушылық - бұл экзопсихикалық сапа).

2.Мінез акцентуациялары.

Егер мінез өзгеріп, оның қандайда бір сипаты айқын көрінсе, адам аса сезімтал болуы мүмкін. Бұл жағдай, онда мінез акцентуациясының бар екенін көрсетеді. Акцентуация – кейбір мінез сипаттары аса күшейтілген норма нұсқалары. Айқын акцентуация –  “аз қарсыласу орнына” бағытталған фактордың әрекеті жағдайында тұлғаның бейімделе алмаушылығына  әкелетін шеткі норма нұсқасы. Жасырын акцентуация бұл қарапайым нұсқаның көрінуі.

К. Леонгард мінез акцентуациясының классификациясын құрды, оны шеткі  норма нұсқасы деп түсінді. Сондықтан  адамның күшті жағына қарағанда, оның кемшіліктерін тізбелеуді ұсынды. Әдістің ерекшелігі осында, бірақ әрине, бұл медициналық диагноз қою үшін жеткіліксіз. К.Леонгард жаңа ұғымды енгізе отырып, 4 мінез акцентуациясын және 6 темперамент акцентуациясын бөліп көрсетті. Бұл акцентуацияларды төменде М және  Т әріптерімен көрсетеміз:

1. Демонстративті ( истероидты)

2. Педантивті

3. Тұйықталған  тип 

4. Қозғыш тип  (эпилептоидты)

5. Гипертимді  тип 

6. Дистимді  тип 

7. Қауіпті  – қорқақ  тип

8. Циклотимді  тип 

9. Эмотивті  тип 

10. Аффективті  – экзальтацияланған тип.

К. Леонгард мінездің кейбір өмірге қиындық туғызатын сипаттарын ғана көрсетті. К. Леонгард еңбегін Санкт – Петербург зерттеушісі А.Е. Личко толықтырды. Ол акцентуацияның 12 түрін көрсетті. Көбіне К.Леонгард классификациясын мінезі әлі қалыптаспаған жеткіншектермен жұмыс жасағанда қолданады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Адам мінезі деген не?
  2. «Эндопсихика» және «экзопсихика» деген не?
  3. Мінез акцентуациясы деген не?
  4. Акцентуацияның қандай аралас типтерін бар?
  5. Негізгі психологиялық мінез типологияларын атаңыз.

Әдебиеттер  тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.
  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.
  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.
  4. Намазбаева Ж.И.  Психология.  Алматы, 2005.
  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.
  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.
  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.
  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.
  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.
  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.
  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.
  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.
  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.
  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.
  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.
  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.
  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.
  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.
  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.
  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.
  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә.  А.,1996.
  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию.         Москва, 2002.
  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.
  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.

 

12-тақырып.  Қабілет

Дәріс мақсаты: Студенттерде қабілет, оның түрлері, даралық ерекшеліктері, деңгейлері  туралы білімдерін тереңдету.

Қарастырылатын  сұрақтар:

1 Қабілет анықтамасы

2 Қабілет теориялары

3 Қабілет және тұлға даралығы

Дәріс тезисі.

1. Қабілет анықтамасы. Әрқандай іс- әрекетке байланысты адам қандай да қызметті  орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс.Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті деп аталады. Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі – психологиялық құбылыс емес, екіншісі – баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің табысты іс - әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлықдара өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру керек.Қабілет өз ішінде әртүрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім.

Қабілет – білім, дағды, ептіліктерді игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу аспауы көп жәйттерге тәуелді. Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс - әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиды, іс - әрекетке жаңа мазмұн мен сипат береді.  

Іс - әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.  

Қоғамның әр  тарихи даму  кезеңінде қалыптасқан әлеуметтік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәті болмай қалады.          

 Әрбір адамның іс - әрекетті орындау тәсілі сол  адамның психикалық таным процестерінің  даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі  талдағыштарының жұмысына, сезім  мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты.  

2 Қабілет теориялары. Қабілеттердің бірнеше концепциялары бар. 1. Тұқымқуалаушылық теориясында қабілетті дамуы мен көрінуі тұтастай және толығымен тұқымқуалаушылық қорына тәуелді биологиялық детерминді құбылыс ретінде түсінеді. Бұл ұстанымды белгілі адамның генеологиясы және энциклопедиялық сөздіктерге сүйене таланттың тұқымқуалаушылығын зерттеген Ф. Гальтон ұстанған. 2. Жүре пайда болған қабілеттер теориясы. 18 ғасырдағы Гельвецийдің тұжырымдауынша, тәрбие арқылы данышпандылықтың кез-келген деңгейін қалыптастыруға болады. Эшби бұл тұжырымды былай жеңілдетті, қабілет бұл тума бағдарламалар және жұмысқа деген қабілеттілік арқылы қалыптасады. 3. Негізінен Кеңестік психологияда дамыған қабілеттегі тума және жүре пайда болған диалектиканы  нақтылаған үшінші концепция болды. Анатомо – физиологиялық ерекшеліктер ғана тума бола алады, ал қабілеттің өзі – қалыптасу нәтижесі. Қабілеттер іс-әрекетте қалыптасатындықтан оның мазмұнына және балаға іс-әрекеттер мен жетістіктер этолонын беретін ересектермен қарым – қатынасқа тәуелді. Осыны негізге ала отырып, П.Я. Гальперин қабілет интериоризация нәтижесі болып табылатындығын анықтаған.

Информация о работе Бөлім. Психологияға кіріспе