Философияның қалытасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 09:34, реферат

Описание работы

Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниеге қатынас және дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті. Дүниетаным және фплософия. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары. Мәдениет дүниесіндегі философияның қатынасы мен тағайыны. Философия адам құштарлығының әр түрлі төрт саласының - ғылым, поэзия, дін, логика - негіздемесі ретінде. Философия және мифология. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және ғылым. Философия және саясат.

Работа содержит 1 файл

философ.doc

— 898.50 Кб (Скачать)

Бұл – Коперник, Кеплер, Галилей, Бруно сияқты ойшылдардың  табиғат жөніндегі ізденістерінің дәуірі.

Қайта өркендеу дәуірінің  ойшылдары схоластар сияқты ұғымдарды  жан – жақты талдауға тырыспайды. Олар табиғат пен қоғамның құбылыстарын меңгеруге, түсінуге бет бұрады.

Олардың көпшілігі интуиция мен сәуегейлікке емес, тәжірибе мен  ақылға иек артады.

Қайта өркендеу дәуіріндегі  философияның тағы да бір маңызды  ерекшелігі – эстетикалық өлшемдердің үстемдігі. Өнер онымен бірге әсемдік те дамиды. Осы уақытта бейнелеу өнерінің өркендегені жай ғана кездейсоқтық емес. Леонардо да Винчидің, Микеланджело, Рафаэль Сантидің, Альбрехт Дюрердің тамаша туындылары осы дәуірдің жемісі.

Гуманизм – осы  кезеңде қалыптасады. Ол – адамды оның барлық қадір қасиетімен құрметтеу, сыйлау керек екендігін көрсететін көзқарастың бірі .

Гуманизм дәстүрлері антикалық, орта ғасырлық дәуірлерде де болды, бірақ кең көлемдегі саяси, әлеуметтік, адамгершілік сипаттағы қоғамдық қозғалыс ретінде Қайта өркендеу дәуірінде қалыптасты. Яғни жаңа типтегі дүниетанымдық, адамгершілік және саяси идея дүниеге келді. Өмірден тым алыс схоластика сынға ұшырады. Әділетті қоғамдық – мемлекеттік құрылым – парламенттік басқару Италияда енгізілді. Адамдардың қызығушылықтарының өзара үйлесімде болуының жолдары қаастырылды.

Гуманистер адамдардың қарым – қатынастарының негізінде  сүйіспеншілік, достық, бірін – бірі сыйлау сияқты құндылықтар жатуы  қажет деп жариялады. Адамдардың нағыз ізгілікті табиғатын Данте шығармашылығынан көруге болады.

Николай Кузанский (1401-1464) – католик шіркеуінің қайраткері, кардинал. Николай жаратылыстануды  дамытуды, адамның іс - әрекетіне  теология араласпауын жақтады. Әлемді Құдай жаратты, бірақ ол шексіз, материалды және қарама – қарсылықтардың күшімен қозғалады.

Бұл ойшыл адамды өте  қастерлейді. Құдай адамның өзінде, онымен біте қайнасқан. Сонымен қатар, Құдай барлық жерде, ең алдымен, табиғаттың өзінде. Құдай – бұл Әлемнің  орталығы және оның негі. Ол – бүтін, ал Әлем оның бөлігі. Әлем Құдайда жинақталған, шоғырланған Құдай әлем түріне енген сайын табиғи процестердің мәні ашыла береді. Осы көзқарасты пантеизм деп атаймыз.

Джованни Пико делла  Мирандола (1463-1494) өзіне дейінгі барлық діни, философиялық ілімдерді біріктіріп, «900 тезис» деп аталатын эклектикалық шығарма жазды. Адам өзін өзі еркіне, өзіндік таңдауына сүйене отырып дамытады, ол өз бақытының қайнар көзі, өзін өзі жетілідіре алады, яғни өз тағдырын өзі жасайды.

Парацельс (1493-1541) – дәрігер, ғалым. Ол туралы көптеген аңыздар бар, доктор Фаустың прототипі болған. Оның пікірінше, әр нәрсенің  өзіндік ережесі бар. Оны белсенді өмірлік күш деп атаймыз. Соған дұрыс әсер ету арқылы затты танимыз. Емдеу өнері осыған негізделген. Парацельс үшін жалғыз әмбебап ғылым - медицина, ол философияға, теологияға, астрономияға және ал-химияға негізделген.

Николай Коперник (1473 - 1543) теоцентрлік көзқарастарға негізделген  жасанды жүйені бұзып, гелиоцентрлік  теорияны жасады.

Коперниктің ілімі ғылым  тарихындағы нағыз төңкеріс еді. Өйткені ол табиғат танудағы шіркеудің беделін түсірді.

Қайта өрлеу дәуірі ғылымының  бұл жаңалығы туралы Энгельс былай  деп жазған: «Н.Коперник табиғат  мәселелерінде шіркеу беделіне соққы  болған өшпес жаңалық ашты. Бұл  революциялық акт табиғатты зерттеу ғылымдарының тәуелсіздігіне жол ашты. Осындан бастап жаратылыстанудың теологиядан босап шығуының жыл санауы басталады».

Галилео Галилей (1546-1642) эксперимент  әдісімен біраз жаңалық ашады. Телескоптың  көмегімен Айдың, Күннің беті тегіс  емес екендігін, Юпитердің төрт серігін анықтайды.

Галилей философ емес, бірақ оның ғылыми көзқарастарының  ықпалы зор болды. Оның негізгі идеясы мынада: табиғат біз үшін жабық, оны  оқуымыз үшін математика керек, өйткені  табиғаттың тілі – математика. Галилей математика мен экспериментке негізделген жаңа методологияны дамытады. Егер бұрын заттар мен құбылыстардың сапалық қасиеттеріне көңіл бөлінсе, Галилейдің негізгі идеясы сандық қатынастарға сүйенеді. Табиғи заттардың өлшемі бар, оларды дәл есептей отырып, заңдарын игеруге жол ашамыз.

Галилей әлемнің үйлесімін, қозғалыс динамикасын геометриялық, алгебралық әдістермен көрсетуге болатынын  дәлелдеді, индукция мен дедукцияны біріктіре отырып механиканы негіздеген.

Джордано Бруно (1548-1600) осы дәуірдің көрнекті философтарының бірі. Пантеистік көзқарасты дамытты.

Пантеизм дегеніміз - әлем Құдаймен бара – бар, әлем, материя  – бұл Құдайдың өзі деп пайымдайтын  ілім. Материяға берілетін форма  Құдайды сезім арқылы қабылдау үшін қажет.

Өзінің методологиясында қозғалыс пен материяны табиғат пен әлемдік рухты барабар деп есептейді. Оның пікірінше, әлем біртұтас, шексіз, бірақ көптеген дербес, жеке әлемдерден тұрады. Ғарыш шексіз және көп жақты.

Бруноның пікірінше, сезімдік таным дүниені тану үшін жеткіліксіз. Ақыл мен сезімнің өзіндік синтезі ғана әлемді жан – жақты тануға мүмкіндік береді. Таным шексіз процесс, өйткені оның нысаны да шексіз.

Қайта өркендеу дәуіріндегі  натурфилософияның негізгі мәселесі – табиғатты зерттеу.

«Адам Құдайдай құдіретті» деп есептеген Қайта өркендеу дәуірінің ойшылдары оның өмірін жақсартуға бағытталған әлеуметтік теорияларды дүниеге келтірген. Мемлекет пен құқық туралы тың концепциялар туындай бастады. Біржақты және бір сарындағы діни бастаулардан гөрі, адамның табиғи сипатына, оның күнделікті қажеттіліктері мен мұхтаждықтарына көңіл аудару қажеттігі қызықтыра бастады.

Әлеуметтік теориялардың негізгі мәселесі – мемлекет. Европалық  ұлттардың өрлеу дәуірінде католиктік әмбебаптық жағдайында күшті, бір орталыққа  бағынатын мемлекет қана қоғамдағы  әртүрлі топтарды біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыра алады деген сенім орнықты. Осы идея әлеуметтік теориялардың негізін қалады.

Никколо Макиавелли (1469-1527) өзінің еңбектерінде мемлекет және саясат туралы идеяларын дамытты.

Биліктің ең іргелі негізі – күш, содан кейінгі негізі – басшының беделі, үшінші негізі – күшті бюрократиялық аппарат. Бірақ әруақытта нақты жағдайлар мен оқиғалар есепке алынуы қажет. Бір өкініштісі, қолда билік күшейген сайын, оны жоғалтып алу қаупі де көбейеді. Абсолютті тиранды басқамен ауыстыра салу оңай. Ал парламентті ауыстыру әлдеқайда қиын.

Адамдардың бәрінің  мүддесін есепке алатын саяси бітімгершілікке  қол жеткізу әруақытта қиын, өйткені  адамдардың қажеттіліктері әртүрлі. Дін  мен мораль - саясаттың құралы. Дін  мен моральдың қағидаларымен мемлекет өмір сүре алмайды. Саяси өмір мен саяси шешімдерді, саяси фактілердің өзін талдау өте маңызды. Саясаттың өз заңы бар, сондықтан онда өтірік, күш, қатыгездік әруақытта болып тұрады.

Қайта өркендеу дәуірінде  әлеуметтік әділеттілікті көксейтін алғашқы утопиялар да пайда болған.

Гуманистік идеяларға  негізделген утопиялық құрылымдарды Томас Мор (1476 - 1555) және Томмазо Кампанелла (1568-1639) жасады.

Т.Мор ізденістері  утопиялық социализмнің аясындағы  социализм туралы маңызды зерттеу  болып есептелінеді. Оның әлеуметтік ілімі ғылыми танымның сол кездегі деңгейіне сәйкес еді. Жаңа қоғам туралы өз ойларын ол фантазия деп есептеген жоқ, бірақ іске асыруда көптеген қиындықтар болады деп ойлады.

Т.Кампанелла «Күн қала»  еңбегінде жаңа қоғамның мамыражай бейнесін жасаған. Экономикалық мәселелерге көңіл аудармаған. Жеке меншіктік қатынастарды христиан дінінің моральдық принциптеріне сүйеніп, жоюға болады деп ойлайды.

Күн қаланың мемлекеттік  құрылымы - басшысы абыз болатын  теократиялық жүйе. Күн нұрын бойына сіңірген абыздың көмекшілері – Билік, Даналық және Махаббат.

Кампанелла ғылымға  көңіл бөледі, халықтың білімді болғанын қалайды, әділеттлікке негізделген  рационалды басқаруды көздейді.

Жалпы, Қайта өркендеу дәуірінің маңызы өте зор. Өйткені  ол қалыпты дәстүрді бұзып, дүниетанымдық принциптерді түбегейлі өзгертті, барлық күш пен қуатты, жаңа методологияны жер бетіндегі тіршілікке бағыттады. Жаңа дәуір философиясына тарихи, мәдени, рухани негіз болды.

 

9-лекция

Жаңа Уақыт  мәдениетіндегі батысеуропалық философия

 

Жаңа  Уакыт  бас   кезіндегі   мәдени-әлеумеггік   ахуал.   Жаңа Уақыт мәдениетіндегі        негізгі        рухани        бағдарлар.        Эксперименталдық жаратылыстанудың пайда болуы. Эмпиризм мен рационализм философиялық дәстүрінің пайда болуы. Эпистемологиялық идеалдың қалыптасуы. Жаңа рационалдықтың қалыптасуы. Ғылым философиялық рефлексиялар «предметі»   ретінде.   Батыс   адамының   дүниені   рационалдық   игерудің перспективаларын айқындауы. Жаңа Уақыт философиясы дүниетанымдық ұстанымдарының батыс адамының мәдени  іс-әрекеттегі  субъективтілігін демонстрациялаудың принципті жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға әсері. 18 ғ. екінші жартысы мен 19 ғ. бірінші жартысындагы неміс мәдениетінің ерекшелігі. Философиядағы «Коперникандық төңкеріс».

Метафизикалық сауалдардың болмай қоймайтындыгы. Канттық трансценденталдық философия таным теориясы ретінде. Канттың пайым мен зерде туралы ілімі. Кант диалектика туралы. Моральдық еріктің Канттық этикасы борыш этикасы ретінде. Категориялық императив шешім қабылдау  үшін идеалды стандарт және азаматтық қоғам негіздемесі ретінде. Канттың құқық философиясы жанжалдарды әділ реттеудің тұғырнамасы ретінде. Адам құқықтары туралы мәселе жайындағы философиялық рефлексия.

 

Жаңа дәуір философиясы XVII-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл -философиядан бөілініп шыққан жаратылыстану ғылымдарының қалыптасу және даму кезеңі. Физика, химия, астрономия, математика, механика дербес ғылымдарға айналды. Сондықтан танымның жалпы әдісін анықтау, жаратылыстану ғылымдарының мәліметтері мен табыстарын түсіндіру және жалпылау мәселесі туындайды. Мұның өзі жаңа дәуір философиясына жаңа міндеттер жүктейді.

Жаңа дәуір философиясыныңі  негізгі мәселесі – таным теориясы, барлық ғылымдарға қажетті ғылыми таным  әдістерін жасау.

Егер жеке нақты ғылымдар табиғат заңдарын ашса, ал философия барлық ғылымдарға ортақ ойлаудың заңдылықтарын анықтауы тиіс.

Осы мәселемен Ф.Бэкон, Р.Декарт, Дж.Локк, Г.В.Лейбниц айналысқан. Олар мүмкіндігі жоғары ойлау заңдылықтарын  іздестірген. Бірақ адам ақылы нақты  өмірде кейбір қате идеялармен, ұғымдармен тұманданған, көмескіленген. Осы тұманнан идолдан (Ф.Бэкон) босаған, тазартылған таза ақыл ғана құбылыстың мәнін аша алады. Яғни, таза ақылды табу керек. Сонымен қатар, ыңғайлы, пәрменді таным әдістерін ойластыру да өте қажет.

Жаңа дәуір философиясына  тән бірнеше маңызды ұстанымдар бар:

  1. Ғылымның діннен толық ажыратылуы. Сенімнің ақылмен, ғылымның дінмен бірігуі мүмкін емес.
  2. Ғылымның адамзаттың маңызды іс - әрекеті дәрежесіне көтерілуі. Тек ғылым ғана адамзатты байытады, қайғы мен қасіреттен босатады, қоғамды дамудың жаңа сатысына көтереді, қоғамдық прогресті қамтамасыз етеді.
  3. Ғылымның дамуы мен адамның табиғатты игеруі барлық ғылымдарға ортақ негізгі әдістерді анықтаған жағдайда ғана мүмкін болады.

  Таным теориясы  жаңа дәуірде өзекті мәселеге айналды.

Фрэнсис Бэкон (1561-1626) - ағылшынның көрнекті философы және мемлекет қайраткері. Англиядағы жоғары мемлекеттік лауазым  лорд-канцлер болған. Философияда  оның ғылым және оның әдісі туралы ілімі ықпалды, атақты болды. Бэкон  өзінің философиялық зерттеулерінің мақсатын «ғылымдарды түбегейлі қалпына келтіру» деп анықтап, сол уақыттағы ғылыми білімдерді жан – жақты өзгертуге бет бұрды. Бэкон білімді қайта құрудың, қажеттілігін екі себеппен түсіндіреді.

Біріншіден, адам танымының  тарихын талдау ғылымның қоғамдағы орнының маңыздылығын және қажеттілігін көрсетеді. Ғылыми білімдердің көмегімен адам өз өмірін жеңілдетуге мүмкіндік алады. Бұдан былайда ғылым адамға пайда келтіруі қажет, өйткені оның ең басты міндеті – адамзатты аштықтан, кедейліктен, аурулардан азат ету.

Екіншіден, ғылым осы  уақытқа дейін негізгі міндеттерін  анда-санда, аракідік, кездейсоқ орындап  келді. Ғалымдар көп уақыттарын практикалық  іс - әрекеттен тым алыс, жалаң  пікір таластарға жұмсады. Мұндай жағдайдың  бірнеше себептері бар. Ең бастысы, ғалымдар адамның танымдық қабілеттерін зерттемеді. Сондықтан олар таным процесінің іс жүзінде қалай іске асатынын білмеді, бақыламады.

Танымдық іс - әрекеттің  тетіктерін білмегендіктен, оны жақсартатын  оңтайлы құралдарды да таба алмады.

Үшінші себеп, ғалымдар өз білімдерін дамытудың бағыттарын білмеді.

Бэкон өзі көрсеткен  кемшіліктерді жеңудің жолын  ұсынды. Оның ойынша, таным процесі  екі кезеңнен тұрады: 1) сезімнің тануы; 2) ақылдың пікірі. Сезіммен табиғатты  тануға болмайды, олар тіпті өтірік ақпар беруі де мүмкін. Заттардың сапалары, дыбыс, түр, дәм, иіс, жылу, суық адамдардың сыртқы заттарды қабылдауларының түрі болып табылады. Ал ақыл сезімнің мәліметтерінен тез арылады және өзіндік рең береді. Осы өзіндік реңді Бэкон «идол», елес деп атаған.

Ф.Бэкон идол, яғни, пұттарды немесе елестерді өзгелердің пікіріне сын көзбен қарамай, қабылдаудан, адамның  табиғи мүмкіндіктерінен, жеке адамның  кемшіліктерінен, тілдің шикілігінен, дәйексіздігінен туындайтын қателіктер деп анықтады.

Таным процесін осындай елестерден тазарту үшін арнайы ойлап табылған және жақсы ұйымдастырылған тәжірибені пайдалану қажет. Оның мағынасы – табиғи заттарды іс - әрекетте байқау, не нәрсенің себеп, не нәрсенің салдар екенін түсіну.

Сезім туралы ілімі және білімді алудың жолдарын көрсету арқылы Бэкон жаңа эмпиризмнің негізін қалады.

Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм – бұл тәжірибелік, сезімдік білімді нағыз шынайы ақиқат білім  деп мойындау.

Информация о работе Философияның қалытасуы