Тәрбие әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2012 в 19:16, курсовая работа

Описание работы

Тәрбие үдерісін жүзеге асыру құралдары ретінде әдістер, құралдар, нысандарды ерекше атап көрсетуге болады. Тәрбие әдісі қойылған тәрбие мақсаттарына қол жеткізу жолдары болып табылады. Басқаша айтқанда, тәрбие әдістерінің белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушілер санасына, еркіне, сезімдеріне, мінез - құлқына әсер ету жолдары деп тануға болады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3-4

1 Тәрбие әдістері, тәсілдері және олардың түрлері.....................................5-8

1.1 Сана қалыптастыру әдістері...................................................................9-12

1.2 Іс - әрекет ұйымдастыру әдістері.........................................................13-16

1.3 Ынталандыру әдістері...........................................................................17-19

1.4 Тәрбие әдістерін таңдау шарттары.......................................................20-21

2 Тәрбие құрал жабдықтары және формалары түсінігі............................22-23

2.1 Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама..........................................24-26

2.2 Тәрбие формалары мен құрал – жабдықтарын таңдау.............................27

Қорытынды........................................................................................................28

Әдебиеттер тізімі...............................................................................................29

Қосымша 1..........................................................................................................30

Работа содержит 1 файл

Курсовая работа по педагогике.doc

— 244.50 Кб (Скачать)

  Наным - сенімге оқушыны әрқилы әдістермен жеткізу мүмкін. Өткен ғасыр басындағы мектептерде бұл үшін тағылым - тарихи өсиеттер, хадистер мен мысалдар кең қолданылған. Ал қорытынды шығару баланың өз еркіне берілді. Өкініштісі, бүгінде біз мұндай аса құнды әдістерді пайдаланудан мүлде қалғанбыз, олардың орнына тура, қарабайыр, ойға жетелемейтін уағыздау әдісіне көшкенбіз. Құрғақ уағыз айтып, шексіз бір жақсы көрсетпе - нұсқау беруден түскен өнім шамалы. Сондықтан, ұмыт болған әдістерді жаңғыртып, мұғалімдер өз сабақтарында ислам хадистерін, ақын - жыраулар тағылымдарын, шешен билердің ұлағатты кеңестерін, ғұлама Абайдың «Қара сөздерін» және т.б. тағылым - тәрбие көздерін молынша пайдалануда. Сондай-ақ әдептілік-имандылық тақырыбындағы әңгімелер, ұғындыру, түсіндіру, әдептілік сұхбаттары, насихаттау, сендіру, көрсетпе беру әдістері де өз қолданымын табуда. Сендірудің аса маңызды әдісі - өнеге - үлгі. Әдістердің әрқайсысы өз ерекшелігі  мен қолданымына ие. Сырт көзге қарапайым көрінгенмен, бұл топ әдістерінің бәрі де жоғары педагогикалық бірлікті қажет етеді әрі жүйелі түрде басқа әдістермен бірге қолданылады.

   Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау – пікірін айту, баға беру, сендіру):

• этикалық әңгіме;

• әңгімелесу;

• пікірталас;

• лекциялар;

• өнеге;

• көндіру (суггестия).

   Этикалық тақырыптағы әңгіме – инабаттылық мазмұнға негізделген деректер мен оқиғалардың үлкен көңіл көтеріңкілігімен әсерлі баяндау әдісі. Сезімге ықпал ете отырып, әңгіме моральдық бағамдар мен әрекет - қылық нормаларының мәнін түсініп, ұғуға жәрдемдеседі. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез - құлқына, жүріс - тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс - қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары. Этикалық әңгіме адамгершілік ұғым, түсініктерінің мазмұнын ашып қоймастан, оқушылардың инабаттылық талаптарына сәйкес болымды тұлғалық әрекеттеріне деген ұнамды қатынас өрбітіп, мінез - құлықтың оңды өзгерісіне ықпал жасайды. Әдептілік әңгімелері бірнеше қызмет атқарады:

  1. білім көзі;
  2. тұлғаның адамгершілік сапаларын басқалардың имандылық қасиеттерімен толықтырады;
  3. тәрбиелік ұнамды үлгі - өнегені өрнек ретінде ұсынады.

   Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар:

• бір мәселе төңірегінде  бірнеше пікірлердің айтылуы;

• оқушы сұрақтарын мұғалімнің мақұлдауы, оған өзінің жауап беруіне көмектесу;

• әңгіменің дайын жауаптарының болмауы;

• баланың өз ойын айтып, басқалардың пікірлерін тыңдауы;

• қарым - қатынас мәдениеті, мұғалімнің оқушы дәлелді пікір айтқанша шыдамдылық көрсетуі;

• әңгімені лекцияға айналдырмау;

• әңгіменің жылы шырайлы жағдайда өтуі;

• баланың ішкі сырын  айтуға көмектесуі;

• әңгіме материалдарын  баланың өмірінен алу;

• түрлі пікірлерді біліп, оларды бір - бірімен салыстыру, дұрыс пікір шығару;

• жас ерекшеліктеріне  сай болуы;

• тартымдылығы, қызықтылығы;

• мұғалімнің артық сөздер айтпауы.

Мұғалімнің тәртіп бұзған оқушылармен жеке сөйлесіп, оның қателігін  өзіне әдепті түрде түсіндіреді. Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады. Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселелі сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды.

   Пікірталастар – тәрбиеленушілерді қызықтыратын әр түрлі тақырыптарға арналған қызу ой сайысы. Мұндай тәрбиелік әдіс орта және жоғары сыныптарда әр түрлі қоғамдық - гуманитарлық тақырыптарда қолданылады. Пікірталас негізі – бұл ақыл сайысы, ой күресі, ол арнайы дайындықты талап етеді. Пікірталас мақсаты – белгілі бір шешім шығару емес, оның маңызы – балаларды үдеріске қосу, әрі оны басқара жүргізу. Педагог балаларға ойды жинақтауға, қисынды дәлелдерге сүйенуге, өз ұстанған бағытын ашып көрсете білуге көмектеседі. Пікірталас – қиын әдістердің бірі және ол педагогтан жоғары кәсіби біліктілікті, білімділікті талап етеді. Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді. Пікірталас оқушылардан ақыл - ой қызметін, сезім белсенділігін талап етеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес бұрын оның тақрыбын, сұрақтарын тұжырымдап, жүргізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып, оқушыларды пікірталас ережелерімен таныстырады.

   Өнеге - өте әсерлі әдіс. Бұл әдіс келесі заңдылыққа негізделеді: көру арқылы қабылданатын құбылыстар тез, әрі ешбір қиындықсыз санада бекиді. Сонымен бірге, кітаптағы, кинодағы бас кейіпкерлерді, тарихи тұлғаларды, атақты ғалымдарды, саяси майталмандарды, т.б өнеге ету үлкен тәрбиелік мәнге ие. Бұл жағдайдың психологиялық негізі ретінде еліктеуді айтуға болады. Еліктеудің арқасында адамдар әлеуметтік және адамгершілік тәжірибе жинақтайды. Еліктеу – жеке адам іс - әрекеті. Кейде еліктеудің аяқталып, шығармашылықтың басталатын кезін анықтау қиынға соғады. Көбінесе шығармашылық өзіндік, ерекше еліктеуден болады. Осыған орай бала әлеуметтік және инабаттық тәжірибе жинақтайды. Мектеп жасындағы балалар өздері аса ұнатқан адамдарға еліктейді. Сондықтан, баланың адамгершілік дамуына қамқорлық жасауда оның өнегелі ортаға араласуына басты назар аудару қажет. Өмір өнегесі ұдайы оңды болса, тіпті жақсы, бірақ олай бола бермейді, балаға әсер етуші кері өрнек аяқ астында. Оқушылар назарын өмір адам келеңсіздіктеріне аударып бару, болымсыз қылықтар салдарын талдап, олардан қорытынды шығару – міндетті шарт. Мезетімен орынды пайдаланған ұнамды үлгі тәрбиеленушіні жаман қылықтан сақтандыруға жәрдем беретінін де ескерген жөн. Тәрбие тәрбиешінің жеке басы үлгі - өнегесіне, оның қылық әрекетіне, қамқорлығындағы балаларға қатынасына, дүниетанымына, іскерлігі мен абыройына тәуелді.

   Түсіндіру – тәрбиеленушіге көңіл - күй – сөздік әсер ету әдісі. Түсіндірудің әңгімелеуден айырмашылығы – берілген топқа немесе нысанаға нақты ықпал жасау. Бұл әдісті қолдануда пдагог ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасына, сыныптың тәлім ерекшеліктеріне сүйенеді. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер (басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б.) түсіндіріледі. Партаны сызу, дөрекілік жасау теріс қылық екнін түсіндіре берудің қажеті болмағандықтан басқа әдіс қолдану керек. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірін сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелеуге бағыттайды. Мектеп тәжірибесінде түсіндіру адам психикасына еніп, іс - әрекеттің себептерін тудыратын және тұлғаға жалпы әсер ететінін сендіруге сүйенеді. Сендіру тәрбиеленушіге белгілі бір шешім қабылдату жағдайында пайдаланылады. Сендіру басқа тәрбие әдістерінің әсерін күшейту үшін қолданылады.

   Сұхбат – тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің пікір алысуға екіжақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі. Сұхбаттың әңгімеден айырмашылығы – сөйлеушіні тыңдап, оның ойын ескере отырып, онымен қарым - қатынас жасау жолдарын құру. Мұндай әңгіме моральдық, этикалық, тәрбиелік мәні бар тақырыптардан тұрады. Сұхбат мақсаты – адамгершілік түсініктерін тереңдету және бекіту, білімді жалпылау және нақтылап орнату, адамгершілік көзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру. Этикалы сұхбатқа нақты деректер, оқиғалар, сыныптағылардың қылықтары себепші болады. Мұндай сұхбаттасу оқиға ізінше немесе кейінірек, балалар өз қылықтарының жақсы не жаман екенін ойластырып түсінген соң өткізіледі. Сұхбаттасудың нәтижелілігі бірнеше маңызды шарттарға байланысты:

  1. Сұхбаттасудың мәселесі болғаны маңызды. Тәрбиеші шәкірттерін үйреншікті емес сұрақтар қоюға ынталандырады, сол сұраққа жауапты балалардың өздерінің табуына көмектеседі;
  2. Этикалы сұхбаттар алдын ала дайындалған, жауаптарын айтып қойған дайын желі бойынша өткізілуі тиіс. Тыңдаушыларға өз ойларын баяндауға мүмкіндік беру қажет, оларды басқалар ойларын сыйлауға, оған дұрыс көзқарас нышанымен қарауға үйрету керек;
  3. Сұхбатты дәрісбаянға айналдырмау;
  4. Сұхбаттасу құралдары тәрбиеленушінің жан сезіміне жақын болғаны абзал;
  5. Сұхбаттасу кезінде барлық көзқарастар мен пікірлерді анықтап, оларды салыстыра білудің маңызы зор;
  6. Әңгімеге дұрыс жетекшілік – тәрбиеленушінің оңды шешімге өз бетімен келуіне арқау.

   Ертегі, әдеби кітаптар, мерзімді баспасөз материалдары – мектеп жасындағы оқушылардың адамгершілік санасын қалыптастыратын құралдардың бірі. Оқушылар жағымды кейіпкерлерге еліктеп, жамандықтан аулақ болуға үйренеді.

   Көзін жеткізу – тәрбиешінің өз тәртібі, жұмыс тәсілдері арқылы жүзеге асатын, балалар көзқарасына ықпал етудің педагогикалық тәсілі.

   Қоғамдық пікір. Балаларға тәрбиешінің қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы – жалпы қоғамдық пікірдің көрінісі. Қоғамдық пікір – ұжымдағы іс - әрекетті ұйымдастыру және мінез - құлықты қалыптастырудың негізгі әдісінің бірі. Қоғамдық пікір ұжым мүшесінің, жекелеген топтардың іс - әрекетін, қылығын бағалауда қолданылады.Қоғамдық пікірдің негізгі нысандары – ұжым мүшелерінің жиналыста, жиындарда, митингіде, жергілікті баспасөзде және дөңгелек үстел басында, ашық әңгімеде, кемшіліктерді сынап, жаңа міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын белгілеуі.

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Іс - әрекет ұйымдастыру әдістері.

  Тәрбие талапқа сай тұлға қалыптастыруға арналады. Тұлғаның түсінігі, нанымдары емес, істеген ісі, қылығы оның тәрбиелілігін сипаттайды. Сол себепті, қоғамдық қылық тәжірибесін қалыптастыру және іс - әрекет ұйымдастыру тәрбие үдерісінің іргетасы ретінде қарастырылады. Іс - әрекет – адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны, ішкі жан дүниесінің көрсеткіші, дамуының өздігінен жетілуінің шешуші белгісі. Адамның іс - әрекетінің дамуына қарым - қатынас ерекше әсер ететіндіктен, іс - әрекеттен тыс тәрбиенің болуы мүмкін емес.

   Бала іс - әрекетіне қойылатын педагогикалық - психологиялық талаптар:

• іс - әрекеттің мақсатының анықтығы, оның жеке адамға, қоғамға, ұжымға пайдалылығы, оқушының ынта ықыласын, қабітеттілігі мен іскерлігін ескеру; оқушылардың ортақ істі сезімталдықпен орындауына қолайлыжағдай жасау.

• баланың мүддесі мен бейімділігін ескере отырып, оның көңілінен шығатын, шамасы жететін қоғамдық жұмысқа, еңбекке  қатыстыру өздігінен әрекет ету  тәжірибесін кеңейтеді.

• іс - әрекетті дұрыс ұйымдастыру балалардың белсенділігіне байланысты. Жұмысты жоспарлау, жеке тапсырмаларды бөлу, оның нәтижесін тексеру, т.б. міндеттерді балалар шешіп отыруы керек. Бала талабы мен қабілетін еңбекте көрсеткенде дамиды.

• тәрбиешінің басшылығы, жұмыс  барысында кеңес беру, балалардың ынтасын арттыру. Жұмыстың мазмұны мен түрлерін, әдістерін жандандыратын материалдық және моральдық жағдайды сақтау.

• оқушылар ұжымының қоғамдық пікірі арқылы іс - әрекеттің нәтижесін қорытындылау.

   Бұл топқа кіретін барлық әдістер тәрбиеленушілердің тәжірибелік іс - әрекетіне негізделген. Осы іс - әрекетті басқаруда педагогтар оны құрамдас бірліктерге, яғни қылық әрекеттер мен кіші бөліктер – амалдарға бліп қарастырумен іске асыра алады. Тәрбие үдерісі педагогтың амалдарды орындаудан іс - әрекеттер басқаруға, содан кейін тәрбиеленуші іс - әрекетін басқаруға өтуімен аяқталады. Тәрбиеленушінің пайдалы істерін ұйымдастыру міндетті түрде олардың басқа адамдармен жан-жақты қарым - қатынас жасауын қажет етеді. Әртүрлі жағдайда болған ұжымдық қарым - қатынас белгілі бір іске, шешімге әрекет қылықтың бір жолын таңдауды қажет етеді, яғни тұлғаның күрделі бітістері қарапайым қылықтар негізінде қалыптасады.

   Қажетті тұлға сапаларын  қалыптастырудың жалпыланған әдісі  – жаттықтыру. Қоғамдық қылық тәжірибесін игеруде іс-әрекет шешуші рөл атқарады. Тәрбиеленушілерді нақты, мақсатты бағытталған, белсенді іс - әрекетке кірістірмей, қажетті қылық түрін қалыптастыру мүмкін емес.

   Жаттығу әдісі оқушыны объект жағдайынан субъект жағдайына жеткізеді. Жаттығу әдісінің педагогикалық - психологиялық ерекшелігі – жаттығулар мен әрекеттердің баланың ішкі қасиетіне айналуы. Балада қалыптасатын қылық, әрекеттің қай - қайсысы да жаттығып, дағдыланудан. Балаға басқалардың қалай жазатынын әңгімелеп, жазуға атақты күйші өнерін көрсетіп, домбыра тартуға мүмкін емес. Тәрбиеленушіні мақсатты бағытталған белсенді әрекетке ынталандырмай, жоспарланған мінез бітісін де орнықтыруға болмайды. Жаттықтыру мәні – талап етілген әрекеттерді көп мәрте қайталаумен автоматты орындалуы дәрежесіне жеткізу. Жаттығулар нәтижесі – тұлғаның бекіген сапалары: әдеттер мен дағдылар.

   Жаттықтыру әдісінң тиімділігн келесі шарттар анықтайды:

  1. жаттығулар жүйесі;
  2. олар мазмұны;
  3. түсініктілігі мен жеңілдігі;
  4. көлемі;
  5. қайталау жиілігі;
  6. бақылау мен түзету;
  7. тәрбиеленушілердің тұлғалық сапалары;
  8. жаттығулардың орындалу мерзімі мен орны;
  9. жеке - дара, топтық, ұжымдық жаттығулар формасы;
  10. жаттығу сеп - түрткілері мен оған деген ынта себептері.

  Жаттығулар жиілігі, көлемі және жетіскен нәтижелер арасында тікелей тәуелділік бар: жаттығу неғұрлым көп орындалса, олар жәрдемімен қалыптасушы сапалар дамуы да соғұрлым жоғары келеді. Бұл тәуелділік тұлғалық ерекшеліктерімен реттеліп барады. Бірдей тең деңгейлі сапаны қалыптастыру үшін әр оқушының орындайтын жаттығуларының саны әрқилы: бір бала көзделген сапаға аз санды жаттығудан жететін болса, екінші біреуінде ондаған, жүздеген жаттығу әрекеті қажет. Сапа неғұрлым күрделі келсе, оған байланысты әдеттерді қалыптастырып, тұрақтандыру үшін соғұрлым көп жаттығу орындап, көп мәрте қайталау керек.

   Жаттығулар жүйесін жоспарлауда тәрбиеші ең алдымен өз тәрбиеленушілеріне қандай дағдылар мен әдеттерді қалыптастыруы қажет болатынын ойластырып алғаны жөн. Жаттығулардың көзделген қылық - әрекетке сәйкес болуы (адекватность) - әдісінен баланың өмірлік қажетті, мәнді және пайдалы дағдылары мен әдеттері қалыптасады. Сондықтан жаттығулар қалай болса, солай ойдан шығарылмай, өмірден алынуы тиіс. Бірінші кезекте жалпы адамзаттық ізгілі сапалар тұрғызушы жаттығулар пайдаланылады.

Информация о работе Тәрбие әдістері