Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:23, реферат
Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасы, «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, «12 жылдық білім беру тұжырымдамасы», басқа да білім беру саласына қатысты мемлекеттік құжаттар, зерттеліп отырған мәселеге байланысты Отандық және шетел ғалымдарының педагогикалық еңбектері, жаңашылдық тәжірибелер, озат ғылыми зерттеулер, диссертанттың педагогикалық-зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеу кезеңі:
Бірінші кезеңде (2011ж.) қазіргі қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-педагогикалық, мәдени өзгерістерге байланысты 12 жылдық мектептің білім беру жүйесінің даму тенденциялары қарастырылып, зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалды. Отандық, шетелдік ғалымдардың ғылыми-теориялық, әдістемелік еңбектеріне және педагогика ғылымындағы іргелі ғылыми зерттеулерді талдау және мектептегі оқыту тәжірибесінің жай-күйін, жетістіктері мен қайшылықтарды саралау барысындағы зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері және ғылыми аппараты анықталып, педагогикалық тәжірибе бағдарламасы әзірленіп, оқу процесіне енгізілді.
Екінші кезеңде (2012ж.) зерттеудің ғылыми болжамы мен міндеттеріне сәйкес, 12 жылдық мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттері, шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды, шығармашылық қызығушылықты қалыптастырудың дидактикалық тұғырлары нақтыланып, педагогикалық шарттары анықталды, зерттеу базаларындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері кезең-кезеңмен жүйеленіп, ғылыми-әдістемелік тұрғыда сараланды. Жалпы зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер өңделіп, диссертацияның мазмұнына енгізілді.
Зерттеу базасы: Қызылода қаласының № 6, 198 мектептері
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
1.Жеке тұлғаны
қалыптастырушы білім
2. Қазіргі кезеңде 12 жылдық білім
беруді дамытуда «білім
3. Тәрбиенің қазіргі жаңашылдық
сипаты жағдайында 12 мектеп оқушыларының
адамгершілік қасиетін, шығармашылық
қызығушылығын қалыптастырудың
құрылымдық-мазмұндық моделі
4. 12 жылдық мектептің тәрбие
жұмысына болашақ педагогтарды
дайындаудың педагогикалық
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
▪ 12 жылдық мектептің жаңашылдық сипатына сәйкес, болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда ЖОО-дағы оқу-тәрбие үдерісіне 12 жылдық мектептің теориялық-әдіснамалық материалдарын еңгізу көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
▪ 12 жылдық мектептің
тәрбие жұмысында атқарылатын міндетте
▪ Зерттеу нәтижелері 12 жылдық білім беру жүйесінде, ғылыми-практикалық орталықтарда, жоғары оқу орындарында, колледждер мен мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары қызметінде пайдалану тиімді.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- 12 жылдық мектепте мұғалім мен оқушы тәрбие үдерісінің субъектілері және тәрбие технологиясын іске асырушы ретінде сипатталады.
- 12 жылдық мектеп оқушыларының
адамгершілік қасиеттерін,
- Қазіргі кезеңде ЖОО-нда білім, тәрбие берудің жаңашылдық сипатына байланысты болашақ педагогтарды оқушылардың адамгершілік қасииеттерін, шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруға дайындау барысында, теориялық-әдіснамалық тұрғыдан қарастырылып, жүйеленген сипаттамасы – оның педагогикалық шарттарын құрайды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру.
Зерттеудің негізгі қағидалары ғылыми баяндама түрінде 2 халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларының басылымдарында жарық көрумен жүзеге асты
Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі –101 бет , қолданылған деректер тізімі- 106 әдебиеттерден тұрады.
Негізгі бөлім
Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр. Қоғам сұранысынан туындап отырған талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеуде. Қазіргі таңда республикамызда 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жан-жақты талқылануда.Мұндағы біздің басты ұстанымымыз-тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттеліп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру.12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс .
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауындағы 7-бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» - деп көрсеткен.
12 жылдық оқытудағы басты мақсаты:
12 жылдық мектептің негізгі
Осындай мақсаттарды қоя отырып, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі 2003 жылдың 8-тамызында «12жылдық оқыту бойынша эксперименттің басталуы туралы» №538 бұйрығын шығарды. Сол бұйрық негізінде Қызылорда облыстық білім басқармасының 2003 жылдың 3 қыркүйек №203-нқ және Қалалық білім бөлімінің 25.09.03ж. № 254-нқ бұйрықтары шығарылып, онда 2003 жылдың 1-қыркүйегінен бастап 12 жылдық бағдарламамен оқытудың 1-эксперименталдық жұмыстары Қызылорда қалысындағы №6,198 мектептерде жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2002 ж шілде №24 бұйрығына сәйкес Республика мектептерінде жалпы білім берудің құрылымы мен мазмұнын жетілдіру эксперименті 2003-2004 оқу жылында басталып ойдағыдай жүргізілуде.
Эксперимент сыныпта Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2004 жылы бекіткен базистік эксперименттік оқу жоспарымен 2,3,4 сыныптар 5 күндік сабақ кестесімен, 35 минут ұзақтықпен, сенбі күні шығармашылықпен жұмыстанады.
Эксперимент сыныптардың кабинеттері 12 жылдық білімге көшу талабына сай жабдықталып, ойын бөлмелері, информатика пәні кабинеттері ұйымдастырылды.
Жаңа стандарттың
бір ерекшелігі бастауыш
Бұрынғы стандартта оқушы өзі оқыған білім негіздерінің жалпы ережелерінен білім, білік, дағдыларды түсініп, талдай білуі қажет десе, жаңа стандарт жобасында оқушының өз пікірі мен көзқарасы қамтылып және білім негіздерін өмірмен, күнделікті іс-әрекетпен байланыстырып өзі қорытынды шығаруға ұмтылдыру. Базистік жоспар бойынша 2-4 сыныптарда 2 сағат орыс тілі, 1 сағат шет тілі, 1 сағат информатика енгізілген
12 жылдық
оқу материалдарына
Эксперимент
сынып мұғалімдері түгел
27.07.2002 жылы
№839 қаулымен Министрлік жанынан
белгілі педагог-ғалым А.
2003 жылдың
қыркүйегінен бастап «№6 орта
мектебі» мемлекеттік
№6 орта мектепте жүргізіліп жатқан «12 жылдық білім беруге көшу» эксперименттік жұмысына қазақ және орыс тілді 5 сынып қатысады. Экспериментке 270 оқушы қамтылған, оның 135 -сы орыс тілді білім алушылар.
Эксперимент жүргізуші мұғалімдер өз тәжірбелерін бөлісу мақсатында «Оқыту үрдісіндегі инновациялық технологиялар», «Оқыту үрдісіндегі ойын технологиялары», «12 жылдық білімге көшудегі негізгі мәселелер» тақырыптарында семинарлар өткізді.
Әрбір тоқсан аяғында бақылау жұмыстары жүргізіліп, басқа сыныптармен салыстырмалы анализ жасалады. Сондай – ақ ОМБЖИ тарапынан да математика, орыс тілі, әдебиет, қазақ тілі пәндері бойынша бақылау алынып отырады. Эксперименттік сыныптарға I санатты мұғалімдер Карышева Г.Ж., Трубшекова Е.Г., Бойко Г.В. дәріс береді және өз кезегінде ББЖ КБАРИ жанындағы Республикалық курстан өз білімдерін де жетілдіріп отырады.
Эксперименттік оқу
Осыған
орай 12 жылдық мектеп бастауыш
сыныптарына арналған
Жоғарыда айтылғандарды сараптай келе 12 жылдық білім беру – заман талабына сай білімді, мәдениетті, ой-өрісі дамыған ұрпақ тәрбиелеудің және де болашақ бастауының бірден бір жолы деп біле отыра, эксперимент сыныптарындағы оқу жүйесін зерттей келе байқағанымыз: эксперименттік оқу-әдістемелік кешен оқушының іздену қабілеті мен өз бетінше жұмыс жасау деңгейін дамытуға арналған.Оқу әрекеті-баланың дамуының басты шарты, оқу үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі, оқушылардың танымдық қабілеттері мен дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу, танымдық белсенділіктерін арттыру құралы.
Эксперименттік алаңда жұмыс жүргізе отырып байқағанымыз бұнда бастауыш сынып пен орта буынның бір-бірімен сабақтастығында. 12 жылдық оқыту бағдарламасының өзінің ерекшелігі және де баспалардан шығарылған оқулықтардың өздері де белгілі бір жүйеде одан әрі дамытылған. Мектепте жылма-жыл орта буынмен біріктірілген ашық облыстық, қалалық семинарлар өткізіліп отыр. Ол семинарларда әрдайым бастауыш сыныптан шыққан 5-інші сыныппен, бастауыш 4-сыныптармен кіріктірілген сабақтар өткізіліп тұрады. Бұл яғни бастауыш сатымен орта буынның сабақтастығы болып табылмақ.
12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатындағы келелі мәселелерді шешудегі нақты қадам болып табылады. Ортақ мақсат пен ұлттық мұратқа жеткізетін игіліктерге еліміздің әр азаматы құзырлығына сай өз үлесін қосатын болса, онда ұлттық рухымыздың биіктеуіне,рухани санамыздың жаңаруына нәтижесінде тың идеялардың тууына ықпал ететін парасатты орта қалптастыратын боламз. Ол өркениетті елдердің озық тәжірибесін үлгі ете отырып, ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа мектептен бастау алатыны сөзсіз.
Информация о работе Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау