Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 16:05, курсовая работа
Тақырыптың көкейкестілігі: Қазақсан Республикасының тәуел-сіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік – гуманитарлық салада да зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау – соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім.
КІРІСПЕ.
І. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Оқыту процесі туралы пеадгогикалық түсінік.
1.2. Оқыту процесіндегі тәрбие жүйесі.
ІІ. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ.
2.1. Оқыту процесіндегі тәрбиелеу жолдары.
2.2. Оқыту процесіндегі тәрбиелеу әдістері.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. "Көз көргісі, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы көргісі, ми ойланғысы келеді" - деген. Осы тұжырымдарға сай И.Г.Песталоцци буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау әдісін, баланың бақылаудан алған әсерлерін талқылатуды қолданған. Оның пікірінше "заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді".
1.2. Оқыту процесіндегі тәрбие жүйесі.
Тәрбие жүйесі - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту,
тәрбиелеу тәжірибелерін
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық
жағдайларынан туатын объективтік процесс.
Тәрбие процесінде бала
өзінің дамуына қажетті жағдайларды
пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік
орта оның көзқарасын дамытады.
2. Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу,
іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие
мақсаты — жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен
жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін
ерте болжау.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.
Әрбір мемлекетте балаларға
білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық
нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.
Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын
дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің
айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні
құрылыс материалдарын бір жерге үйіп
тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін
архитектормен салыстырады. Тәрбиеші
жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік,
дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп,
жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.
Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және
міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары
адамның қоғамда алатын орнымен анықталу
керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы
сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға
байланысты. Дүние - даналар-дық көптігімен
баңытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын
"Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді.
"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей негізгі элементтерге бөлді:
• адамға барлық заттарды
білгізу - "ғылыми білім";
• заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";
• құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";
• тән саулығы - "дене тәрбиесі".
И.Г. Песталоцци тәрбиенің
мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек,
ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты
және үйлесімді дамыту деген.
Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық
мәселелерді шешудегі сословиелік және
шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің
міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін
саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген.
К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға
пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу
деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой,
еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады.
П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген.
1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты
даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық
оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік
тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие
салалары енгізілді.
А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті
негізінде педагогикалық міндет қойып,
педагогтардың жұмысын бақылауға алуға
болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің
негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту"
- деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский
оны жүзеге асырды.
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді.
Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.
Адамның дүние туралы түсінігі алғашңыда анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдық қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері қолданылған.
Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген. Ұлы педагог көрнекілік әдісін Я.А.Коменскийге қарағанда терең жазып, ақыл-ой жұмысына керектісі еңбек пен тәжірибе деген.
Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) "Эмиль
немесе тәрбие туралы" (1762ж.) деген
еңбегінде халыққа білім беруді, әр
адамды дамытуды, баланың белсенділігін
көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін
өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен
көп сөйлегені үшін сынады, Руссо баланың
қажеттілігін қанағаттаңдыратын оқыту
теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сейкес
баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді
оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын
ескеруге шақырды.
Оның оқыту мен бала өмірінің байланысы,
бала табиғатын зерттеу, шығармашылық
күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты
идеяларының педагогиканың дамуы үшін
маңызы зор болды.
Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870 жж.) басқа тілде оқыту баланың табиғи куші мен қабілетін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты.
Халық шығармашылығы - ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттыңтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық, беріктік принциптері, оқытудық түрлі әдістері баланың берік білім алуын қамтамасыз етеді.
Надежда Константиновна Крупская (1869-1939жж.). Оқушылардың дүниетінымын қалыптастыру үшін оларға терең білім керектігін, әр пәнді басқа пәндермен және өмірмен байланыстыруды атап көрсетті. Мұғалім теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнату керек деді.
Н.К.Крупская политехникалық оқуды қолдап, оқу жоспарына жалпы техникалық пәндерді енгізуді ұсынды. Ол оқуды өнімді еңбекпен байланыстыруға шақырды.
Антон Семенович Макаренко (1888-1939 жж.).
А.С. Макаренко оку пәндерін жүйелі оқытуды
қүптады. Ол сол кезде қолданылған дальтон-жоспары,
жобалау әдісі сияқты оқыту әдістеріне
қарсы шықты.
Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970
жж.) оқытуды ақыл-ой тәрбиесінің маңызды
құралы деп қарады. Оқытудық табыстылығы
мектептегі мұғалімдердің рухани өміріне,
ой-өрістерінің кеңдігіне, мәдениеттілігіне
байланысты деді. Сонымен қатар өнімді
еңбек, зерттеу жұмыстары, эксперимент
жүргізу, құбылыстарды, әдебиеттерді өз
бетімен түсіну ой жұмысын шапшаңдатады.
Өткен ғасырдық 80-жылдарының аяқ кезінде ынтымақтастық педагогикасы одан әрі дамыды.
Оның негізгі идеялары:
• Сабақ үстінде оқушылармен жақсы қарым-қатынаста
болу. Маңызды міндет - баланың оқуға деген
ықыласын ояту, оны өзінің табысына, ісінің алға басқанына, дамығанына қуанту.
• Қысым жасамай оқыту. Ынтымаңтастық
педагогикасының бір принципі - оқушыларды
қорңытпау, еркін ұстау, өз күшіне
еендіру.
• Қиын мақсат қою идеясы. Жаңашылдар
сабақтарының дәстүрліден айырмашылығы
- балалармен ынтымақ, оларды қиын мақсатқа
жетуге жігерлендіру.
• Тірек идеясы. Жаңашыл мұғалімдер пәндік,
сөздік ақпараттарра алуан түрлі нұсқауларды
(сызба, кестелер, т.б.) енгізді, олар есті,
қисынды, қиялды, ойдық алгоритмдік формаларын
дамыту құралы.
• Өз еркімен тандау идеясы. Владимир
Федорович Шаталов оқушыларға көп есептер
береді, ал олар қалаған есебін шығарады.
• Озу идеясы сабақта, алдаөтетін тақырыптарға
уақыт беріледі.
• Ірі блоктар идеясы.0қулықтың 3-4т арауы
бір сабақта оқылады.
• Өзін-өзі талдау идеясы. Шалва Александрович
Амонашвили балаларды өздерінің іс-әрекеттерін
бағалауға және пікірлерін нйтуға үйретеді.
Оның оқушылары жолдастарының жұмыстарын
тексереді және бағалайды.
• Сыныптағы ақыл-ой жұмысы. Шығармашылықпен
жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныпта
білімге деген қүштарлық, биік мақсатқа
жетуге деген құлшыныс бар.
• Жеке тұлғалық тұрғы.
Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кең қолданды. Ы.Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда казақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген.
1879 жылы оқу құралы "Қырғыз
хрестоматиясы" шықты. Бұл
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) қазақша
оқыту әдістемесінің негізін
салушы. "Оқу ана тілінде жүргізілсін"
— деген талапты бастаушы.
1912 жылы тұңғыш рет "Әліппе" жазды,
ол халықты сауаттандырудың басты құралы
болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, өрі
ұлттық дүниетінымды іске асыру мақсатын
қойды. 1926 жылы бұл "Әліппенің" жете
өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ
халқының сауат ашу мектебінің басты құралы
болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттатудық
тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау,
қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол
сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендіру,
талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін
қолдану қажет екенін "Қай әдіс жақсы"
(1928ж.) деген мақаласында айңын баяндайды.
Халыққа білім беру ісі үшін халықтың
(ұлттың) ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары
болуы керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге
Ахмет Байтұрсынов ерекше мән беріп, ұлттық
емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан
құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды.
Халықты надандық түнегінен шығару үшін
оған білім беру қажеттігін дәлелдеді.
1913 жылғы "қазақша оқу жайынан" деген
мақаласында "бала оқытатын адам оған
үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік
ғылымды жақсы білу керек", - дейді.
Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931 жж.)- "Тәрбиеге жетекші" (1924) деген еңбегінде баланы оқытудық ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудық дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика бөлімі "дидактика" деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.
Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.
Сонымен дидактика бойынша көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар одан әрі жүргізілуде. Қазір дидактиканың алдында көптеген міндеттер тұр.
Оқыту процесінің қозғаушы күштері. Оқыту процесінде кездесетін қарама-қайшылықтарды шешу — оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады. Оқу процесінің негізгі қозғаушы күші оқушылардың алдына қойып отыратын мұғалімнің міндеттері мен оларды орындауға қажетті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл-ойлары арасындағы қарама-қайшылық. Басқа қарама-қайшылықтар, оқу материалын баяндау жүйесі мен оқушылардың меңгеруі арасында, мұғалімнің түсінігі мен оқушы түсінігі, теориялық білімдер және оларды тәжірибеде қолдану, оқу процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын дұрыс анықтау және оларды оқушылардың түсінуі, мұғалімнің материалды жатық баяндауы және әрбір оқушының оны түсінуі араларында болады.
Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі,
заттар мен құбылыстарды, табиғат
пен қоғам заңдарын тану нәтижесі.
Білімді жеке адамның игілігіне
айналыру үшін оны ойлау операциясы,
талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және
жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы
ойлау операциясына сүйеніп өз білімін
шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың
негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным
іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен
ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді
еркін игеруге үйрету.
Оқушылардың білімі - оқыту процесінің,
ең бірінші кезекте оқу материалдарын
меңгерудің нәтижесі. Сондықтан оқушылардың
білімді меңгерген, меңгермегенін оқыту
жобаларымен-бағдарлама, оқулықтарымен
салыстырып анықтайды.
Білім - қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс-әрекет жеке тұлғаны калыптастырады.
Білім - қоғамдық-өндірістік тәжірибеде қолданылады, меңгерілген білім көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады, қоғамдық-материалдық байлықтың артуына, рухани мәдениеттің дамуына өз үлесін қосады. Осылайша жеке тұлға сапалы білім керектігін, оның пайдасын көреді. Білім жеке тұлғалық бөлікке енеді. Бұл жағдайда оқыту балаға тек білім беретін процесс емес, ол баланын, жеке тұлғалық бағыттарын, жақсы мен жаманға көзқарастарын қалыптастырады.
Әл Фараби "Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту - барлығы да білімділікке байланысты. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда болады"- деген.
Білім толық, жинақы, жүйелі,
берік, пәрменді болу керек.
Аталған белгілер ақыл-ой сапаларын қалыптастырады.
Олар: белсенділік, өздік, өнімділік, сыншылдық,
ұғымталдық, тұрақтылық, тереңдік.
Білім өздік жұмыс және сабақтан тыс шығармашылық
іс-әрекетте қолданылады, сөйтіп, ой жұмысы тұрақты, терең
жүреді.
Ой тұрақтылығы дегеніміз - ойдық маңызды,
оқу материалдарына тоқталуы, оларды ойда
сақтау керек жерде қолдана білу.
Ойдың тұрақтылығы ақыл-ой
жұмысының жоғары деңгейіне, ұзақ уақыт
ақыл-ой жұмысымен айналысуға байланысты.
Ойдық терендігі оқылған объектіні терең
білуден, оны өз бетімен зерттеп, ішкі
байланыстарын, басқа объектілермен байланыстарын
аша білуден көрінеді. Материалға шығармашылық
тұрғыдан қарау, алынған білімдерді теориялық
және тәжірибелік жұмыста қолдану, білімнің
ішкі мотивтерге және сенімге айнауы ойдық
тереңдігін көрсетеді.
Сонымен біз білімнің аса маңызды қасиеттеріне
тоқталдық.
Ол қасиеттер білімді меңгеру процесі
арқылы пайда болады. Меңгеру - аниқатты
білу арқылы болмысты тану процесі.