Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 22:05, курсовая работа
Психотерапия – адам психикасына психотерапиялық құралдардың көмегімен, біртұтас түрдегі емдік әсер ету нәтижесінде өзіне өзі көңіл-күйіне және қоршаған ортаға қатынасы-ның өзгеруі, сондай-ақ ауру нышандарын жою мақсатында оның барлық мүшесіне әсер етуі.
Психотерапия жалпы және дербес болып екіге бөлінеді.
11. Клиенттің бұрынғы
сезінгенін қазіргі
ІІІ. Анализдің соңы
1. Әңгіменің мазмұнын жинақтау.
2. Керекті қажеттіліктерін (потребности) тыңдауға дайын екеніңізді көрсету.
3. Болған жағдайдың клиентке әсерін анықтау.
4. Профессионалды ұсыныс беру.
5. Келесі әрекеттеріңіз жайлы ақылдасу.
Негізгі әдебиеттер тізімі.
1. Р. Гринсон. Практика и техника психоанализа. – Новочеркаск, 1994 г.
2. Х. Дикман. Методы в аналитической психологии. – М.: О.О.О. «Ц.Г.Л.» «Р.О.Н.», 2002г.
Қосымша әдебиеттер тізімі.
1. З. Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алетейя, 1999 г.
2. З. Фрейд. О психотерапии \\ З. Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алетейя, 1999 г.
№ 4. Практикалық сабақ.
Тақырыбы: Анализ техникалар.
Мақсаты: Терапиялық техникалармен таныстыру және оларды қолданудың жолдарын көрсету.
Жоспары: 1. Мадақтау және қайталау.
2. Сұрақ және анықтау.
3. Конфронтация және
К.В.
Ягнюк көптеген кеңес
Психотерапевттік техника консультант жағынан нақты бір аралық немесе қорытынды кеңес берудің мақсатына бағытталған.
Мадақтау - әңгіме барысындағы клиенттің өз тарихын айтқан кезде минималды құрал болып келеді. Мадақтауға бекітуді жатқызамыз. Бекіту клиенттің өз ашылуын демонстрациялайды. Клиент айтқан жайларды түсіну жіне мақұлдау.
Қайталау клиенттің айтқан нәрселерін қайталау немесе оның жеткізген пікірлерінің элементтерін суреттеу. Өз айтқанын клиент консультанттың қайталап беруі, ол клиент кеңес беруші мені түсінуге тырысады деген сенім пайда болады. Сонымен қатар, кеңес беруші өзінің айтқан нәрселерінің арасынан айтпаған жайлары есіне түседі және жанама пікірлер айтылады.
Сұрақ - клиент тәжірибесін зерттеу немесе нақтылау, бір жайды айтқызу не сөйлетуге, қызықтыратын ақпарат алу құралы болып есептеледі. Психологиялық кеңес беру әдебиеттерінде ашық және жанама сұрақтар бар.
Жабық сұрақтар - консультантпен бірге клиент нақты мәселелерді шешеді. Жабық сұрақ қысқа жауаптан немесе консультанттың мақұлдауынан тұрады. Көп жағдайда бұл сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
Ашық сұрақ - әңгімелесу барысында клиенттің зейінін өзінің айтқан жағдайларының белгілі бір бөлігін анықтау мүмкіндігіне қарай қойылады. Ашық сұрақ әңгімелесушінің сол жағдайдағы көзқарасын ашық білдіруіне көмектеседі. Ашық сұрақты зерттеу бағытында қолданып, бұл бағытта клиент өзін еркін сезінеді. Ашық сұрақтар көп жағдайда «не», «неге», «қалай» деген сұраулы сөз тізбегі арқылы басталып, ақпарат жинауға қызмет етеді. Бұл сұрақтар клиенттен толық жауапты талап етеді және де бұл сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап қату қиынға соғады.
Қысқа сұрақ - бұл клиенттің өз тарихын айтуына, әңгіме барысын басқа арнаға бұруға үнемді тәсіл болып табылады. Жалпы әңгіме барысынан қысқы сұрақ қою жақсы құрал болып есептеледі. «Не болды», «ал, не үшін», «не мақсатпен» деген сұрақтар қойып, оған клиент сол бағыт бойынша әңгімені жалғастырады.
Дұрыс
құрылған сұрақтар тізбесі
Анықтау – клиенттің айтқан әңгімесінің мазмұнын қысқаша және анық түрде айтылуы. Анықтау клиент пен консультанттың бір бірін дұрыс түсіністігі. Анықтау мақсаты сонымен бірге, клиенттің өзінің ішкі әлемін айқын түсінуіне, сонымен бірге сыртқы ортамен қарым қатынас мәселесін анықтауға көмектеседі.
Конфронтация – бұл клиенттің маневрларға қарсы тұру қорғаны немесе өзгеріске қарсы реакциясы. Конфронтация клиент зейінінің неге қарсы екені жайлы психикасының бөлшектерінің арасындағы қарама қайшылық.
Интерпретация – клиенттің тәжірибесіңің байланысының түрлі элементтері болып табылады. Интерпретация бұл қосымша ескертпелер мен жаңа түсіндірулерді немесе сыртқы және ішкі уайымдаулар мен түрлі идеялардың, эмоционалдық өзгерістердің арасындағы байланыс. Сонымен бірге, интерпретация клиенттің тәжірибесінің бөліктері арасындағы түрлі байланыс болып табылады.
Ортақ пікірге келу (суммирование) – клиенттің айтқан әңгімесінің арасынан қысқа түсіндірулерді алып, соның негізінде соңғы нәтижеге нақтыланады.
Сезімдердің көрінуі – клиенттің эмоциясы вербалды және вербалды емес түрде көрінеді. Сезімдердің көрінуі ойдан арылу және жеңілдену үшін пайдаланады. Сезімдердің көрінуі сезімдердің айтылуының тура жолы іспеттес, ол толық қарым қатынасқа түсуге көмектеседі. Сол сәтте клиент өзі әңгіменің жағдайын өзінің өн бойынан өткенін сезінеді. Бұл техника көп қолданылады. Сезімнің көрінуін бірнеше сөз тіркесімен бірге қолданылады. Мысалы: «Егер мен дұрыс түсінсем, сіз», «Сол жағдай кезінде сіз ашулы ма едіңіз» т.б. Алғаш бастаған консультанттардың бір кемшілігі клиент сезімдерін көрсетіп жатқан кезде күтіп отыру жиі кездеседі.
Ақпараттандыру – клиенттің сұрақтарына еркін түрде жауап беру немесе өзінің жеке пікірін білдіру, клиентке жағдайы жайлы түсіндірме түрінде ақпарат беру.
Кеңес - өз жағдайын негізге ала отырып, клиентке нені жасау керек, нені жасамау керек екені жайлы түсіндіру мақсатында өзінің жеке пікірін білдіру.
Парадоксалды реакция – парадокс пен әзіл психотерапиядағы көп пайдаланатын құралдардың бірі болып есептеледі.
Кері байланыс – бұл клиенттің тәртібін суреттеу. Бұл оның тәртібі жайлы өзгелер қалай қабылдайтыны жайлы мәлімет алу. Кері байланыс сонымен бірге, клиенттің өз тәртібін түзету жөнінде ойлануына жағдай жасайды.
Жағымды кері байланыстың критерийлері:
1. Кері байланыс суреттеулі және бағалаусыз. Клиенттің тәртібін суреттеу оның өзінің еркін таңдауына әсер береді. Бағалаудан қашу клиенттің қажеттілікке деген қорғанысын төмендету.
2. Зерттеу барысында
клиенттің тәртібі туралы
3. Кері байланыс бағытында
клиент қандай тәртіппен
4. Кері байланыс клиенттің реакциясы көрінгенде жайлы болып келеді.
Өзін-өзі ашу – клиентпен жүргізілетін өзіндік тәжірибе, онда клиент өзі жайлы, өз өмірі жайлы ақпарат беріп оны қалай өзгерту жайлы өз қиялын қосады.
Негізгі әдебиеттер тізімі:
1. Дж. Сандлер, К. Дэр, А. Холдер. Пациент и психоаналитик: Основы психоаналитичес-
кого процесса. – Воронеж, 1993 г.
2. З. Фрейд. Введение в психоанализ. – М., 1989 г.
3. И.Г. Малкина-Пых. Справочник практического психолога.
Қосымша әдебиеттер тізімі.
1. З. Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алетейя, 1999 г.
2. З. Фрейд. О психотерапии \\ З. Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алетейя, 1999 г.ч
№5 Практикалық сабақ.
Тақырыбы: Психотерапиялық жұмыстың вербалды және вербалсыз құралдары
Мақсаты: Психотерапиялық жұмыстың вербалды және вербалсыз құралдарымен
таныстыру және маңызын
Жоспары: 1. Вербалды және вербалсыз құрал туралы түсінік.
2. Шамамен үлкейту, еске түсіру.
3. Өзгерту.
Әр мектепте невротикалық
Психологияда жаңа кеңістікке
кіру клиентке толық эффектті
ішкі дүниелердің
Дж.Гриндер және Р.Бендлер «психотерапевтикалық дұрыс еместік» деген түсінік құрастырып шығарды. Психологиялық дұрыс еместік-бұл грамматикалық және синтаксис-тік жағынан дұрыс сөйлеу, сонымен қатар субъекті нақтылықтың нәтижесіз тәсілін қабыл-дауы мен ұғынуы. Психологиялық дұрыс еместіктің 3 басты типі бар:
Генерализация- бұл нақты тәжірибенің жалпылауы және оның басқа ұқсас ситуацияға таралуы, әмбебап квантификаторлар «әрқашан», «ешқашан», «ешкім» «барлық», «әрбір» және т.б. қолданудың көрінуі.
Қалдырып кету- бұл информацияны тексеру процесі. Онда адам зейінінен бір нәрсені, алып тастайды. Жай қалдыру сөйлемде объекте бағытталу жоқ болғанда көрінеді.
Бұрмалау- информацияны субъект ретінде асыра сілтеу, қабылдауға бағыну және жеке өзі басқару әрекетін жасау. Осылайша адам өзінде бар жағдайын консервілейді, өзгертуден бас тартады және өзінің ісіне жауап береді. Вербалды емес қарым-қатынастарының бір түрі-көзқарас. Көзқарас техникасы барлық адамдардың ерекшелігінің, мінез-құлқының қыр-сырын көрсетеді. Көзге қарап, алдында отырған адамдардың не істегісі келіп тұрға-нын байқауға болады. Мысалы: егер, клиент бірдеңе айтқысы келсе, не айтып тұрған кезде ол көзге тік қарайды. Әр адамарға, әр жағдайларға көзқарас техникасының параметрі. Көзқарас фиксациясы клиенттің еске түсіргенін аңғартуға болады. Қарым-қатынас кеңісті-гі де- вербалды емес қарым-қатынас техникасына жатады. (бөлме өлшемі, оның жабдық-талуы, ориентация және психотерапевт пен клиент ортасы). Қолданылып жатқан техника-ларға байланысты психотерапевт жұмысының 3 кезеңге бөлуге болады.
1. Тәжірибе құрылысының
2. Когнитивті терапия жақын
3. Вербалды емес репрезентациялық тәжірибенің, әртүрлі моральдық сенсорлық шектеулер арқасына жүреді. Көбіне, 8 терапияға, гештальттерапия, нейролингвистикалық программалау.
Негізгі әдебиеттер тізімі:
1. А.М.Куярова, аАзбука психоанализа-Алматы, Дарын, 2003 жыл
2. В.М.Лейбин. Классический психоанализ: история, теория, практика.-Воронеж, 2001г.
3. С.О.Раевский. Практика
психоанализа.-Конспект
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1. З.Фрейд. О психоанализе С.Пб.лтя 1999г.
2. З.Фрейд. О психотераии З.Фрейд О психоанализа Сп.б:Алтейя 1999г.
№6 Практикалық сабақ.
Тақырыбы: Психотерапиядағы позияцилар және арақашықтық сақтау түрлері
Мақсаты:Психотерапиядағы позияцилар және арақашықтық сақтау түрлері негізгі приниптерін ашу, маңызын түсіндіру
Жоспары: 1. Ассоциация.
2. Бетпе-бет.
3. Ашық және жабық позалар.
Ассоциация - латын сөзі «байланыс, ұқсасық» деген мағынаны білдіреді. Психикалық құбылыстардың байланыстылығын бір нәрсені қабылдауда екіншіні елестету.
Ассоциацияның негізгі үш түрі бар:
1. Уақыт бойынша ассоциация.
2. Қарама-қарсылық бойынша ассоциация.
3. Ұқсастық бойынша ассоциация.
Психоанализде жиі ассоциацияның тестері қолданылады. Аналитиктің ең басты қолданылатын ережесі анализанттың қобалжығанына, айтып жатқан сөздеріне, эмоциялық көріністеріне, мағынасыз әңгімесіне шыдау контенировние деп аталады. Консультант сақ-тайтын ереженің бірін анализантке нақты кеңес бере алмайтындығын іс-әрекетпен байла-нысты. Дегенмен кеңестері, ұсыныстары болған жағдайда тек өзінің көзқарасын білдіруге мүмкіндік бар. Аналитиктің жұмыс кезіндегі қателіктері.
1. Гиперализация-тәжірибені жалпылау, үлкейту және оны басқа жағдайға тарату.
2. Зейінділікпен түсіну (тыңдау, бірақ естімеу, өзгерту (искожение)) мәліметтері қате қабылдау. Аналитик пен пациенттің арасындағы қарым-қатынас жасау арқылы әңгімелесуі - диалог.
Диалогты өткізгенде вербалсыз техниканы да қолданады.
1. Позиция және дистанция 1,5-2м
а) Бетпе-бет
б) Ашық және жабық позалар
в) Бет әлпеттің көрінісі
г) Күлімсіреу, жылылық, ашық білдіруі, анализаттың көп себепсіз күлімсіреуі- аналитикпен қоштауды, мақұлдауды күтіп тұрғаны, аналитиктің қиналып күлімсірегені, пациенттің жақтырмағаны. Анализанттың күлімсірегені-қобалжу деп түсіндіріледі. Ана-лизант қасын көтеріп күлімсіресе-аналитикке тез бағынғандығы. Аналитик қасын түсіріп күлімсіресе, өзін анализанттан жоғары сезінуін білдіреді. Қасыңыз қосылып тұрса, анали-зант сіз оны жақтырмай отыр деп сезінеді. Адамдарың қасының қатты қысылып жабылып тұрғандығы өзін-өзі жоғары бағалайтындығы және агрессияны білдіреді.