Бөлім. Психологияға кіріспе

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 08:40, лекция

Описание работы

Глоссарий:
Ассоциация – белгілі заңдалақтарға байланысты психикалық құбылыстардың байланысты болуы
Аффект – «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.
Әрекет – белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі әрекет.

Работа содержит 1 файл

лекция псих.doc

— 627.00 Кб (Скачать)

4. Шетелдік (П. Жане) пен кеңестік (А. А. Смирнов, П.И. Зинченко) психологиясында естің психологиялық табиғатын зерттеудегі іс-әрекеттік бағыты. Француз ғалымы П. Жане ең алғаш материалды есте қалдыруға, өңдеуге және сақтауға бағдарланған әрекеттер жүйесі ретінде есті қарастырды. Француздық психологиялық мектепте естің адамның іс-әрекетіне тікелей тәуелділігі дәлелденген. Отандық психологтар ырықты мнемикалық іс-әрекеттің  күрделі түрін зерттеуді жалғастырды. Онда ес процестері ойлау процестерімен байланысады. А.А. Смирнов пен П.И. Зинченконың (зерттеулері) іс-әрекеттің психологиялық теориясы тұрғысынан жүргізілген зерттеулері адамзаттың мағыналы іс-әрекеті ретінде ес заңдарын ашты, есте қалдырудың қойылған міндетке  тәуелділігін және күрделі материалды есте қалдыру тәсілдерін бөліп көрсетті. Мысалы: Смирнов, іс-әрекет ойларға қарағанда есте жақсы қалады, ал әрекеттердің ішінде, әсіресе, кедергілерді жеңумен байланысты болған әрекеттер мықтырақ есте қалады. Ырықты есте қалдыру-есте қалдыру үшін мақсат қою. Көпмәрте қайталау, материалды есте қалдыруға мүмкіндік береді. Алдыға мақсат қойып, жаттауға Смирнов эксперимент өткізді, яғни ол тілді дұрыс білмейтін адамға  эксперимент жүргізді. Эксперименттің мәні-мәнсіз буындарды жаттаудан тұрды. Есте қалдыру үшін бірнеше қайталау керек болды. Зерттелуші оны 20,30,40, және 46 рет оқыды, бірақ экспериментаторға оны есте қалдырғандығы жөнінде белгі бермеді. Психолог енді оқығанын жатқа айт дегенде, зерттелуші тілді нашар білмегендіктен эксперименттің мақсатын да дұрыс түсінбей, «қалай?» «мен оны жатқа айтуым керек пе?»-деді. Сосын ол оны қайта 6 рет оқыды, оны қатесіз қайталап берді. Жақсы есте қалдыру үшін мақсат қою керек, яғни материалды қабылдап, түсініп қана қоймай, оны есте қалдырам деу қажет. Ал отандық психолог Зинченко адамның тікелей әрекеті ретінде есте қалдыруға бағытталу (установка) өздігінен есте қалдыру үрдісін эффективті етпейді. Нақтырақ айтсақ ырықсыз есте қалдыру ырықтыдан эффективтірек болуы мүмкін. Зинченконың картинканы ырықсыз есте  қалдыру (есте қалдыру керек деген мақсат қоймай) арнайы есте қалдыру керек деген жағдайдан жоғары болды. Осы проблемеға байланысты Смирнов ырықтыға қарағанда ырықсыз есте қалдыру сенімдірек деді, яғни зерттелушілерге 2 фраза берілді: Мысалы, «менің ағам қытайша оқиды», және «қытайша жазып, оқу керек» деген, сосын оны осыған ұқсас ары қарай фраза ойлап табулары керек болды. Фразаларды есте қалдыру талап етілмеді, біраз күн өткеннен кейін зерттелушілерге сол фразаларды есте түсіруді сұрады. Нәтижесінде экспериментатор берген фразадан гөрі олар өздері ойлап тапқан фразалары 3 есе естерінде жақсы қалыпты.

4. Л.С. Выготскийдің психика дамуының  мәдени – тарихи концепциясындағы ес мәселесі. Л. С. Выготский естің тарихи дамуын көрсетті, басқаша айтқанда естің филогенезінің дамуын көрсетті. Филогенез дегеніміз- бүкіл адамзаттың даму кезеңдері.  Естің дамуы-есте сақтау үшін қолданылатын әдіс. Тәсілдердің жақсаруы, естің басқа психикалық процесі және жағдаймен байланысының  өзгеруіне тәуелді. Тарихи жағдайлар даму және адам өзінің материалдық және рухани мәдениетінің молаюы жағдайда оның еске сақтау үшін қолданылатын құралдар күрделене түсті. Құралдар арасындағы ең маңыздысы: сөйлеу, жазу, және ғылыми психикалық прогреске байланысты (компьютер). Сөйлеудің түрлеріне байланысты: сыртқы және ішкі, ауызша және жазбаша. Ес процесі дами отырып ойлау процесіне жақындай берді. Выготскийдің айтуынша, баланың ойлауы оның есте сақтауына тәуелді, бала үшін ойлану еске түсірумен бірдей. Тек балалық шақта ғана ойлау мен естің арасында қатты байланыс болады. Естің басқа психикалық процесімен байланыстың өзгеруі жасөспірімдік шаққа қарай пайда бола бастайды. Бұл байланыстар балалық шаққа қарағанда керісінше болады. М: егер балалық шақта ойлану үшін еске түсіру қажет болса, ал жасөспірімдік шақта есте сақтау үшін ойлану, түсіну қажет.

5. Ойлау сипаттамасы. Ойлау процесі. Ойлау процестерінің сатылары. Ойлау-жоғары психикалық процесс болып табылады және арнайы сипаттамаларға ие. Біріншісі, шынайлылықтың жалпылай бейнеленуі, яғни ойлау-шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстардың жалпы бейнесі. Екіншісі, нақтылау-обьективті шындықты тану, яғни заттар мен құбылыстардың қасиетін оған тікелей қатынаспай, жанама түрде білуге болады. Мысалы, ауа-райын білу үшін сыртқа шығуға болады. Ойлаудың тағы бір ерекшелігі ол тану немесе іс-әрекет барысында пайда болады. Міндеттерді шешуімен байланысты. Ойлау процесі проблемді ситуация пайда болғанда ғана көрінеді. Ойлау әдетте сұрақ қоюмен басталады, ол мақсат болып табылады. Бұл сұраққа жауап беру үшін арнайы ақыл-ой процестері көмектеседі. Ойлау-сыртқы дүние заттары мен құбылыстың миымызда жалпылай сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау қабылдау, елестетумен тығыз байланысты. Ойлау сезім мүшелері арқылы мәліметтерді өңдейді. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас процесінде туындап отырады. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғамның дамуымен бірге өзгеріп отырады.

Ойлаудың  негізгі түрлері, олардың сипаттамалары.

Ойлаудың түрлері:

  1. Формасы бойынша затты-әрекеттік

                                           көрнекі-бейнелі

                                           абстрактілі-логикалық

 

  1. Сипаты бойынша             теориялық

                                         практикалық

 

  1. Көлемдік ауқымына байланысты    дискурсивтік

                                                                    интутивтік

 

  1. Қайталанбастығына орай               репродуктивті

                                                                  продуктивті

затты-әрекеттік- қалыптасқан жағдайды жаңалай өзгертуге бағытталған іс-әрекет. (3 жасқа дейінгі балаға тән)

Көрнекі бейнелі-ойлау заттар мен құбылыстардың өздері емес, пайымдаумен орындалады

абстрактілі-логикалық-ойлау тілдік құралдарға сүйенеді.

Теориялық-психологияда көп заңдылықтарын ашуға арналған ойдың теориялық жағы ғана ескеріліп келді.

Практикалық-теориялық ойдың іске асырудың бастауы.

Дискурсивтілік-өз кең кезегімен дамыған ойлау

Интутивтілік-Мазмұны толық ұғынылмаған ойлау процесі.

Репродуктивті-дайын білімдерді қолданып, ескі сүрлеумен жүреді.

Продуктивті-жаңа идеяларды туындатуға бағытталады.

Ойлау танымдық іс-әрекеттің жоғарғы формасы  ретінде: белгілер, ойлау формалары, ойлау операциялары.

Ойлаудың бастапқы формасы  болып-ұғым – заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымдар жалпы және дара болып бөлінеді. Жалпы ұғым бірыңғай заттар мен құбылыстарды білдіреді. Мысалы: «стол», «Ғимарат». Дара құбылыстар қандайда бір затты білдіреді. Мысалы: «Енесей», «Венера». Шындықтағы заттың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір дегеніміз- бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлау формасы. Ойлаудың күрделі формасының бірі-ой қорытындылары-ол бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке, бір-бірімен байланыстыруымыз керек. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды. Ой қорытындысының 3 түрі болады: Дедукциялық- жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Индукциялық- жекеден жалпыға қарай жүретін ой қорытындысы. Аналогиялық- ұқсастық бойынша ой қорытындысын жасау.

Ойлаудың негізгі белгісі  – түсіну. Түсінудің 2 түрі болады. 1. Тікелей түсіну-жанама ой операциясын керек етпейтін қабылдауға ұқсас процесс. 2. Жанама түсіну- бірнеше аралық басқыштардан тұратын ой операцияларын керек ететін, нәрсені анық, айқын етіп бейнелеуде бірнеше ой түйіндерін талап ететін процесс. Ол сұрақ қоюдан басталады. Ойлау дегеніміз- мәселені шешу, оның мәнісіне түсіне білу деген сөз. Жанама түсіну жаңа затты құбылысты белгілі ұғымға жанастыра барып түсіну деген сөз.

Ойлау операциялары:

Салыстыру- шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын ажыратушы операция. Анализ-ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Осылай бөлу арқылы анализ заттың қасиеттерін, түсін, формасын, процестің жылдамдығын және т.б. білуге мүмкіндік береді. Синтез- ой арқылы құбылыстар мен заттардың бөліктерін тұтас ету. Ол анализге  қарама-қарйшы операция жерде жатқан затты көріп, біз оны түсінеміз. Оның қалай жұмыс істейтінін білеміз. Анализ бен синтез негізінде салыстыру пайда болады. Ойлау операцияларының күрделі түрі-абстракция мен нақтылау. Абстракция-шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды. Нақтылау- жеке нәрселер мен заттар туралы ой. Мысалы: қандайда бір затты елестету керек болса, біз оны алуан түрлі белгілерімен елестетеміз.Мысалы, «үстел» десе, жазбаша үстел, жұмыс үстелі т.б.

Шығармашылық  ойлау. Шығармашылық ойлау механизмдері. Психологтар адамның ерекше, жаңа шығармашылық тапсырмаларды қалай шешу қажет екенін түсіну үшін көп күш жұмсаған. Шығармашылық ойлау дегеніміз не деген сұраққа алғаш жауап бергендердің  бірі болған ДЖ. Гилфорд болған. Шығармашылыққа арнаған жұмыстарында, ол креативтіліктің даму деңгейін анықтайтын адам ойлауындағы 4 ерекшелікті көрсететін концепциясын ұсынды:

  1. Интеллектуалды жаңалыққа ұмтылу, айтылған ойдың ерекше және оргениалды болуы. Шығармашылыққа қабілетті адам әрқашан және барлық жерде өз шешімін табуға тырысады.
  2. Шығармашылық адам семантикалық иілгіштігімен айрықшаланады, яғни обьектіні жаңа бұрышынан қарай білу, жаңа қолдануды таба білу.
  3. Шығармашылық ойлауда әрқашан образды бейімделген икемділік болады, яғни обьектіні қабылдауды оның жаңа жабық жақтарын көре алатындай өзгерту қабілеті
  4. Шығармашылық ойлауын адам басқа адамға қарағанда түсініксіз жағдайда әртүрлі идеяларды талдай алады. Шығармашылық ойлаудың бұл қабілетін Дж. Гилфорд семантикалы, спонтанды гипность деп атады.

Шығармашылық ойлаудағы  кедергілерді көрсеткен Линдсит, К.Холл және Томпсон болған. Олар шығармашылық қасиеттің кедергі болған тұлғалық қырлар, сонымен қатар комформизм, басқаның алдында күлкілі болып қалам ба деген сезім және т.б.

Сонымен, ойлау - сыртқы дүние  заттары мен құбылыстарының байланыс - қатынастарының жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлау процесі бір  мәселелі жағдайлар пайда болғанда, сол мәселені шешу керектігінде айқын  көрінеді.

Ойлау сұрақтан басталады  да, оның жауабы ойлаудың мақсаты болады. Ойлаудың маңызды ерекшелігі - оның сөзбен байланыстылығы.

Ойлау түрлері:

1. Ойлау  формасы бойынша үш түрге бөлінеді:

  • Нақты әрекеттік ойлау;
  • Нақты бейнелік ойлау;
  • Абстрактылы логикалық ойлау-ең негізгі қасиеттері б-ша ойлау.

2. Мәселелерге  қатысты екі түрге бөлінеді:

  • Теориялық ойлау;
  • Практикалық ойлау.

3. Анықталуына  қатысты екі түрге бөлінеді:

  • диструктивті ойлау-логикалық дәлелдеу арқылы;
  • интуитивті ойлау- сезімге жүгіну.

4. Оригиналдылығына байланысты  екі түрге бөлінеді:

  • репродуктивті ойлау-қайта жаңғыртушы (Мысалы, 2х2=4)
  • продуктивті ойлау - жасампаз ойлау (2х Х=4)

Ойлау операциялары

  • Анализ (талдау);
  • Синтез (жинақтау);
  • Нақтылау (шие, алмұрт, алма);
  • Жалпылау (жеміс-жидек);
  • Салыстыру (8>5);
  • Абстракция.

Ойлаудың  физиологиялық негізі

Ойлаудың физиологиялық негізі И.П.Павловтың Жоғары жүйке жүйесі іліміне байланысты түсіндіріледі.

Ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал (сөйлеу) жүйесінің уақытша нерв байланыстары жектеші рөл атқарады.

Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қортындысы.

Ұғым - біртекті бір атаулы заттар мен құбылыстарды түсіндіреді.

Пікір – заттар мен  құбылыстардың арасындағы байланыстардың бекітілуі (қыс келді-қар жауды).

Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы - ой қорытындылары деп аталады.

Ой қорытындыларының үш түрі болады:

1.Дедукциялық  - жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы.

2.Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы.

3. Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.

6. Сөйлеу туралы  түсінік.

Сөйлеу – басқа  адамдар мен қарым-қатынас жасау  үшін адамның тілді практикада қолдануы.Тіл  – қарым-қатынас құралы.

Сөйлеудің қасиеттері:

  • Мазмұндылығы-шындықпен байланысы;
  • Түсініктілігі- сөйлемнің дұрыс болуы;
  • Әсерлігі-эмоцияға байланысты ;
  • Ықпалдылығы–бұйрық, өтініш, кеңес, нұсқау түрінде көрінеді.

Сөйлеудің қызметтері:

  1. Көрсету функциясы-өзнің адамға сезімін, эиоциясын т.б. көрсету.
  2. Әсер ету функциясы-;
  3. Тағайындау функциясы-ат қою;
  4. Ақпараттау функциясы

Сөйлеудің түрлері:

  • Монологты сөйлеу бір адамның сөзі, жүйелі, мақсатты, жоспарланған.
  • Диалогты сөйлеу;
  • Ауызша сөйлеу;
  • Жазбаша сөйлеу;
  • Іштей сөйлеу.

Информация о работе Бөлім. Психологияға кіріспе