Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:23, реферат
Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.
ӘОЖ 371.13:37.018.8
АЛЕНОВА САНДУҒАШ ТАБЫНҚЫЗЫ
Болашақ педагогтарды 12 жылдық мектептегі тәрбие жұмысына
даярлаудың педагогикалық шарттары
6М010300 – «Педагогика және психология»мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
рефераты
Қызылорда, 2012 ж
Диссертациялық жұмыс
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің «Музыка-
Ғылыми жетекші: |
|
Ресми оппонент: |
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Болеев
|
Диссертация 2012 жылдың «_____» маусымында сағат ____Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универсиетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, №36 А, 7 оқу ғимараты, «Музыка-педагогикалық» факультеті, 4 қабат, №______ дәрісхана) қорғалады.
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ҒТК танысуға болады.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Диссертацияда шетел, кеңес және Қазақстан педагогика ғылымындағы зерттеулерге сүйене отырып, болашақ педагогтардың 12 жылдық білім беруге дайындығы және студенттердің шеберлігінің қалыптасуына әсері анықталды. Сонымен қатар, 12 жылдық білім беруге ЖОО−ңда студенттерді оқытудағы ерекшелігі әдістемелік тұрғыда негізделді.
Жұмыста студенттердің кәсіби іс−әрекетке әдістемелік дайындаудағы 12 жылдық білімнің тұжырымдамасы қарастырылып, эксперимент арқылы зерттелді, яғни эксперименталды мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі анықталды.
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.
Білім берудің
жаңа бағыттарының басты
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі – 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.
Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог - ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.
Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.
Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді.
Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру - оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Шығармашылық қызығушылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор.
Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан-2030» бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, ҚР «Білім» бағдарламасында мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған.
Демек, болашақ педагогтарды 12 жылдық мектептегі тәрбие жұмыс жағдайларына бейімдеу мәселесі, кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы негізінде оқытудың субъектін және оқушының әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.
Осы жаңа білім беру парадигмасы негізінде жеке тұлға бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың бастау көзі – шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру мәселесі және адами құндылықтар өзінің тамырын адамзат дамуы тарихының тереңінен алады.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау барысында зерделенген маңызды мәселелер: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті бағыттары (А.Е.Әбілқасымова, Р.А.Жанабаева, С.С.Смаилов, М.Н.Сарыбеков, О.С.Сәлімбаев, Е.Омар, Қ.А.Аймағамбетов, Л.К.Керимов т.б.), болашақ мамандарды дайындаудың теориясы мен практикасы (Б.К.Момынбаев, А.А.Саипов, М.Ә.Құдайқұлов, Қ.Қ.Жанпейісова, А.А.Бейсенбаева, А.А.Жолдасбеков, О.С.Сыздықов, Б.А.Тойлыбаев, А.Ғ.Қазмағамбетов, Т.М.Әлсатов, Л.Байсерке, В.А.Ким т.б.), мұғалімдердің біліктілігін көтерудің жаңашылдығы (Ш.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева, Б.А.Әлмұхамбетов, Е.Қозыбаев, Ә.К.Қағазбаева т.б.), жеке тұлғаның креативтілік қабілетін дамыту және көркем өнер шығармашылығын жетілдірудің бағыттары (Б.Оспанова, Қ.Ералин, І.С.Сманов т.б.) зерттеулерінің маңыздылығы жоғары.
Болашақ педагогтарды 12 жылдық мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастыруына дайындау кезеніңде қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мен жаңашылдыққа бетбұрыс жеке тұлғаның шығармашыл болуын талап етіп отырғанымен, оқу процесінде бұл мәселені қазіргі талап, қоғамдық сұраныс тұрғысынан шешудің ғылыми–теориялық негізі жүйеленбеуі; білімді меңгеруде оқушылардың шығармашылық қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған арнайы дайындықтың ұйымдастырылмауы; бұл бағыттағы оқу-тәрбие процесінің мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы; мұғалімдердің бұл мәселеде біліктілігінің толымсыздығы, мектеп бітірушілердің төмен көрсеткіштері, қазіргі кезде жалпы оқушы жастардың білім алуға деген ынта-ықыластарының азаюы, тұлғаға бағытталған білім берудегі арнайы әдістемелердің тапшылығы т.б.
Сонымен, ғылыми зерттеулер мен философиялық,
психологиялық-педагогикалық
Зерттеудің нысаны – 12 жылдық білім беретін мектептердегі тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні – білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында болашақ педагогтарды 12 жылдық мектептегі тәрбие жұмыстарына дайындау.
Зерттеудің мақсаты –12 жылдық мектептегі тәрбие үдерісін ұйымдастыру жағдайында болашақ педагогтарды оқушылардың адамгершілік тәрбиенің мүмкіндіктері және шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау және эксперимент түрінде дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Білім берудің жаңа парадигмасы мен 12 жылдық білім беру жүйесін дамыту тенденциялары аясында тәрбие үдерісінің теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау.
2. Болашақ педагогтарды оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәні мен мазмұнын анықтап, “білім берудің жаңа парадигмасы”, “шығармашылық қызығушылық”, “креативтілік”, “инновациялық креативті білім беру”, “шығармашылық рефлексия”, «адами құндылықтар» ұғымдарына анықтама беру, жүйелеу.
3. 12 жылдық мектептегі тәрбие үдерісін ұйымдастыру жағдайында болашақ педагогтарды оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасап, өлшемдері мен көрсеткіштерін, деңгейлерін негіздеу.
4. 12 жылдық мектептің тәрбие
үдерісінде Қызылорда
қаласының №6 мектептің
5. 12 жылдық мектептегі оқушылардың адамгерішілк қасиеттерін, шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда жаңа тәрбие технологияларының мүмкіндіктерін көрсетіп, оны болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдаланудың мазмұндық сипатын көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, болашақ педагогтарды 12 жылдық мектептің тәрбие ісіне елеулі жаңашылдық өзгерістерге байланысты дайындаса, әсіресе оқушылардың шығармашылық қызығушылығына және тұлғаның адамгершілік қасиетіне мән берілсе және теориялық, әдіснамалық негіздері айқындалса; онда бүгінгі қоғам талаптарына сай өзекті мәселені шешудің нәтижелілігі артып, білім беру саласындағы жаңашылдық бағдар іске асып, тәрбиенің инновациялық үдерісі қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің жетекші идеясы: ЖОО-ңда оқу-тәрбие үдерісінде 12 жылдық мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруына мән беріліп, теориялық негізі, тәрбие технологиясының құндылық бағдары өзегі ретінде танылуы –болашақ педагогтардың кәсіби іс-әрекеті, интеллектуалдық жетілуі, жан-жақты дамуына мүмкіндік туындайды.
Зерттеу әдістері: зерттеу міндеттеріне сәйкес, мәселені шешуде философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, мемлекеттік ресми және нормативтік құжаттарды талдау, жалпы білім беретін мектептердің озат тәжірибелерін зерделеу, ұзақ мерзімді тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасау, тестілеу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, сараптау, нәтижелерді жүйелеу, графикалық бейнелеу әдістері арқылы қамтамасыз етілді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:
Адами құндылықтар және жеке тұлғаның шығармашылығының мәні туралы философиялық ілім, диалектикалық таным теориясы, жеке тұлғаның дамуы мен әрекет теориясы, жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық-әрекеттік, жеке тұлғалық қатынас туралы философиялық қағидалар, дидактикалық тұжырымдамалар, жеке тұлғаны дамытудың тұлғалық-бағдарлық теориясы, оқушылардың белсенді оқу әрекетін ұйымдастыру теориясы, құндылық теориясы, ғылым мен практиканы ықпалдастыру теориясы.
Информация о работе Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау