Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 16:05, курсовая работа
Тақырыптың көкейкестілігі: Қазақсан Республикасының тәуел-сіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік – гуманитарлық салада да зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау – соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім.
КІРІСПЕ.
І. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Оқыту процесі туралы пеадгогикалық түсінік.
1.2. Оқыту процесіндегі тәрбие жүйесі.
ІІ. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ.
2.1. Оқыту процесіндегі тәрбиелеу жолдары.
2.2. Оқыту процесіндегі тәрбиелеу әдістері.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
Жалпы ретті қарама-қайшылықтар
пайда болады:
- қоғамдық -тарихи білімдері көлемі мен
оқушының оны меңгерген көлемі арасында;
- оқушының жеке танымдық іс-әрекеті және
қоғамдық -тарихи танымы арасында;
- оқушының қол жететін даму деңгейімен
оқыту барысында алға жетелейтін оқу міндеттері
арасында;
- жеке ретті қарама-қайшылықтар пайда
болады;
- бұрынғы білім деңгейі мен оны «жататын»
жаңа білім арасында;
- білім мен оны біліктілікпен қолдану
арасында;
- оқуға және оқытуға оқушыларды қол жеткен
және кажетті қатынас деңгейі арасында;
- күрделі танымдық міндеттер мен соларды
шешу үшін бұрынғы кемшіліктері әдістері
арасында.
Негізгі қайшылықтар оқыту процесінің қозғаушы күші, себебі таным процесі де сарқылмайтын құбылыс. М.А.Данилов оны оқытудың қозғалыстағы қадамдары танымдық және практикалық міндеттермен оқушылардың білімдерінің, іскерлікгерінің және дағдыларның деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің дамуы мен қатынастары арасыңдағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді.
Педагогакалық үрдістің
қозғаушы күшін, М.А.Данилов тұлғаның
дамуының қарама-қайшылықтарымен байланы
Қарама-қайшылық мазмұнды болған жағдайда
ғана оқушылар үшін
мәнді болып, оқьпудың қозғаушы күші бола
алады, ал, қарама-қайшылықтың шешімі –
олардың анық ұғынулары керек қажеттілік.
Оқьпудың қозғаушы күші ретінде қарама-қайшылықтың
болуы шартты – оқушылардың танымдық
өрісіне сәйкестігі. Оқушылардың білімді
тек қана «ұстап қалмауы», соған «тіреліп»
қалмас үшін және өз беттерінше шешу тәсілдерін
табу үшін, оқыту процесінің барысында
логикаға сәйкес қайшылықтар алдын-ала
әзірленуі маңызды.
Оқытудың принциптері оқыту процесінің заңдылықтарынан дамиды. Олар көп жылдық тәжірибенің қортындыланған түрі және қазіргі таңдағы мекгептің жағдайларында оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеріп отырады.
Принциптері – бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез – құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Яғни, ұстанымның заңдылықтардан айырмашылығы, опың тұлғаға тәуелділігі: ол оны қолданады немесе оны қажет етпейді.
Ал, зандылықтар тұлғаның еркіне тәуелді емес: ол оны тек қана іс-әрекетті ұйымдастыру барысында ескеруі мүмкін.
Оқыту принциптері –
оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына
және әдістемесіне қойылатын талаптар
жүйесін анықтайтын, неігзгі жағдайлар. Оқыту процесін құрылымдауда оқытудың
ұстамдарына сүйенуге міндетті болғаңдықтан,
оларды» әр қайсысына жеке-жеке тоқталамыз:
1)Оқытудың саналылық, белсенділік және
өз бетіншілік принциптері оқушылардың
сабақтың мақсаты мен міндетіне жауапкершілігін,
оның практикалық мәінін ұғынуды қажет
етеді. Оқытудың тиімді әдістері, ОТҚ және
басқа да көрнекі құралдар қазіргі кездегі
әдістемелер тәсілдері арқылы оқушылардың
танымдық белсенділігін арттырады, жаңа
материадды оқу және оны тәжірбиеде қолдану
процесінде шығармашылықтың, белсенділіктің
дамуына қабілеттендіреді.
2)Оқытудың көрнекілік
принципі, көрнекіліктің сабақтың
мақсатына және мазмұнына
3)Жүйелілік, бірізділік, және кешенділік принциптері: оқу пәнінің
білімдерін жүйелі беруге жаңа білімді
бұрынғы білімдермен байланыстыра оқытуды,
оқыту процесінің ұйымдастырылуы мен
нәтижесіне жүйелі және нақты бақылау
жасауды; оқу сабақтарының нақты жоспарын
іске асыруды, оқу материалының логикалық
байланысы мен орналасуын қатаң сақтауды
талап етеді.
4)Күрделіліктің жоғарғы
деңгейінде оқыту принципі
5)Білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру беріктілігі принцині: оқушыларға оқылып отырған материалдың олардың тәжірибелік іс-әрекеттері үшін маңыздылығын түсіндіруді оқытылатын материалды және ең бірінші оның негізгі мазмұнын берік, әрі ұзақ уақытқа дейін еске сақтауға деген мақсатын қалыптастыруды; бұрын оқытылған оқу материалын жүйелі ұйымдастырылған түрде қайталауды; оқытылған материалдың игерілуіне жүйелі түрде бақылау жүргізуді талап етеді.
6)Оқытудың топтық және
жеке тәсілдері принципі; балаларды
келісімге негізделген
Бихевиризм және прагматизм
– оқып білудің тәсілдерін (тетіктерін)
түсіндіруге мүмкіндік
Жаңа бағыттардың ішінде ерекше назар аударуға тұратыны:
Д.Брунер (АҚШ) жасаған «жаңалық ашу арқылы
оқыту» тұжырымдамасы. Д.Брунердің тұжырымдамасына
сәйкес оқушылар дүниені, олардан барлық
танымдық күштерін талап ететін және саналы
ойлауға қаблетін дамытуға тікелей әсер
ететін, өз бетінше жаңалық ашулары арқылы
тануға білімді меңгеруге тиіс. Шығармашылықта
оқытуға тән ерекшелік, Д.Брунердің пікірі
бойьшша, белгілі бір тақырып бойъшша
мәліметтерді жинақтап, бағалау және осы
негізде тиісті қортындыны жасау ғана
емес сонымен қатар, оқылып отырған материалдың
шеңберінен тыс заңдылықтарды да анықтау.
Педагогикалық іс-әрекетінің негізінде
жатқан практикалық принципі қазіргі
тандағы дидактиканың төмендегі ерекшеліктері
сипаттайды:
1. Оның әдіснамалық негізін таным философиясының
объективті заңдылықтары құрайды (гносеологии).
2. Материалистік диалектика
негізінде жасалған, қазіргі тандағы
дидактикалық жүйедегі
Оқыту процесінің әдіснамалық негізін
объективті дүниені танудың арнайы түрін
және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардың
іс-әрекеттерінде оқуды салыстыру арқылы
түсіндіруте болады.
Ғалым объективті жаңаны, ал оқушы — субъективті жаңаны таниды, бірақ қандай да бір ғылыми жаңалықты ашпайды, тек ғана ғылым жинақтаған ғылыми түсініктерді, ұғымдарды, зандарды, теорияларды, ғылыми дәйектерді меңгереді.
Ғалымның танымын эксперимент, ғылыми ойлау, сараптау, теориялық пікірлер құрайды, ал оқушының танымы мұғалім шеберлігінің көмегімен біршама жылдам және жеңіл түрде өтеді. Оқу танымы тікелей және жанама түрдегі оқытушының көмегін міндетті түрде пайдаланады, ал ғылым тұлға аралық өзара әрекеттің көмегінсіз таниды. Ғалым мен оқушы танымның арасындағы осы зор айырмашылыққа қарамастан, бұл үрдістер негізінен ұқсас яғни, әдіснамалық негіздері бірдей.
Сонымен, жалпы білім беретін мектептердегі оқыту процесінің әдіснамалық негізі төмендегі әдіснамалық ережслерді біріктіреді: танымның жалпы өдісі ретінде диалектикалық әдіс; объективті ақиқаттың құбылыстарын сараптаудың тарихи тәсілі, қарама-қайшылықтың қозғалысындағы, дамуындағы процесті қарастыратын таным теориясы; диалектикалық ойлау; абстрактілік және нақтылық; объективтілік жөне субъективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, анықтылық және белгісіздік, шектсудік және шамалық; қарама-қайшылыктың рөлі мен мәні; оқыту теориясындағы тарихилық және логикалық; мән мен құбылыс; мазмұн мен форма; мақсат пен құралдың үйлесімділігі; мүмкіншілік пен ақиқат; оқыту теориясының сапалық және сандық қатынастары; әдіснамалык принциптер (танымдық, объективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, детерменизм, тарихилық және диалектикалық таным принциптері).
Осы қағидаларға сүйене отырып, мына инварианттық тұрғыдан басшылыққа алу қажет.
"Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.
Көбіне оқыту деп
мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған
іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке
тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді.
Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады.
Оқыту және білім алу. Оқыту -оқыту мазмұнын
алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға
қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу
материалын оқытуға баса назар аударылып,
оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.
"Оқыту - үйрету және білім алу" деген
парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі саңталуда.
Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат
беретін негізгі тұлға болып келді. Осы
кезге дейін "білім беру", "оқыту"
терминдері жиі қолданылады.
Демек, оқыту дегеніміз - оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетінымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті.
Оқыту процесі - екі жақты
процесс болғандықтан, мұғалім мен
оқушылардың бірлескен іс-
Оқытудық маңызды міндеттері:
• Оқушылардың танымдық белсенділігін
ынталандыру.
• Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік,
дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық
іс-әрекетті ұйымдастыру.
• Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті,
дарындылықты дамыту.
Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.
Білім беру деп - табиғат
және қоғам жайында ғылымда
Дидактика "Нені оқыту
керек?", "Қалай оқыту керек?"
деген пкір үлкен сұраққа жауап
береді. Осы сұрақтардан басқа
сұрақтар дм туындайды: "Оқыту қалай
жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?",
"Кімдерді оқыту керек?", "Не
үшін оқыту керек?" "Қайда оқыту керек?".
Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика
үздік педагоги калық тәжірибені зерттеп,
қорытындылап, мектептің тәжірибесіне
енгізумен айналысады.
Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек,
өйткені мектептін, алдында тұрған ірі
тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз
шешу мүмкін емес.
2. Дидактиканың пайда больш дамуы. Оқыту
теориясының негізін қалаушылар:Я.А.Коменский,
Ж.Ж. Руссо, И.Т.Песталоцци, К. Д.Ушинский,
В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б. қосқан
үлесі.
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы
Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы
шыққан "Ұлы Дидактика" кітабында
оқыту мақсаты, әдістері, принциптері,
сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол
басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы
- білім беру және оқыту деп санады. "Көп
емес, өмірге керекті білімдерді" беруге
шаңырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік
әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы
сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын
дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және
белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және
сабақтастық, жаттығу және түсініктілік
принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ
жүйесін терең зерттеді." Жақсы ұйымдастырылған
мектеп заңдары" деген еңбегінде сынып-сабақ
жүйесінің бөліктерін атады.
Олар:
• оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта
қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан
босатпау;
• оқушыларды сыныптарға бөлу;
• әр сыныпқа бір бөлме беру;
• күніне 4 сабақ өткізу;
• әрбір сағатта істелетін жұмыстарды
жоспарлау;
• қоңыраудық соғылуы;
• тәртіп;
• бір сабақтың үзаңтығы бір сағаттан
аспау керек;
• сабақты күзде бастау.
Мұғалім оқушыларға жаңа білімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Коменский таңырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соқы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. Я.А.Коменский "Мұғалім -сабақты жаратушы, оның жүрегі", - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.
Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.
Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827жж.) "Гертруда өз балаларын қалай оқытады" (1801ж.) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалады. Қоршаған дүниені сезім арқылы қабылдау - білім негізі. Одан әрі нәтиже - дерексіздік. Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама - ақыл жемісі, оның негізі, оқытудық қарапайым құралдары.