Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2012 в 19:16, курсовая работа
Тәрбие үдерісін жүзеге асыру құралдары ретінде әдістер, құралдар, нысандарды ерекше атап көрсетуге болады. Тәрбие әдісі қойылған тәрбие мақсаттарына қол жеткізу жолдары болып табылады. Басқаша айтқанда, тәрбие әдістерінің белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушілер санасына, еркіне, сезімдеріне, мінез - құлқына әсер ету жолдары деп тануға болады.
Кіріспе...............................................................................................................3-4
1 Тәрбие әдістері, тәсілдері және олардың түрлері.....................................5-8
1.1 Сана қалыптастыру әдістері...................................................................9-12
1.2 Іс - әрекет ұйымдастыру әдістері.........................................................13-16
1.3 Ынталандыру әдістері...........................................................................17-19
1.4 Тәрбие әдістерін таңдау шарттары.......................................................20-21
2 Тәрбие құрал жабдықтары және формалары түсінігі............................22-23
2.1 Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама..........................................24-26
2.2 Тәрбие формалары мен құрал – жабдықтарын таңдау.............................27
Қорытынды........................................................................................................28
Әдебиеттер тізімі...............................................................................................29
Қосымша 1..........................................................................................................30
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1 Тәрбие әдістері, тәсілдері және
олардың түрлері.......................
1.1 Сана қалыптастыру әдістері....
1.2 Іс - әрекет ұйымдастыру әдістері......................
1.3 Ынталандыру әдістері..........
1.4 Тәрбие әдістерін таңдау
2 Тәрбие құрал жабдықтары және
формалары түсінігі............
2.1 Тәрбиенің негізгі формаларына
сипаттама.....................
2.2 Тәрбие формалары мен құрал – жабдықтарын
таңдау........................
Қорытынды.....................
Әдебиеттер тізімі.............
Қосымша 1.............................
Кіріспе
Тәрбие үдерісін жүзеге асыру құралдары ретінде әдістер, құралдар, нысандарды ерекше атап көрсетуге болады. Тәрбие әдісі қойылған тәрбие мақсаттарына қол жеткізу жолдары болып табылады. Басқаша айтқанда, тәрбие әдістерінің белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушілер санасына, еркіне, сезімдеріне, мінез - құлқына әсер ету жолдары деп тануға болады.
Тәрбие әдістерінің мақсаты: балалардың тіршілік, әрекет, қарым – қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады. Оқыту әдістерінің барлығы ретімен білім, білік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған. Тәрбие әдістерінің олардан айырмашылығы, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланыс іс - әрекеттерінің соңғы нәтижесінде тәрбиелі тұлғанының сапалы даму деңгейін анықтайды. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін тәрбие әдістерін тиімді пайдалану қажет. Әдістердің бірлігі оқушылардың тәрбиелеу деңгейін және әрбір кезде адекватты қойылған мақсатты іске асыруға бағытталған. Тәжірибелі педагогтың жеке іс - әрекет стиліне байланысты тәрбие әдісі әртүрлі өткізіледі. Педагог жалпы тәрбие әдісін өзінің нақты іс - әрекетінде қолдана білуінде көрініс табады. Жеке жағдайларда тәрбиеші жеке өзінің әлде әріптестерінің әдістерін қолдана отырып жаңа, дәстүрлі емес шешімдерге келеді. Әдістерді жетілдіру тапсырмасы үнемі бар болған және әрбір тәрбиеші өзінің күш деңгейіне сүйене отырып жалпы әдістерге тәрбие процесінің жеке шарттарына сәйкес келетіндей толықтырулар мен өзінің жеке өзгерістерін енгізеді. Педагогикада тәрбие әдістерінің классификациялық әртүрлі нұсқасы бар. Тікелей және жанама педагогикалық әсердің тәрбиелік әдістерінің тобын шартты түрде бөлуге болады. Тікелей педагогикалық әсердің әдістері оқушының жылдам әлде баяу реакциясын және оның өзін - өзі тәрбиелеуге бағыталған сәйес іс - әрекетін анықтайды. Жанама педагогикалық әсердің әдістемесі осындай жағдайдың ұйымдастыру іс - әрекетінде тәрбиеленушінің бойында өзін - өзі жетілдіруге бағытталған және оның педагогтармен, жолдастарымен және қоғаммен қарым - қатынас жүйесінде белгілі бір позицияның қалыптасуының пайда болуын анықтайды.
Қазіргі заманғы педагогикада оқушыға әсер етуіне сәйкес тәрбие әдістерін сенім, жаттығу, ынталандыру және жазалау деп бөледі. Кездейсоқ мәліметтерде жалпы жіктелу белгісі бойынша «әдістер сыйпатын» қоса алғанда өзін - өзі бағыттылық, іске асатындық, айрықшалық және басқа да әдістер бар. Оқушылардың жүріс - тұрысын ынталандыру, іс - әрекетін ұйымдастыру және сенім әдісіннің үйлесуіне сәйкес жіктеледі. И.С.Марьенко келесі тәрбие әдісінің жіктелу тобын көрсетеді: анықтау – репродуктивті, проблемалық – ситуатциялық, дағдыландыру – жаттықтыру, ынталандыру, тежелу (кедергілеу), жетекшілік және өзін - өзі тәрбиелеу. Тәрбие әдісінің мақсаттылық, мазмұндылық, іскерлік жақтарын қамтитын дәстүрлі классификация болып табылады. Бағыттаушылық негізіне сай әдістердің үш түрлі тобын көрсетуге болады. Олар сананы қалыптастыру әдістері (әңгімелеу, түсіндіру, анықтау дәріс, этикалық әңгімелесу, иландыру, нұсқау беру, пікірталас, баяндама, өнегілілік); ұйымдастырушылық пен мінезді қалыптастыру әдістері (жаттығу, тапсырма, тәрбиелік жағдаят); ынталандыру әдістері (жарыс, ынталандыру, жазалау).
Профессиялық педагогикада педагогтар мен тәрбиеленушілер негізінде әдістер классификациясы қалыптасқан:
● сана қалыптастыру әдістері
● іс - әрекет ұйымдастыру әдістері
● ынталандыру әдістері
Тәрбие әдістері бірін - бірі толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Әдістермен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады. Әрбір әдісті мұғалім өз практикасында жетілдіре пайдалану мақсатында жекелеген өзгерістер, толықтырулар енгізеді. Мұндай жетілудерді тәрбие тәсілдері деп атайды. Тәрбие тәсілдері – жалпы әдістің бөлігі, жеке әрекет. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін білу, оларды дұрыс қолдана білу педагогикалық шеберлік деңгейлерінің маңызды сипаттамасы болып табылады.
Тәрбие құралдары – тұлғаны қалыптастыру көздері. Тәрбие құралдары тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер іс - әрекетінің барлық компоненттерімен байланысты. Өзара байланысты іс - әрекетте қолданылатын объектілер әр түрлі қызмет атқарады (тәрбие құралдары, өзін - өзі тәрбиелеу құралдары, бейнелеу заттары, талдау, кострукциялау, дайындау құралдары т.б.). Тәрбие әдістері, тәсілдері, құралдары арасында өзара тығыз байланыстылық та байқалады. Құрал - әдіс пен тәсіл аралығындағы ұғым. Яғни құрал - тәсіл емес,бірақ әдіске де жетпейді. Тәсіл – жеке алғанда бір ғана әсер, ал құрал тәсілдер жиынтығы. Еңбек – тәрбие құралы, бірақ еңбекті көрсету, бағалау тәрбие тәсілдері. Сөз – тәрбие құралы, ал ескерту жасау, сөз қыстыру, салыстыру – тәсілдер. Тәрбие жұмысы құралдары мен формалары бірге қолданылуы мүмкін. Айталық, музейге экскурсия жасау. Экскурсия – нысан, ал музей тәрбие құралы болып табылады. Тәрбие жұмысы нысандары: кеш, жорық, спектакль, интеллектуалдық ойындар, конференция т.с.с.
1 Тәрбие әдістері, тәсілдері және олардың түрлері
Тәрбие әдісі (гректің «методос» жол деген сөзі) – бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол, тәсілдер, тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс - әрекетіне әсер ету шаралары.Əдістер түрі сан - алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз шəкірттерінің білімдік күш - қуаты мен жалпы мүмкіндіктерін жете танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып жəне басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог əрекетіне тəуелді. Қай тұлға, қанша тұлға араласса, əдіс формасы да сондай əрі сонша – бұл заңдылық. Əлбетте, əдістердің бəрі бірдей тиімді деп айту қиын. Ол үшін сол əдістің түзілу, қолдану жағдайларын білу қажет. Нақты мақсатқа байланысты дайындалған көп əдістердің ішінен біреуі ғана тиімді болуы мүмкін. Тəрбие тəжірибесі алдымен ежелден келе жатқан дəстүрлі əдістерге арқа сүйегенді тəуір көреді. Алайда, көптеген жағдайларда олардың да тиімсіз болып қалатыны бар, сондықтан да тəрбиеші əрдайым тəрбиенің нақты шарттарына сай келер көздеген мақсатқа үлкен үнем жəне мол табыспен, жылдам жеткізетін жаңа əдістерді іздестіруге мəжбүр. Тәжірибелі педагогтың жеке іс - әрекет стиліне байланысты тәрбие әдісі әртүрлі өткізіледі. Педагог жалпы тәрбие әдісін өзінің нақты іс - әрекетінде қолдана білуінде көрініс табады. Жеке жағдайларда тәрбиеші жеке өзінің әлде әріптестерінің әдістерін қолдана отырып жаңа, дәстүрлі емес шешімдерге келеді. Әдістерді жетілдіру тапсырмасы үнемі бар болған және әрбір тәрбиеші өзінің күш деңгейіне сүйене отырып жалпы әдістерге тәрбие процесінің жеке шарттарына сәйкес келетіндей толықтырулар мен өзінің жеке өзгерістерін енгізеді. Тәрбие мақсаттарын әр түрлі жолдармен жетуге болады. Тәрбиеші тәрбиеленушімен олардың күш қуатына, мүмкіндіктеріне, ынталарына сүйене отырып, істеген жұмысында қаншалықты жол тапса, сонша тәрбие мақсатына жету тәсіл түрлері ашылады. Әрине, кейбір жолдар басқасына қарағанда мақсатқа тезірек жеткізеді. Тәрбиешінің алдында тәрбиеге сай келетін, көзделген жетістікке тез апаратын және аз күш жұмсайтын жаңа, қалыптан тыс, қолданылмаған жол табу міндеті тұрады. Құрастыру, таңдау және тәрбие әдістерін дұрыс пайдалану – кәсіптік педагогиканың асқар шыңы болып есептеледі. Тәрбие әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың өмірден алған тәжірибесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбиенің мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат - әдістің бас критерийі (грекше, қазақшасы – белгісі). Тәрбие әдістері тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез - құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым - қатынас жасауға және олардың іс - әрекеттеріндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет. Әдістерді іске асыру барысында ұстаз, тәрбиеші, ата - ана, аға ұрпақ оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын қолданады. Тәрбиеленушілер тәрбие процесіне немкетті қарап, одан тыс қалмайды. Олар қалай болғанда да тәрбиелік ықпалды сезінеді, сөйтіп субъект ролін ғана емес, тәрбие субъектіснің де ролін атқарады. Тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде тәрбиеленушілер оған қатысушыларға айналады. Олар алған хабарларын белсене қорытады, тәрбие жайындағы білімдерін бұрын алған білімдерімен, жеке басының тәжірибесімен және басқа адамдардың мінез - құлық тәжірибесімен салыстырады. Егер тәрбиелеу әдісі сәтті таңдалып алынса және білгірлікпен қолданылса, тәрбиеленушілер өздерінің жауап іс - әрекеттері арқылы тәрбие міндеттерін шешуге себепші болады. Олардың санасы дамиды, сезімі байиды, қажетті дағдылары мен мінез - құлық әдеттері қалыптасады. Әр әдіс құрал ретінде көрініс береді, тәрбиеші соның көмегімен санаға, сезім мен мінез - құлыққа әсер жасайды, әр түрлі іс - әрекет ұйымдастырады. Ол оқушылардың іс - әрекетіне басшылық етуді қамтамасыз етеді, оларды өзін - өзі тәрбиелеуге итермелейді, жеке адамның дамуына түрткі болады. «Тәрбие ісі» және «тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыру формасы» ұғымдарының өте жақын ұғымдар екендігін есте тұтқан жөн. Философиялық энциклопедияда әдіс зерттелетін объектінің қозғалыс заңдылықтарынан туындайтын болмысты практикалық және теориялық жағынан игеру формасы ретінде ашылып көрсетілетіні тегін емес.Сонымен қатар тәрбие әдісінің бір бөлігі болып табылатын тәрбие тәсілі туралы айта кеткен жөн. Әрбір әдістің тәсілі болады. Тәрбие тәсілі – жалпы әдістің бір бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдері – бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жету үшін тәрбиеленушімен бірге салатын «соқпақ» жолы деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол соқпақ үлкен жолға - әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін тану, оларды дұрыс қолдану – бұл педагогикалық шеберлік деңгейінің маңызды сипаттамасын білдіреді. Демек, тәрбие әдістері мен тәсілдері тығыз байланысты. Мысалы, үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма т.б. Шын тәрбие процесінде әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, ол жылжымалы болады. Тәрбие тәсілдерін екіге бөлуге болады:
а) Дамуды қолдайтын: сенім, мадақтау, көңіл бөлу, өтініш, пікір алмасу, ықыласпен тыңдау, қызықты іспен қамту, моральды қолдау табу т.б.
б) Дамуды қолдамайтын немесе тежеу тәсілдері: жарлық беру, көкету, ұрсу, жақтырмау, жазалау, ескерту, ашулану, немқұрайлы қарау, әшкерелеу т.б.
Тәрбие тәсілдері:
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс - қызмет мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс - қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтауға үйретеді.
Бағдарлау – іс - қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс - қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады.
Қарым - қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) – балалар мен ересектердің іс - қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез - құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата - аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді.
Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардың қимыл - әрекерттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп - бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс - қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға үйренеді. Оқушы іс - қызметтің адамгершілік жақтарын бағалауға жаттығады. Мұғалім бағалауды, өзіне - өзі баға беруді қалыптастыруға қамқорлық жасайды, Баға беру алынған білімді жеке тәжірибемен байланыстырып, оған жаңа қасиет береді.
Қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ. Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс - әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері. Жіктелудің өзі әдістердің қайсысының жалпы және жалқы екенін, нақты не кездейсоқ, теориялық немесе практикалық екенін білуге, сонымен бірге оларды дұрыс таңдауға, барынша ұтымды пайдалануға көмектеседі. Жіктелуге сүйене отырып, педагог тек әдістер жүйесіне танып қоймай, ол әр түрлі әдістер белгілерінің өзгерісін жақсы түсінеді. Кез келген әдістің ғылыми жіктелуі олардың жалпы негіздері мен белгілерін анықтаудан басталады. Тәрбие әдістері жүйесіне орай танылатын белгілер өте көп. Кез келген жалпы белгілерден жеке - дара жікетеме жасауға болады. Қазіргі педагогикада ондаған жіктеме белгілі, бірі тәжірибелік міндеттерді шешуге қажет болса, екіншісі теориялық міндеттерді қалыптастырады. Көптеген әдістер жүйесінде жіктелудің қисын негізі анық емес.Бұған тәжірибелік мәні бар жіктеулерге негіз ретінде әдістің бір емес, бірнеше маңызды және жалпы тұстарының болуы айқын дәлел. Тәрбиелік әсер ету әдістерінің нәтижесі бойынша оларды екі топқа бөлуге болады:
а) Адамгершілік қасиеттерге негіз болар ықпалдар: қарым - қатынас, ортақтасу, көзқарас қалыптастыратын түсініктер, жаңашыл пікірлер, ой толғаулар;
б) Қандай да бір көзқарас, ұғымдарға сәйкес әдеттер орнықтырушы ықпалдар;
Тәрбие тәсілдері өз ерекшеліктері бойынша келесідей жіктеледі: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс - әрекетті ұйымдастыру, тәрбиеленушілерді орынды мінез - құлыққа ынталандыру, түсіндірмелі - көрнекі үйрету, үйлесімділікке келтіру,өзіндік тәрбие. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқа бөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі – бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі. Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина және В.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады. Қазіргі кезде тәрбие әдістерінің тиімді жетілуі бір мақсатқа, мазмұнға негізделген тәрбие бағытын қолдайды. Осыған орай тәрбие әдісінің үш тобын бөлуге болады: [қосымша 1-де көрсетілгендей]
1.1 Сана қалыптастыру әдістері
Тәрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тәрбиенің бірінші сатысы – оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет әрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну). Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мән - мағынасын жете түсініп алу міндетті. Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным - сенімдерін кемелдендіруге бағытталған әдістер тұлға санасын қалыптастыру әдістері атамасын алған. Бұл топ әдістері екінші кезеңде іске қосылатын – сезім, көңіл - күй толғаныстарын қалыптастыруда аса қажет. Егер оқушы педагогикалық ықпалға бейтараптылық пен немқұрайлылық танытатын болса, тәрбие процесі шабандайды, мақсатқа жете алмайды.Егер оқушы қабылдаған идеясын өзін толғантқан жарқын бейнеге айналдыра алса ғана, оның бойында ізгі де жарқын сезімдер туады. Өткен жылдар оқулықтарында бұл әдістер тобы сендіру әдістері деп аталған, себебі олардың міндеті – тұрақты наным - сенімдер қалыптастыру болған. Оқушы әрекет - қылығына дем беретін оның білімі мен білігі емес, ең алдымен ол көзделген адами сапаның қоғамдық қажеттігі мен өзіне пайдалылығын танып, оны өз нанымы негізінде әрекет - қылыққа айналдыруы, ал бұл сана қалыптасуымен бірге жүретін психикалық құбылыс. Тәрбие мазмұнымен белгіленген іс - әрекетке бала белсенді араласуға дайын болған жағдайда ғана қолданылатын әдіс өз нәтижесін береді.