Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2012 в 19:16, курсовая работа
Тәрбие үдерісін жүзеге асыру құралдары ретінде әдістер, құралдар, нысандарды ерекше атап көрсетуге болады. Тәрбие әдісі қойылған тәрбие мақсаттарына қол жеткізу жолдары болып табылады. Басқаша айтқанда, тәрбие әдістерінің белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушілер санасына, еркіне, сезімдеріне, мінез - құлқына әсер ету жолдары деп тануға болады.
Кіріспе...............................................................................................................3-4
1 Тәрбие әдістері, тәсілдері және олардың түрлері.....................................5-8
1.1 Сана қалыптастыру әдістері...................................................................9-12
1.2 Іс - әрекет ұйымдастыру әдістері.........................................................13-16
1.3 Ынталандыру әдістері...........................................................................17-19
1.4 Тәрбие әдістерін таңдау шарттары.......................................................20-21
2 Тәрбие құрал жабдықтары және формалары түсінігі............................22-23
2.1 Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама..........................................24-26
2.2 Тәрбие формалары мен құрал – жабдықтарын таңдау.............................27
Қорытынды........................................................................................................28
Әдебиеттер тізімі...............................................................................................29
Қосымша 1..........................................................................................................30
Тұрақты дағдылар мен әдеттер қалыптастыру үшін жаттығуларды мүмкін болғанша ерте жастан қолданған дұрыс. Жас организм қай әсерді де тез қабылдайды. Әдеттенген адам өз сезімін басқара біледі, құмарлықтарына тоқтау береді, өз ниеттерін басқалар мүдделерімен салыстырып, бағалай алады. Ұстамдылық, өзіндік бақылау, ұқыптылық, тәртіптілік, қатынас мәдениеті – бәрі де тұрақтанәдеттер негізінде туындайтын ізгілі адам сапалары. Жаттықтыру әдістерінің тиімділігіне себепші маңызды шарттардың бірі – біртұтас жаттығулар жүйесінің біріндеп күрделеніп баруы. Кіші сынып оқушыларында мінез - құлық мәдениетін қалыптастыруда келесідей шамалап түзілген ілгерілі жаттығулар жоспарын ұсынуға болады.
Гуманистік тәрбиеде де қатаң әдістер қолданылады. Бірақ әңгіме онықалай пайдалануда. Осындай шешімді әдеттердің бірі – талап. Тәрбие барысындағы талап тәрбиеленуші әрекетінің ынталылығын көтеруге не оны тежеуге қажет талаптар тікелей не жанамалы болып келеді. Тікелей талап – анық, дәл, нақты. Жанамалы талапта әрекетке келтіретін талаптың (кеңес, өтініш, сенім, қолдау, құлақ - қағыс және т.б.) өзі емес, ал сол талаптан туындайтын психологиялық жағдаяттар: толғаныс, күйзеліс, мүдде, ұмтылыс. Жанама талаптар арасында аса көп қолданылатындары:
Кеңес-талап. Бала санасына ықпал жасуамен педагог қойған талаптың қажеттігін, пайдасын түсіндіреді. Мұндайда кеңестің қабылдануы не қабылданбауы педагог беделіне, оның оқушымен қатынасына тәуелді.
Ойын талап. Әрқандай талаптарды қою үшін тәжірибелі мұғалім баланың ойынға құштарлығын пайдаланады. Бала ойынды қызығушылықпен орындай жүріп, өзі байқамай талаптарды да қабылдайды. Бұл талап әдісінің өте ізгілікті және тиімді формасы, бірақ оны қолдануда аса жоғары педагогикалық шеберлік қажет.
Сенім талап. Мұндай әдісі, әдетте, сыйластық жайлаған ортада іске асады.
Өтініш талап. Педагог пен тәрбиеленуші арасында достық, жолдастық қарым-қатынас болған жағдайда өз тиімділігн береді.
Үйретіп көндіру – көзделген сапаны жылдам әрі жоғары деңгейде қалыптастыру үшін қолданылады. Кейде бала мұндай талапты ауырсынады, өжеттікпен қарсы шығады. Солай болса да, көндіру баланың өзі үшін қажет. Гуманистік педагогика адам құқына қарсы қатаң әдістерді қолданудан аулақ, дегенмен орынды жерінде бұл әдісті жұмсарта, басқа әдістермен, әсіресе ойынмен бірлестіре пайдаланғанды жөн санайды. Үйретіп көндіру және оны ойынмен бірлестіру бала табиғатына сай келеді. Үйретіп көндіру тәрбие процесінің барша кезеңдерінде де тиімді, бірақ бала дамуының алғашқы сатысында әбден қажет. Бұл әдісті пайдалану шарттары:
Көндіру үшін баланы ойынға тартудың себептері:
1) қажетті іс - әрекет мақсаты оқушылар үшін тартымсыз болса;
2) мақсатқа жету жолы іс логикасына орай баланы жалықтыратын, қызықсыз болса.
Тапсырыстар беру – балаларды ұнамды қылық - әрекеттерге жетелеудің тиімді жолы. Тапсырыстар түрі әрқилы: сырқат жолдасынан хабар алып, оның оқуына жәрдемдесу; қамқорлыққа алынған балабақшаға ойыншықтар дайындау; ынып бөлмесін мейрамға безендіру және т.б. Қажетті сапаларды дамыту үшін де тапсырмалар қолданылады, мысалы, нақтылығы мен ұқыптылығы кем балаларға – дәл әрі орынды жасау әрекеті, шыдамсыздарға – байсалдылық талап ететін жұмыстарды тапсырып тәрбиелеуге болады. Тапсырыстың орындалуын ежелеп, түсіндіріп жатудың қажеті жоқ.
Тәрбиелік жағдайлар – арнайы жасалған шарттарға орай тәрбиеленуші іс - әрекеті мен мінез - қылығын қалыптастыру әдісі. Тәрбиелік жағдайлар тиімділігін көтерудің екі жолын еске ұстаған жөн:
Тұлға мінез - қылығын қалыптастыру әдістері тәрбиеде өте қажет. Олардың бәрі тәрбие процесініңөзегін құрайды. Атап айтсақ, бұл әдістер: жаттықтыру, талап, көндіру, тәрбиелік жағдайлар (ситуациялар).
1.3 Ынталандыру әдістері.
Тәрбиеленушіні белгілі іс - әрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын әдістер тобында ынталандырудыңорны өз алдына. Бұл әдістер мектеп оқушыларының қылықтары мен іс - әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады. Бұл әдістерді қодануда педагогикалық - психологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі – бала тәрбиенің тек қана объектісі емес, тәрбиенің субъектісі болып табылатындығы.
Баланың табиғатында «Мен өзім» деген белсенділігі бар, ол тәрбиеленушілердің әрекетіне және өздерінің мінез - құлықтары мен іс - әрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына енжар қарамайды. Сондықтан, тәрбие мен баланың өзін - өзі тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді. Бұл әдістің ежелден-ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі. ХХ ғасыр педагогикасы және бір өте әсерлі ынталандыру әдісі – жарыстыру әдісін алға тартып отыр.
Жарыс – адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәрбиелеуде жастардың табиғи, бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс. Жарыс жастардың бір - бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсетіу үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс - әрекетіне жаңа серпін, аңа өріс беріп, өзіне талап қоюна мүмкіндік туғызады. Көп бала топтала қалса, сол бода өзара бел таластыра бастайды. Балалар табиғатына аса тән құбылыс – бәсекелестік. Төңірегіндегілер арасында өз беделін танытып, оны бекіту - әр адамның тума қажеті. Ал бұл қажеттілікті іске асыру басқалрмен жарысуды керек етеді. Жарыс әдісі баланың ұжымдағы беделін ұзақ уақытқа айқындап, бекітеді. Жарыс әдісімен баланың бәсекелестікке деген табиғи қажеттігін жеке тұлғаға және жалпы қоғамға сай қасиеттерді баулитын тәрбие арнасына бұруға болады. Өзара жарыса жүріп, оқушылар қоғамдық қылық тәжірибелерін тез игеріп, тән - дене, адамгершілік, эстетикалық сапаларын дамытады. Жарыс әсіресе үлгерімі төмен оқушылар үшін аса қажет: өз нәтижелерін жолдастарының жетістіктерімен салыстыра отырып, өз білімдері мен ептіліктерін көтеруге болған қозғау күш алады, оқуы мен өзіндік тәрбиесіне ден қоя бастайды. Жарыс ұйымдастыру – оңай іс емес: балалар психологиясын жете тану қажет, біртұтас маңызды шарттар мен талаптарды ұстану әрі орындау керек. Жарыс тиімділігі оның ұйымдастырылуында. Жарысты ұйымдастыруда келесі шарттарды ескеру қажет:
Бұл үшін жарыстың мақсаттары мен міндеттері айқындалады, бағдарлама түзіледі, баға өлшемдері белгіленеді, жарыстыру шарт – жағдайлары жасалады, қорытынды шығарылып, жеңімпаздар марапатталады. Жарыс өзіне сай күрделілігімен әрі қызыты өткізілуі тиіс. Сонымен бірге жарыс ережелері соңғы нәтижелерді бағалап, салыстыруға келетіндей нақты болғаны жөн. Қорытындылау мен жеңімпаздарды анықтау жариялы болып, бағалау өлшемдері қарапайым, баршаға түсінімді болғаны дұрыс. Жарыс бағдары мен мазмұны айқын болуы тиіс. Бүгінгі таңда мектеп тәжірибесінде сынып, мектептің озық оқушысы, пән білгірі атақтарын алу жарыстары өткізілуде. Кейінгі он жылдықта дәстүрлі ықпал әдістеріне қосымша субъектив-прагматикалық әдістің тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерттеулер мен практика нақтылаандай, бүгінгі жастардың ерекшелігі - өмірге болған прагматикалық (пайдакүнемдік) қатынасы. Осыдан қазіргі заман оқушысы өзіне, өз жолдастарына тәрбие маған не береді, неге, қай уақытта ол қажет, одан түсер пайда қандай және қаншалықты деген сұрақтарды үстемелеп қоятын болды. Осы секілді пайдакүнемдік – прагматикалық бағытты ескере отырып, кейбір шет ел педагогикалық жүйелері тәрбие процесін тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы коммерциялық қатынас сипатында бағалайды. Ал мұндай қатынас өзегі – пайда. Әдіс әлі қалыптасып, ресми қабылданған емес, бірақ тұрмыста тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасында түзілетін келісім - шарттар жүйесімен біртіндеп тұрақтануда.
Мадақтау – оқушылардың тәртібін, мінез - құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы. Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігін сезінуіне, мінез - құлқы мен көңіл - күйіне бақылау жасауға, өзін - өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез - құлқы қандай болуы керектігін түсінеді, жағымды мінез - құлықты дамытып , ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады. Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, марапаттау. Қарапайым бола тұра, мадақтау өте жауапкерлі де іс. Мадақ шектен тыс әсерге айналып кетпей, орынсыз кем де болмауы керек. Санамен сарапталмаған әсіре мадақ баланы бұзады. Осыдан мадақтаудың психологиялық қырлары мен оның салдарын ескерген жөн:
Гуманистік педагогика жазалауды да жоққа шығармайды, бірақ оның шегін, сипатын, орындалу жолдарын өзгертуді талап етеді.
Жазалау – келеңсіз қылықтарды шектеп, тежеу үшін, басқалар алдында, өз тұрғысынан айыбын мойындау сезімін ояту мақсатында қолданылатын педагогикалық ықпал әдісі. Басқа тәрбие әдістері секілді жазалау да қылық әрекеттердің сырттай себептерінің тұлғалық ішкі ықылас - ниеттерге ауысуына негізделген. Мектеп тәжірибесінде жазалаудың келесідей түрлері қолданылуда:
Тәрбие барысында жазалаудың келесі формалары қабылданған: жақтырмау; ескерту; сөгіс жариялау; алдын ала сақтандыру; айыпқа сай талап қою. Педагогикалық талаптар ішінде жазалау әдісінің нәтижелі болуына негіз қалайтын шарттар:
Жазаның түрлері оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай болып, тәрбиенің басқа тәсілдерімен байланысты болуы шарт.
Тәрбиеленушілерге тәрбиесіз болудың пайдасыз екендігін сезіндіретін жағдайларды тудыру – ынталандырудың субъективтік - прагматикалық әдісі деп аталады. Субъективтік - прагматикалық әдістің нақты формалары мыналар:
Қоғамдық және экономикалық қатынастар баланы ерте жастан қатаң конкуренттік тайталасқа қосып, өмірге тыңғылықты дайындық көруге мәжбүрлейді. Осыдан да нарықтық экономикаға ертерек көшіп, дамыған елдердегі мектептік білім мен тәрбиеге қарапайым тұрмыс қажетіне бағытталып, басты мақсат – шәкірттерді оқу орнын бітірген соң жұмыс табу, тіршілік қамын жасауға тәрбиелейді.