Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 08:40, лекция
Глоссарий:
Ассоциация – белгілі заңдалақтарға байланысты психикалық құбылыстардың байланысты болуы
Аффект – «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.
Әрекет – белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі әрекет.
Сананың жоғарыда аталған бүкіл арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен көрініс беруінің міндетті шарты – тіл, сөз.
Тіл – бұл қоғамдық тарихи тәжірибе немесе қоғамдық сананы бекіткен ерекше объективтік жүйе. Нақты адам тарапынан қабылданған тіл сол адамның нақты санасының көрінісі.
2. Еңбек және саналы іс - әрекет. Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.
Адамның жануардан түпкі ерекшелігі ол қаруды қолданып қана қоймастан, оны дайындау қабілетіне ие. Қаруды дайындаудың өзі-ақ ежелгі адамның іс-әрекетін түбегейлі өзгертіп жіберді. Қару дайындау үшін болған әрекет енді биологиялық қажеттілікпен ғана анықталмайды. Бұл тұрғыдан ол қажетсіз, ал қару дайындаудың шын мән – мағынасы кейінгі аң аулау қажеттіліәгінен туындайды, яғни бұл іс орындалып жатқан әрекеттің тәсілін білумен ғана емес, сол қарудың болашақта қолданылуын болжай алуға да байланысты. Қару дайындалудың қажетті шарты бола тұра, сол білік сананың ең алғашқы көрінісі ретінде танылады, яғни саналы іс-әрекеттің бірінші формасы.
Қару дайындауға бағытталған іс-әрекет адамның қылық құрылымын түбегейлі қайта қарастыруға алып келді. Жануар қылығы өз қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған әрекет ішінен мағынасы болашақта ғана көрінетін арнайы әрекеттер бөлініп шықты.
Алғашқы рет сана мен
іс-әрекеттің бірлігі
Сана мен іс - әрекет бірлігі принципі әрекеттің санасыз, ал сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы тану іс- әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екені дәлелденді. Әрқандай ғылыми таным әрекет пен оның өнімін білуден олардың орындалу барысында көрінетін басқа психикалық процестерге өтуі қажет. Осылай, сана мен әрекет бірлігі принципі психологияның барша объектив әдістерінің негізіне айналды.
Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт береді. Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын, психиканы – ішкі құбылыс, ал әрекетті- сыртқы деп түсіндіретін. Ал сана мен іс- әрекет бірлігі принципінен келетін болсақ, шынында да, психика, сана тек ішкі құбылыс болып қалмайды. Осылайша, әрекетте тек сыртқы көріністермен танылып қалмай, өзіне тән ішкі мазмұнға да ие, бірақ бұл қасиет оның бір тараптан толық сипатын бере алмайды. Сана мен әрекет бірлігінің мәні: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесінде қалыптасады.
3. Тіл және адам санасы. Адамның күрделі құрылған саналы әрекетінің қалыптасуына себепші болған екінші шарт – бұл тілдің туындауы еді. Тіл деп қоршаған орта заттарын, олардың әрекетін, сапасын және объектілер арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер жүйесін айтамыз. Сөз сөйлеуге қосыла, тілдесудің негізгі құралына айналады, соның арқасында адам ақпарат топтайды, білдіреді, адамдар әулетінің тәжірибесіүйреніп, игереді.Тілдің келіп шығуы жөнінде талай болжамдар мен теориялар айтылған.Ғылыми түрде алатын болсақ, тілдің шығу негізін адамның қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеген жөн.
Тіл- заттарды, олардың
қозғалысы, сапасы және
Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:
Сонымен, сана өзімен қатар еңбек барысында пайда болған тілмен бірге жасайды, тілсіз сана жоқ. Сана адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
Қосымша әдебиеттер
2 Бөлім. Іс-әрекет және қарым-қатынас
Глоссарий:
Коммуникация - мәлімет беру.
Интеракция - адамдардың бірлескен әрекетінде әсерлесуін көрсететін қарым-қатынас компоненті.
Перцепция - өзара қабылдау және адамдардың бірін-бірі түсінуі.
Интроверт пен экстроверт – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері – интроверттер делінеді. Ал өзге адамдар ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан-дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыратындар – экстроверттер.
Қажеттілік – адам мен жануарлардың тіршілік етуі мен қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына байланысты. Бұл – ағзаның ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.
Рефлексия – латынша «бейнелеу» ұғымын береді. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.
Эмпатия - өзге адамның жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру
Әлеуметтік қызығушылық. Жеке мақсат үшін емес қоғам игілігі үшін өзгелерге дег»ен қатынас пен ынтымақтастық түрінде көрінетін адамзатқа қатысты алынған эмпатия сезімі А.Адлер бойынша әлеуметтік қызығушылық психикалық критериі болып табылады.
Байланыстар құру қажеттілігі – Э.Фромм бойынша адамның басқаларға қамқорлық жасауға бағытталған базистік қажеттілігі.
Гиперкомпенсация. Компенсация формасы. Оның көмегімен толымсыздық сезімінен құтылуға қарағанда, көбірек жетістіктерге жетуге болады. Гиперкопенсация үстемділікке және ұлы жетістікке жетуге әкеледі. Гиперкопенсация кезінде адам өзінің басқа адамнан үстемділігін сезінеді.
Генеративті қатынас – бұл адамның ақыл – ой және эмициональды күштерінің спонтанды белсенділігінің көмегімен әлемді өрбіте және өңдей отырып тани білу.
Сәйкестікке жету – мамандық не идеологиялық сенім таңдауға байланысты дағдарыстан өтіп, нәтижесінде нақты таңдау жасалынатын эго-сәйкестік статусы.
Сәйкестік дағдарысы – Э.Эриксон теориясында бозбала не бойжеткен “мен кіммін?” “мен қайда барам?” деген сұрақтарға қысыла жауап іздейтін уақыт кезеңі.
Сәйкестікке қажеттілік – Э.Фромм бойынша адамның өзін басқалардан өзгеше қабылдауға ерекше қажеттілігі.
Темперамент (Temperament). Олпорт бойынша – тұлға қалыптасатын бастапқы материал (интеллект және физикалық көрсеткіштер).
Ұжымдық санасыздық. Біздің адами және адам тәрізді ата-бабаларымыздан берілетін есте сақтау ми бейнені ұстанатын тұлғаның терең деңгейі. Т.б. ұғымдар
3-тақырып. Іс-әрекет туралы түсінік
Дәріс мақсаты: Студенттерде іс-әрекет туралы түсінік туралы білімдерді қалыптастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Дәріс тезисі.
Шынайы сыртқы
әрекеттен ішкі психикалық әрекетке
өту үрдісі интериоризацияның көрнекті
мысалы ретінде балалардың санауды меңгеру
үрдісін келтіруге болады.Адамның іс-әрекетінің
сыртқы (физикалық) және ішкі (психикалық)
жақтары үздіксіз байланыста болады. Сыртқы
жағы – адамның сыртқы әлемге ықпал етуін
қамтамасыз ететін қозғалыстар. Оларды
ішкі (психикалық) әрекет анықтайды және
реттейді. Сыртқы әрекетті ішкі әрекеттің
экстериоризациясы ретінде қарастыруға
болады, өйткені адам іс-әрекетте оның
анық елестетілмеген жобасын жүзеге асырады.
Сыртқы іс-әрекетті әрекеттің ішкі жобасы
қадағалайды. Адам жасалатын әрекетті
бейне және ой түрінде алдын ала жобаланған
әрекетпен салыстырады. Егер іс-әрекет
үрдісін үлгі түрінде көрсетсек, онда
ішкі жобадағы құрылымдар мынадай ретпен
жасалады: қажеттілік -мотив-мақсат-міндет,
ал бұл кездегі сыртқы жоба көрінісі мынадай: іс-әрекет-қылық-операция-