Тәрбие әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2012 в 19:16, курсовая работа

Описание работы

Тәрбие үдерісін жүзеге асыру құралдары ретінде әдістер, құралдар, нысандарды ерекше атап көрсетуге болады. Тәрбие әдісі қойылған тәрбие мақсаттарына қол жеткізу жолдары болып табылады. Басқаша айтқанда, тәрбие әдістерінің белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушілер санасына, еркіне, сезімдеріне, мінез - құлқына әсер ету жолдары деп тануға болады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3-4

1 Тәрбие әдістері, тәсілдері және олардың түрлері.....................................5-8

1.1 Сана қалыптастыру әдістері...................................................................9-12

1.2 Іс - әрекет ұйымдастыру әдістері.........................................................13-16

1.3 Ынталандыру әдістері...........................................................................17-19

1.4 Тәрбие әдістерін таңдау шарттары.......................................................20-21

2 Тәрбие құрал жабдықтары және формалары түсінігі............................22-23

2.1 Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама..........................................24-26

2.2 Тәрбие формалары мен құрал – жабдықтарын таңдау.............................27

Қорытынды........................................................................................................28

Әдебиеттер тізімі...............................................................................................29

Қосымша 1..........................................................................................................30

Работа содержит 1 файл

Курсовая работа по педагогике.doc

— 244.50 Кб (Скачать)

 

 

 

1.4 Тәрбие әдістерін  таңдау шарттары.

   Тәрбие әдістерін таңдау – күрделі проблемалардың бірі. Тәрбиешінің кәсіби қызметтерін орындау барысындағы тәрбие әдістерін таңдауы әрі оларды пайдалануы көптеген қалыптасқан шарттар мен мүмкіндіктерге тәуелді. Мұндай шарттар түрі: ниеттелген тәрбие мақсаттары мен міндеттері; тәрбиеленушілердің жас және даралық ерекшеліктері; тәрбие мезеті; шәкірттердің қызығулары мен қажеттері; оларды қоршаған әлеуметтік жағдайлар; тәрбиеленушіні қатысқан топтың қалыптасу деңгейі; күтілген нәтижелер; тәрбиешінің өз басы мүмкіндіктері. Тәрбие әдісін таңдау негізінде тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы гуманистік қатынас болуы шарт. Қолданылатын әдістердің тиімділігі келесі жағдайларға байланысты: таңдалған әдістің шынайы әрі нақты шарттарға сәйкестенуі; әдісті қолдану мезетіндегі тәрбиеленушілердің психологиялық қалпын кәсіби көрегендікпен сезе білу; әрқилы тәрбие әдістерін өзара үйлестіре пайдалану; таңдалған әдісті қисынды нәтижеге жеткенше орынды пайдалану. Тәрбие әдісін таңдай отырып, тәрбиеші әрбір тәрбиеленушіге өз жасампаздық іскерлігін жүзеге асыруға, даралық шығармашылығын танытуға, табыс көздерін іздестіре білуге, нәтижелерді болжастыруға көзделген мақсатты іске асыруға толық мүмкіндік беретіндерін пайдалануға ұмтылуы қажет.

   Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді. Тәрбие әдістерін таңдауда ескерілетін жалпы прициптер:

  1. Тәрбие мақсаттары мен міндеттері. Мақсат әдісті тек қолдап қана қоймай, оны белгілейді. Қандай мақсат болса, оған жетудің нақты тәсілі болуы орынды;
  2. Тәрбие мағынасы. Бір міндет бірнеше мағынаға ие болатынын естен шығармау керек; Сол үшін әдісті мазмұнмен емес мағынамен байланыстыру тиімді;
  3. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарай, міндт әртүрлі әдістермен шешіледі. Тәрбие үдерісінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін;
  4. Ұжымның қалыптасу деңгейі. Ұжымның өзін - өзі басқару формасының дамуына қарай педагогикалықәсер әдістері өзгеріссіз қалмайды: басқарудың ыңғайлы болып келуі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірігіп қызмет етуінің табысты шарты ретінде қажет;
  5. Тәрбиеленушілердің жеке және тұлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана. Жеке және тұлғалық түзетулер қажет.
  6. Тәрбиелік жағдайлар. Мұндай жағдайларға психологиялық - физиологиялық, санитарлы - гигиеналық, сонымен бірге сыныпта болатын қарым - қатынастар, яғни ұжымның көңіл - жайы педагогикалық жетекшіліктің мәнері жатады.
  7. Тәрбие құралдары. Тәрбие әдістері тәрбие үдерісінің бөліктері ретінде көрінеді, олар педагогикалық құралдар бірлігін түзеді. Әдістерден басқа да тәрбие құралдары баршылық, олар әдістермен тығыз байланыста бірге қолданылады (көрнекі құралдар, өнер шығармалары, бұқаралық ақпарат көздері). Егер аталған жабдықтар белгілі бір деңгейде пайдаланылмаса, олардың маңызы еленбейді. Алайда, осы жабдықтар әсері тәрбие әдістерін таңдауға негізгі ықпал жасайды;
  8. Педагогикалық дәреже деңгейі. Тәрбиеші өзі білетін, жеке меңгерген әдістерді таңдайды.
  9. Тәрбие уақыты. Уақыт аз болып, мақсат ауқымды болған жағдайда «ықпалды әсер ету» әдісі қолданылады. Бұл әдіс, әсіресе қысқа мерзімде қайта тәрбиелеу үшін қолданылады. Уақыт мерзімі тәрбие әдістерін таңдауда және жобалауда маңызды рөл атқарады;
  10. Күтілетін қорытындылар. Тәрбиеші әдістерді таңдай отырып, оның табысқа жеткізетініне сенімді болуы қажет. Бұл үшін ол қолданылған әдістердің қандай қорытындыға әкелетінін алдын ала болжай білуі шарт.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Тәрбие құрал  жабдықтары және формалары түсінігі.

   Тәрбие құрал - жабдықтары – бұл әлеуметтік тәжірибенің педагогикалық тәуелсіз көздері. Мұндай тәрбие құралдарына жататындар:

  1. іс - әрекет түрлері (еңбек, ойын);
  2. заттар, нәрселер (ЭЕМ, тренажер);
  3. рухани және матераилдық мәдени құбылыстар (өнер, қоғами өмір);
  4. нақты шаралар (жиын,кеш т.с.с.).

Ниеттеген мақсатына  жету жолындағы, субъектке тәрбиелік  ықпал жасаушы әрқандай заттың бәрі тәрбие құрал - жабдығы есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сәт көріністері және т.б. – тәрбиелік ықпалға ие. Тәрбие құрал - жабдықтары қандай да тәрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі. Мұндайда таңдау тәрбие әдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір құблыстарын көз алдына келтіреді, тәрбиеленушілердің белсенділігін көтереді, материалдық - техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық көңіл - күй шуағын береді, ісәрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рәмізін айқындай түседі, т.с.с. Құрал - жабдықтар белгілі гигиеналық, эстетикалық, экономикалық, инабаттылық, құқықтық талаптарға сай болуы шарт. Тәрбиешілердің тәрбие міндеттерін жүзеге асыру үшін пайдаланатындардың бәрін тәрбие құралдарына жатқызуға болады. Демек, тәрбие мақсатына жетуге қажеттінің бәрін тәрбие құралы деп атауға болады. Тәрбие құралының анағұрлым кең мағынада қарастырылатын кезі де аз емес. Оларға жеке адамды қалыптастыруға көмегін тигізетін іс - әрекет түрлері жатады: оқу (оқу еңбегі), қоғамдық пайдалы еңбек және қоғамдық жұмыс, ойындар, сыныптан тыс үйірмелік жұмыстар, спортпен айналысу, көркемөнерпаздар үйірмесі. Педагог даралығын негізделген әдістер мен құрал - жабдықтар бірлігі тәрбиелік іс - әрекеттер формасына арқау болады.

   «Форма» терминінің мәні:

  1. тәрбие процесінің сырттай көрінісі;
  2. тәрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәсілдері мен тәрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы;
  3. тәрбиеленушілердің ұжымдық және жеке - дара іс - әрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі.

   Сонымен, форма – бұл тәрбиелік істер процесіндегі тәрбиеленушінің тәрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі.

   Тәрбиелік жұмыстар өз кезегінде төмендегі аталған тәрбиелік қызметтерді орындайды:

  • ұйымдастырушылық: ұйымдастыру ісі тәрбиелік жұмысқа қатысушылардың өзара ықпалды әрекеттерінің қисынын (логикасын) бейнелейді;
  • реттеушілік: қандай да форманың өзі оны пайдалану процесінде әлеуметтік қатынастар нормаларын қалыптастырушы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара байланыстарды реттеп, түзетіп баруға мүмкіндік береді;
  • ақпараттық: тәрбиеленушілердің игерген білімдерін ғана біржақты хабарлауына мүмкіндік ашып қоймастан, олардың өзіндік тәжірибелеріне арқа сүйеп, бұрыннан меңгерген ақпараттарын іске қосуына жол ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Тәрбиенің  негізгі формаларына сипаттама

   Тәрбие практикасында тәрбие процесінің сыртқы тұлғасы қалыптасқан тәрбие формасы деген ұғым жиі ұшырасады. Тәрбие процесінің нәтижесі көбіне оның ұйымдастыру формаларына байланысты екені анықталады. Тәрбие формасының әртүрлі классификациясы бар Оқушыларды ұстаған тәрбие процестерінің көлеміне қарай тәрбие формалары индивидуалды, микрогруппаға арналған форма, ұжымдық және көптік болып бөлінеді. Тәрбиеленушілер көбейген сайын тәрбиеленушілердің тәрбие сапасы өседі.

   Күрделі де көпқырлы тәрбие процесі әр түрлі формалардың көмегімен жүзеге асырылады. Олар өте өзгермелі, серпінді келеді. Оларды таңдау тәрбие жұмысының мазмұнына, оқушылардың жас шамасына, тәрбиешілердің шеберлігіне және тәрбие процесі өтетін басқа жағдайларға байланысты болады.

   Берілген педагогикалық тапсырмаларға байланысты тәрбие жұмысы үшке бөлінеді:

1) Оқу процесіндегі басқару және өзін - өзі басқару формасы (жиналыс, митингі, апта жаңғырығы, куратор сағаты т.б);

2) Таным формалары ( экскурсия, саяхат, газеттершығару т.б.);

3) Көңіл көтеру формалары (кеш, КВН және т.б.);

   Әрбір тәрбие формасы педагогика процесінің бір ғана тәрбиелік тапсырманы орындап қоймайды. Осылайша көңіл көтерумен тәрбие формалары оқушылырдың интелектуалдық, рухани сай бола келе, оның денсаулығының нығаюына ықпал етуі керек. Бірақ бұл процесс өткізудің, ұйымдастырудың, дайындықтың жүйелі, дұрыс жасауында ғана жүзеге асады. Негізгі тәрбие процесінің формасы ретінде басқа классификация: сабақ (лекция, семинар, практика, диспут, саяхат сабақтары); құжаттар (пәндік, техникалық шығармашылық, экономиялық және экономикалық білімдер, өзіндік шығармашылық); қызығушылық тұтастықтары (фото мен киностудия, интернет - клубтар, мәдениет университеттері, стройотрядтары, спорттық секциялары т.б.). Тәрбие жұмысындағы ең кең таралған формасы - сынып сағаты болып табылады. Бұл тәрбие формасы оқушыны адамгершілік, эстетикалық, құқықтық, әлде басқа тәрбие түрлерін үйрету қажеттілігінен туындаған. Сынып сағатының басты компоненті болып оқушының алдын – ала жоспарланған тақырыбының оқушылырмен бөлісуі болып табылады. Сабақтан тыс қызығушылықтары, оқу процесіндегі жүргізілген жұмыстар болып табылады.

   Тәрбие жұмыстары формаларын түрліше топтастыру мүмкіндіктері бар. Бір форманың басқаларынан ерекшеленуі төменгі шарттарға тәуелді:

  • уақыт ұзақтығы: қысқа мерзімді (бірнеше сағат, минут), ұзаққа созылған (бірнеше күн, апта);
  • тәрбиеленушілер қызметтерінің түрі: оқу, еңбек, спорт, көркем өнер;
  • педагогтың ықпал жасау тәсілі: тікелей, жанама;
  • нәтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжырымға келу, қоғамдық мәді өнім;
  • қатысушылар саны: жеке - дара (тәрбиеші - тәрбиеленуші), топтық (тәрбиеші – оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тәрбиеші – бірнеше топ) формалары.

   Қатысушылар санымен ажыралған тәрбиелік жұмыстардың кейбір формаларының ерекшеліктерін қарастырып көрейік.

   Жеке – даралықты тәрбие формалары: әңгімелесу. Сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жәрдем, проблема шешімін бірлікті іздестіру. Тәрбиеші міндеттері: оқушы мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау.

   Топтық тәрбие формалары: іс – шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тәрбиеші міндеттері: әр оқушының өзін танытуға жәрдемдесу, топ мүшелерінің бәріне бірдей мәнді нәтижеге жету жағдайларын жасау.

   Ұжымдық  тәрбие формалары: конкурстар, сахналық қойылымдар, ән – күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат – шерулер, спорт жарыстары.

   Жиі қарастыратын тәрбие жұмысының бір формасы – жиналыс. Жиналыс оқушының өзін - өзі басқарудың жоғарғы формасы түрінде қарастырады. Жиналыс мәселесі алдын - ала анықталады және талқыланатын сұрақтар саны 1-3 тен аспауы керек. Әрбір сұраққа қатысты доклад оқылып, ол талқыланып, шешім қабылданады. Жиналысты таңдаулы мүше немесе оқушының өзін - өзі басқару ортасының басшысы өткізеді. Талқыланған мәселелер тізбегі мен қабылданған шешім жиналыс протоколына тіркеледі.

   Соңғы жылдары  тәрбиелік жұмыстардың келесідей формалары кең тарап, мектеп тәжірибесіне енуде:

   Көпшілік тыңдарман тәрбиеленушілерге арналған дәрісбаяндар: әдемі әрі сәнді жағдайда 15-20 минут аралығында ұсынылатын қызықты да тосын мысал, деректерге бай жарқын ақпарат тәрбиеленушілердің баяндалып жатқан құбылыс не оқиғаға болған көзқарас, қатынасын жаңа қырынан қалыптастыруға мүмкіндік береді.

   «Сократтық сұхбат» - кезегімен қосымша сұрақтар қоя отырып, оларға жауап тауып қойылған проблеманың көптеген балама шешімдерін кеңінен қарастырумен біртіндеп шындыққа жету жолы.

   Ашық микрофон формасы қоғамдық өмір проблемаларын талқылау үшін қолданылады.

   Фәлсафалық бас қосу – тәрбиеленуші өмірінің мән – мағынасын тереңдей түсінуге арналған ғұламалық сұхбат – кеңес.

   Белгілі тақырып бойынша пікір - сайыс – екі топ кезегімен ой толғаныстарын ортаға салып, өз жобаларын қорғайды.

   Интеллектуалдар саудасы – ақыл - ес әрекеттерін жарыстырудың ойын формасы. Ұсынылған «тауарды» - кітап, сурет, күйтабақ, қолөнер туындысы және т.б. «сатып алу» үшін, қатысушы қалаған затына байланысты өз білімдерін жария етуі тиіс.

   Мамыра  жай әңгіме – сезім төрінде жатқан құпия көңіл сырларын бөлісу, тәлімдік мазмұнды өмір құндылықтары жөнінде сұхбат.

   Даналар күні – арнайы күні, ұлы ғұламалар мерейтойларына орай өткізілетін танымдық, құндылықты бағыт беретіндей қызықты да мазмұнды шара.

   Кесірлі дөңгелек стол – алдын ала жинақталған пікір таласты материалдар негізінде заманның көкейкесті проблемалары жөніндегі тәрбиеленушілердің пікірін біліп, олар бойынша талдау салуға арналған сөз – жарыс.

   Тәрбиелік іс - әрекет формаларының әрбіріндегі тәрбиешінің рөлі мен орны әрқилы. Олар тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне, тәрбие мақсаттарына байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Тәрбие формалары мен құрал – жабдықтарын таңдау

   Тәрбие құралдары мен формаларын таңдастыру тәрбиеші алдында тұрған күрделі мәселе. Тәрбиелік іс - әрекеттің тиімді болуы осы мәселенің дұрыс шешіміне тәуелді.

  Тәрбие жабдықтары мен формаларын таңдап, іріктеудегі басты мақсат – олардың білім беру, дамыту және тәрбиелеу қызметтерінің толық іске асуы, оқушылардың рухани белсенділігіне дем беріп, ой - толғаныс әрекеттерін ұштауы, қоршаған болмыс затттарымен өзбетінше дербес қарым - қатынас жасауға жәрдем беруі.

   Тәрбиелік істердің әрбір жекеленген жағдайларында өзіндік ерекшеліктерімен, қызығулары және мүмкіндіктерімен дараланған әртүрлі тәрбиеленушілер қатысады. Мұндай жұмыстарға араласқан ересектердің өздері де балалар сияқты қайталанбас сыр - сипатқа ие. Бұдан шығатын тұжырым – тәрбиелік жұмыстарды жоғарыдан берілетін көрсетпе – нұсқауларға таңылып не нақты ұжыммен байланысы жоқ сырттай біреулердің дайын сценарийлерін ойсыз пайдалана, іс жүргізуге болмайды. Жұмыстар жалықтыратындай біртекті де болмағаны жөн. Бұрыннан бар, тәжірибеде сыналып, тиімділігі сенімді тәрбиелік жұмыс формаларының кейбір идеалды не заттай элементтерін заман ыңғайы мен тәрбиеленушілер ерекшеліктеріне сәйкестендіре пайдаланған ойға қонымды. Мүмкін болғанша, іс - шара формаларының тәрбиеші мен балалар ұжымының өзара ықпалдастық қатынастары барысында туындағаны пайдалылау. Себебі, қалаулы істің орындалуы да қызықты.

Информация о работе Тәрбие әдістері