Психотерапия

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 22:05, курсовая работа

Описание работы

Психотерапия – адам психикасына психотерапиялық құралдардың көмегімен, біртұтас түрдегі емдік әсер ету нәтижесінде өзіне өзі көңіл-күйіне және қоршаған ортаға қатынасы-ның өзгеруі, сондай-ақ ауру нышандарын жою мақсатында оның барлық мүшесіне әсер етуі.
Психотерапия жалпы және дербес болып екіге бөлінеді.

Работа содержит 1 файл

рекомендация.doc

— 257.50 Кб (Скачать)

      Соңғы  жылдарда клиникалық – бейімделген  психотерапия, ауруларды жеңілдету  мақсатында жүреді. Жекелік бейімделген  психотерапия тұлғаның әлеуметтік  қоршаған ортамен қарым-қатынасын  және жекелік өмірін өзгертуге  көмектесу үшін пайдаланады.

      Клиникалық – бейімделген психотерапияда дәстүрлі әдістер пайдаланады. Мысалы: гипноз, аутогендік жаттығулар, түрлі сендірулер пайдаланады. Психотерапияның негізі адамның «Менін» динамикалық әлемде өзгеруін өзгерту мүмкіндігінде жатыр. Медициналық емес психотерапияда түрлі бағыттар мен психотерапевттік әдістердің мазмұнын біріктіретін келесідей міндеттері көрсетіледі:

  • клиенттің психологиялық мәселесін зерттеу және оны шешуге көмек көрсету.
  • жеке тұлғаның субъективті өзіндік сезімдерін жақсарту және психикалық денсаулығын нығайту.
  • жеке тұлғаның тұлға аралық қарым-қатынасында тиімді тәсілдерін, заңдылықтарын зерттеу.
  • клиенттің ішкі эмоционалдық бұзылыстары және мінез құлық өзгерістері негізінде өзін- өзі түсіну мен өзін- өзі зерттеу барысында түзету жұмыстарын жүргізеді.
  • процесс барысында шығармашылық деңгейінің көтерілуіне, өмірі барысында жетістікке жету және бақыт сезімдерін сезіну.

 Психотерапевттік  іс-әрекеттің негізгі мақсаты  пациентке өзінің өмірінде қажетті  өзгерістер енгізуге көмектесу.  Психотерапиядағы консультанттың міндеті – түрліше жағдайлары, мәселелері пайда болғанда, клиентке оны шешуге көмектесу: түсіндіру, кеңес беру, сезімін көрінуіне көмектесу, клиенттің мінез-құлығын өзгерту, ол өзін көре алатындай бола алуы тиіс, қолдау көрсету, жұбату және т.б. жұмыстарын жүргізу.

Психотерапевттік қадамды  екі топқа бөлуге болады:

  1. Мәселеге бағдарлану – пациенттің мәселесі бағытталу міндетті болып саналады. Егер пациент мұны қаламаса мұны психотерапевттік іс-әрекетке қарама-қайшылық болып табылады. Бұл тиімді болып саналмайды.
  2. Клиентке бағдарлану – бұл керісінше терапия барысында клиент терапия уақытын және нені әңгімелеу керек екендігін өзі шешеді. Егер де клиент өз мәселесін айтпаса бұл терапияға қарама-қарсылық емес, клиенттің заңды құқығы, ол өзі нені қалайды соны әңгімелейді.

Психотерапияны жүргізудің стратегиялары:

  • психотерапевттік процестің кезеңдері.
  • алғаш кеңес беру кезіндегі принциптер мен психотерапиялық негізгі техникалары.
  • психотерапиялық жұмыстарда вербалды және вербалды емес құралдарды пайдалану.
  • психотерапиялық кеңес беруде метафорларды пайдалану.
  • психотерапевт консультанттың жеке басына қойылатын талаптар.
  • психотерапевттің (консультанттың) этикасы.

 

Негізгі әдебиеттер тізімі.

1. Р. Гринсон. Практика  и техника психоанализа. – Новочеркаск, 1994 г.

2. Х. Дикман. Методы  в аналитической психологии. –  М.: О.О.О. «Ц.Г.Л.» «Р.О.Н.», 2002г.

3. С.Н. Зимовец. Психоаналитическое  консультирование. – Конспект семинара. – Алматы: Дарын, 2002 г.

4. Айви А.,Айви М.Б., Саймек-Даунинг Л. Консультирование и психотерапия. Сочетание методов, теории и практики. М., 2000.

 

Қосымша әдебиеттер тізімі.

1. З. Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алетейя, 1999 г.

2. З. Фрейд. О психотерапии \\ З. Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алетейя, 1999 г.

3. З. Фрейд. Применение  толкования сновидений при психоанализе// З. Фрейд.                      

    О психоанализе. С.Пб.: Алетейя, 1999 г.

4. З. Фрейд. Советы  врачу при психоаналитическом  лечении. З. Фрейд. О психоанализе. 

    С.Пб.: Алетейя, 1999 г.

5. Л. Хегай. Методы  и техника психоанализа. – Конспект семинара. – Алматы: Дарын, 

    2001 г.

 

№ 2. Практикалық  сабақ.

Тақырыбы: Психотерапияны өткізудің негізгі кезеңдері.

Мақсаты: Психотерапияны өткізудің негізгі кезеңдерінің қызметін реттеп көрсету.   

                    Психотерапияны өткізудің негізгі кезеңдерін анықтау.

Жоспары: 1. Психотерапияның алғашқы кезеңі.

                   2. Психотерапияның ортаңғы кезеңі.

                   3. Психотерапияның соңғы кезеңі.

Психотерапияның алғашқы  кезеңі.

1. Психотерапияның алғашқы  кезеңінде клиенттің мотивациясы мен көмек қажеттіліктерін анықтап алудан басталады. Терапевт пен клиент арасындағы дұрыс қарым қатынас орнатуға көп көңіл бөледі, психотерапиялық қарым қатынас принципіңің негізіне сүйенеді.

Терапевтке келген клиент мотивация түрлерін бөліп қарастыруға болады:

  1. Бағытты пациент. Кеңесшісінің, ата анасының ықпалдарымен бағытталып келеді. Негізінде алғашқы кездесу қиын жағдайда өтеді. Пациентті «құрбанмен» салыстыруға болады. Оларды көбіне емдеу сәтсіз өтеді. Алғашқы кездесудің өзінде аса маңызды техникалар қолдану қажет. Себебі пациенттің пассивті күйінен активті күйіне жеткізу керек. (мысалы, пациент келесі кездесуді өзі белгілеуі керек). Бұндай пациенттердің қоршаған ортасына баға беруден қашу керек, мүмкін болса оныңжақындарына терапиядан өтуіне кеңес беру қажет.
  2. Қызғаншақ пациенттер. Олар алғашқы сұхбаттасудан өткен, бірақ онда біраз қиындықтар туған. Мұндай талдаушыларға қарсы бірнеше талаптарды беріп, сұрақтарды қояды. Олар бірден ренжігіш келеді. Олар өздерінің терапиядағы талаптары мен жұмыс жасау тілектерінің арасындағы айырмашылықтарды байқайды. Әңгіме барысында өз сенімділігінен, бақылаушылығынан айырылады. Ауру тарихын драмалық деп түсініп, көптеген фантазияларға беріледі. Олар агрессивті және бағаға бейім болады. Оларға берілетін мінездеме фрустрациясы мен жамандығы төмен деңгейде. Өз сенімсіздігі бола тұрып терапияға тез келісуі.
  3. Мотиві жоқ пациент. Бұл типтегілер жоғарыдағыларға қарама қарсы тип. Бұлар пассивті, стереотипті мінез құлығын, өз мәселелері жайлы дұрыс түсінбейтін пациенттер. Олар психикалық ауру болатынын түсінбейді. Олардың терапияға келген мақсатын табу өте қиын.
  4. Білімді пациенттер (психотерапиялық білімі барлар). Психотерапия жайлы жақсы ақпараттандырылған және өз өзімен дұрыс жұмыс жасай білетіндер. Ерекше мінездемемесі: эмоциясы тұрақты. Мұндай клиенттерді психотерапияға қуана қарсы алады.

Психотерапияның алдында  түрлі диагностикалы процедуралар қолданылады. Психотерапиялық мектептердің клиент мәселесін шешуден көп  тәжірибелері бар. Мысал ретінде  олардың клиент туралы ақпарат жинауын айтсақ болады.

  1. Демографиялық мәліметтері: (жынысы, жасы, жұмысы, отбасы жағдайы).
  2. Мәселесінің шығу тарихы ол мәселемен клиент қашан ұшырасты және ол кезде қандай жағдай болып еді.
  3. Сол жағдайға байланысты немесе басқа жағдайға байланысты психиатриалық және психологиялық көмек алып көрдіңіз бе?
  4. Денсаулығы: (ауру, денсаулығына байланысты маңызды мәселелер бар ма, ата ананың және отбасының оның денсаулығына қарауы, түстің және тәбеттің бұзылуы бола ма, дәрі дәрмек қолданасыз ба).
  5. Білімі мен айналысатын жұмыс түрлері, сонымен бірге сыныптастарымен, мектептегі мұғалімдерімен қарым қатынасы, ұжыммен байланысы.
  6. Әлеуметтік дамуы (өмірдегі маңызды жаңдайы, ерте кездегіні еске түсіру, күн тәртібі, жұмысы, қарым қатынасы, әуестігі және сенімі).
  7. Отбасы мүшелері, отбасы жағдайы қарама қарсы жыныстағыларға деген қарым қатынасы, секс. Өткен кездегі және қазіргі кездегі ата анасы туралы мәліметтері. Олардың клиентпен байланысы.

      Екінші  кезең қарым қатынасты орнатуға  арналады. Психотерапевттік процеске қатысушылар бірлестікке келісімдерін береді, психотерапевт терапияның моделін көрсетеді. Клиенттің психотерапевтке дәрігер рөлі ұсынуы жиі кездеседі, өйткені ол өзіне дұрыс ақпарат алуды және жағымды кеңес алуды қажет етеді. Бұл кезеңнің маңызды сәті ол өзара байланыста жауапкершілікті болу. Психотерапияның сәтті болуы ол клиенттің жұмыс барысына белсенді қатысуы мен нәтижесін алу үшін жауапкершілікте болуына байланысты. Егер клиент процеске дұрыс кірісіп жұмыс істеуге ұмтылып, мәселені ашуға тырысса, психотерапевт оның сезімін дұрыс түсініп жұмыстың келесі кезеңіне өтуге тырысады.

      Үшінші кезеңде  мақсатын анықтау мен альтернативті  жөндеуге тырысады. Психотерапевт  психотерапияның бағдарламаларымен,  оның негіздері мен компоненттерімен  таныстырады. Психотерапевттің бағдарламаны таңдауы оның дайындығы мен клиенттің мәселе сипатымен анықталады. Клиент таңдалған бағыт туралы мәлімет алып, оның қиындықтары, қобалжуларды, клиент ретіндегі өзінің рөлін, мақсатын таңдауға қатысады. Клиенттің белсенді қатысуы маңызды болып табылады. Жұмыс оны зерттеуден басталады. Кейінгілері жағдай жайлы, болған жай бөліктерін, оның негізін және шығу тарихын сұрастырады, бұл клиенттің қарсылығына әкелуі мүмкін. Зерттеу клиенттің санасыз түрдегі эмоциясының шығуымен аяқталуы мүмкін. Сезімдерінің көрінуі клиенттің өзіне жеңілдік әкеледі де, өзінің өткен қиын сезімін айтып береді.

      Төртінші кезеңде  алдыға қойған мақсаттармен жұмыс  істеуге ұмтылады. Психотерапевт  теория жүзінде психологиялық  шындықты көре отырып, әдістерді  таңдаумен айналысады. Мәселе сипаттамасын әдістерді таңдау арқылы айқындап береді. Психотерапевттік жұмыстың бағдарламасын таңдау ол клиенттің жеке тұлғасының мәселені шешуіне байланысты болады.

      Бесінші кезеңде  өзі туралы жаңа түсініктер  алғаннан кейін өзінің мінез құлқында ішкі өзгерістер болу үшін алдына мақсат қояды. Осы кезеңде мінез құлық үлгілерінде жаңа өзгерістер пайда болады, алға өмір сүруге ұмтылыс қабілеті пайда болады.

      Алтыншы кезең  психотерапияның аяқталуы – түрлі  факторлар арасынан жеткен жетістіктері: өзгеріске деген қажеттілік, емдеу себебі, психотерапиялық өзгерістер мен терапияның бағасы т.б. Емдеуді аяқтау туралы шешімді қабылдамас бұрын алынған нәтиженің сапасын және сипаттама сынын анықтау керек. Психотерапевт психотерапия басындағы клиенттен оны мазалап жүрген ауру белгілері жойылғандығын, өзін жақсы сезінетіні жайлы сұрастырады. Кейбір психотерапевттер нақтылау тізімін белгілеп беруді ұсынады, ол мәселені сипаттап береді. Мысалы:

  • психотерапия барысында мен өзіме көп нәрсені алдым және өзімді қанағаттанарлық деп сезінемін.
  • мен психотерапияны қалдырып кетуді ойлап жүрмін.
  • менің достарым мен отбасым менің психотерапияға қатысуымды қаламайды.
  • мен (немесе менің психотерапевтім) психотерапияны сыртқы жағдайға байланысты жалғастыра алмаймыз.
  • менің және психотерапевт екеуміздің бірлесіп жұмыс атқара алмаймыз.
  • мен бұл психотерапевттен аларымды алдым деп есептеймін.
  • мен психотерапевттен өзіме қажеттісінен де көп нәрсе алдым деп ойлаймын, енді ары қарай жалғастырудың қажеті жоқ.
  • менің психотерапевттім маған терапияны тоқтату жайын айтты.
  • менің уақытым жоқ немесе ақшам жоқ.

Негізігі әдебиеттер:

1. А.М. Кудиярова. Азбука психоанализа. – Алматы, Дарын, 2003 г.

2. В.М. Лейбин. Классический психоанализ: история, теория, практика. – Воронеж, 2001г.

3. С.О. Раевский. Практика психоанализа. – Конспект семинара. – Алматы: Дарын, 2002 г.

 

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. З. Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алетейя, 1999 г.

2. З. Фрейд. О психотерапии \\ З.  Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алетейя, 1999 г.

 

 

№ 3. Практикалық  сабақ.

Тақырыбы: Психотерапияны өткізудің принциптері.

Мақсаты: Психотерапияны өткізудің принциптерін көрсету. Құрылысын, режимдерін айқындау.

Жоспары: 1. Бірінші интервью туралы түсінік.

                   2. Бірінші интервьюді өткізудің әдістері мен құрылымы.

      1. Клиентпен  бірінші кездесуде ең басты  мәселе аналитик пен анализант  арасындағы қарым қатынас мәселесі. Клиент аналитикке сенімді көзқараспен  қарау үшін аналитик клиентке  шын жүректен көмектескісі келетінін  сезіндіру керек. Сонымен қатар, клиент өзін бос ұстау үшін, сөзбен контактіге кіру үшін оған жағымды жағдайлар жасау керек (жылы жүзбен қарсы алу, вербалды және вербалсыз яғни, мимика, пантомимика арқылы). Диагностикалық жағынан ең басты мәселенің бірі клиенттің проблемасын анықтау. Проблема клиенттің айтып берген әңгімелерін анализдеу, оларға сөзбен қарым қатынас жасау негізінде құрастырылады. Сол арқылы, терапия структурасы жоспарланады. Терапияның мақсаты клиентке өз проблемасын шешу үшін арнайы жағдайлар жасау.

      Бірінші интервьюдің терапевтикалық маңызы аналитиктің клиенттің проблемасына көңіл бөлетіндігін сезіндіру. Бұл жағдайда клиентке психологиялық көмек алу үшін және де өзінің кризистік жағдайда екенін ескерту керек. Негізінен аналитиктің басты мақсаты клиентке түсінушілікпен қарау.

      2. Бірінші  интервьюді өткізу әдісі негізінен  3 кезеңнен тұрады: анализдің басы, ортасы және соңы.

І. Анализдің басы

1. Өзін таныстыру.

2. Ашық сұрақтарды  қолдану.

3. Өте мұқият тыңдау, қайталау, анықтау.

4. Клиенттің шағымдарын жинақтау, белгілеу.

5. Клиенттің белсенділігін  бақылап, жоспарлап отыру.

ІІ. Анализдің ортасы

1. Тікелей бақылауды  қолдану.

2. Жаңа тақырыптарды  бастауға қорықпау.

3. Жаңа тақырыптарды  ашық сұрақтардан бастау.

4. Жабық сұрақтарды  тақырыптың соңында қолдану.

5. Егер клиент дұрыс  бағдардан ауытқу жасаса, жинақтауды  көбірек пайдалану.

6. Жаңа информацияға  көңіл бөлу.

7. Жаргондар мен терминдерді  көп қолдану.

8. Өзіңіздің пікіріңізді  білдіру үшін алғашқы интерпретацияны  қолдану.

9. Егер клиенттің айтқан  мәлімдемелерінде қарама қарсы түсініктер көп кездессе, конфрантация әдісін қолдану.

10. Клиенттің эмоцияға  стимул беру үшін сезімдерін  бейнелендіру және қайтару.

Информация о работе Психотерапия