Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 16:05, курсовая работа
Тақырыптың көкейкестілігі: Қазақсан Республикасының тәуел-сіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік – гуманитарлық салада да зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау – соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім.
КІРІСПЕ.
І. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Оқыту процесі туралы пеадгогикалық түсінік.
1.2. Оқыту процесіндегі тәрбие жүйесі.
ІІ. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ.
2.1. Оқыту процесіндегі тәрбиелеу жолдары.
2.2. Оқыту процесіндегі тәрбиелеу әдістері.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
Топтарды құру тәсілдері:
• формалды біріктіру - 2 партада отырған
4 оқушыны немесе бір қатарда отырған оқушыларды
бір топқа біріктіру;
• оқушылар тобы құрамын мұғалімнің анықтауы. Беделді мұғалім топтын, тез құрылуына
себепші болады;
• оқушылар сабаққа дейін өз еріктерімен
4-6 адамнан тұратын топтарға бөлінеді;
• сынып немесе мұғалім алдымен белгілі
бір өлшемдер бойынша болашақ топтың жетекшілерін
таңдап, жетекші топтарға жеке оқушыларды
қабылдайды. Мысалы, әрбір жетекші өз тобына
шақыратын оқушының есімін атайды, ол
келіссе жетекшіге келеді. Содан соң кезекпен
келесі жетекші өз тобына оқушылар қабылдайды.
Топтардың саны бірдей болуы керек:
• мұғалім өз тобына балалар қабылдайтын
оқушыларды белгілейді, содан соң жасақталған
топтарда жаңа топ жетекшілері слйланады.
• мұғалім немесе оқушы тақырыптың негізгі
сұрақтарының тіиімін тақтаға жазады.
Әрбір оқушы өзіне тапсырма алып, сол тапсырма
таңдаған тоіща кіреді. Егер топ үлкен
болса, оларды шағын топтарға бөледі.
Жасақталған топтың көшбасшысы
сайланады.• алдымен топтың жетекшісі
сайланады, олар топтағы жұмыс үшін тапсырманы
анықтайды, қалғандары тақырыптары белгілі
топтардың ңүрамынакіреді. Тәсілдің тиімділігі беделді, үздік оқушылардың
болуына байланысты.
• бір тақырып бойынша жан-жақты білім
алу. Мысалы "тарих", "техника",
"тәжірибе", "есеп", "ойын",
"қиын мәселе". Оқушылар өздерінің
нақты оқу мүмкіндіктеріне сай іс-әрекет
түрлерін таңдап, топтарға бірігеді.
Топтық жұмысты оқушылардың өздерінің
ұйымдастыруы. Топқа шешілетін мәселені,
іс-әрекет түрін таңдау ұсынылады. Мұғалім
топтық жұмыстың уақытын, білімдік өнімді
тапсыру формасын береді. Топ эксперимент
өткізуге керекті жабдықтарды тауып, кітапханаға,
экскурсияға барады. Мұндай форма топтық
жұмысқа әзірлігі жақсы сыныптарға қолданылады.
Топтарды кезең бойынша құру. Алдымен
3-5 оқушы тақырыпты оқып, мәселені шешіп,
жақсы бағаларын алған соң топтарға бірігіп,
сабақ кезінде басқа оқушылардан бөлек
жұмыс істейді. Қалған оқушылармен мұғалім
өз жоспарымен оқу жұмысын атқарады. Оқыту
барысында топ саны көбейіп, белгілі бір
өлшем бойынша шағын топтарға бөлінеді.
Басқа оқушылар топқа кіргенше жұмыс осылай
жүре береді. Мұндай форма оқушылардың
топтық жұмысқа ауысуын ынталандырады.
Топтардағы жұмыс істеу технологиясы
Топ негізінен өз бетімен жұмыс істейтіндіктен,
оған нұсқау беріледі, алдын ала тапсырмалар
әзірленіп, топ жетекшілеріне кеңес беріліп,
мұғалім жеке топтардың жұмысына қатысады.
Топтың іс-әрекеті түрлері:
• сынып алдында сөйлеуге, тәжірибе көрсетуге
әзірлену, әдебиеттер оқып, конспектілеу;
• "ой майданы" әдісі арқылы қойылған
мәселені көп болып шешу;
• алдын ала әзірленген сұрақтармен оқушылардың
топ ішінде сөйлеуі, жасалған тәжірибені
көрсету. Топтың сыныпта үздік хабарламаларды
оқуы;
• оқушыларды басқа топтармен өзара әрекетке
әзірлеу -оларға қойылатын сұрақтарды
ойластыру, сайыс жоспарыы әзірлеу, топтың
сыныпқа ортақ міндетті орындауға қатысуы;
• ұзақ уақыт шығармашылық
тапсырма орындау - объектіні зерттеу,
прибор немесе механизмдерді құрастыру, жоба жасау, экскурсия, оның есебін дайындау,
көркем шығарма орындау және басқалары;
• семинар, т.б. оқу жұмыстарын өткізуге
топ оқушыларын әзірлеу.
Топ жұмысында іс-әрекеттің ұйымдастыру-қарекеттік
түрі басым: оқушылар мақсат қойып, өз
жұмысын жоспарлап, мәселені талдап, топ
ішінде жұмысты бөліп, өзінің іс-әрекетін
бақылап, талдап бағалайды. Топтағы талдау
тәсілдері әр түрлі. Бірінші кезеңде топ
мүшелері өз пікірлерін сағат тілі бойынша,
яғни, бір-бірінің сөзін бөлмей айтқаны
тиімді. Бұл балаларды тәртіппен, өз сөздерін
бақылауға, әр оқушының өз пікірін айтуына
мүмкіндік береді, оқу жұмысы нашар жүретін
топтарда мұғалім олардың белсенділігін
көтеретін әр түрлі әдістерді қолданып,
жұмысты өзі үйлестіріп отырады. Сабақтың
соқында топта рефлексия арқылы қорытынды
шығарылады.
Топ ішіндегі жұмысты
топ жетекшісі бақылау. Білім беруді ақпараттандыру
Білім беруді ақпараттандырудық мәніБілімді
беруді дамыту индустриясын компьютер
және байланыс құралдарының көмегімен
дамыту, ақпараттың-коммуникациялық технология
негізінде ақпараттық-білім беру қорын
жасақтау.
Ақпарат адамзаттың ең маңызды қоры ретінде ерекше қасиетке ие - қолданысқа түскен сайын арта береді. Ақпараттық ресурстардың таусылмайтындығы әлем қызығушылығын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
ХХ ғасырдық соңында өндірістік дамыған елдерде ақпаратты сақтау, өңдеу, тасымалдауға кететін шығын энергетикаға кететін шығыннан асып түсуде.
Ақпаратқа деген сұраныстың
өсуі ақпарат беретін жаңа технллогиялардың,
электрондық құралдардық пайда
болуына себепші болды. Электрондық құралдар ішінде дәстүрлі
құрал -қағаз, пленка да бар.
Білім беруді ақпараттандыру - ақпараттарды,
оны жеткізу құралдарын, технологияларын
оқыту мен тәрбие процесіне енгізу арқылы
педагогикалық процестерді жаңартуда
бағытталған шаралар жүйесі.
Білім беруді ақпараттандырудық теориялық негізі - информатика, кибернетика, дидактика. Информатика - ақпаратты табиғатта, қоғамда, техникада өндіру, өңдеу, сақтау және тарату әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы.
Ақпарат беретін технологиялар білім саласына еніп, дидактикалық процесті оқушы ақпаратты алып, меңгеріп, қолданатын процесс деп түсіну керек болып отыр.
Оқушының білім алуы - ақпаратпен жұмыс десек, оны қатаң түрде басқаруға болады. Сондықтан білімді ақпараттандыру компьютермен, электрондық құралдармен жұмыс істеумен шектелмейді. Оқытуға ақпараттар тұрғысынан қарау педагогика алдына көптеген мәселелер қойып отыр. Білімді балаға қандай формада беру керек? Ақпараттық технологияға негізделіп жасалған білім беру формасы - мәтінді блоктарға бөлу, тезаурус (сөздік), фрейм (В.Ф. Шаталовтың тірек сызбасы), ұғымдар кестесі, гипермәтін, т.б.
Қазір оқушының оқу-танымдық қызметін, білім алу, оқыту әдістерін жетілдіру қажеттігі сезілуде.
"Визуалдық білім" термині пайда болып, бейне, модель, шартты белгілердің үлес салмағы оқытуда көбейіп, үйреншікті метіндер ығыстырылуда. Адам шартты белгілермен жұмыс істей білу керек. Осыған байланысты жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті деген сұрақ туады. Ақпараттық мәдениет дегеніміз -ақпарат теориясы саласынан білімінің болуы және ақпараттармен жұмыс істей білу. XX ғасырдық екінші жартысында педагогикада "медиа-білім" бағыты қалыптасты. Ол оқушылардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп үйренуін зерттейді. Басты міндеттері: оқушыларды қоғамдағы ақпараттың өмірге әзірлеу, әртүрлі ақпараттарды қолдануға, ақпараттың технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету. Дамыған елдерде ол үшін арнайы пәндер оқылады. Мазмұны: қарым-қатынас, байланыс туралы ұғым, белгілер жүйесі, ақпаратты көрсету, көпшілік қолданатын байланыс құралдары, компьютерлік сауаттылық, ақпарат беретін жаңа технологияларды меңгеру, компьютер және басқа электрондық құралдар көмегімен ақпарат ала білуге дағдыландырып, қарапайым бағдарламалар жасауға үйрету.
Ақпарат беретін технологиялар
оқу процесіне енуіне байланысты оқыту әдістеріне, түрлеріне,
мазмұнына өзгеріс енеді. Электрондық
құралдармен жұмыс істеп, оқыта алатын
мұғалімдерді даярлау міндеті тұр. Мектеп
және жоғары оқу орнын бітірушінің моделіндегі
басты бөліктердің бірі - ақпараттық мәдениет.
Ақпарат беретін жаңа технологиялар үш
бөліктен тұрады: техникалық құралдар,
бағдарламалар, білім алуға керекті құралдар.
Техникалық құралдар: компьютер, принтер,
модем, сканер, теле және бейне аппараттар,
ақпаратты бір формадан екіншіге өзгертетін
құралдар. Технологияның екіншісі - компьютердегі
жұмысты басқаратын бағдарламалар. Үшінші
— оқу құралдары. Бағдарламаның ерекше
тобы оқытатын бағдарламалар, жүйелер.
Олар арқылы мәліметтер банкісі, гипермәтіндер
жүйесі жинақталды. Оқытатын жүйенің кең
таралғандары: іскерлік пен дағдыға жаттьщтыру,
білімді қалыптастыратындар, проблемалық
оқыту, модельдеу, дидактикалық ойындар.
Күрделі бағдарлама: интеллектуалдық
оқыту жүйелері. Ерекшелігі: оқушыларды
диагностикалап, модель жасап, соған сай
білім алатын жеке бағдарлама беруі.
Сонымен білімді ақпараттандыру дидактикалық
процестің мәнді жағы - мұғалім мен оқушы
іс-әрекетін өзгертуде. Оқушы алуан түрлі,
өте көп ақпараттармен жұмыс істеп, оларды
біріктіріп, оны автоматты түрде меңгеріп,
процестерді модельдейді, оқу іс-әрекетін
өз бетімен жасайды. Мұғалімнің де көп
жұмыстан қолы босайды. Ол оқушыларды
жан-жақты зерттеп, оның білімі мен даму
бағытын бақылап отырады. Электрондық
техника әзірге оқыту үшін көмекші құрал,
ол дәстүрлі оқыту жүйесін толық жояды
деп айту қиын.
ІІ. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ.
2.1. Оқыту процесіндегі тәрбиелеу жолдары.
Мектептің тәрбие жүйесі тек қана педагогикалық фактор есебінде емес, ауыл жұртшылығы, жастар бірлестігі, ақсақалдар кеңесі, кәсіпкерлер, мәдениет қызметкерлері, құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Осындай қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, тақырыптык, кештер, қайырымдық көмектер, мерекелік концерттер, мамандармен кеңес, конференциялар өткізіліп отырылады. Сонымен қатар оқушыларға ұлттық тәрбие беру бағытында ауыл ақсақалдары мен аналармен кездесу кештері болып тұрады.
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізуде көркемөнерпаздар (хор, домбыра), "Ісмерлер", "Шеберқолдар", "Шұғыла" би үйірмесі, футбол, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, күрес, қазақтың ұлттық ойындары секциялары жүргізіледі. Оқушылардың 80 пайызы осы үйірмелерге қатысады.
Сынып жетекшісі - тәрбие
жұмысының негізгі ұйтқысы. Сынып
жетекшісінің әдістемелік шеберлігін
нығайтуда әдістемелік
Тәрбие саласындағы басты мақсатымыз жан-жақты дамыған, рухани адамгершілікті ұрпақ тәрбиелеу болса, оған апарар тура жол оқушылардың туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Ол үшін тәрбие жұмысын турис-тік-өлкетану және экологиялық іс-әрекет арқылы ұйымдастыруға болады.
Оқу жылының басында
сыныптың алғашқы жиналысында оқу
тәрбие жұмысының қай бағытпен жүретіні
анықталады. Сынып алдындағы іс-жоспары
құрылып, алға белгілі міндеттер қойылды. Тәрбие
жұмысының бағыттары төмендегіше бекітіліп
берілді:
1-2-сыныптар "Мен және менің ата-тегім"
тобы. Әр оқушы өзі, өзінің ата-тегі, жанұясы,
жақын ағайындары туралы білу.
3,4-сыныптар "Менің көшем, менің ауылым"
тобы. Әр оқушы өзі тұрған көшесі, ондағы
адамдар туралы мәліметтерді білу және
ауыл туралы мағлұматтармен таныс болу.
Осы тәрбие бағыттары мектеп
бағдарламасындағы пәндерді оқыту кезінде
сыныптан тыс жұмыстардың, мектептің және
сыныптардың тәрбие жоспарларына енгізу арқылы жүзеге асады.
Гуманитарлық пәндер адам-қоғам, табиғат
арасындағы қарым-қатынастардың жалпы
заңдылықтары негізінде, олардың біртұтастылығы
туралы экологиялық көзқарас қалыптастырады.
Жаратылыстану пәндері оқушыларға экологиялық
білім беру мен туристік өлкетану іс-әрекеттерін
ұйымдастырудың орталық ядросы. Әсіресе
география, өсімдіктану, жануартану, тәнтану,
химия, физика пәндерінің негізгі идеясы
мен мазмұны негізінде осы іс-әрекеттер
қалыптасады. Филология пәндері саласында
көркем әдебиет туындылары, көркемсурет
пен музыка оқушыларға экологиялық тәрбие
берудің мөлдір бұлағы деуге болады. Себебі
суретші салған сұлу табиғат көрінісі,
құстардың мүсіні, гүлдердің сан құбылған
түр-түсі оқушы сезімін оятары сөзсіз.
Сонымен қатар білім мен тәрбие беру үрдісінде
жергілікті жердің өлкетану материалдарын
кең көлемде әрбір сабақта қолданғанда
оқушылардың қызығушылығы арта түседі.
Сабақта берілетін білім мазмұны мектеп бағдараламасында шектеулі болуына байланысты күнделікті өмірде болып жатқан ғылыми-техникалық, экологиялық өзгерістерді кеңінен қамти алмайды. Сондықтан сыныптан тыс сабақтарда қосымша жаңа мазмұндағы материалдарды кең қолдануға болады. Осы орайда сыныптан тыс жұмыстарда тәрбие құрылымын іске асыруды мынандай бағыттарда жүргіздік:
1. Үйірме жұмыстары (апталықтар кештер, ойындар,
т.б.).
2. Табиғи ортадағы жұмыстар (танымжорық,
жаяу және түйе жорықтары).
3. Мектеп мұражай бөлмесі.
Туристік-өлкетану жұмысы орта мектептегі
сыныптан тыс жұмыстардың бірі. Мектептен
алған ғылыми-теориялық білімдерін туристік-өлкетану жұмыстары
кезінде іске асырады. Оқушылардың денесін
шынықтырады, қиыншылықтарды жеңуге, табиғат
жағдайында тіршілік етуді үйретеді, әрі
демалысты ұйымдастырады. Табиғатпен
үндесіп, оны түйсінген бала ешқашан жаман
әдеттерге жоламайды. Жорыққа шыққан жас
жеткіншек айналасына қол ұшын беруді,
ұжымшылдықты түсінеді. Қазіргі мектеп
қабырғасында дамып жетілген жас ұрпақ,
ертеңгі ел болашағын жасаушы
қайраткер. Сондықтан бала бойында өзі
жайлы сыр берген болмашы жақсы нышанды
одан әрі дамытып, жаман нышанды дер кезінде
тоқтата білейік.
Тәрбие жүйесі іс-шараларын сараптау жүйесі
1. Мақсаты мен мазмұны
(идеялық бағыты т.б.)
2. Іс шараның актуалдығы :
- оқушының сұранысына, қызығушылығына,
мазмұнының сай келуі
- ұжымдағы қарым-қатынас ынтымақтастықты қамтамасыз ету
- іс-шараның тақырыбының сынып, мектеп
тақырыбына сәйкестігі
3. Тәрбие жұмысы мазмұнының сабақтастығы
4. Тәрбие жұмысын өткізу шешімінің орындалуы
5. Оқушылардың тәрбие іс-шараларынан тәлім-тәрбие
алуы
6. Тәрбие іс-шарасының жүргізілу мәдениеті
- нақтылығы
- бір ізділігі
- бастамашылығы
- өз алдына дербестігі
- оптимистік ауаны т.б.
7. Іс-шараның өтілуінің өздік бағалануы
(жетекшісі) және оқушылар пікірі
(сауалнама сұрақ)
Кешенді тәрбие беру үрдісінде
педагогикалық
технологияларды пайдалану
Адамзат баласы болғаннан бастап, тәрбие
үрдісі бірге келеді. Әрбір ұлт өкілі,
әрбір адамзат ұрпағының болашағы туралы
ойлағанда оның тәрбиеге байланысты болатынын
түсінді.
Тәрбие үрдісі – жеке адамды мақсатты
бағытта жүйелі түрде қалыптастыру. Талай
ғасырлар бойы өмір сүрген ата бабаларымыздың
өмірдегі іс -тәжірибесін, әдет ғұрыптарын
тіршілік болмасын кәсібін игеру және
өзіне тән ұлттық сананы, ұлттық идеяны
қалыптастыру болып табылады.
Адам тәрбиесі мен даму бірлігінің өзара байланыстылығы – тәрбие үрдісінің заңдылықтарының бірі. Тәрбие мазмұны формалары мен әдістері көбіне баланың жалпы дамуы деңгейінде жүргізіледі және оған тәуелді. Ал олардың дамуы – ең алдымен тәрбие берудің нәтижесі. Жеке адам тәрбиелене, үйрене отырып дамиды (С.Л. Рубинштейн). Тәрбие дамуды жетелейді . Ол Л.С. Выготскийдың айтуы бойынша адамнан озық тұрады.