Оқытудың педагогикалық технологияларына сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 12:26, курсовая работа

Описание работы

Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мәні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технологиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................2

1-бөлім. Оқытудың педагогикалық технологияларына сипаттама..........4

1.1 Оқытудың жаңа технологияларын білім салаларында
қолданудың ерекшеліктері...........................................................................8

1.2 Оқытудың жаңа технологияның ерекшелігі мен тиімділігі.............9

1.3 Оқытудың жаңа технологиясы мен оқушылардың даму
мониторингі.................................................................................................14

Практикалық бөлім:

2-бөлім. Оқытудың жаңа технологияның дифференциалды және дербес
деңгейлік принциптері...............................................................................17

2.1 Жаңа технологиялардың сабақта қолдану.........................................20

2.2 Оқыту технологиясының маңызы........................................................21

Қорытынды..................................................................................................23

Қолданылған әдебиеттер............................................................................24

Работа содержит 1 файл

Курсовая Ayagoz.doc

— 178.50 Кб (Скачать)


                             МАЗМҰНЫ.

 

Кіріспе............................................................................................................2

 

1-бөлім. Оқытудың педагогикалық технологияларына сипаттама..........4

 

1.1 Оқытудың жаңа технологияларын білім салаларында

қолданудың ерекшеліктері...........................................................................8

 

     1.2 Оқытудың жаңа технологияның ерекшелігі мен  тиімділігі.............9

 

     1.3 Оқытудың жаңа технологиясы мен оқушылардың   даму                            

     мониторингі.................................................................................................14

 

    Практикалық  бөлім:

 

     2-бөлім. Оқытудың жаңа технологияның дифференциалды және дербес                                   

     деңгейлік принциптері...............................................................................17

 

2.1 Жаңа технологиялардың сабақта қолдану.........................................20

 

     2.2 Оқыту технологиясының маңызы........................................................21

 

     Қорытынды..................................................................................................23

 

Қолданылған әдебиеттер............................................................................24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

        Оқытудың педагогикалық технологиялары түсінігі.

  Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мәні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технологиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.

Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу –оқыту технологиясы» және «тәрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мән мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу және тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттерін шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» «оқу технологиясы», «тәрбиелеу технологиясы» ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу мен ауқымдылау.

Педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы.

Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол  өз құрамына адамдарды идеяларды, құрал-жабдықтарды сонымен  бірге, жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.

Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар.  Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьятченко және т.б.), екіншісі – тәрбие мен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов және т.б.). 

Сонымен, технология астарында не жатады? Оқыту технологиясы жөніндегі идея қай заманда  пайда болған?

Мұндай ғылымдық мәні бар ой жаналықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де дәріптеген. Ұлы педагог – ғұлама 16 - ғасырда-ақ оқытудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын ауғыздап, оның мүлтіксіз тиімді нәтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нәрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсатты; 2) сол мақсаттарға жетуге дәл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсатын орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек».

Коменксий заманынан бастап, оқытуды мүлтіксіз әрекеттегі механизмге сәйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқыту технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Әсіресе, техникалық прогрестің әрқилы теориялық және практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский және т.б.).

Осы заманғы дидактикада әрқилы оқыту технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - әр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.

Дидактикада оқыту технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:

-                    қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пән әдістемелік, бөлімдік (модульдік);

-                    философиялық негізі: ғылыми және діни, гуманистік және әміршіл-әкімшіл (авторитарлы);

-                    тәжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы); іс-әрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;

-                    тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақппараттық (білім, ептілік және дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-әрекеттік (оперативті-ақыл-ой қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тәжірибелік әрекеттер қалыптастыру).

-                    Дәстүрлі оқу жүйесін жағалау бағыты (модернизация); оқушы іс-әрекетінің белсенділігін көтеру және жеделдестіру технологиясы; мұғалім және оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзеуге негізделген технология және т.б.

Оқыту технологиясын топтастыру, сонымен бірге нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге ұйымдастыру формасының қолданылуына, дәл кезеңде қажет болған әдістерге және басқа да негіздемелерге тәуелді келеді.

Оқыту технологиясын оқу әдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы – оқыту технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына және педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал әдістеменің соңғы тиімді нәтижеге жете алмауы  жиі кездеседі. Сонымен бірге, әдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. [1] К.И. Крупник «Об обучении технологии чтению», 214 бет.

 

1-бөлім. Оқытудың педагогикалық технологиялары сипаттамасы

 

Оқытудың дәстүрлі (қайта жасау - репродуктивті) технологиясы білім, ептілік және дағдылары ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасын бағалауын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған (әсіресе орта мектепте). Оның мәні: жаңаны игерту- бекіту – қадағалау – бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін және оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама (парадигма) алынады. Осыған орай оқу – оқытудың басты әдістері ретінде 1) көрнекілік және онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-әрекеттері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап және тиімділіктің негізгі көрсеткішіне – игерілгенде қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері – түсіндіру, әрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау және реттеу, түзету.

Оқыту технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен иленген.  Олар – үнемділігі, күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім - әдіс – тәсілдерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дәстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді. Оқыту процесін дараландыру мен жіктеуге қолайссыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем. Дамытушы оқыту технологиясы мектеп тәжірбиесіне енген оқу іс -әрекеттері арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин және т.б.)

Ғалымдар дәлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуына тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мәні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос – жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, әсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу және тәрбие ізімен жүретін мойындалған болатын.

Зерттеулер нәтижесінде (Л.В.Занков) оқу тиімділігін көтеру себебін оқушы дамуын жеделдетуге болатын дәлелденді. Бұл үшін оқудың жоғарғы деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану - басты талап. Егер алдынан рухани сезімдік күш – қуаттың  іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, әрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бәсеңдейді.

Жоғары қиыншылық  деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны және оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, әрі тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.

Дамытушы технология талаптарының және бірі – оқу ілгерілі және жедел қарқында жүреді. Өткендерді жиі әрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі – іс-әрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді. (Д.Б.Эльконин)

Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің әрқилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанды өзінше танып, содан өздігінен жауап әрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді. Жауап әрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз әрекеттерінің сезінуі мен түсінуі, оқу іс-әрекеттерінің тәсіл, әдістерін өзінше байқап, тануы.

Рефлексиялық әрекет – қимылдар әрқашан өзіндік қадағалау және бағалаумен тығыз байланысты болатындықтан дамытушы технология шарттарына орай оларға да көп мән беріледі.

Дамыту оқыту идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдер арасында кең қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары  пікір-таласты болып жүр. Себебі, оқушылардың бәрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере алмайды. Солар ішінде тума дайсан қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда әбден күйзеліске түседі. Сондықтан барша шәкірттерді теңдей шапшаң және жоғары күрделілік деңгейінде оқытып, тәрбиелеуге болмайды.

Бағдарламастырылған оқыту технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқыту процесінің басқару жүйесін жақсарту (П.Я.Гальперин, Л.Н.Ланда, А.М.Матюшкин және т.б.).

БОТ бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар (Н.Краудер, Б.Скиннер, С.Пресси).

БОТ – бұл арнайы жабдықтар бағдарламастырылған оқулық, ерекше оқу – машинасы, ЭВМ және т.б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама орындалатын өзіндік жеке-дара оқыту технологиясы.  Бұл технология әрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі және т.б.) оқуына мүмкіндік береді.

БОТ –ның өзіне тән сипат белгілері:

-                    оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі;

-                    әр бөлшекті игеруге арналған нақты әрекеттерді орындау нұсқаулары жүйесінің берілуі;

-                    әр бөлшек игерілуінің тексерілуі;

-                    қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалумен оқушы материалдың ендігі жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске асыуға өтуі;

-                    дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек түсініктемелерін алуы;

-                    қадағалау тапсырмаларының нәтижесі хатталып, оқушының өзіне де (ішкі кері байланыс), педагогқа да (сырттай кері байланыс) белгілі болуы.

Проблемді оқыту технологиясы мұғалім басшылығына өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-әрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқыту ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік және дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы және басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды. (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов және т.б.).

Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады және оның шешу әдіс-тәсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен әдістері зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайлығын тексеру тәсілдерін белгілейді әрі талқылайды, дәйектейді, нәтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дәлелдейді.

Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік және дағдылар жүйесін меңгеруге жәрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нәтижесінің бекінуін қамтамасыз етеді. Кемшілігі : жоспарланған нәтижеге жету көп уақытты талап етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жүйелі басқару қиын.

Модульді оқыту технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дәстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мәні – оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жәрдемімен) жетеді (П.Юцявичене, Т.И.Шамова). Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын ) біріктірген түйін, топ (узел).

Модуль құрамы: әрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа жетудің әдістемелік көрсетпелері.

Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, әдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сәйкес меңгеріледі.

Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға оқу әрекеттеріне кірісумен өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жәрдемдеседі.

Информация о работе Оқытудың педагогикалық технологияларына сипаттама