Оқыту процесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 16:05, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың көкейкестілігі: Қазақсан Республикасының тәуел-сіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік – гуманитарлық салада да зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау – соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім.

Содержание

КІРІСПЕ.
І. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Оқыту процесі туралы пеадгогикалық түсінік.
1.2. Оқыту процесіндегі тәрбие жүйесі.
ІІ. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ.
2.1. Оқыту процесіндегі тәрбиелеу жолдары.
2.2. Оқыту процесіндегі тәрбиелеу әдістері.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Работа содержит 1 файл

Оқыту процесінде тәрбиенің алатынт орны курсовая.doc

— 280.50 Кб (Скачать)

Тәрбие үрдісі адамның  дамуын оның өміріндегі әлеуметтік тәжірибені игеруіне, білімді икемділік пен  дағдыларды жай жинақтауға ғана әкеп салмайды. Даму алдымен адамның психикалық іс-әрекетінің сапалық өзгеруіне, жаңа қасиеттің қалыптасуына әкеп соғады.

Тәрбие үрдісінің күрделілігі  тәрбие беру тек ғылым ісі ғана емес тәрбие ісі, өнер әрі шығармашылық іс екендігі белгілі. Тәрбие үрдісінде белгілі дәрежеде табысқа жету көбіне тәрбиеші мен баланың жеке дара ерекшеліктеріне байланысты. Демек тәрбие үрдісі - жалпы мақсатқа жетуге жеке адамды жан-жақты дамытуға бағытталған тәрбиеші мен оқушының бірлескен өзара байланысты қызметі. 
Тәрбие беру үрдісі – педагогикалық процестің өте маңызды және өзіндік ісі бағдары бар бөлігі екендігі белгілі. Тәрбие үрдісінің өз мазмұны өз ұстанымдары бар және барлық іс-әрекетті өзіне тән жұмыс формалары, әдістері мен тәсілдері көмегімен іске асырылатын іс.

Сондықтан педагогика ғылымында  өзіндік жолы, бет бағдары бар  тәрбие теориясы мен әдістемесі педагогика ғылымының саласы ретінде өз алдына қалыптасты. Соған орай тәрбие беру үрдісін іске асыру әдістемесі - тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен ұстанымдары, формалары мен әдіс тәсілдері туралы толық та теориялық және практикалық іс-шараларды іске асыру жолын іздестіреді.

Тәрбие үрдісінің оқытудан айырмашылығы баланы ата-анасы туғаннан бастап ер жеткенше тәрбиелейді. Бала ер жеткен соң өзі тәрбиешіге айналады.

Тәрбие үрдісі мектепте өткізілетін оқу – тәрбие жұмысының  негізгі бөлігі. Оған пән мұғалімдері, тәрбиешілер, оқушылар, білім мекемесі және қоғамдық ұйымдар бірлесе ат салысатын күрделі жұмыс.

Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері:

1. Тәрбие үрдісі көп  факторлы оған тек мектеп қана  емес мемлекет және қоғамдық, көпшілік ұйымдар қатысады. 
2. Тәрбие үрдісі ұзақ жүретін құбылыс, оның жемісін бір-екі жылда көруге болмайды. Тәрбие ісі туғаннан мектепте және одан кейінде жалғаса береді.

Француз ғылымы Гельвецкий «өмір сүрудің өзі ұзақ тәрбие» деген 
3. Тәрбие үрдісі сатылы сипатта жүргізіледі. Тәрбие алдымен отбасында, мектепте тәртіп ереже ұғымдарын игеру сатысынан өтеді. Одан әрі тәртіп туралы бастапқы ұғымдармен танысса, кейінгі сатысында мінез-құлықтар, көзқарастар қалыптасу сатысы пайда болады да ол одан арғы сатыда дамиды.

4. Тәрбие жұмысы мазмұнының  қайталануы. Тәрбие мазмұны қайталанғанда  жай ған емес мазмұны кеңіп  әрі тереңдей түседі. Мысалы: Тәртіптілік  , білімділік туралы әр сыныпта үнемі айтылады. 
5. Тәрбие ісі-екі жақты әрі белсенді үрдіс. Тәрбиеші мен оқушының екі жақты белсенділігі қажет. Оқушы әрі тәрбие обьектісі әрі тәрбие субьектісі.

6. Тәрбие үрдісі ұйымдастырушылық  істі қажет етеді. Бала тәрбиелеуге  бүкіл білім мекемесіне көпшілік ұйымдар жұмылуы керек. 
7. Тәрбие үрдісінің нәтижесі бірден білінбейді. Тәрбие динамикалық, диалектикалық үздіксіз үрдіс. Оқыту үрдісі тәрізді-тест, бақылау алып, ЕНТ арқылы тез бағалауға болмайды.

8. Тәрбие үрдісі –  мемлекетпен қоғаммен тікелей  байланысты. Ол болашақтың қажетін өтейді.

Тәрбие үрдісіне әсер ететін факторлар  
Философия мен педагогика ғылымының айтуынша адамның қалыптасуына өмірдегі көптеген факторлар әсер етеді. 
Оқушының тұлға болып қалыптасуына әсер ететін факторлар. 
1. Тұқым қуалау үрдісі қазақ халқының 7 атадан қыз алысу үрдісі. Тектілік туралы ұғым. Текті жерден қыз алу. «Шешесін көріп қызын ал», «Алып анадан туады» т.б.

2. Тұрмыстық жағдайлар  оқу-тәрбие үрдісіне қажетті шығындар.Лицеи,  гимназия, элитарлық білім, шет  елде оқу т.б. 
3. Мемлекеттің экономикалық жағдайы және мектептің материалдық техникалық жағдайы мен білім мен тәрбие беру жүйесі. Жапон еліндегі камикадзе, харакири.

4. Білім мен тәрбие  беретін жоғары, орта және білім  мекемелерінің бағыты мен бағдарлама  мазмұндары. 
5. Қоғамдық көпшілік ұйымдар және мектептен тыс қосымша білім беру мекемелері.

6. От басы ата-ана  тәрбиесі  
7. Бұқаралық ақпараттық құралдар теледидар, радио, газет, журнал, интернет.

8. Оқушының қоршаған  ортасы, көше, ауыл, ықшам, аудан әсері. 
Жас ұрпаққа тәрбие берудің негізгі бағыттары. 
1. Диалектикалық діни дүние таным қалыптастыру (қазақ халқының философиялық және діни дүние танымы) 
2. Қоғамдық – саяси тәрбие (Қазақстан: Республикасы жаҺандану қарсаңында) 
3. Имандылық адамгершілік тәрбиесі  
4. Ұлтжандылық қазақ патриотизм тәрбиесі, (Ұлттық рух, ұлттық намыс) 
5. Әскери - патриоттық тәрбие (қазақ халқының батырлық іс-әрекеті Б.Момышұлы ) 
6. Ақыл –ой, мәдениеттілік тәрбиесі  
7. Құқықтық тәрбие (Жеті жарғы) 
8. Эстетикалық тәрбие 
9. Экологиялық тәрбие (Қазақстан Республикасы экологиялық жағдайы) 
10. Экономикалық тәрбие (Қазақстан Республикасының экологиялық потенциалы) 
11. Электронды ақпараттық тәрбие  
12. 12 -Еңбек тәрбиесі

Ертедегі ата бабаларымыз  білімді толық игермесе де балаларын  кәсіпке, білімділікке мәдениеттілікке имандылыққа, үлкенді сыйлауға, елін, жерін қорғауға үнемі тәрбиелеп отырды.

Қазақ халқы баласын  алдымен кәсіпке мал бағуға, қыздарын от басы ошақ қасындағы үй тәрбиесіне баулыды. Тәрбиенің негізгі алтын  қазығы етіп адамгершілік, имандылық  үлкенді сыйлау дәстүрін қалыптастырды. Ауылда ақсақалдар мен Билер жүйесі жұмыс істеді. Барлық басшылықты осы ұйымдар арқылы іске асырды. Билер жүйесінің ісі қылмысты істерге әділ шешімін айтып отыру болса, ауылдағы басқа ұйымдастыру жұмыстарын ауыл ақсақалының айтуымен іске асырылды. Қазақ халқы тарихында сот прокротура полиция тәрізді қылмыстық істер туралы ұжым болған жоқ, солай болсада қылмыс әдейі кісі өлтіру ісі өте сирек болатын құбылыс. Елдегі ең үлкен қылмыс барымта жер-жайылым дауы мен бірін-бірі сүйген қыз бен жігіттің елден қашып кетуі тек осы кездерде ғана кісі өлімі болып тұрды оны билер реттеп отырды. Сол кездердегі тәрбие үрдісінің күштілігі сондай қылмыс өте аз болды. Қазақ халқы үйіне құлып салуды, киіміне қалта салуды білмеді соған орай ұрлық болған емес немесе өте аз болды. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесінің күштілігі осында.

Қазіргі педагогика ғылымының  «тәрбие» үрдісіне берген анықтамасы төмендегіше болып келеді.

«Тәрбие үрдісі» - әлеуметтік кең мағанада алсақ -өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтік құрылымдар: қоғамдық институттар, ұйымдар, діни және мәдени орталықтар, бұқаралық ақпараттық құралдары мен мектеп және отбасы арқылы өмір сүруге білім алуға тәрбиелі болуға даярлау болып табылады.

Ал тәрбие үрдісі-педагогикалық  тар мағанада оқу –тәрбие мекемелерінде арнайы маман педагогтар ұйымдастыруымен және басқаруымен жүргізілетін жаңа формациядағы адамды қалыптастыру.

Жаңа Қазақстанның жаңа ұрпағын даярлау барысында, педагогика саласында «тәрбие технологиясы»  деген ұғым пайда болды. Себебі жаңа ұрпақты жаңа заман дәстүріне лайықты тәрбиелеу қажеттігі туындады. Қазіргі педагогтар алдында тұрған міндет қазақ халқының көптеген жылдар бойы қалыптасқан жағымды пайдалы ұлттық құндылықтарын сақтай отырып жаңа заман талабына сай жаңа формациядағы білімді, мәдениетті ұрпақты тәрбиелеу. 
«Технология» термин сөзі гректің –«шеберлік» деген ұғымын білдіреді. Алғашқы кезде металл не металды өңдеудің әдіс тәсілдерін жиынтығы деп есептелінсе, кейіннен ХХ ғасырда педагогикалық оқыту әдісіне пайдаланылады. Жеке тұлғаны кешенді оқыту және тәрбиелеу үрдісі технология үрдісін тәрбие саласына да пайдалануға әкеліп соқты. Педагогикада бұрыннан қалыптасып келе жатқан «әдістеме» (методика) деген ұғым бар. Технология ұғымы да әдістеме ұғымын толықтыра тереңдете түседі. Яғни екі ұғымның да негізгі фнукциалдық мақсаты «тұлғаны тәрбиелеу» болып табылады. Осы тәрбиелеу үрдісі кезінде технология мен әдістеменің айырмашылығы туындайды.

«Әдістеме» үрдісі тәрбиенің  әдіс – тәсілдеріне сипаттама  берсе, «технология » үрдісі- тәрбие үрдісін басқарудың жүйелі қалыптасқан жүйесін құрастырады, реттейді және іске асырады. 
Тәрбие технологиясының өзіне тән міндетті құрам бөліктері (атрибуттары) болады.

Обьективті құрам бөлігіне тәрбие ісін басқарудың мақсаты мазмұны  формасы ұстанымдары, әдісі жатады.  
Субьективті құрам бөліктерінің іс-әрекет түрі (стиль), тәрбие ісіндегі қарым-қатынас, тәрбиеге қатысты тұлғалардың функциясы және олардың құқы мен міндеттері жатады. 
Тәрбие нысанының шамасы ауқымына және мақсат міндетіне қарай тәрбие технологиясының үлгісі (модель) 
3 түрлі деңгейге бөлінеді.  
1. Стратегиялық технология 
2. Тактикалық технология 
3. Жеделдете жүргізетін технология 
Стратегиялық үлгі – көптеген жылдарға арналған тәрбие жүйесінің басты болашақтағы негізгі бағыттарын қамтиды. 
Тактикалық үлгі - белгілі бір кезеңдегі атқарылатын істерді басқаруды жүзеге асырады. 
Жеделдете жүргізілетін тәрбие технологиясының үлгісі кейінге қалдыруға болмайтын педагогикалық жағдайларды іске асыру туралы тәрбие ісі. Бұл үлгі алдағы екі үлгіні іске асырудың алғашқы бастапқы кезеңі десе де болады. Бұл үлгі нақты практикалық іс-шара бойынша жүргізіледі.

Сонымен тәрбие технологиясы дегеніміз-белгілі тәртіппен, арнайы уақытта жүргізілетін, алдына қойған мақсаты бар жүйеленген педагогикалық  іс-әрекеттерді жиынтығын басқару үрдісі болып табылады. Тәрбие технологиясы нысанының ізденушілік танымдық мотивациялық шеберлігіне әрекетіне немесе ниетіне байланысты тез іске асу ықтималдығы бар.

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі түсінік бойынша, дидактика - білім беру мен оқыту  мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зертгеу пәні -оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері. 
Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмүнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы, математиканы оқыту әдістемесі, тарихты оқыту әдістемесі. 
Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық және қолданбалы қызметтер орындавды. Дидактиканың ғылыми-теориялык қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қодданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкес-тендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.

Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагогтік іс-әрекет, білім беру) пайдаланады.Сонымсн қатар дидактиканың өз категориялары да бар: білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Кейбір категорияларға анықтама берейік. 
Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс -әрекет.

Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жүмыс істеу үшін қажетті адамзат  тәжірибесінің бөлшегі. Ол - оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы. 
2. Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызмегі Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.Оку барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне  назар аударайық.

Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері  мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады. 
Оқыту - таным процесі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.

Оқытудың міндеті —  оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылық-тарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бүрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі. 
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, шлым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.

Оқыту — даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне  тән негізгі екі белгіні: организмнің  өзіндік дамуына жүйелі түрдегі  көмек және жеке бастың жан-жақты  жетілуін түйістіреді.

Баланың өзіндік дамуына  әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі - мүғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді. Оқыту процесіңде бала тек мүғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субъекті екенін айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсіддерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту - баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 
 
1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы.  – Алматы, Қазақ университеті, 1989. 
2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – А., 1991. 
3. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. – Алматы, 1985. 
4. Айтмамбетова Б., Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. – А.,1991.  
5. АйғабыловаН. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. – А., Өнер. 1972.  
6. Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. //Қазақстан мұғалімі, А., 1994. 
7. Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие бері. /Методикалық нұсқау. А., 1990. 
8. Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. – А.,1992. 
9. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. – А., 1999. 
10. Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. – Шымкент 1994. 
11. Әбиев Ж. Жаңа адамда қалыптастыру. – Алматы, 1988. 
12. Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. – Алматы, 1997. 
13. Әбиев Ж. Оқушыларға атеистік тәрбие беру. Алматы, //Қазақстан мектебі , 1959. №3. 
14. Әбілова Зоқушыларға эстетикалық тәрбие беру. – А., 1972.  
15. Әбілова З. Этнопедагогика – А., 1997. 
16. Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні. Қаз.мем. 1-1996.  
17. Богословский В. т.б. Жалпы психология – А., Мектеп, 1980, 13 тарау.  
18. Бержанов Қ, Тәрбие мен оқытудың бірлігі. – Алматы, 1973.  
19. Бержанов Қ. Оқу-ағартудағы халықтар достығы. Алматы, 1976. 
20. БарановС. Принципы обучения. – Москва, 1975. 
21. Бабанский Ю. Педагогика. – Москва 1988. 
22. Дүйсенбинова Адамгершілік тәрбиесіне айқын бағыт //Қазақстан мектебі. 7-1991ж/ 
23. Егембердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау /Методикалық ұсыныстар. А., Мектеп, 1975.  
24. Жас ұрпаққа дамгершілік эстетикалық тәрбие беру концепсиясы. //Қазақ мұғалімі, 1-тамыз 1989. 
25. Жақыпов А. Өнеге өрісі- А., Мектеп, 1975. 
26. Ильина Т. Педагогика. Москва, 1984. 
27. Иванова Н., Қозғанбаева М. Оқыту процесінің мәні. – Алматы, 1991. 
28. Керімов Л. Праволық тәрбие жүйесі. Алматы, 1991. 
29. Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы. Алматы, 1983. 
30. Капралова Р. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысы,- Алматы, 1973. 
31. Керімов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. – Алматы, 1990. 
32. Көпжасарова М. Оқушыларды кластан тыс жұмыстарда коллективизмге тәрбиелеу. Алматы, Мектеп, 1978. 
33. Көшекпаев Н. Оқыту теориясы. – Алматы, Мектеп, 1976. 
34. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. Астана,1998. 
35. Лемберг Р. Оқыту әдістері. Алматы, 1958. 
36. Лернер И. Дидактические основы методов обучения. Москва, Педагогика,1981. 
37. Макаренко А. Ұстаздық дастан. Алматы, 1985. 
38. Макаренко А. Ата-аналар кітабы.Алматы, 1985. 
39. Мурзалин С. Рухани байлық. Алматы, Казақстан, 1988. 
40. Махмудов М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру. Алматы,1981. 
41. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік. Алматы, Білім, 1994. 
42. Нұрғалиева Г. Оқыту әдістері. Алматы, 1991. 
43. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. Алматы, Мектеп, 1975. 
44. Основы внутришкольного управления.(Под ред.П.В. Судоминского) Москва, Педагогика, 1987. 
45. Положения о ретинго-тестовой контроля качества знания, навыков и умений студентов. Алматы, Казгумя, 1996. 
46. Подласый И. Педагогика. Москва, 2000. 
47. Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. Алматы, Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясының баспа кабинеті, 1999. 
48. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. Алматы, 1986. 
49. Төлеубеков А.Р. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. Алматы, 1991. 
50. Ұзақбаева С. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. Алматы, 1991. 
51. Ұзақбаева С. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. Алматы, 1990.

Информация о работе Оқыту процесі