Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 09:34, реферат
Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниеге қатынас және дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті. Дүниетаным және фплософия. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары. Мәдениет дүниесіндегі философияның қатынасы мен тағайыны. Философия адам құштарлығының әр түрлі төрт саласының - ғылым, поэзия, дін, логика - негіздемесі ретінде. Философия және мифология. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және ғылым. Философия және саясат.
Философия тарихында
Шығыс перипатетизмінің көрнекті өкілі
болған, өзінің шығармашылығында батыс
пен шығыс дүниетанымдық
Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі мемлекетті басқару, әлеуметтік топтардың сипаты, қоғамдық құрылым туралы ойлары мен этикалық, танымдық көзқарастары да елеусіз, тарих қойнауында қалмаған.
Қазақ философиясы мен дүниетанымының тағы да бір маңызды бастауы – сопылық дәстүр.
Ислам аясында қалыптаса отырып, көне Үнді, Қытай, Грек, Рим, Сирия ойшылдарының үздік ойларын бойына сіңірген сопылық философиясының Қазақстан мен Орта Азия халықтарының «арасында кеңінен және табысты таралуына мына жағдай да әсер етті. Ол өз ілімін жеңіл және түсінікті тілмен, әсем сопылық идеяларды жергілікті салт-жырлармен үйлестіре дәріптеді Ахмет Яссауидің Орта Азия мен Қазақстанның түркі тілдес халықтары арасында зор беделге ие болуы Яссауидің ислам заңдарын Шығыс сопылық ілімін пантеизммен және бақсылық жыры элементтерімен үйлестіре алуынан еді»3.
Қазақ даласында сопылық идеялары Шығыс поэзиясы, яғни Фирдоуси, Навои, Рудаки, Омар Хайям, Низами, Насими секілді ақындардың философиялық сипаттағы шығармалары арқылы тараған.
Сөйтіп, қазақ философиясының дамуына негіз, бастау, тарихи тамыр болған объективті алғышарттардың қатарына қазақ халқының өзінің ауыз әдебиеті және өмір сүру салт – дәстүрі, түрік мәдениеті мен түрік ойшылдары, араб – парсы әдебиеті мен философиясы, сопылық дәстүр жатады. Олар көпжақты және көпмағыналы мәдени үрдістерді біріктіреді. Соның өне бойында мүлгіген көптеген маңызды және өміршең белгілер мен қасиеттерді бойына сіңіре отырып, қазақ халқы ерекше сарындағы, өміршең, оптимистік философиялық көзқарастарды дүниеге келтірді.
Қазақ кең де, ашық дала перзенті. Дала ұшы – қиыры жоқ, шетсіз, шексіз. Сан ғасырлар бойы сол өзін аялаған табиғатта өмір сүріп, оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді.
Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп – қонып жүріп, өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігін ерте сезінді.
Киіз үй көне қазақтардың әлем, бүкіл дүниенің құрылымы туралы көзқарасын білдіреді. Киіз үй ғарыштың кішкене моделі.
Киіз үйдің дәл ортасында, шаңырақтың асында ошақ орналасқан. Ошақтың осылай орналасуы ыңғайлы және қауіпсіз. От қажетті құбылыс, оған көне адамдар тағзым еткен. Жануарларды отпен аластап, тазартқан. От күннің символы.
Күн батып, кеш түскен соң ай мен жұлдыздар жер бетін жарық қылады.
Қазақ «аспанға европалықтың қалтасындағы сағатына қарағанындай қарайды»1. Өйткені, бұл өмір сүріп, тіршілік етудің бірден – бір қажеттілігі еді. Аспан денелерінің қозғалысы бойынша жыл, ай және тәуліктің малға жайлы мезгілдерін анықтай алған. Аспан шырақтарына «Жеті қарақшы», «Темір қазық», «Сүмбіле», «Шолпан», «Есекқырған» деп ат қойып, олардың қозғалыстарын бақылаған, календарь жасаған. Мысалы, Сүмбіле,Үркер жұлдыздарына сүйеніп, жыл мезгілдерін былайша анықтайды: «Үркерлі айдың бәрі қыс», «Сүмбіле туса су қатады», яғни күз түседі. «Үркер жерге түспей, жер қызбайды». Түнгі уақытта жол жүруге тура келгенде «Темір қазыққа сүйеніп», барар бағытын анықтаған.
Киіз үйдің шаңырағы – оның негізі. Оны ең мықты ағаштан жасаған. Ұрпақтан ұрпаққа беріп отырған. Кереге мен уықты ауыстыруға, бұзуға болады, ал шаңырақты ауыстыруға, бұзуға болмайды. Ол отбасының беріктігінің символы.
Аспан сырларын табиғи тербеліске, ішкі толғанысқа бейімдей отырып, көшпенділердің қиял сезімін байытуға ықпал етті, яғни мүлгіген табиғат пен адам арасындағы ерекше сұхбат қалыптасып, дами бастады. Осының нәтижесінде адамның дүниеден үн – сыр аулауға икемділігі мен шеберлігі артады, көзі көркемдікті танығыш, көңілі әсершіл, құлағы үн аулағыш.
Көшпенді қиялындағы қырағылық, зердесіндегі зеректік, санасындағы саңлақтық шындық үрдісімен, тұрмыс – тіршілік, кәсіп дүниесімен үйлесімділігін тапты. Тұрмыс жағдайына қарай көшпенділер айға, күнге жұлдызға ибадат етті, бұларды қасиет тұтты.
Табиғат пен тұрмыстың әдемі көріністерін астарлап, оны ою - өрнекке түсіру арқылы шебер өзінің дүниеге деген көзқарасын, философиялық ойын, эстетикалық сезімін білдіре алған.
Қазақ халқы ою - өрнек салуда, оның структуралық композициясын құрастыруда және бояу түстерін қолдануда өте бай және ерекше мұраға ие. Әрбір ою - өрнек белгілі бір мағынаны білдіреді. Ол көшпені қазақтың табиғатпен қауышуның тереңдігін және көпжақтылығын білдіреді. Ою - өрнектерде жан – жануарлар, көк өніс, өсімдіктер, аспан, жер – дүние сыры бейнеленіп, олардың адам өміріндегі алатын орны ерекшеленген. Сондықтан ай, күн, жұлдыздардың адамзат тіршілігіне қажеттілігін түсіну, жұлдыздардың атын білу, туған жер табиғатының ерекшеліктерін ескеру, бояуларды табиғи үйлесімділікте беру әруақытта қарастырылған.
Қазақтардың негізгі тағамдары сүтпен байланысты болғандықтан ақ түс ерекше құрметтеледі. «Ананың ақ сүті», «Ақ отау», «Көңілі ағарсын» сияқты киелі ұғым осыдан туындаса керек, көк түс аспанды, сары түс білімді, даналықты, қызыл түс – от, күнді, жасыл – жастық пен көктемді, қара түс – жерді, береке нышанын бейнелейді.
XV-XVIII ғасырлар аралығында қазақ философиясы негізгі үш бағытта дамыған.
Бірінші, көрнекті бағыт жыраулар философиясы, екінші – билер, ал үшінші – зар заман философиясы.
Жыраулар философиясы Асан Қайғы, Қазтуған (XV ғ.), Доспамбет, Шалкиіз (XVI), Ақтамберді, Тәтіқара (XVIII), Үмбетей, Бұқар есімдерімен белгілі.
Жырау кім? Белгілі хандардың ақылшысы, қоғам қайраткері, қолбасшы, әскербасы, батыр, сонымен қатар, табиғи дарынының арқасында суырып салма ақын да болған ерекше тұлғалар.
Жыраулар поэтикалық сипаттағы толғауларды дүниеге келтірген. Олардың шығуына себеп болған маңызды оқиғалар – ұлт – азаттық қозғалыс, саяси жаңару, қоғамның даму жолдары, өмір туралы ізденістер. Толғаулардың тақырыптары - өмір, ел, адам, туған жер, азаттық, адамгершілік мәселелері.
Жыраулар – жаратылыс философиясының сырын ұғып, өмір тұтқасына дер кезінде жармасып, озбырлармен арбасып, тарихпен сырласып, өз халқының мұңын мұндаған даналар. Олар өз толғауларында өткенді саралап, бүгінгіні даралап, болашақты болжаған. Сондықтан да олардың суырып салма шешендігі көсемдікке ұласып отырған.
Жыраулар шығармашылығында ерекше мән берілген мәселе – бар нәрсеге ризашылық қанағат сезімі.
Асан Қайғы заманыңды, арғымағыңды, тұйғыныңды, иіс мойылды көңінді, әкіміңді, өз барыңды, ақтоныңды, қарияларыңды жамандама, ешкімге ұрыспа, бұрынғыны қуыспа, тәуір көретін кісіңмен жалған айтып суыспа, ешкімді өзіңнен кем сана ма, достарыңмен санаспа, кеңессіз сөз бастама деп үйретті.
«Атадан алтау тудым деп, асқынып жауап айтпаңыз. Алғаным асыл ару деп, күн шығарып жатпаңыз. Атаның малы көпті деп атты босқа тартпаңыз»1, дей отырып, Асан Қайғы әр нәрсенің өзінің шегі, есебі бар екендігін еске салады. Әруақытта осындай объективті жағдайларды есепке алып отыру, шектен шықпау - әдептіліктің белгісі.
Қазтуған жырау (XV ғ.) – сахара эпосін жасаушылардың бірі, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы. Ол өмір, атамекен, туған ел жайлы және әскери тақырыптардағы сан алуан мол мұра қалдырған. Оның «Мадақ жыры», «Туған жермен қоштасу» шығармалары көне поэзияның таңдаулы нұсқасы бола отырып, қазақ халқының өмірге көзқарасын, ой толғамын бейнелеген.
Бұқар жырау:
«... Ежелгі дұшпан ел болмас
Көңілінде кір баты бар ...
Ежелгі дұшпан ел болмас
Көңілінің тұтқар кірі бар»2
дей отырып, көңілдің тазалығына ерекше мән берді.
Жыраулардың толғауларында
адамның көңілін қалдырмау
Бұқар жырау адам қаншалықты қиыншылықты көріп, жаны қиыншылыққа ілініп, шаршап, қалжырап, көңілі – қарайып, көзі қарауытып тұрса да үмітін үзбейді деп ой қорытады.
Бұқар өз заманының мән – мағынасын түсінді, оның аумалы төкпелі болмысын заңды объективті процесс деп санады. Ол өткенге өкініп, ескіні аңсамады, өз уақытының тарихи тынысын қалтқысыз қабылдап, соған сәйкес өмір сүрді.
Бұқар жырау қасыңа қыдыр келіп, басыңа дәулет құсы қонып, хан дәрежесіне көтерілгенше сен кім едің деп Абылай ханға тура бағыштап:
«... Сен қай жерде жүріп жетіктің?
Үйсін Төле билердің түйесін баққан құл едің» деген екен. Бұл әрине, дана, беделді қарияның, азаматтың еркіндігінің белгісі еді. Сонымен қатар, қазақ қоғамындағы жалпы қариялардың, жасы үлкен адамдардың ерекше қоғамдық роліне меңзейді.
Елдің бірлігі, халықтың тірлігі, заманның тыныштық берекесі сияқты аса маңызды қоғамдық мұраттардың сақтаушысы, жақтаушысы, ұйытқысы да солар болған.
Ақын – жыраулар адам, қоғам өміріндегі және табиғаттағы сан түрлі сапалық қасиеттерді мінез – құлықтағы өлшемді сақтап отыру, ақиқатқа жетуге ұмтылу, өз мақсаттарына жету үшін қандай нәрсені болса да дәлелдей отырып, дұрыс өмір салтын сақтау туралы философиялық ойлардың, практикалық ақыл – кеңестердің авторы болып табылады.
Ақын – жыраулар өмір, тіршілік, тұрмыс, қоршаған орта, әлем, өзгермелі, құбылмалы, опасыз, ауыспалы, қайырымсыз, алдамшы, айгнымалы, жалған дүние туралы ой толғаған. Осы сарынмен қатар, оған қарама қарсы жайнаған жастықтың базары, жақсылықтың шырағы бар нұрлы өмір, жарық дүние, адамзаттың арман мұраты жолындағы отын сөндірмей, болашаққа, келешек күндерге жетелейтін алтындай таза, күмістей жарқыраған сенім туралы да оптимизмгі толы ой пірімдер молынан кездесіп отырады.
19. XIX-XX ғасырдағы қазақ философиясы.
1. Ш.Уәлихановтың философиялық көзқарастары.
2. Абайдың философиялық көзқарастары.
3. Ш.Құдайбердиевтің философиясы.
Шоқан Уәлиханов - XIX ғасырдағы қазақ философиясының көрнекті өкілі. Тарихшы, саяхатшы, аз болса да өте мәнді өмір сүріп, қазақ халқының тарихында ерекше із қалдырды. Оның негізгі еңбектерінің ішінде «Бақсылық туралы», «Сот реформасы туралы», «Даладағы мұсылмандық туралы» деген дүниетанымдық, қоғамдық мәселелерді зерттейтін еңбектері бар.
Уәлиханов саяси және құқықтық теорияларды жақсы білді. Оның пікірінше, саясат – бұл билік және оны орнату тәсілдері. Билік мемлекеттің негізгі функциясы, оның құрылымы және іс - әрекетінің мағынасы үстемдік ететін күштерге байланысты.
Шоқанның Құлжаға сапары ғылыми ерлікпен барабар. Оның ерлігі мен ғылыми табыстары бүкіл Европа жұршылығының жоғары бағасына ие болған.
Шоқанның ғылыми зерттеулерінің негізгі тақыптары халқының тарихы, тұрмысы және адамгершілік мәселелері.
Ш.Уәлиханов орыс мәдениеті мен ғылымының қазақ халқының тағдырында маңызды роль атқарғандығына көңіл бөледі. Алдыңғы қатарлы гуманист орыс ғалымдары мен жазушылары халықтың рухани өркендеуіне, өсуіне өз үлесін қосты. Біз оны Шоқанмен байланысты болған адамдардың іс - әрекетінен айқын көреміз.
Ш.Уәлиханов ағартушы – ғалым ретінде халықтың білімді және еркін болғандығын армандады. «Тек білім өмірді бағалауға үйретеді, адам өміріне жайлы тұрмыс құруға жағдай жасайды. Халықтың рухани өсіп – жетілуі үшін еркіндік пен білім өте қажет» деп жазды Ш.Уәлиханов.
Экономикалық және саяси реформалар халықтың дәстүрі мен қажеттіліктеріне сүйенуі керек.
Қоғамды саяси реформалардың көмегімен өзгертуге болады деп ойлады. Бірақ XIX ғасырдың 60 жылдарында патша өкімет іске асырған саяси – экономикалық реформалар Шоқанның идеалына сай келмеді.
«Сот реформалары туралы хат» деген еңбегінде Шоқан әлеуметтік – саяси реформаның мәнін ашып көрсетті, қазақ даласында тарихи тамыры терең, халықтың қолдауына ие болған билер сотының қажеттілігін негіздеді.
Қазақстанның округтарға бөлініп, оны басқарудың жаңа түрі енгізілгенде қазақтардың басқару жүйесіне қатыстырылуы олардың өмірін жеңілдетеді деп ойлады.
2. Абай Құнанбаевтың
философиялық ойлары терең
Оның шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның, жан мен тәннің, өлім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай - әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды.
Құдай адамды да жаратты. Бірақ ол күнделікті ісіне араласпайды. Адамның белсенділігін көрсете отырып, Абай құдай адамды ақылды немесе ақымақ, мейірімді немесе қатал, бай немесе кедей еткен жоқ. Бәрі адамның өзіне, оның ақылына және қоршаған ортасына байланысты.
Абай дүниетанымының өзегі, күре тамыры – адам. Адам Абай үшін оның организмін, іс - әрекетінің мақсатын және үйлесімділігін, талап – тілегі мен қызығушылығын зерттегенде физиологиялық – психологиялық нысан, ал таным процесінің мәнін түсіндіргенде – философиялық нысан, жақсылық пен жамандықтың мағынасын алып, «Адам бол» этикалық принципін негіздеген уақытта этикалық нысан болып табылады.