Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 16:05, курсовая работа
Тақырыптың көкейкестілігі: Қазақсан Республикасының тәуел-сіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік – гуманитарлық салада да зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау – соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім.
КІРІСПЕ.
І. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Оқыту процесі туралы пеадгогикалық түсінік.
1.2. Оқыту процесіндегі тәрбие жүйесі.
ІІ. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ.
2.1. Оқыту процесіндегі тәрбиелеу жолдары.
2.2. Оқыту процесіндегі тәрбиелеу әдістері.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
Меңгеру нәтижесінің сапасы оқушылардың
білім, іскерлік, дағдыларын бағалау арқылы
анықталады. Білім сапасы- білімді меңгеру
нәтижесі.
Іскерлік — бұл кез келген іс-әрекет емес,
ол табысты, тиімді орындалатын іс-әрекет.
Іскерлік дегеніміз - іс әрекетті жақсы
істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі
бір жағдайларға байланысты таңдау және
қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдай-дп
оиімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.
Іс-әрекет іскерлікке айналу
үшін педагогикалық жағдайлар
Іскерліктің құрамы күрделі. Оған "елес, ұғым, білім, дағды,
зейінді шоғырландыру, бөлу, ауыстыру,
қабылдасау, ойлау, іс-әркет процесін реттеу
және өзін-өзі бақылау дағдылары" енеді.
Осы бөліктердің бірлігі арқылы оқушы
өз жұмысының нәтижесін түсініп, оған
жету үшін іс-әрекеттің тиімді тәсілдері
арқылы жұмыс істеп жақсы нәтиже алады.
Дидактиктер іс-әрекетке байланысты теориялық
және практикалық (өлшеу, есептеу, энергия
көздерін, реактивтерді қолдану, т.б.) іскерліктерді
бөледі. Ал психологтар психикалық процеске
керек ес, қабылдау, ойлау іскерліктерін
атайды.
Танымдық іскерлік (бақылау жүргізе білу,
тәжірибе жасау, әдебиетпен жұмыс және
басқалары оқу еңбегінің жалпы іскерліктері
оқушының өз жұмысын жоспарлауынан, оны
тиімді ұйымдастырудан, бақылаудан көрінеді.
Білім мазмұнын жетілдіру әр түрлі білімді қолдануға керекті
іскерліктерді жинақтауды, бағдарламаға
енгізуді талап етті. Осыған байланысты
"Жалпы білім беретін мектептің оқу
бағдарламаларына (І-ІУсыныптар)" (Алматы,1997),
"білім, білік, дағдыларды күнделікті
бақылап бағалауға қойылатын негізгі
талаптар" деген бөлім енгізілді.
Бірінші топ — арнайы (немесе жеке) іскерліктер
оқушылардың бойында нақты оқу пәндерін
оқу процесінде қалыптасады. Олар оқу
материалымен, жұмыс істеуге керекті және
оны түсінуге елеулі ықпал етеді.
Екінші топ - оқушының оқу жұмысын тиімді
ұйымдастыру іскерліктері: оқу материалдарын
меңгеру, талдау, оларды түрлі танымдық
міндеттерді шешуге қолдану, жұмысты безендіру,
Өз жұмысын бақылау, оның нәтижелерін
түзету, өзінің іс-әрекетін басқару.
Үшінші топқа интеллектуалдық іскерліктер енеді. Олар: талдау
және жинақтау, қорытындылау және саралау,
абстракция және нақтылау, салыстыру және
ұқсату, себеп-салдарлық байланыстарды
табу.
Әрбір топтағы іскерліктер оқушының теориялық,
ішкі және сыртқы, репродуктивтік және
өнімді іс-әрекетінде көрінеді.
Қ. Жарықбаевтың анықтамасы бойынша "дағды-
алғашқыда саналы орындауды қажет ететін
іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың
нәтижесінде автоматтандырылуы". Дағды
— іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі,
ол іс-әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай,
жасауға мүмкіндік береді.
Іс-әрекетке дағдыланған адам, іс-әрекетке керекті қимыл-қозғалыстарды, жаттығуларды шапшаң жасайды.
Дағдылар ақыл-ой, тілдік, сенсорлық, ерік-жігер, мәдени, гигиеналық болып бөлінеді. Ақыл-ой дағдылары: әдебиеттерді, сызбаларды оқу, есте сақтау, өткенді тұрақты түрде қайталау. Тілдік дағдылар: сөйлемдерді дұрыс құру, дәйекті дәлелдерге сүйеніп сөйлеу және жазу, таза сөйлеу, қыстырма сөздерді қолданбау. Қозғалыс дағдылары: киіну, өзіне-өзі қызмет ету, жүріс. Еңбек дағдылары: түрлі еңбек құралдарымен, станоктармен, машиналармен жұмыс істеу. Сенсорлық дағдылар: ана тілін, кеңістік және уақытты қабылдау. Ерік-жігер дағдылары: іс-әрекеттегі белсенділік, тәртіптілік, талап қоя білу. Мәдени дағдылар: ұжымды, басқа адамдарды құрметтеу, өзін-өзі тәрбиелеу. Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби "Тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы болады" деп, қатты ескертті. Білім беру мен тәрбиелеу біртұтас әрекет екендігін дәлелдеген ғүламалар соған байланысты. Өз шығармаларында сол екі негізге байланыстырып құра білді. М. Дулатов "Оқытудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек" екендігін баса айтып, оқу мен тәрбиенің біртұтас педагогикалық әрекет екендігін дәлелдеді.
Мағжан Жұмабаев көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшың ет сезімдері арқылыәдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа талғампаздыққа тәрбиелеу керек, сол тәрбиелер арқылы зейін қалыптасады, баланың ақылы ересек адамдарға қарағанда төмен, екеніне байланысты тәрбиелік іс-әрекетте тәлімді тәсіл қолдана білу керек екенін түсіндіреді.
Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми теориялар
мен ережелердің оқушылардың
дүниетінымы мен сеніміне айналуын
сипаттайды, моральдық нормаларды,
мінез-құлықты игеруін
Мектепте оқушыларға теориялық білім
беру тәрбие процесімен тығыз байланыста
өткізіледі.
Оқытудық дамыту қызметі. Оқыту процесі, білімді меңгеру оқушыны дамытады. Оқушының тілі, ақыл-ойы, сенсорлық және қозғалыс аймағы, сезімі, ерік-жігері, қажеттіліктері, мотивтері дамиды. Оқыту - жеке тұлғаны дамыту құралы. Л.С.Выготский (1896-1934) тұжырымдаған психологияның маңызды заңдарының бірі - баланың дамуы оқытуға байланысты. Сондықтан білім мазмұнына баланы дамытатын материалдар енгізіледі. Оқыту процесінде П.А.Гальпериннің ақыл-ой жұмысын кезең бойынша қалыптастыру теориясы, М.Н.Скаткиннің, И.П .Лернердің мәселелік оқыту әдісі баланы дамытуға бағытталған.
Қазіргі оқыту тек білім берумен шектелмей,
оқушыны әр жақты дамытуға, алдымен ақыл-ойды
дамытуға бағытталған.
Сонымен оқыту процесінің 3 міндеті болды.
Олар бір-бірімен тығыз байланысты және
оқытудық барлық бөліктерінде жүзеге
асады.
5. Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері.
Дидактика тарихында оқыту мақсаты туралы
екі көзқарас болды. Біріншісі: мақсат
- жеке тұлғаның ақыл-ойын, есін және басқа
қабілеттерін дамыту деген тұжырым. Екіншісі:
мақсат - ғылым негіздерін меңгерту, өмірге
қажет нақты білімдер беру.
Қазіргі оқыту мақсаты білім туралы мемлекеттік
құжаттарда белгіленген. Ол мұғалімнің
сабақ жоспарларында нақтыланады.
Оқыту мазмұны - оқыту процесінде оқушы меңгеретін ғылыми білімдер, тәжірибелік іскерлік, дағды, іс-әрекет және ойлау тәсілдері, оқыту мазмұны пән бойынша жасалған мемлекеттік оқу жоспарында, мемлекеттік оқу бағдарламаларында, оқулықтарда жазылған.
Оқыту процесінің бастапқы кезеңінде мұғалім оқушыларды оқу материалдарымен және оны қолдану әдістерімен таныстырды. Оқу материалының жаңа бөлігін меңгеру және бекіту қатар жүреді. Оқытудың мақсаты - оқу материалының негізгі ойын және тәжірибелік маңызын оқушыға меңгерту.
Бкінші кезенде оқу материалы қайталанады және оқушылар маған білімдерін қолданады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты -алған білімді нақтылау, кеңейту, кең түрде жаңғырту, тәжірибелік қолдану.
Үшінші кезеиде мұғалім
оқушылардың тәжірибелік
• оқушылардың мәселелерді өз бетімен
шешуі;
• білімді түрлі жағдайларда қолдана
білуі.
Оқыту процесін кезеңдерге бөлу, талдау
оның ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік
береді.
Бірінші ерекшелік. Оқыту мен оқудық бірлігі.
Олардың біреуін өзгерту, екіншісінің
өзгеруіне де ықпал етеді. Оқыту барысында
осы бөліктер арасында үйлесімді дидактикалық
өзара әрекет болу керек.
Іс-әрекет субъектілерінің жақсы қарым-қатынасы
оқытудық нәтижелерін көтерудің негізгі
жолдарының бірі.
Оқыту процесінің екінші ерекшілігі:
оқыту және оқудық өзара байланысы
аркылы білім мазмұны оқушының іс-әрекетіне
негіз болады.
Бір циклден екіншісіне жоспарлы түрде
өту - оқытуды басқаруға қойылатын келесі
талаптардың бірі.
Үшінші ерекшелік оқу
Оқытушы іс-әрекеті. Оқыту - оқыту процесінің
негізгі бөліктерінің бірі. Оқытушының
іс-әрекеті оқушымен тікелей де, жанама
да байланыста жүзеге асырылады. Оқыту
процесі оқу процесінің белсенділігін
талап етеді. Бұл талапты орындау оқушылардың
іс-әрекетін мұғалімнің ұйымдастыруына,
бақылауына, өздігінен білім алуды жолға
қоюына, өз мақсаты мен оқушы мақсатын
сәйкестендіруіне байланысты.
Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті. Оқу мазмұны және мәнін зерттеген бихевиоризм, гешталыісихология, когнитивизм, іс-әрекет теориясы, гуманистік психология.
Оқу - оқушылардың танымдық іс-әрекеті.
Оқушының оқыту процесіндегі іс-әрекеті бір нәтижеге жетуге бағытталған. Осы іс-әрекеттің маңызды белгілері: өзін-өзі сынау және өз бетімен жұмыс істей білу, қызығушылық, қажеттілік, танымымдық белсенділік, табандылық, жігерлілік, өзінің алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсіну, керекті іс-қимылдарды таңдау.
Оқу іс-әрекетінің өнімдері - білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қатынастарда, бағаларда бейнеленген. Оқу іс-орекетінде тұлғаның барлық сапалары көрінеді және қалыптасады.
Оқу іс-әрекеті мазмұн,
жеке іс-қимылдар, мотивтер сияқты бөліктерден
тұрады. Оқу іс-әрекеті арқылы оқу міндеттері
шешілсе, оның құрамында мынадай бөліктер
болады: міндеттерді талдау; міндеттерді
орындау туралы шешімге келу; оларды шешуге
керекті білімдерді еске түсіру; міндеттерді
шешу жоспарын жасау; жүзеге асыру, шешілетін
міндетті бақылау және бағалау; оқу міндеттерін
шешу процесіндегі іс-әрекет тәсілдерін
түсіну.
Оқыту нәтижелері, оны бағалау. Оқыту қол
жеткен нәтижелерді талдаумен аяқталады.
Бірінші сабақтағы ең басты назар оқушыға
жаңа білім, іскерліктерді меңгеруге көмектесуге
аударылып, келесі сабақтарда бақылау
және талдау күшейтіледі.
Оқушылар жаттығуларды,
үй тапсырмаларын жеткілікті деңгейде
орындағаннан кейін меңгерілген
оқу материалын қолдануға назар
аударылады. Мұғалім оқушының фактілерді,
анықтамаларды түсінгендігін тәжірибелік жұмыста білімді дұрыс
қолдануынан көріп, оқыту мақсатына жеткендігі,
білімнің, меңгерілгендігі туралы қорытынды
жасайды.
Қорытындыларды шығаруға оқушылардың
өздері де қатыстырылады. Сөйтіп, оқытудық
соңғы кезеңінде білімдегі, іскерліктегі
кемшіліктер анықталып, меңгерілген таңырыптармен
және бөлімдермен одан әрі жұмыс істеу
жолдары белгіленеді.
Мотив — оқу қызметінің маңызды бөлігі.Оқу іс-әрекеті, мазмұны оқушыны оқуға итермелейді. Оқу-танымдық мотивтері (Д .Б.Эльконин) бар оқушы ақпараттармен шектелмей, әр пәндегі іс-әрекет тәсілдерін үйренуге тырысады.
Оқу танымын алға бастыратын жағымды себептер болып табылады. Танымға оқушының ыңыласы болу керек. Оған қалай қол жеткізуге болады? Педагогика ғылымы бұл сұраққа толық жауап берген жоқ. Іс-әрекеттің негізгі себептері - қажеттілік, қызығушылық.
Мұғалімнің жеке тұлғасы, іс-әрекеті, оқу материалы мазмұны, оны меңгерту әдістері оқушының оқуға деген ықыласын оятып, жақсы сезім, қызықты сабақтар, жаңа көрнекіліктер, техникалық құралдар оқушыларды сабаққа қызықтырады. Болашақты ойлап пәндерге қызығу, түрлі пәндерге қабілет, белсенділік, ата-аналарының алдындағы парыз баланың білім алуына себепші болады.
Мұғалімнен, "екіліктен
қорқып оқу" жағымсыз қылыққа жатады.
Дидактикалық жүйелер уақыт талабына
сай өзгеріп отырады. Мысалы, И.Гербарттың
(1776-1841) дидактикасы кейін дәстүрлі оқыту
түріне айналды. Онда Я.А.Коменский (1592-1670)
дидактикасының, сол сияқты ертедегі догматикалық
және схоластикалық жүйелердің әлементтері
болды. Д.Дьюй (1859-1952) дидактикасы дәстүрлі
дидактика негізінде пайда болды. Сол
сияқты қазіргі бағдарламалық немесе
компьютерлік оқытулар да бұрынғы жүйелер
жасаған негізге сүйенеді.
Тәжірибеде оқытудық көптеген түрлері қолданылуда. Мұғалімдер барлық пайдалы оқыту түрлерінен бас тартпай, жақсыларын жаңа жүйеге пайдалануда. Догматикалық оқыту- европада көп ғасырлар бойы өмір сүрді, оқушылар болмыс факті, құбылыстарын және олардың арасындағы байланыстарды дайын күйінде жаттады. Оқушылар бұл материалды есте сақтап, сөзбе сөз еске түсіруі керек болды.
Олардан білімді тәжірибеде
қолдану талап етілген жоқ. Оқытудың
бұл түрі механикалық естің дамуына
көмектеседі, бірақ жеке тұлғаның ақыл-ойының
өсуіне жағдай жасамайды. Қазіргі мектепте
көп қолданылатын оқыту түрлері:
түсіндіру - суреттеу, проблемалық, т.б.
Түсіндіру — суреттеу арқылы оқыту. Оның
мәні атынан көрінеді. Түсіндіру және
көрнекілік - мұндай оқытудық негізгі
әдісі, тыңдау және есте сақтау - оқушы
іс-әрекетінің жетекші түрлері, оқылғанды
қатесіз жаңғырту - негізгі талап және
тиімділіктің негізгі өлшемі. Бұл оқытудық
кең тараған түрі. Оны ғылыми негіздеген
және сипаттаған неміс ғалымы И.Гербарт.
Осы дидактикалық процесте оқытушы мен
мұғалімнің іс-әрекетінің кезеңдері мынадай
болады:Түсіндіру - суреттеу арқылы оқытудық
жақсы жақтары: уақыт үнемдейді, мұғалім
мен оқушылардың күшін саңтайды, оқушылардың
күрделі білімдерді түсінуін жеңілдетеді,
процесті тиімді басқаруды қамтамасыз
етеді. Сонымен қатар оның ірі кемшіліктері
бар. "Дайын" білімдер оқушыларды
өз бетімен ойлауға үйретпейді, жеке оқушылармен
жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, оның
ақыл-ой қабілетін және оқушының іскерлігін
нашар дамытады.
Сондықтан дидактикада,
әсіресе XX ғасырда, өнімді (репродуктивтіктен
өзге) ойлауға, шығармашылық ой дағдыларына
үйрететін модельдерді
Проблемалық оқыту кезінде мұғалім ізденіс
жұмыстарын ұйымдастырады, оның барысында
оқушылар жаңа білім, іскерліктерді меңгеріп,
жалпы қабілетін, зерттеу белсенділігін
дамытады, шығармашылыққа үйренеді, оқу
мен оқыту сипаты өзгереді. Оқушылар шағын
зерттеу және шығармашылық-тәжірибелік
жұмыстар мен айналысады. "Зерттеу"
арқылыжаңабілімдер - факті, заңдылықтар,
ұғымдар, принциптер, теориялар, (ережелер,
алгоритмдер қалыптасады.