Тәрбие әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2012 в 19:16, курсовая работа

Описание работы

Тәрбие үдерісін жүзеге асыру құралдары ретінде әдістер, құралдар, нысандарды ерекше атап көрсетуге болады. Тәрбие әдісі қойылған тәрбие мақсаттарына қол жеткізу жолдары болып табылады. Басқаша айтқанда, тәрбие әдістерінің белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушілер санасына, еркіне, сезімдеріне, мінез - құлқына әсер ету жолдары деп тануға болады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3-4

1 Тәрбие әдістері, тәсілдері және олардың түрлері.....................................5-8

1.1 Сана қалыптастыру әдістері...................................................................9-12

1.2 Іс - әрекет ұйымдастыру әдістері.........................................................13-16

1.3 Ынталандыру әдістері...........................................................................17-19

1.4 Тәрбие әдістерін таңдау шарттары.......................................................20-21

2 Тәрбие құрал жабдықтары және формалары түсінігі............................22-23

2.1 Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама..........................................24-26

2.2 Тәрбие формалары мен құрал – жабдықтарын таңдау.............................27

Қорытынды........................................................................................................28

Әдебиеттер тізімі...............................................................................................29

Қосымша 1..........................................................................................................30

Работа содержит 1 файл

Курсовая работа по педагогике.doc

— 244.50 Кб (Скачать)

   Тәрбие формаларын іріктей отырып, дәл мезеттегі нақты тәрбие міндеттері мен тәрбиеленушілердің араласуымен орындалатын іс - әрекет түрлерін; тәрбиелік процестің ұйымдасу принциптерін балалардың дайындағын, олардың қызығулары мен қажеттерін; материалдық қор мен сырттай шарт – жағдайларды, педагогтар және ата - аналар мүмкіндіктерін ескеру қажет.

Тәрбиенің қай формасы  болмасын, ол өзіне сай нақты іс - әрекет әдіс, тәсіл, жол - жобаларын пайдалануды қажет етеді және бұлардың бәрі сол әрекетке қатысушылармен бірлікте іске асқаны жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

   Тәрбие әдістері көмегімен, тәрбие процесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру мақсатты түрде іске асырылады.Тәжірибелі ұстаздар көптеген жанама әдістерді де қолданады. Олар тікелей әсер етпейді, жолдастары, ұжым, қызықты іс - әрекет, көркем әдебиет, т.б. арқылы әсер етеді. Жанама әрекет оқушы бойында белсенділік, тәуелсіздік туғызады.Бүгінгі таңда мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген тәрбие әдістерінің біріңғай жүйесі қалыптасқан.Әдістерді тиімді пайдалану және тұлғаға жасалған ықпалдың нәтижелі болуын қамтамасыз ету мақсатын көздеп топтастырады.Әбір әдістің өзіне тән белгілері, ерекшелігі, міндеті, бір – бірімен байланысы да топтастыруды, жіктеуді қажет етеді. Тәрбие әдістерін жіктеу түрінің қайсыбірін алсақ та, олар негізінен жеке тұлғаның қалыптасуындағы оның мәні мен іс - әрекетін ұйымдастырудың маңыздылығына байланысты дәлеледейді. Сол себептен де тәрбие әдістерін топтастыру немесе жіктеу тәрбиенің мақсат - міндеттері мен мазмұнына байланысты анықталады. 
   Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді. Мысалы, уйрету әдісі кіші мектеп жасындағы  балалар тәрбиесінде жиі қолданылады. Үйрету әдісі арқылы балаларды мектепте, отбасында әртүрлі іс - әрекетіне дағдыландыруға болады.

   Тәрбие жұмысында  әр баланың даму ерекшелігін,  жеке ерешелігін ескерген жөн. Тапсырма беру кезінде бала темпераменті ескеріледі, мысалы сангвиник, бала қиыншылыққа кездессе, бастаған ісін аяғына дейін орындамайды, сондықтан үнемі бақылап, тапсырмаы толық орындауға үйрету, жаттықтыру қажет.Тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың әртүрлі іс - әрекеттері ұйымдастырылады, адамгершілік қабілеті айқындалып, дүниетанымы көзқарасы қалыптасады. Барлық тәрбие әдістері бір – бірімен өзара байланысты, тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін, дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңьекке баулиды.

   Тәжірибеде тәрбие  жұмысының формасы, әдісімен қатар  тәрбие құралдары қолданылады.  Оған оқу еңбегі, қоғамдық пайдалы  еңбек, қоғамдық жұмыс, ойын, үйірме, сыныптан тыс жұмыс, спортпен  айналысу, көркемөнерпаздар үйірмесі жатады. Баланың әр – түрлі даму сатысында олар өзгеріп отырады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңде баланың негізгі іс - әрекеті ойын болса, мектеп кезінде бірінші орын оқу еңбегіне беріледі. Оқу еңбегімен қатар, қоғамдық пайдалы еңбек, үйірме, спорт т.б. іс - әрекеттер маңызды орын алады. Бүкіл іс - әрекеттердің қай – қайсы да жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен әсер етеді.

   Тәрбие теориясы  мен тәжірибесінде тәрбие тәсілі  де қолданылады. Тәсіл белгілі  бір жағдайда әдісті нақты  қалай қолдануды қамтамасыз етеді.

   Оқушыларды тәрбиелеу  процесі әртүрлі формалар көмегімен  іске асырылады. Тәрбие жұмысының формаларын таңдау тәрбие жұмысының мазмұнына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне тәуелді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бабаев С.Б., Оразов Ш.Б., Бабаева Қ.С. Педагогика жалпы негіздері және тәрбие теориясы //Алматы-2008// Заң әдебиеті.
  2. Мұсаева С.А.,Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы //Астана-2006// Фолиант.
  3. Әбиев Ж, Бабаев С, Құдиярова А. Педагогика //Алматы-2004// Дарын.
  4. Әлемдік педагогикалық ой – сана, 5 том. //Алматы-2008// Мәдени мұра.
  5. Байжанова З. Жалпы педагогика //Алматы-2008// Таймас.
  6. Сейталиев Қ. Педагогиканың жалпы негіздері //Алматы-2007// Өлке.
  7. Құрманалина Ш, Мұқанова Б, Ғалымова Ә, Ильясова Р. Педагогика //Астана-2010// Фолиант.
  8. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. //Алматы-1987// Мектеп.
  9. Бабаев .С.Б, Оналбек Ж.К Жалпы педагогика //Алматы-2006//Заң әдебиеті.
  10. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика: жалпы негіздері және тәрбие теориясы. //Алматы-2008.
  11. Губашева С.Г, Отарбай А.Ж. Тәрбие жұмысының әдістемесі //Астана-2007// Фолиант.
  12. Әбиев Ж. Педагогика. Алматы., 2004.
  13. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы,2005.
  14. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. А., 2002.
  15. 13.ҚоянбаевЖ.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы.- Алматы, 2004-420 бет.
  16. Селиванов В.С. Основы общей педагогики: теория и методика воспитания. М., 2000.
  17. Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық Университеті. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003.
  18. Щадрин Н. К вопросу о функционльных ценности в жизнедеятельности личности и воспитании // Ұлт тағлымы.- 2004.-№ 4
  19. Комплексная программа воспитания в учреждениях образования Республики Казахстан. // Учитель Казахстана. – 2001. – 17 июня.
  20. Щуркова Н.Е. Программа воспитания. М., 1998
  21. Закон РК «Образовании». – Алматы, 1999.
  22. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов педагогических вузов: в 2кн. – М., 1999.
  23. Селиванов В.С. Основы общей педагогики: теория и методика воспитания. М., 2000.

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

 

 



 


 



 





Информация о работе Тәрбие әдістері