Тест-белгілі бір сандық сапалық ақпарат
береді және күрделі техникалық ақпараттарды
қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ.
Тестің түрлері көп (ашық, жабық, жанама,
тікелей, интеллектуалды, бланг, аппаратуралық,
стандартты, обьективті, проективті, вербалды,
т.б.)
Анкета-белгілі бір сұрақтарға жауап беру. сұрақтар
алдын-ала даярланады.
Әңгімелесу-алдын ала жоспарланған тақырып немесе
мәселе төңірегінде 2 жақты пікір алмасу.
Сұқбат- белгілі бір мәселе жөнінде нақты бір
кісінің сұрақ қою, респонденттің жауап
беру арқылы болған әдіс.
Моделдеу-жас ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік
және психологиялық нормаларға байланысты.
Зерттеуші моделді жасалынады да, респондент
сол моделмен салыстырылады. (моделдеуде
адамның жаман жағы айтылмайды, бұнда
тек % пен ғана айтылады.
Сұрақ-адамдар берілген сұрақтар реті бойынша
жауап береді.
Сұрақнама-анкета, тест, т.б. осы сұрақнаманың түрлері.
Математикалық-статистика – белгілі
бір қасиеттің сандық көрсеткіші.
Контент-анализ – белгілі бір іс-әрекет
өнімі арқылы адамның қандай екендігі
жөнінде ақпарат жинағы (киім киісіне,
жүріс-тұрысына т.б.)
Социометрия- (лат. қоғам және өлшеймін)-шағын топтағы
тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін
зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік
психолог және психиатр Я. Морено (18921974)
жасады.
Психологияның
даму кезеңдерінің негізгі сипаттамасы. Психологияның дамуы 4 кезеңнен
тұрады:
- Психология-Жан туралы ғылым
- Психология-Сана туралы ғылым
- Психология-мінез-құлық туралы ғылым
- Психология-психика механизмдері мен заңдылықтарының фактісінің дамуын зерттейді. зерттейді. Адамның психикасын, психологиялық таным процестерін, психологиялық типологиялық ерекшелігін, жеке адамның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
- Психология-Жан туралы ғылым. Психика жөніндегі алғашқы түсініктер Анимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) сипатта болды. Әлемдік психикалық ой-пікірдің даму тарихы 2 кезеңге бөлінеді. Мұның біріншісі шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, көш басы (атақты философ) Аристотельден «О душе» трактатын жазып шығарды «ассоциация» ұғымын енгізді. (б. з. д. 384-322) басталатын ішкі тарих. Осынау сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүргін ғұламалар Гераклит «Өзіңді танып, білу үшін, ғылымды біл. Өмірде болып жатқан құбылыстар құдайдың көңіл күйінде емес, заңдылыққа байланысты» деген, «логос» терминін енгізген; Гиппократ (әйгілі дәрігердің баласы) «адамдар организмін зерттеген және аурудың себебін зерттеді. Сұйықтықтардың пропорциясына байланысты дейді, сау адамдар мен ауру адамдардың айырмашылығы» Лукреций, Эпикур, Демокрит. т.б. Ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан. Аристотель өзінің «жан туралы» трактатында жан тәннің өмір сүру формасы екендігін, ( Тірі денеден жанның бөлінбейтіндігі туралы идеясын бірінші болып айтқан), мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция секілді процестерге бөлінетіндігін айтты. Жанды зерттеу және түсіндіру-психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде анықталды. Алайда, жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әр түрлі мазмұн берді. Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне-материя мен сананың, рухани және материалдық субстанциялардың, арақатынасына байланысты болған. Дәл осы мәселе төңірегінде бір-біріне диаматериалы қарсы екі философиялық бағыттар пайда болды: материалистік және идеалистік. Материализм мен идеализмнің арасында осыдан екі мың жылдан астам уақыт бұрын басталған тартыс қазір де жүріп жатыр. Психикалық құбылыстарды идеалистік (Платон-«жанның материямен ортақ еш нәрсесі жоқ. Жанның материалдық дүниеден айырмашылығы, ол-идеалды. Таным-психиканың сыртқы дүниемен өзара әрекеті емес, жанның адам тәніне енгенге дейін идеалды дүниеден не көргені жөніндегі естеліктер іспеттес. Обьективті дүние-танымдық қызметтің обьектісі емес, соған себепші ғана». Сократ- бойынша табиғат пен адамды құдай жаратқан) тұрғыдан түсінудің мәні психиканың материадан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында болып табылады. Психика-тәнсіз, материялсыз негіздің-«абсолютті рухтың», «идеяның» көрініс беруі, дейді идеалистер. Тарихи жағдайларға байланысты идеализм өз ұсқынын өзгертеді, бүркемелене түседі, бірақ мәні өзгермей сол күйінде қалады. Психиканы материалистік (Демокрит-«Адам әртүрлі атом сортынан жаратылған. От атомы жанды құрайды» деді. Лукреций, Эпикур, Гераклит- ол дүние оттан п.б.; Фалес-«дүние судан п.б.» Аниксимандр-«апейрон» Анакеймен- «воздух» Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-фараби (870-950)) тұрғыдан түсінудің идеализмге қарама-қарсылығын психиканың материядан шығатын екінші кезекті құбылыс, ал материяның бірінші кезекті, субстрат (негіз), психиканың иесі ретінде қаралатындығында.
- (XVII) Психология-Сана туралы ғылым. Психологияның зерттеу пәні –сана деп қарастырды. Француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) (екінші кезеңнің басталуы) Ол тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар ағзаның әрекеті-оның басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі де жанды қажет етпейді дегенді көрсетті. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше ықпал етті. Декарт бір мезгілде екі ұғымды енгізді: сана және рефлекс Рефлекс-(жануар сыртқы ортаның әсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі) арқылы жауап береді, деді). Алайда, ол өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді қарама-қайшы қояды. Ол өзара тәуелсіз екі субстанцияның-материя мен рухтың-бар екендігін айтады. Сондықтан психология тарихындағы бұл ілім «дуализм» (латын тілінен «қосалқы») деген атаққа ие болды. Дуалистердің көзқарастары бойынша, психикалық құбылыстар мидың өнімі мен қызметі емес, мидан тыс әрі одан тәуелсіз өздігінен болады деп санайды. Философиядағы бұл бағыт обьективтік идеализм деген атқа ие болды. Декарттың жан мен денені бөліп салғанын, голландтық философ Спиноза (1632-1677) біріктірді. «Эмперикалық психология» терминін неміс философы ХVІІІ ғ. Х. Вольфом енгізді. Ағылшын философы Дж. Локк (1632-1704) түсінігі бойынша- сенсуализмнің – ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайды. Дүнеге жаңа келген жас сәбидің психикасы, Локк ілімі бойынша «таза тақта». Сана-адамның жеке тәжірибесінен жинақталады. Неміс философы Г. Лейбниц (1646-1716) психологияның дамуымен психиканың механизмдерін түсінуге ықпалын тигізді. Ол психологияға «сана» ұғымымен қатар санасыздық ұғымын енгізді, санасыз түрде пайда болатан шексіз шағын перцепциялар бар екенін жоққа шығармайды. Туа берілетін идея жөніндегі Декард ілімін қолдай отырып, Локк сынын ескерді, оның сәбидің психикасы «таза тақта» деген тезиске қарсы шықты.
ХІХ ғ. 60 жылдарында
психология дербес ғылым ретінде танылды. Вильгельм
Вундт (1832-1920) 1879 жылы Лейпцигте Тұңғыш экспериментальды
психологиялық лабораторияны ұйымдастырды.
Вундт психологияны-сана құрылым ғылымы
деді, бұл бағытты құрылымдық көзқарас
деп атады. Зерттеуші нақтылы сыртқы жағдайларды
жасай отырып, осы кездегі үрдістер ағымын
бақылайды. Алайда, адамның өзін-өзі, жеке
ішкі күйлерін, сезімдерін, ойларын бақылауы
түріндегі бұл бақылаулар интроспекция («ішке үңілу»),
өзін-өзі бақылау әдісін қолданды.
Мұндай бақылауда басты ғылыми талап-обьективтілік
болмайды. осының нәтижесінде ХХ ғасырдың
басында, біріншіден, ғылыми обьективтік
білімнің дамуы сұрауларының салдарынан
және әлеуметтік – экономикалық талаптардың
салдарынан, екіншіден, - интроспективтік
психологияның дағдарысқа ұшырайтыны
белгілі болды.
У. Джемс американдық психолог «Функционалдық
көқарас». «Сана ағымы» деген теориясы
бар. Сана функциясының адам өміріндегі
ролі зерттеуді жалғастырды. Олар: интроспекция,
өзін-өзі бақылау, уақытша міндетті шешу
фиксациялық әдістерін қолданды. Джемс
«үздіксіз сана» түсінігі- мазмұны мен
күйінің үздіксіз өзгерісі сана қозғалысының
процесі.
Эббингауз (1850-1909) ХІХ ғасырдың соңы-ХХ
ғасырдың басында, белгілі неміс психолог
Г. Эббингауз психологияның тарихы қысқа,
ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп
психология туралы қысқа да нұсқа айтты
Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан
бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және
жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру
кезеңі деп аталған психиканы зерттеудің
кезеңі айтылған. Эббингауз – есті зерттеу
ғылымы психологиясында ең бірінші болып
табылады. Ең алғаш эксперименталды әдісті
қолданды.
Спенсер Жаратылыстану ғылымының ХІХ ғасырда
одан әрі дамуында Ч. Дарвин жасаған эволюциялық
ілім аса маңызды кезең болды, адам соған
сәйкес органикалық дүниенің дамуының
тұтас жүйесіне енді. Психикалық өмір
эволюция нәтижесі деп танылды. Дарвинмен
қатар бұл ойды Г. Спенсер де (1820-1903) айтты
және дамытты және Рибо, Бине т.б. дамытты.
Ағылшынның ұлы ғалымы Ч. Дарвин (1809-1889) - біздің
арғы тегіміз адам тектес маймылдардан
пайда болғанын дәлелдегенімен, мұндағы
еңбек процесінің шешуші рөлін көрсете
алмады.
Отандық ғылымының
негізін салушы психолог Сеченов И.М. (1829-1905)- «Рефлексы
головного мозга» кітабында (1863) негізгі
психологиялық процесс физиологиялық
трактовкадан алады.
Г. И. Челпанову (1862-1936) Психология институтының негізін
қалаған. Оның ең негізгі қызметі Россиядағы
институтты жарыққа шығарды. 1885ж. В.М. Бехтерев
(русский физиолог, психолог, психиатр,
невропатолог) Россиядағы эксперименталды
лабораторияны ұйымдастырды (ашқан) психиканың
іс-әрекет рефлекторлы концепциясын ашқан.
Эксперименталды бағыттығы психологияның
обьективті әдісінің зерттеуін дамытты. И.П.Павлов (1849-1936) шартты
рефлекторлық организмдегі іс-әрекетпен
байланысты. Оның жұмыстары психикалық
ісәрекеттегі физиологияны түсінуге көмектесті.
Психикаға деген материалистік
көзқарастың дамуы ағылшын сенсуалистері:
Т. Гоббс (1588-1679), Д. Гартли (1705-1757), Д. Пристли
(1733-1804), және француз энциклопедистері:
Д. Дидро (1713-1784), П. Гольбах (1723-1789), К. Гельвици (1715-1771)
еңбектерінде айқын аңғарылады.
- Психология-мінез-құлық туралы ғылым. Бихебиоризм (ағылшынша-«мінез-құлық») бағытының негізін салушы американ психологы Дж Уотсон (1873-1958). 1913 жылы Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Оған психика да емес, сана да емес, сырттан бақыланбайтын, адамның қозғаушы жауап қайтаруларының жиынтығы ретінде түсіндірілетін мінез-құлық енді. Субьективтік әдістің (интроспекцияның) орнына – обьективті әдісті пайдалануды қажет деп жариялады. Қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің мінез-құлқын зерттеуді психология міндеті деп білді. Бір онжылдың ішінде ғана бихевиоризм бүкіл әлемге таралды және психология ғылымының ең басты ықпал етуші бағыттарының біріне айналды. Расында да, мінез-құлықты бақылай отырып, біз шындығында обьективті фактілерді зерттейміз, бірақ мұндай обьективтік алдамшы немесе біздің әрбір қылығымыздың, мінез-құлық актілеріміздің артында біздің ойымыз, сезіміміз, тілектеріміз тұрады. Ойды, сезімді, ниетті білмей тұрып, мінез-құлықты білу мүмкін емес. Зерттеу пәні өзгерді (сананың орнына мінез-құлық алынды), сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды. «Сана», «түйсік», «қабылдау», «ерік» деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. «Стимул» (сыртқы орта қоздырғышы), «реакция» (организмнің қозуға қайтаратын жауабы) және стимул мен реакция арасындағы «байланыс» (ассоциация, коннексия) негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихебиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды, адам мінез-құлқында туа біткен ештеңе жоқ және оның кез келген көрінісі – сырттан ынталандырудың өнімі деп айтты. Ол мінез-құлық ұғымына бір жақты ғана мағына берді, яғни ғылымды «психикасыз психологияға» айналдырды.
- Гештальт психология Германиядағы психикалық мектеп. Оның негізін қалаған Макс Вертгейлер (1880-1943) жәнет В. Келер (1887-1967), К.Коффка (1886-1941) Ассоциативті психологияға қарсы болды. Мақсаты: жеке психикалық процестің құрылымын тәжірбие жүзінде зерттеу. гуманистік бағыттың негізі болып табылады. тұлғалық қасиеттерінің өсуіне негізделеді. Гештальт деген сөзді неміс тілінен аударғанда «форма» сөз, яғни барлық ұсақ бөлшектердің бірігуі және органикалық бүтінді құрайды.
- Психоанализ (З.Фрейд, А. Адлер, К. Юнг, К. Хорни)
- Гуманистік психология (А. Маслоу, Роджерс)
- Когнитивті психология (Дж. Брунер, Д. НОрман, Л. Фистингер).
- Интерактивная психология (Э. Берн). адамды зат ретінде қарастырады, адамдармен өзара әрекет, қарым-қатынас негізгі мінездемесі болып табылады. Психологияның мақсаты-қарым-қатынас, өзара қатынас, қақтығыс, өзара әрекеттестіктің заңдылығын үйретеді.
- ХХ ғ. Отандық психология дамуына бірқатар үлесін қосқан Біздің психологтар: Л.С. Выготский (1896-1934) психолог, психикалық функцияның мәдени-тарихи концепциясының негізін қалаушы; психикалық функцияның дамуы туралы жазған, балалардың дамуын қарастырған және аномальді балалар психологисының негізін қалаушы; Ломоносов М.В.- материя 1-ші пайда болады д.а. Ол бойынша, ең 1-ші таным процестерін дамыту керек. Запорожец и Элконин – балалар психологиясы; Смирнов – ес психологиясы; Лазурский- тұлға сұрақтарымен айналысты, әсіресе адам м-қ қараст. Ланге – Россиядағы эксперименталды психологияның негізін қалаушылардың бірі. А.Р. Лурия (1902-1977) – ес пен ойлаудың нейрофизиологиясының негізін қалады. Анохин П.К.- отандық физиолог, А.Г. Ковалев және П. Я. Гальперин. Отандық психологияда іс-әрекет психологиясына үлес қосқандар: А.Н. Леонтьев Выготскийдің мәдени-тарихи концепциясын қолдана отырып, жоғарғы психикалық функцияға эксперимент жүргізді; Рубинштейн, Плотонов, Ананьев, Тевлов – олар адамның дамуының негізгі көзі іс-әрекет деген, кейіннен іс-әрекет теориясын өңдеген; Абульханова-Славская – жеке адамды іс-әрекет субьектісі ретінде қарастырды, Климов индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін анықтады, Брушлинский жеке адамды шығармашылық әрекеті тұрғысынан қарастырды.
2-тақырып. Психика және сана
Дәріс мақсаты: Студенттерде психика және сана туралы
білімдерді қалыптастыру.
Тақырып бойынша
қарастырылатын сұрақтар:
1. Сананың негізгі қасиеттері.
2. Еңбек және
саналы іс - әрекет.
3. Тіл және адам
санасы.
Дәріс тезисі.
1. Сананың негізгі қасиеттері. Адамның санасының пайда болуы мен оның
сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа
сатысынан дерек береді. Жануарларға тән
психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің
айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты
бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың
болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі
адам психикасының мәңгі зерттелетін
сыры.
Сана психикасының ерекше
сапалық формасы тіршілік эволюциясында
өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен,
ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық
қатынастарға түскен адамда ғана пайда
болды.
Адамның саналы әрекетінің
үш айрықша белгісі бар: 1) адамның саналы
әрекеті биологиялық себеп- салдармен
байланысы жоқ. Кейбір жағдайларда адам
биологиялық қажеттілікке бой сұнбай
, оған қарсы шығады; 2) адамның саналы әрекеті
жануарлардағыдай заттың сырқы көрінісімен
ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек,
жан – жақты тануға бағытталады. Адам
нақты көрнекіліктен абстрактілі бейнелеуге
өтіп, объектердің астарлы байланыстарына
үңіле көз жіберіп, тысчқы бейне формасын
ғана емес, тереңдегі заңдылықтарын тануға
ұмтыладыда, соларға орай өз әрекет –
қылығына бағыт таңдайды; 3) жануар әрекет
– қылықтары биологиялық байланыспен
бірге, туа беріліп отырса, адамның біліктері
мен ептіліктері қоғамдық – тарих желісінде
топталған адамзаттық тәжірибені үйрену
негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы
ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Адам игілігіндегі
әрекет – қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің
өнімі емес, өткен әулеттің тарихи – қоғамдық
іс - әрекетін игеруден. Адамдағы бұл құбылыс
жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін
емес.
Жануарлар қылығынан
мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын
шарттар:
- тіршіліктің әлеуметтік – тарихи сипаты;
- өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы;
- еңбек құралдарын дайындап, пайдалана білу;
- тілдік қатынастың пайда болуы.
Сана - психика дамуының
жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні
тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді.
Жалпыны білу адамның болмыста әрекет
жасауына мейлінше дұрыс бағдар ұстауын
қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына,
өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді.
Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті
практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды
біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын
алдын ала болжай да алады. Жалпы мен елеулі
жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды
И.П.Павловтың сөзімен айтқанда, «болмысты
және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары
бағдарлықты» қалыптастырады.
Жеке адам санасы мен
қоғамдық сана диалектикалық бірлікте
болады. Жеке адам санасы оның болмысын
ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар
адамзат жинақтаған білімді меңгеру
нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық
сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің
шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде
қалыптасады.
Сана объективтік болмыс
жайында қорытылған білімнен ғана емес,
сондай-ақ болмысқа белгілі түрдегі
қатынастардан да көрініп отырады. Адам өзін табиғаттан бөліп
алады, белгілі автономия танытады, белгілі
дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға
байқастап жанасады. Адам қатынастарда
интеллектуалды және эмоционалды сипатта
болуы мүмкін. Көп жағдайларда саналы
қатынастар интеллектуалды, эмоционалды
қатынаста, екеуі аралас келеді. Сана адамның
шығармашылық қабілеттілігінен көрінеді.
Адамның санасы объектвиті дүниені бейнелеп
қана қоймай, сонымен қатар оны жасайды.
Адам дүниені саналы
түрде өзгертуге талпынады, оны
өз қажеттілігіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың
жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін
жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның
бүкіл Жерді мекендеуіне жол табуына
мүмкіндік береді.
Сананың аса маңызды
қасиеті оның есеп беруі болып
табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі
туралы өзіне-өзі есеп береді, демек,
сана тек қана сыртқы білімді емес,
өзін білуді қамтамасыз етеді, яғни
өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс
береді. Адам есеп беруінің арқасында
өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және
дамытып отырады.
Білім негізінде жеке
адамның іс-әрекетінедгі және мінез-құлқындағы
саналылық мөлшерін анықтауға болады.
Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде
білімге сүйенеді, ол өткендегіні
ескеру және болашақты болжай отырып,
неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам
өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына
қарай реттеп отырады.
Қорыта айтсақ, сана психиканы
біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті
формасы, адамның еңбек әркетіне
орай басқалармен тұрақты тілдік
қатынасқа келу арқасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының
нәтижесі.
Сана – бұл қоғамдық
болмыс. Сана құрылымында төрт негізгі
сипат байқалады: (А.В. Петровский)
- Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процесстер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял т.с.с
- Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әркетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.
- Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік-күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын анықтау т.с.с.
- Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.