Философияның қалытасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 09:34, реферат

Описание работы

Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниеге қатынас және дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті. Дүниетаным және фплософия. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары. Мәдениет дүниесіндегі философияның қатынасы мен тағайыны. Философия адам құштарлығының әр түрлі төрт саласының - ғылым, поэзия, дін, логика - негіздемесі ретінде. Философия және мифология. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және ғылым. Философия және саясат.

Работа содержит 1 файл

философ.doc

— 898.50 Кб (Скачать)

Тарихнамада және әлеуметтік философияда, тарихтағы кездейсоқтықты рөлі туралы әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Мысалы, Демокрит, Спиноза, Гоббс, XVIII ғасырдың материалистері оны мүлдем жоққа шығарады, ал Вольтер, француз ағартушысы, тарихты  кездейсоқтықтың ойыны – деп қарастырды. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қоғамдық өмірде қажеттілік пен кездейсоқтық өзара диалектикалық тарихи  қажеттілікте өмір сұріп отырады. Кездейсоқтық тарихи қажеттіліктің формасы болып табылады. В.Г.Белинский шығармаларында мынандай мысал бар. Теңізге шығу Россияның одан әрі дамуы қажеттілігінен тікелей туындаған. Ал I – Петрдің Балтық теңізінің Нева өзенінің бас жағына шығуы кездейсоқтық болып табылады. Егер ол Балтық теңізінің басқа жағынан шыға алса, онда басқа қала салынуы мүлдем ықтимал еді. Әлеуметтік философия көп уақытқа дейін социумның негізгі элементін анықтау мәселесімен жан – жақты айналысып, әртүрлі пікірлерді салыстырумен болды. Мысалы, социумның негізгі элементі, индивид немесе отбасы деп қарастырылды. Бірақ жеке алынған индивид те, отбасы да әлеуметтік құбылыс бола алмайды. XIX ғасырдың ортасында және XX ғасырда ақиқатқа жақын екі бағыт қалыптасты. Ол Карл Маркс және Питирим Сорокин мектептері еді. Оның бірнішісі қоғамдық байланыс пен соның нәтижесінде қалыптасатын адамдар арасындағы қатынасқа ерекше көңіл бөлді. Кейбір айырмашылықтарына назар аудармай – ақ, тоқ етеріне тоқталсақ, Питирим Сорокин да осындай пікірге келеді. «Индивид тек физикалық, биологиялық немесе психологиялық феномен, ал әлеуметтік қасиет адамның маңызды қарым – қатынасын қажет етеді» - деп жазады Питирим Сорокин. Екі ғалымның ізденістері бір ғана ойды дәлелдейді. Қоғамның негізгі бөлігі, өзегі қоғамдық байланыстар, қарым – қатынастар. Адам өзі қалыптасып, тарихи дамудың негізгі субъектісіне айнала бастағаннан бері көпжақты және көпмәнді қарым – қатынастарға түсе бастады. Адамдардың кез – келген өзара қарым – қатынасы қоғамдық мәнге ие болып отырады. Қоғамдық қатынастар – адамдардың бірлескен практикалық және рухани қызметі процесінде олардың арасында қалыптасқан қатынастар. Адам өз өмірінде көптеген жүйелік қатынастарды басынан кешіріп отыратын болғандықтан, ол әмбебап субъект болып табылады. Адамның іс - әрекеті оның қоғамдық қарым – қатынастарының негізі. Барлық қарым – қатынастарды үлкен екі топқа бөлуге болады: материалдық және рухани қарым – қатынастар. Материалдық қарым – қатынастар сияқты рухани қатынастар да объективті. Объективтілік дегеніміз – заттық түрде өмір сүру ғана емес, мәселен көптеген материалдық қарым – қатынастарда заттық белгі жоқ. Объективтілік кез келген зат, құбылыс адам санасында бейнелене отырып, одан тыс өмір сүретіндігін білдіреді. Сондықтан да әр дәуірге лайық өмір сүретін рухани қарым – қатынастар біздің сана сезіміміз үшін объективтілік болып табылады, өйткені олар бізден, біздің қоғамдық санамыздан тыс өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың негізі – қоғамдық сана және оның жүйелік құрылымы, одан қоғамда моральдік, саяси құқықтық, көркем өнер, философиялық, діни қарым – қатынастар туындайды. Саяси қарым – қатынастар саяси іс - әрекеттің субъектісі таптың, ұлттық қозғалыстардың, партияның, мемлекеттің көзқарастары мен идеяларын бейнелейді, сондықтан олар рухани қарым – қатынас болып табылады, сонымен бірге олар саяси практикалық іс - әрекет нәтижесінде қалыптасып отырады. Сөйтіп, бір қарым – қатынастың өзі екі түрде көрінеді рухани әрі материалдық.

Қоғамдағы адамдар арасындағы өзара қарым – қатынас жалпы  қоғамдық қарым – қатынастардан  өзгеше. Ол – жеке адамдардың өздерінің  арасында қалыптасатын қатынастар. Олар этикалық өлшемдерге негізделеді, өйткені  адам өзінің жеке өмірі қарым – қатынастарын адамгершілік талаптарына сүйеніп, құрады. Өзіне көңілі жақын адамдардың ұлтына, кәсібіне, әлеуметтік статусына онша мән бермейді. Өйткені, тұрмыстық қажеттіліктер мен уақытты бірге өткізу мүмкіндігі қызықтырады. Бұл жағдайда адамдардың рухани – мәдени деңгейлері маңызды роль атқарады. Қоғам деңгейінде бір – бірімен әрекеттесетін пенделердің саны әр түрлі, көпжақты болады. Мысалы, П.Сорокин осы белгілеріне сүйеніп, қоғамда төмендегідей адам аралық қарым – қатынастар болады деп пайымдаған: а) екі пенде арасында (ері мен әйелі, оқытушы мен оқушы, екі дос); б) үш пенденің арасында (әке, шеше және бала; ері, әйелі және ашына); бес және одан да көп кісілер арасында (әртіспен немесе шешенмен оның тыңдаушылары арасында; көппен көптің арасында (мысалы, ұйымдаспаған топтың арасындағы).

Халықтың екі тобында  – жастар мен зейнеткерлер арасындағы қалыптасатын қарым – қатынастар аса үлкен роль атқарады. Зейнеткерлер - әлеуметтік дамудың барлық сатысын  басынан өткеріп, оның ыстығы мен  суығын жеке өмірінде көрген, тәжірибесі мол, азаматтық дүниетанымы берік адамдар, ал жасөспірімдер мен жастар әлі пісіп – жетілмеген, буыны қатпаған, әлеуметтік тәжірибесі әлі қалыптаспаған топ. Жастардың зейнеткерлерден артықшылығы – олардың жастық энтузиазмы, қайраты, күші және болашаққа деген сенімі, өмірден күтетін дәмесі мен оларды алға жетелейтін үміті.

Осы екі үлкен топты  біріктіретін маңызды фактор – олардың  қоғамдағы әлеуметтік топтар мен  таптар қарым – қатынасынан тысқары, алшақ өмір сүру жағдайы. Жастар әлі  қоғамның негізгі әлеуметтік өміріне белсене араласа қоймаған, ал қариялар қоғамдық өмір қатынастарынан ығыстырылу жағдайында тіршілік етеді. Сондықтан, осы екі топта жеке адам аралық қатынас кеңінен орын алады. Түптеп келгенде, қоғамдық қатынастардан адамаралық қатынастарды бөлектеу салыстырмалы сипатта болады. Өйткені, кез – келген, адамаралық қатынас қоғамдық қатынас болып табылады.

 

25-лекция

Саясат философиясы

 

Саясат философиясының предметі. Саяси философияның генезисі. Билік феномені. Саяси билік. Биліктің метаморфозалары.  Билік және моралі. Мақсат пен құрал мәселесі. Саясат пен экономиканың байланысы. Саясат және идеология. Құндылықтарды таңдау саясаты. Дәстүрлік, легалдық, харизматикалық типтер.

Саясат және әлеуметтік мифология. Миф саясат инструменті ретінде Бұқаралық ақпарат құралдары саясатта. Саясат және бұқаралық психолопи Бұқараның көтерілісі. Бұқараның құбыжық болып көрінуі. Тарихтың әумесерлердің, геройлардың бейнелері. Бұқараның стреотиптік ойлауы. Ұқсап  бағу  эффектісі.   Бүлікшілдер  мен  психопаттар.   Манипуляциялау феномені.

Демократия  феномені. Либералдық демократия. Демократияны парадокстары. Демократия және адамның құқықтары. Тоталитаризм феномені. Тоталитаризм мәдени-өркениеттік феномен ретінде.

Соғыс феномені. Этатизм және энархизм. Саяси революция феномені. Саяси экстремизм. Саяси авантюризм. Геосаясат феномені. Геосаяси қауіпсіздік. Ұлттық қауіпсіздік.

 

XX ғасырдың екінші  жартысында қоғам мен табиғаттың  өзара қарым – қатынасы күрт  өзгерістерге ұшырады. Адамның  табиғатқа әсер етуі бұрынғыдан терең көлемді сипатқа ие болуда. Бұл экологиялық мәселелерді тудырады.

Ғылыми – техникалық прогресс адамдардың биосферадағы іс - әрекетінің аясын кеңейте түсуде. Ал оның аясына космостың жерге таяу кеңістігі де ене бастаған, басқа  планеталардың ресурстарын пайдалану туралы мәселе қарастырылуда.

Ғылым мен техниканың күрт өсуіне байланысты адамдардың білім  деңгейі мен кәсіптік шеберлігі  де арта түсуде. Енді өз ісінің шын мамандары  мен шеберлерінің қолы жүрер сәті туды. Себебі, нарықтың заңы солай. Бұл үрдіс XXI ғасырда одан әрі кеңейе береді. XXI ғасырдың жалпы белгілері – жоғары технология, жаңа байланыс жүйелері, информатиканы дамыту. Осы жалпы бағыттан Қазақстанды тыс қалды деуге болмайды. Сондықтан да:

- электроника және  физиканың оны қамтамасыз ететін тиісті бағыттары;

- есептеуіш техника  мен математиканың оны қамтамасыз  ететін салалары;

- машина жасау және  оның технологиясы XXI ғасырдағы Қазақстан  ғылымының жаңа салаларына жатады.

Әрине, мұндай түбегейлі  өзгерістер дәуірінде адам да оған әруақытта дайын болуы қажет. Демек, ендігі жерде күнделікті күйбең тіршілікке алданып, уақыт өткізбей, ең болмаса, бір мамандқыты игеріп алудың қамына кірісу керек, меңгеріп қана қоймай, оның ұңғыл – шұңғылын жетік біліп, өз ісінің шебері болған адам ғана заман талабына сай еңбек ете алады.

Ғылыми техникалық революция  қоғамға кері де әсер ете алады. Өйткені  ол адам баласындағы табиғи бьастаулар мен қоршаған ортаның әдемілігін, үйлесімділігін бұзады.

Ғылыми – техникалық революцияның салдары тіл, дәстүр, мораль, адамгершілік сияқты дәстүрлі мәдениет үлгілеріне әсер етіп, әлеуметтік психологияны, отбасылық қатынастарды өзгертуде.

Саяси сала қоғамдық өмірдің  күрделеніп, ондағы әлеуметтік жіктелудің тереңдеп, әлеуметтік теңсіздіктің қалыптасуы нәтижесінде пайда болды. Ол үлкен топтардың қарым – қатынасының реттелуімен тығыз байланысты, оның негізгі элементі билік орталығы болып табылатын мемлекет.

Саясат дегеніміз –  билікті өз пайдасына шешу, өзінің талап – тілегін жүргізіп отыруға  мүмкіндік алу үшін индивидтер мен  әлеуметтік топтар арасындағы айрықша іс - әрекеттің формасы. Бұл іс - әрекет адамдардың мүлдесі мен еркінің, эмоциясы мен ақыл – ойының өзара қабысуы. Саясат – бұл биліктің қатынастар жүйесі. Саясаттың философиялық анықтамасының мәні осында.

Саясат индивидтер мен әлеуметтік топтардың өзара әрекеттесуінің сферасы. Өйткені олардың меншіктік, құқықтық, адамгершілік, тағы да басқа мүдделері өзара бәсекеге түседі.

Саясат әрқашан да күрделі және шатасқан іс - әрекет, одан не нәрсе күту керек екенін айту қиын. Саясат – мемлекетті және қоғамды басқарудың өнері, сондықтан ол саналы іс - әрекеттер саласы. Саясатта саналы іс - әрекет етіп, көрнекті табыстарға жету үшін көптеген қасиеттер қажет.

Саяси билік – деп  белгілі әлеуметтік топ пен индивидтің әр түрлі ұйымдар мен заңдардың, идеялардың, қатынастардың күшіне сүйене отырып саясатта өз еркін жүргізу қабілетін айтамыз. Билік ету дегеніміз – басқа адамдардың іс - әрекетіне, тәртібіне әсер ете отырып, өз мүддесін іске асыру. Саяси биліктің күре тамыры – мемлекеттік билік болып табылады. Бұл күш қоғамда тұрақтылық пен реттілікті орнатады.

Саяси өмір қоғамның мүдделері  бір – біріне қарама – қарсы  әлеуметтік топтарының қалыптасуы нәтижесінде  өрбіп дамыған. Қоғам күрделене  түсті, әлеуметтік мүдделерді өзара  мәмілеге келтіру мақсатында саясат пайда болды. Халық басқарушыларға, элитаға және бағынушыларға, бұқараға бөлінді. Саясаттың негізгі функциясы мемлекеттің көмегімен ықпалды топ пен таптың мүддесін қорғау үшін бүкіл қоғамды басқару болды.

Саяси сала – қоғамның әлеуметтік өмірінде туындап, дамып отыратын процестердегі салдары мен бейнесі.

Саяси қажеттіліктер  мен мүдделер - адамдардың саяси  қызметінің қозғаушы күші. Бұған меншіктік  қажеттіліктер, олардың идеалы мен  абыройы, адамгершілік жөніндегі ойлары жатады.

Саяси сана қоғамның саяси өмірінің рухани жағын бейнелейді. Оған саясат пен мемлекект туралы қарапайым көзқарастар мен ілімдер, теориялар жатады. Саяси сана жоқ жерде толық қанды саяси өмір де болуы мүмкін емес. Саясат туралы білім мен көзқарастарына сүйене отырып, адамдар оған саналы түрде ат салысуға, саяси фактілер мен құбылыстарға баға беруге мүмкіндік алады.

Қоғамның саяси өмірін зерттей отырып, философия саясат субъектілерінң саяси мәдениетіне, лидерлер мен бұқараның өзара  қарым – қатынасына, саясатқа қатысушылардың рухани деңгейіне ерекше көңіл аударады. Философия саяси өмірдегі субъективті бастаманың жоғары деңгейін атап көрсетеді. Ол, сонымен қатар, қоғамның қаншалықты деңгейде демократиялық, яғни саясатқа қатысушылардың мүмкіндіктері бірдей ме, бірдей емес пе деген мәселелерге көңіл қояды. Саяси өмірідің институттарына әртүрлі партиялар, қоғамдық ұйымдар мен ассоциялар жатады. Дегенмен, саясаттың негізгі құралы мемлекет болып табылады.

Саясат билікті сақтау, тұрақтау, функциясын орындап қана қоймай сонымен қатар қоғамда азаматтық келісім, ізгілік орнатуға да атсалысады.осы мақсатта іс - әрекеттің өркениетті формалары констуктивті диалог, компромисс, партнерлік кеңінен қолданылады.

Саясатта айлакерлік те, екіжүзділік те, таза емес ойын да, жауыздық та, қаталдық та бар.

Саяси қатынастар әлеуметтік топтар мен индивидтер арасында билік  үшін күрес жолында қалыптасатын байланыстар мен бағынушылақтар.

Саяси іс - әрекеттер саяси  принциптер мен идеяларға сүйенеді.

Ең алдымен, заңның үстемділігін барлық жерде қамтамасыз ете алатын нақты құқықтық мемлекет құру бірден – бір қажеттілік. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекеттік құрылымдардың өздері заңда белгіленген ережелер бойынша қимыл жасауы керек. Саяси процестің басқа субъектілеріне қойылатын талап та осындай. Сонымен қатар, қоғамдағы барлық азаматтар заңға сәйкес өмір сүріп үйренуге тиіс. Бұл толыққанды демократияға көшудің сара жолы.

Демократияның қанат  жаюы экономикалық өмір шарты мен  қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа  да іргелі құқықтардың іс асырылуымен  тығыз байланысты.

Орталық Азияда халықаралық экстремизм қысымының ұлғайып келе жатқанын еске ала отырып, халықтың аса күрделі ұлттық және мәдени құрамын ұдайы назарда ұстап, процестерді дұрыс бағытта дамытып отыруымыз керек.

Саяси жүйені демократияландыру  сот жүйесін жетілдіру, құқықтық реформа, өкімет органдарының өкілеттілігін кеңейту, сайлау процесін, азаматтық қоғам институттарын нығайту бағыттарын дамыту арқылы іске асырылады.

Қоғам өте күрделі  жүйе. Ол өзінің сан ғасырлық даму барысында  адамның материалдық - өндірістік, әлеуметтік – саяси, рухани – адамгершілік салаларына енгеннен кейін сан түрлі қажеттілік тудыратын орасан мол материалдық және рухани қазыналар туғызды. Бір адамдар әсем бұйымға әуес болса, келесі біреулер театр алдында, кітап дүкенінде көбірек болғанды ұнатады. Адамның қажеттілігі қарапайым материалдық мұқтаждықтан асқақ рухани сұранысқа дейін жетеді.

Қоғамда белгілі бір  әлеуметтік құрылым болады. Әлеуметтік құрылым ұғымы қоғамдық еңбек  бөлінісіне, өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне  байланысты қалыптасқан қауымдардың тұтастығы мен олардың өзара тұрақты қатынастарын білдіреді. Әлеуметтік құрылым қатарына адамдардың жас шамасына, жынысына, ұлтына, кәсібіне, туған жеріне, тағы басқа да ерекшеліктеріне байланысты шоғырланған топтары жатады. Бұл осы топтардың қажеттеліктері мен қызығушылықтарының іс - әрекеті мен белсенділігінің себептерінің әлемі. Мұның өзі қоғамдық өмірге тән ерекше сипаттағы әлеуметтік кеңістікті қалыптастырады.

Информация о работе Философияның қалытасуы