Психотерапия

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 22:05, курсовая работа

Описание работы

Психотерапия – адам психикасына психотерапиялық құралдардың көмегімен, біртұтас түрдегі емдік әсер ету нәтижесінде өзіне өзі көңіл-күйіне және қоршаған ортаға қатынасы-ның өзгеруі, сондай-ақ ауру нышандарын жою мақсатында оның барлық мүшесіне әсер етуі.
Психотерапия жалпы және дербес болып екіге бөлінеді.

Работа содержит 1 файл

рекомендация.doc

— 257.50 Кб (Скачать)

Ф СТУ 4.12-07.4.323-12 Версия 1

Қазақстан Республикасы БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                    БЕКІТЕМІН

                                                                                    Педагогикалық факультетінің                                                                                                                                  

                                                                                    деканы_____________Сапарбекова Г.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

5В010300 «Психотерапия» пәні бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

 

 

 

 

«Педагогика және психология»                                   «Педагогикалық» факультетінің                   

кафедрасының мәжілісінде  қаралды        әдістемелік бюросында мақұлданды

Хаттама № ____                                                       Хаттама № ____

«____»___________20___ж.                                          «____»___________20___ж.

Кафедра меңгерушісі__________ Сарыбекова Ж.Т.              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тараз 2012 ж.

 

«Психотерапия» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігінің типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған және курсты меңгеру бойынша  барлық қажетті мәліметтермен жабдықталған.

 

5В010300 «Педагогика және психология» мамандығы білімгерлеріне арналған әдістемелік нұсқау.

 

Құрастырғандар:  аға оқытушы Искакова Д.А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. КІРІСПЕ

      Психотерапия – адам психикасына психотерапиялық құралдардың көмегімен, біртұтас түрдегі емдік әсер ету нәтижесінде өзіне өзі көңіл-күйіне және қоршаған ортаға қатынасы-ның өзгеруі, сондай-ақ ауру нышандарын жою мақсатында оның барлық мүшесіне әсер етуі.

      Психотерапия жалпы және дербес болып екіге бөлінеді.

     Жалпы психотерапия – астарында, мынадай шаралар түсіндіріледі. Жас ерекшеліктері-не байланысты даму процесін жетілдіру, мұның өзін өз-өзімен тұлғаның даму барысын үйлестіру және психикалық бұзылыстардың жойылуына әсерін тигізуі.

      Дербес психотерапия – жеткіншек жастарға бейімделген медициналық және психика-лық құрал, сонымен қатар, үлкендермен жұмыс істегенде қолданылады.

      Клиникалық психотерапия – нақты жағдайларға байланысты тапсырмаға баланың жасына байланысты жүзеге асырылады.

      Пән  психологтардың психотерапевтік  білімдерін және талаптарын, сонымен  қатар, клиентке қойылатын талаптарды  қарастырады.

      Бұл  мәселелер жайлы білім әр психолог  үшін қажет, өйткені психотерапевттік талап-тардың орындалмауы жеке тұлғаның қалыпты дамуына әсерін тигізуі және түрлі аурулар-ға шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан, психотерапия барлық педагог-психолог мамандар даярлайтын оқу орындарында міндетті түрде оқылатын пән болып табылады.

     Пәннің міндеті – қазіргі уақытта психотерапияның алдында үлкен міндеттер тұр.

     Психологиялық  кеңес беруге оқыту адамға  кәсіби психологиялық көмек берудің  формасы ретінде психолог –  маман даярлау қажетті болып  табылады.

      Оқу  пәнінің міндеттері – білімгерлерді психотерапия саласының негізгі бағыттарымен таныстыру,психологиялық мәселенің кең спекторында бейімделу және клиентке психоло-гиялық көмекке қарай сауал қалыптасуына көмектесу, клиентпен психологиялық контакт орнату және психотерапия процесінде оны қолдау.

 

2. Білімгерлерге келесі нәрселермен таныс болуы тиіс:

 

2.1.Білімгер таныс болуы  керек:

     - Болашақ  мұғалім қызметінің объектісі,  пәні туралы;

  - Осы заманғы қоғамдағы  педагогтың әлеуметтік орны туралы;

-Негізгі педагогикалық  сипаттардың мәні туралы (жеке тұлға,мұғалім,тәрбие,оқу мен         білім беру)

2.2.Білімгер білуі   тиіс:

      -тәжірибелік  іскерліктерді меңгеру, мектептің  тұтас оқу-тәрбие үрдістерін болжай  білуді меңгеру;

-сынып жетекшісінің  тәрбиеге қатысты жұмыстарын  бақылау кезінде педагогикалық                             білімді шығармашылықпен пайдалану;

     -өздерінің  болашақ мамандықтарының әлеуметтік  мәнін және мазмұнын терең  түсіну.

 

2.3.Білімгер істей алуы  керек:

     -мектептің  жұмысына көрсету;

     -оқушылармен  қарым-қатынас орнату, оқушылар аудиториясы алдында сөз сөйлей білу;

     -өз бетінше  оқуға, ғылыми-зерттеу, қоғамдық  қызметке саналылықпен әрі белсенді  түрде қатысу.

 

  1. ПӘННІҢ  МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

Пәннің мақсаты: психотерапияны оқыту адамға кәсіби психологиялық  көмек берудің формасы ретінде психолог – маман даярлау қажетті болып табылады. Пәннің оқыту мақсаты білімгерлерді психотерапевтік беру практикасына кәсіби даярлау.

 

Пәннің міндеттері:

  • білімгерлерге психотерапевтік теориялық картасын беру, яғни соның шеңберінде кеңес берудің өзіндік тәжірбиесін бір уақытта түсіну;
  • негізгі психотехникалық ойлауды қалыптастыру;
  • білімгерлерді психологиялық кеңес беру саласындағы негізгі бағыттармен таныстыру.

 

    1. Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері

Курстың пререквезиті: Психотерапия пәні жалпы психология, философия, физиология, жас ерекшеліктер психологиясы, психология тарихы пәндеріне сүйенеді.

 

Курстың постреквизиті:  Осы пәннен алған білімдер білімгерлерге болашақта өте жақсы маман болып шығуға көмек көрсетеді.

 

4.Курстың мазмұны

            Курстың пәні және оның талдау әдісі тек қана сырттан бақылаушының объективті «ғылыми» көзқарасымен игерілу ғана емес, сонымен қатар, тұлғалық іс-тәжірибе негізінде бастан өткеруі керек. Сондықтан, оқу формасының психотехникалық болуы керек, яғни әрбір тыңдаушыға білімді меңгерудің пайда болу процесіне қызықтыратын мүмкіншілікті қамтамасыз етеді.

         Нақты бұл қызығушылық оқып жатқандардың бір реалды психологиялық кеңес берудің куәсі болып қалыптасуын немесе топтық тренингтің куәсі болуын қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге, білімгерлерге осы демонстрациялық кеңес беру уақытында өзін клиентпен немесе психотерапевт – консультантпен теңестіруге нұсқау беріледі. Яғни, келесі бір репликаны ойлап шығару, психотерапевттік процеске қатысушылардың сезімдер әлеміне эмпатиялық тұрғыда кіруге тырысуы керек. Оқытушы білім мен тәжірибе арасында ынталы шығармашылық байланыс жасауға тырысуы керек. Әрбір білімгер сабақ үстінде тәжірибелері теориялық тұрғыда ұғынулары керек.

 

4.1 Практикалық сабақтардың үлгі тақырыптары мен тапсырмаларының тізімі:

 

 

4.2 Практикалық (семинарлық) сабақтардың тақырыптық-құрылымдық жоспары

 

Практикалық күнтізбелік-тақырыптың жоспары.

 

Күні

Модуль атауы және практикалық сабақтың тақырыптары.

Реферат тапсырмалар, жаттығулар және әдеби-әдістемелік деректер номерлері.

Сабақты өткізу түрлері .

Бақылау түрі

Білімгерлердің білімі мен біліктілігі

1.

 

Психотерапия жайлы жалпы түсінік.

1,2,3,4,5,6,

Топтық пікірталас

Сұрақ жауап

Психотерапия жайлы  жалпы түсінік.

2.

 

Психотерапияны өткізудің негізгі кезеңдері. Локус

1,2,3,4,5,6,

Ұжым-дық тренинг

Таблица-лар

Теориялық білімдерін қалыптастыру және бекіту.

3.

 

Психотерапияны  өткізудің принциптері.

3,4,5,6,

Баяндама

Тірек сызбалар

Психотерапия-ны өткізудің принциптеріне сипаттама.

4.

 

Анализ техникасы.

1,2,3,4,5,6,

Диспут 

Кесте сызбалар

Анализ техника-сына толық сипаттама беру.

5.

 

Клиенттің өз проблемаларын шығару және көрсету жолдары.

1,2,3,4,5,6,

Дөңгелек үстел

Сұрақ жауап

Клиенттің өз проблемаларын  шығару және көрсету жолда-рына түсінік.

6.

 

Кнапптың ұсынған әдістері.

1,2,3,4,5,6,

Конференция

Сұрақ жауап

Кнапптың ұс-ынған әдістері жайлы түсінік.

7.

 

Труакс, Кархаф ұсынған талаптар.

1,2,3,4,5,6,

Топтық талдау

Сұрақ жауап

Труакс, Кар-хаф ұсынған талаптарын талдау.

8

 

Клиентпен жұмыс жасаудың үлгісін дайындау.

4,5,6,

 

Тірек сызбалар

Клиентпен жұ-мыс жасаудың үлгісін дайын-дау.

9

 

Гештальт-терапияның негізгі ұғымдары.

2,3,5,7

Топтық талдау

Сұрақ жауап

Гештальт-тера-пияның негізгі ұғымдарына толық мағлұ-мат беру.

10

 

Когнитивті психотера-пияның техникалары.

4,5,6,

Топтық талдау

Сұрақ жауап

Когнитивтік психотерапия-ның техника-ларына түсінік.

11

 

Жанұялық психотерапия туралы түсінік.

1,2,3,4,5,6,

Топтық пікірталас

Сұрақ жауап

Психотерапия жайлы  жалпы түсінік.

12

 

Псиоходиагностика       (жанұға диагноз қою).

3,4,5,6,

Ұжым-дық тренинг

Таблица-лар

Теориялық білімдерін қалыптастыру және бекіту.

13

 

Сихогимнастика бағдарламасы.

1,2,3,4,5,6,

Баяндама

Тірек сызбалар

Психотерапия-ны өткізудің принциптеріне сипаттама.

14

 

Жанұдағы үйлесісіздіктің психотерапевтік механизмін түйсіну.

1,2,3,4,5,6,

Диспут 

Кесте сызбалар

Анализ техника-сына толық сипаттама беру.

15

 

Өзара қарым-қатынастар жүйесін қайта құру.

1,2,3,4,5,6,

Топтық пікірталас

Сұрақ жауап

Психотерапия жайлы  жалпы түсінік.


 

 

 

2.1. Практикалық (семинарлық) сабақтардың жоспары.

 

№ 1 Практикалық  сабақ.

Тақырыбы: «Психотерапия» жайлы жалпы түсінік.

Мақсаты: Пәннің мақсаты мен міндетін ашып түсіндіру. Пәннің өзіндік ерекшеліктерін көрсету.

Жоспары: 1. Психотерапия пәніне түсінік.

                  2. Пәннің мақсаты мен міндеттері.

                  3. Психотерапияны жүргізудің стратегиялары.

      «Психотерапия»  термині гректің екі сөзінен  алынған. Қазақша аудармасы psyche-жан, therapeia – қарау, емдеу, яғни «жанды  емдеу» деген мағынаны білдіреді. «Психотерапия» терминін алғаш ғылымға 1872 жылы енгізген Д. Тьюк болды. Ол өзінің «Иллюстрации влияния разума на тело» еңбегінде ашып көрсетіп, ХІХ ғасырдың соңына таман белгілі бола бастады. Тар мағынада «психотерапия» терминін алып қарастыратын болсақ, (медициналық модель ретінде) ол жеке тұлғаның эмоциясы, талқылауларына, өзіндік танымына вербалды және вербалсыз құралдар арқылы емдеу. Көп жағдайда психикалық, жүйке жүйелік және психосоматикалық ауруларға психотерапиялық емдеу түрлері қолданылады. Бірақ ғылымда психотерапияның психологиялық модель жиі қолданылып жүр. Ол практик психологтың іс әрекет бағыты болып есептеледі. Психотерапия сау адамға түрлі психологиялық көмек көрсету. Практикалық психолог клиникалық психотерапевт қолданылып жүрген әдістерді пайдаланады. Олардың арасындағы айырмашылық мақсатқа деген ұмтылушылықтың түрліше болуы. Психотерапевттің ең маңызды міндеттерінің қатарына жеке тұлғаның ауру белгілерінен арылту немесе жеңілдету емес, оның өмірінің дамуы мен дұрыс жолда құрылуын көрсетеді. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы өздерінің қабылдаған Декларациясында: «Денсаулық дегеніміз бұл аурулардың болмауы мен физикалық жетіспеушіліктер емес, жалпы физикалық, ақыл ойының және әлеуметтік сезімдерінің жағдайының дұрыстығы» деп көрсеткен. Психотерапия терминін кең мағынада қолдану керектігі жайлы 1990 жылы Страсбург қаласында европалық психотерапия ассоциациясы декларацияны қабылдады. Бұл декларацияда:

  • психотерапия гуманитарлық пәндердің ішіндегі негізгі пән болып табылады. Бұл іс әрекет бос және еркін түрде жүретін мамандық.
  • психотерапиялық білім жоғарғы деңгейдегі теориялық және клиникалық дайындықты қажет етеді.
  • психотерапияда түрлі психотерапевттік әдістер кепіл бола алады. 
  • психотерапиялық әдістер жайлы білім интегралды болуы шарт: онда теориясы, жеке психотерапевттік тәжірибесі және супервизор көмегімен практикасы, сонымен қатар, өзге де әдістемелер туралы түсінігі болуы керек.
  • мұндай білім алу түрлі гуманитарлық және қоғамдық ғылымдардан алдын –ала дайындықтарды қажет етеді.

Информация о работе Психотерапия